. Оларды тамақпенбірге қолданғанда тәбет ашатын қасиеті бар. Сонымен қатар зат алмасу процесін күшейтетін, тәбетті қуаттандыратын дәрілерге: витаминдер, анаболикалық стероидтар, карнитин және апилак жатады. Антигистаминді препарат ципрогептадин \апетиген, перитол\ орталыққа қуаттандырғыш әсер көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда қолданылады.Tinctura Absinthii- ащы жусан тұндырмасы: 25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30мин бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абситин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы менэфир майы бар. Tinctura Amara – Ащы тұндырманың құрамы: толғақшөптен, үш жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен (1л дейін) тұратын 25 мл флаконда шығарылады. Тәбетті төмендететін дәрілер\анорексигенді дәрілер\. Алиментарлы семіздік зат алмасуы бұзылуына, сонымен қатар жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына және т.б алып келеді. Семіздікті емдеудің ең тиімді жолы тамағын тыю, яғни ашығу сезімін басу үшін кейде тәбет төмендететін дәрілер белгіленеді. Тәбетті төмендететін дәрілерге: фепранон, дезопимон, дексфенфлурамин, \изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин\, мазидол \теронак, санорекс\ жатады. Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті төмендетеді және ашығу сезімін төмендетеді. Қолданылуы: алиментарлы семіздікте, сонымен қатар гормонды бұзылыстардан болған семіздікте белгіленеді. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту, артериялық қан қысымның көтерілуі, психиканы қуаттандырғыш әсеріне байланысты тітіркенулер және ұйқысыздық, ұзақ қолданғанда үйренгіштік дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.жүктілікте, артериялық гипертензияда, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуында, психикаалық ауруларда, гипертиреозда, эпилепсияда, психозда, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Бұл дәрілерді глаукомада қолданылатын МАО ингибиторларымен бірге қолдануға болмайды. Бірінші анорексигенді дәрі ретінде фенамин қолданған, бір жанама әсері айқын байқалғандықтан, қазіргі таңда оның аналогтары қолданылады. Phepranonum – фепранон (амфепранон) (А): 0,025 дражеде шығарылады. Таңертең және тәуліктің бірінші жартысында (тамақтан 1 сағат бұрын 1 дражеден тәулігіне 2 рет) қолдану қажет. Емдеу ұзақтығы 2 айға жуық.
Desopimonum – дезопимон (А):0,025 таб. тамақпен бірге қабылдау қажет. Бұл екі препарат та фенаминге қарағанда әлсіз, бірақ жанама әсері аз байқалады.
Mazindol – мазиндол (А):0,001 таб. түрінде шығарылады, тамақ үстінде қабылдау керек. Мазиндол – фенаминге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ дәріге тәуелділік аз байқалады.
Dexfenfluramin – дексфенфлурамин (А):0,015 және 0,06 капс. шығарылады. Артериялық қан қысымын жоғарылатпайды және тыныштандыратын әсері бар. Барлық анорексигенді препараттар тек дәрігердің рецепті бойынша босатылып, қадағалауында болуы қажет.
-
Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер
Құстар бұл – күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, ас ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы құрылдымында құсу орталығы болады.
-
Құстыратын дәрілердің қолданылуы шектеулі. Асқазанды улы заттардан тазалау үшін адсорбенттермен, іш жүргізетін тұзды ерітінділермен шаю тиімді және қауіпсіз болып табылады. Сонда да құстыратын дәрілердің кең ауқымы бар: Тікелей әсер ететің дәрілерге (құсу орталығын қоздырады): апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, ісікке қарсы дәрілер жатады. Құсу орталығын рефлекторлы қоздыратын (асқазанның шырышты қабықшасының рецепторын қоздыратын) дәрілерге: термопсис және ипекакуана препараттары, мыс сульфаты және мырыш сульфаты жатады.
