Жәрдем: препаратты доғарып, жүрек гликозидтерінің антагонистерін (унитиол); калий препараттары (калий хлориді – к/т; панангин – ішке); ЭДТА динатрий (кальций ионын өзіне байланыстыру үшін); антиаритмиялық ддәрілер (лидокаин, дифенин, амиодарон және т.б., атриовентрикулярлы бөгетте және айқын брадикардияда – атропин) белгіленеді. Жүрек гликозидтері қандағы калий ионының концентрациясын төмендететін дәрілермен (тиазидті диуретиктер, кортикостероидтар) бірге қолданғанда, кардиотоникалық әсері күшейеді. Жүрек гликозидтерінің биологиялық стандартизациясы: белсенділігін бағалау құрбақада (кейде мысықтарда) жүргізіледі. Дәрілік шикі заттармен көптеген препараттардың (галенді, жаңа галенді және т.б.) белсенділігін биологиялық стандартизациямен анықтайды. Бұл жағдайда жүрек гликозидтерінің белсенділігін ҚӘБ (құрбақаның әсер бірлігі) белгіленеді. 1 ҚӘБ – систолада жүректің тоқтауын шақыратын стандартты препараттың ең аз мөлшеріне сәйкес келеді. Белсенділігін стандартты прпаратпен салыстырылады. Бейгликозидті (стероидты емес) кардиотоникалық дәрілер. Жүрек жұмысын күшейтетін дәрілерге сонымен қатар адреномиметиктер, дофамин, метилксантиндер және глюкагон жатады. Бірақ жүрек – қан тамыр жүйесіне жанама әсері (тахикардия, аритмия және т.б.) көр болғандықтан, кардиотоникалық дәрі-дәрмек ретінде қолданылуы шектеулі. Әсер ету механизміне қарай келесі топтарға жіктейміз: Жүректің – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин («Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).Фофодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон. Әсер ету механизмі: жағынан амринон жүрек гликозидтерінен айырмашылығы миокард жасушасындағы Са2+ бос иондары мен ц -АМФ-ң құрамы жоғарлаумен байланысты. Амринонды жүрек жеткіліксіздігіне және гликозидтерінің әсері тиімсіз болған жағдайда белгілейді. Күре тамырға жіне ішке енгізіледі. Милринон құрлысы және әсері жағынан амринонға ұқсас. Амринонға қарағанда белсенділігі жоғары және тромбоцитопения шақырмайды. Тек жіті іркілген жүрек қызметі жеткіліксіздігінің қысқа мерзімді терапиясында қолданылады. 2. Антиаритмиялық дәрілерЖүрек қызметінің ырғағы миокард қызметін жәнежүректің өткізгіштік жүйесін сипаттайтын көптеген параметрлерге байланысты. Миокардтың ырғақты белсенділігі жүрек ырғағының жүргізілуі мен өткізгіштік жүйеге және кардиальды әсерге байланысты. Жүрек аритмиясының себептері:
миокард ишемиясымен, жүрек ақауымен, жүректің электролитті өзгерістерімен, химиялық заттармен улануымен, иннервацияның бұзылуымен, эндокринді және жұқпалы аурулармен байланысты. Жүректің жиырылу ырғағы бұзылуында автоматизм, өткізгіштік және қозғыштық өзгереді. Аритмия түрлері: экстрасистолия – жүрекше мен қарыншаның ретсіз жиырылуы, ұстамалы тахикардия – суправентрикулярлы немесе вентрикулярлы, жыпылық аритмия (жүрекше және қарынша жыпылықтауы), жүректің өткізгіштік жүйесінің (синоатриальды немесе атриовентрикулярлы бөгет) бөгеті.
Жүрек жиырылуы ырғағы бұзылуын емдеу және алдын алу үшін ырғақсыздыққа қарсы дәрілер қолданылады. Негізгі бағыты мен ісер ету механизміне қарай төмендегідей топтарға жіктеледі:
Тахиаритмияны басатын дәрілер
I тобы. Мембраны реттеуші дәрілер – жасуша ішіне Nа+
K+ Са+, Cl- иондарының тасымалдануын тежеп, қозғыштықты, өткізгіштікті және автоматизмд төмендетіп, жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартады.
I A топшасы (хинидин тобы): хинидин сульфаты, новокаинамид (прокаинамид), дизопирамид (корапейс, норпейс, ритмилен, ритмодан), этмозин (морацизин) – жүрекше мен қарыншаның өткізгіштіктігін төмендетеді. Әртүрлі қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады. Хинидин, дизопирамид және этмозиннің М – холинолитикалық әсері бар, сондықтан тахикардия тудырып, атриовентрикулярлы өткізгіштікке алып келеді. Жанама әсері: миокард жиырылуының тежелуі, жүректің қан айдау қызметі мен АҚ –ң төмендеуі байқалады. Жүрек өткізгіштігінің бұзылуында (II-III дәрежелі бөгетте), айқын жүрек жеткіліксіздігінде және гипотонияда қолдануға болмайды.