Тәжірибеде құстыратын дәрі ретінде тек апоморфин қолданылады. Бұдан басқа маскүнемдікті емдеу кезінде этил спиртіне теріс шартты рефлекс тудыру үшін қолданылады.
Apomorphini hydrochloridum – апоморфин гидрохлориді (А): 1% - 1 мл еріт. амп. шығарылады, 0,2 – 0,5 мл т/а енгізіледі. Апоморфин гидрохлориді құсу орталығының триггерлі зонасын қоздырады. Апоморфинді күшті қышқылдар және сілтілермен күю кезінде, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, өкпе, жүрек ауруларында, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды. Рефлекторлы әсерлі құстыратын дәрілерге сонымен қатар ауыр металл тұздары: мырыш сульфаты және мыс сульфаты жатады.
2.Құсыққа қарсы дәрілерге құсудың шығу тегіне байланысты әр түрлі фармакологиялық топтағы дәрілер қолданылады. Көптеген ауруларда (асқазанның және ұлтабардың ойық жарасында, гастритте, токсикозда, вестибулярлы аппараттың бұзылуында) құстыру арқылы науқастың жағдайын жақсартуға болады. Оларға: нейролептиктер (этаперазин, трифтазин, галоперидол және т.б) бұлар құсу орталығының триггерлі зонасының рецепторын тежеп, сәулемен емдеу, қатерлі ісіктердің химиотерапиясында, хирургиялық операцияларда және жүктіліктің токсикозында қолданылады.
Метоклопрамид (церукал, реглан) - әсер ету механизмі нейролептиктерге ұқсас, сонымен қатар асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, метеоризмде белгіленеді. Қолданғанда ұйқышылдық, құлақ шуылдауы, ауыз қуысының құрғауы және паркинсонизм байқалуы мүмкін. Әсері жағынан метоклопрамидке бромоприд ұқсас келеді.
Metoclopramidum – метоклопрамид 0,01 таб. түрінде шығарылып, 1 таб. күніне 3-4 рет үстінде; 1% - 2мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 1-3 рет б/е, қ/т енгізіледі. Тиэтилперазин (торекан) – триггелі зонаның рецепторынан басқа құсу орталығын тежеп, этиологиясы әртүрлі құсуда, сонымен қатар вестибулярлы және координация бұзылыстарында қолданылады. Нейролептиктерден айырмашылығы жанама әсері аз байқалып, ауыз қуысының құрғауы, ұйқышылдық, гипотензия, ұсақ қолданғанда паркинсонизм байқалуы мүмкін.
Thiethylperazinum – тиэтилперазин (Б): 0,0065 таб. (драже) 1 таб.(дражеден) тәулігіне 2 – 3 рет; 0,0065 супп. түрінде; 0,65% - 1мл еріт. амп. б/е енгізіледі. М-холиноблокаторлар (Аэрон) және антигистаминді дәрілер (димедрол, дипразин) – құсу орталығын тежеп, теңіз және әуе ауруларында қолданылады. Жергілікті анестетиктер (анестезин, новокаин) – гастрит пен жара ауруларындағы асқазан шырышының тітіркендіруіне қозумен байланысты құсықта әсері күшті. Трописетрон (навобан) және ондансетрон (зофран) –химиотерапиялық ісіктен туатын құсықта қолданылады.