Chinidini sulfas – хинидин сульфаты (Б): 0,1 және 0,2 таб. – 0,2 таб. әр 1 сағ.сайын немесе басқа сызба бойынша ұстама басылғанша беріледі.
Жанама әсері: лоқсу, құсу, іш өту, есту мен көру қабілеттінің бұзылуы және аллергиялық реакциялар байқалады.
Novacainamidum – новокаинамид (Б): 0,25 және 0,5 таб.тәулігіне 1-4 таб. тәулігіне 4-6 рет: 10% 5 мл еріт.амп.шығарылып, б/е және NaCl изотонды еріт. (глюкоза) тамшылатып к/т енгізіледі. Жанама әсері: гипотензия, лоқсу, құсу, ауызға ащы дәмнің келуі, іш өту, жалпы әлсіздік,бас ауыру, қозғыштық және ұйқысыздық байқалуы мүмкін.
Disopyramidum – дизопирамид (Б): 0,1 капс. -1-2 капс. Тәулігіне 3-4 рет: 1% 5 мл еріт.амп.шығарылып, 1-3 мл к/т енгізіледі.
Aethmosinum – этмозин (Б); 0,1 таб. – 1 таб. тәулігіне 3-4 рет: 2,5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі. I B топшасы (лидокаин тобы): лидокаин (ксикаин), миксилетин (мекситил), дифенин (фенитоин, дифенилгидантоин). I A топша препараттарынан айырмашылығы мембранада калий иондарының өткізгіштігін жоғарылатып, жасушадан шығуын жеңілдетеді. Лидокаин автоматизмді тежеу нәтижесінде эктопиялық қозу ошақтарын төмендетеді. Хинидинге қарағанда әсер потенциал ұзақтығы мен қозусыздық (рефрактерлі) кезеңінің тиімділігін төмендетеді. Гемодинамикаға әлсіз әсер етеді. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруының, миокард инфарктының асқынуынан пайда болған қарынша тахикардиясында қолданылады. Лидокаин («жергілікті анестетиктер» тақырыбына қараңыз) – 1-2% еріт.шығарылады, баяу ағынмен немесе тамшылатып к\т енгізіледі, енгізгеннен кейін әсері 10 – 20 мин.созылады. АҚ төмендеуі, бас айналу, тырысулар, атриовентрикулярлы бөгет және тахиаритмия тудыруы мүмкін. Мексилетин – АІЖ – да жақсы сіңіріліп, көбінесе қарынша экстрасистолиясында ішке және парентеральды тағайындалатын лидокаин туындысы. Дифенин – жүрек гликозидтерінің мөлшерден тыс енгізуінен пайда болған тахиаритмияда қолданылатын, эпилепсияға өарсы дәрі –дәрмек. Сонымен қатар автоматизмді тежеп, потенциал әсерін қысқартады және өткізгіштікке әсер етпейді. АІЖ –да баяу сіңіріліп, әшке және к\т енгізіледі. І С топшасы: аймалин (гилуритмал), этацизин, тирацизин (боннекор), пропафенон (ритмонорм) – І А топшасына ұқсас. Жүрекше және қарынша өткізгіштігін нашарлатады. Гемодинамикаға (миокард жиырылғыштығына, жүректің қанды айдауы, АҚ) әлсіз әсер етеді. Қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады. Ajmalinum – этацизин (Б): 0,05 таб.: 2,5% 2 мл ерітінді амп.шығарылып, б/е енгізіледі.ІІ тобы. адреноблокаторлар: анаприлин, метопролол және т.б. – ырғақтың синустық бөлігінде деполяризациялану кезеңінде жасушаға Са2+ мен Na+ иондарының енуін және жасушадан K+ иондарының шығуын бұзып, қозғыштықты, жиырылғыштықты және өткізгіштікті төмендете отырып, адренобөгегіш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Қарынша үсті және қарынша аритмиясында қолданылады. Жанама әсері: миокард, жиырылғыштығының төмендеуінен жедел жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, өткізгіштіктің баяулауынан атриовентрикулярлы бөгетке алып келуі мүмкін. («Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз.)