-
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер
а. Асқазан безі секрециясының төмендеуінде қолданылатын дәрілер.Диагностикалық мақсатта гастрин, гистамин, экстракты заттар тағайындалады. Егер асқазанның секрециясының төмендеуінің себебі асқазан бұзылыстарынан пайда болса, онда аталған заттар асқазан сөлінің бөлінуін жоғарылатады. Асқазанның шырышты қабығы органикалық зақымдалса онда өзгерістер болмайды. Аталған жағдайда ұтымды диагностикалық дәрі – гастрин болып табылады. Ол асқазанның антральды бөлігінде құралады. Содан соң қанға сіңеді де, асқазанның фундальды бөлігінің бездеріне әсер етіп, олардың секрециясын күшейтеді. Ол тұз қышқылы мен пепсиногеннің бөлініп шығуын ұлғайтады. Медициналық тәжірибеде 5 аминқышқылдардың қалдығынан тұратын гастриннің синтетикалық препараты пентагастрин қолданылады. Гистамин асқазан бездерінің гистаминдік Н2 – рецепторларын қуаттандыра отырып, асқазан сөлінің мөлшері мен оның қышқылдығын жоғарылатады. Әсер ету спектрі кең. Жанама әсері жағынан АҚ төмендеп, капилярлардың өткізгіштігін, бронхтардың, ішектің бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады. Ол Н1 рецепторларын қоздыруымен байланысты, сондықтан осы аталған әсерлерді басу үшін гистаминдік Н1 рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин және т.б) тағайындалады.
Асқазан сөлінің секрециясын жоғарлататын емдік дәрілерге көмір қышқылды сулар жатады. Асқазан безінің жеткіліксіздік жағдайларында орынбасу терапиясының дәрілері қолданылады. Бұл мақсатпен табиғи немесе жасанды сөлі, пепсин және сұйытылған тұз қышқылы тағайындалады. Succus gastricus naturalis-табиғи асқазан шырыны: 100мл фл –1-2 ас қасықтан тамақ үстінде қабылдау керек.Pepsinum-пепсин (шошқа асқазанының шырышты қабаиынан алынган фермент); ұнтақ; 0,2-0,5 ұнтақ түрінде қолданылады; Ацидин пепсин (Acidin-pepsinum) таблеткасымен алмастыруға болады. 0,025 және 0,5 таб тамақ үстінде 1 немесе 2 стакан суда ерітіп қабылдау қажет.Acidum hydrochloricum dilutum- сұйытылған тұз қышқылы (Б) 10-15 тамшыдан 1-2стакан сумен қабылдау керек.Сонымен қатар орынбасу терапия ретінде пепсидил (450мл фл-шошқа асқазан шырышты қабықшасынан алынған препарат) және Абомин (0,2таб-бұзау мен қозының асқазанының шырышты қабықшасынан алынған) қолданылады.б. Асқазан безі секрециясының жоғарлауында қолданылатын дәрілер.Асқазан сөлінің секрециясы жоғарлауы, оның қышқылдылығының жоғарлауына және гепарацидті гастрит пайда болуына алып келеді, ол жағдайда тұз қышқылының көбеюі, асқазанның шырышты өабығының тітіркенуі және қыжылдауы байқалады. Қышқылды пепсиндік факторлардың агрессиясы артуы кезінде, асқазанның шырышты қабығының қорғаныш қасиетінің төмендеуінен асқазан мен ұлтабардың жарасынан ойық жаралар пайда болады. Асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарлауында келесі топ препараттары қолданылады.1 Антацидті дәрілер бұл дәрілер асқазан сөлінң артық қышқылдығын төмендету үшін қолданыладыолар асқазан сөлінің тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп,оны бейтараптайды. Тез әсерлі анацидті дәрілерге натрий гидрокорбонаты, магний тотығы, магний трисиликаты, алюминий гидрототығымен тұндырылған кальций карбонаты жатады.Ал қиыстырылған препараттарына; Альмагель, Алмагель А, Фосфалюгель, Маалокс, Мегалак, Гелюсиллак, Викалин, Викаир, Протаб, Тальцид, Тисацид, Ренни, Гастал, Гастралюгель жатады. б. Асқазан және ұлтабардың ойық жараларында, рефлюкс – эзофагитте қолданылады.Тұндырылған кальций карбонаты көмір қышқылдың түзілуіне алып келеді. Әсері тез басталады. Артық мөлшерде қолданғанда гиперкальйиемия және жүйкелі алкалоз шақырылуы мүмкін.Қиыстырылған препараттары тиімді және асқынулары аз байқалады.