ІІІ тобы.Amiodaronum - амидарон (кордарон) (Б): 0,2 таб.: 5% 3 мл еріт.амп.шығарылып, тамшылатып к\т енгізіледі; орнид (бретилий) – симпатолитик болып табылады. Бұл препараттар кардиомиоциттердің мембранасының K иондары үшін өткізгіштігін тежеп, реполяризациялық процестің және рефрактерлері кезеңнің тиімділігін ұзарта отырып, жүрекше – қарынша өткізгіштігін баяулауына алып келетін АҚ мен жиырылғыштықты біршама төмендетеді. Басқа дәрілер әсер тепеген жағдайлардағ қарынша үсті және қарынша аритмиясында, көбінесе ЖИА мен (жүректің ишемиялық ауруы) ауыратын науқастардың өміріне қауіпті аритмияларды, миокардитте, жүрекше фибриляциясында қолданылады. IV тобы. Кальций арналарының блокаторлары: верапамил (изоптин, финоптин), дилтиазем – «баяу» Са2+ арналары арқылы Са2+ иондарының тасымалдауын тежеп, эктопиялық ошақтарда жасушалардың кеннеттен деполяризациялануын баяулатады. Са2+ иондары жүрек – қан тамыр жүйесін реттеуде маңызы өте зор. Жүрек қызметі мен қан тамырлардың тонусы Са2+ иондарының алмасуына (көбінесе жасуша ішілік және сыртқа таралуы) тікелей байланысты. Сондықтан Са2+ иондарының кинетикасын басқарудың үлкен маңызы бар. Оның бірден бір жолы кальций арналарын тежеу. Соңғы жыодаы кальций арналарын тежеу медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады. Verapamilum – верапамил (Б): 0,04 және 0,08 таблетка түрінде шығарып, 1-2 таб.тәулігіне 3-4 рет тамақтан 30 мин.алдын: 0,25% 2 мл еріт.амп.к\т енгізіледі. Са2+ арналарын таңдамалы тежеп; автоматизмді, қозғыштықты және өткізгіштікті төмендетеді; антиаритмиялық, антиангинальды және гипотензивті әсер көрсетеді. Суправентрикулярлы аритмияда, жүрекше фибриляциясында және пароксизмальды қарынша үсті тахикардияда қолданады.Жанама әсері: гипотензия, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің күшеюі, атриовентрикулярлы бөгет, лоқсу, құсу, бас айналу және аллергиялық реакциялар байқалады.
Әртүрлі препараттары. Жүрек гликозидтері (дигоксин) – тек жүрекше лүпілдеуі мен жыпылықтауында қолданылады. Магний сульфаты – қарынша тахикардиясы мен жыпылықтауында қосымша дәрі – дәрмек ретінде қолданылады. Калий хлориді, панангин – гипокалиемиялық ырғақсыздықта және жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады. 2.Брадиаритмияны қалпына келтіретін дәрілер – әртүрлі брадиаритмияны (синусты брадикардия, синоатриальды, атриовентрикулярлы бөгет және т.б.) басу үшін қолданылатын дәрілер екі топқа бөлінеді. Олар: 1.М – холинолитиктер: атропин – кезеген жүйкенің әсерін төмендетеді. 2.Адреномиметиктер: изадрин, адреналин – жүректің 1- адреноцепторларын қоздырып, кардиомиоциттердегі Са2+ иондарының және ц – АМФ құрамын жоғарылатып, автоматизмді күшейтіп және өткізгіштікті жақсарта отырып, жүрек ырғағын қалпына келтіреді. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілер (антиангинальды дәрілер) Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА, коронарлық (тәжді) жеткіліксіздік) – атеросклероз немесе коронарлы артериялар тарылуы салдарынан, жүректің оттегіне қажеттілігі мен оның оттегімен қамтамасыз етілуі сәйкес келмеуі немесе миокардқа қанмен оттегі келуінің бұзылуынан пайда болады. Қолданылатын антиангинальды дәрілер жүректі оттегімен қамтамасыз етуін күшейтеді (коронарлы (тәжді) артерияларды кеңейту арқылы) немесе оттегіге қажеттілікті (жүрек жұмысын жеңілдету арқылы) төмендетеді. Жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілері: стенокардия (көкірек тұсы бірден қатты ауырып, сол қол мен сол жақ жауырынға берілуі) мен миокард инфаркты (миокардтың қлі еттенуі) түрінде өтеді. Стенокардия ұстамасында, миокард инфарктын алдын алу үшін, міндетті түрде әсері тез антиангинальды дәрілерді қабылдау қажет. Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын басатын дәрілер. Бұл препараттар коронарлы қан тамырларды кеңейтеді. Nitroglycerinum – нитроглицерин (Б): 0,005 таб. және капс. Түрінде шығарылып, ұстама кезінде тіл астына немесе 1% спиртті еріт. -1-2 тамшы қантпен тіл астына белгіленеді. Әсер 1-2 минутта басталып, 20-30 минутқа созылады. Нитроглецирин шеткері қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады, NO2