Антацидтер асқазан мен ішекте көптеген препараттардың сіңірілуін өзгертеді, тетрациклинді, дигитоксинді, ацетиосалицил қышқылын өзіне байланыстырады, сондықтан барлық дәрілерді антацидті дәрілерден 2-3 сағ. кейін қабылдаған жөн.
-
Асқазандағы HCl секрециясын төмендететін дәрілер
а)H2-гистаминоблокаторлар:
циметитин(гистодол, нейтронорм,примамет), ранитин (зантак,зоран, ранисан). Әсер ету механизмі: асқазанның шырышты қабатының H2-гистаминді рецепторларын тежеп, негізгі түнгі секрецияларды басып, асқазан сөлінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Таблетка мен ерітінді түрінде асқазан мен ұлтабардың жарасында,эзофагитте, дуодинитте қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, тері бөртпелері, бас пен бұлшықетаурулары, бас айналу, лейкопния, ал циметидинде депрессиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.
Низатидин және роксатидинде бұл белгі байқалмайды. H2-
3.гастропротекторлар. бұл препараттар асқазанның шырышты қабықшасын химиялық және физикалық факторлардан,яғни оған тигізетін зақымдаулардан қорғап, кемістігін жазкға жағдай жасайды. Олар: висмут препараттары; Де-нол(коллоидты висмут субцитраты), антацидті және бүркеуіш әсер көрсетеді. Шырышты қабатты тітіркенуден сақтау үшін, зақымдалған жара бетінде төзімді албуминаттар түзіп, HELICOBACTER pylori қоздырғышына бактерецидті әсер көрсетеді. 0.12 таб кунине 4рет тамактан 30мин бұрын және ұйықтар алдында, ойық жара ауруларын кешенді емдеу үшін 4-8 апта бойына белгіленеді.
Алюминий сукральфаты (Вентер таб) цитопротекторлық әсері бар.
Простагландиндер: мизопростол (цитотек, сайтотек) - простагландин Е1-н синтетикалык аналогы, стероидты емес кабынуга карсы дарилердин ульцерогенді әсерін алдын алу үшін тиімді. Карбеноксолон (биогастрон, дуогастрон)- ми тамырының препараты, қабынуға қарсы және минералокортикоидты белсенділігі бар. Асқазан шырышының зақымдаушы фактьорларға тұтқырлығын жоғарлатып және оның қорғаныш қызметін күшейтеді, шырышты қабатты қанмен қамтамасыз етілуін күшейтіп, көбінесе дәрілік заттардың әсерінен пайда болған ойық жараларды емдеу мақсатында қолданылады.
-
Репаранттар бұл препараттар асқазан мен ұлтабар жараларының жазылу барысын күшейтіп, регенерацияны қуаттандырады. (тек гастроэнтерологияда емес сонымен катар медицинанын барлык салаларында қолданылады.): анаболитикалық стероидтар (феноболин, ретоболил) және метоболикалық процесті қуатттандыратын дәрілер (метиурация, пентоксил, калий оротаты, АТФ препараттары, этаден): биогенді күшейткіш препараттары (солкосерил, алоэ сығындысы, калонхоэ шырыны, апилак, прополис және т.б); шырғанақ (облепиха) пен раушан (шиповник) майлары, гастрофарм және т.б жатады.
4.Ұйқы безі қызметі бұзылуында қолданылытын дәрілерСозылмалы панкреатитте ұйқы безі секрециясының жеткіліксіздігі байқалады. Бұндай жағдайда құрамында кешенді ас қорыту жолының ферменттері бар: протеаза, амилаза, липаза және әртүрлі қоспалар: өт компоненттері, гемицеллюлоза, пепсин, аминқышқылы және т.б орынбасушы терапиядағы дәрілер қолданылады.Жоғары ферментті белсенділігі бар препараттар: панкреатин (трипсин+амилаза), солизим ж\е нигедаза (курамында тек липаза бар), Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм-форте, Дигестал, Энзистал, Фестал(протеаза+липаза+амилаза бар), Креон, Ликреаза, Панцитрат. Осы препараттар ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың қорытылуын жеңілдетіп,аш ішекте неғұрлым толық сіңіріліуін жақсартады. Сонымен қатар ұйқы безін, асқазан, аш ішектіңн өз ферменттерінің, сондайақ өттін бөләнуән күшейтеді. Дражелерді тамақпен бірге, бұрын,кейін, шайнамай қабылдау қажет. Жіті панкреатитте қолдануға болмайды. Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін және жылға созылады.Creon- Креон: 0,3 капс шыгарылып,тамак устинде кабылданады.Festal-фестал: официн.драже тамақ үстінде немесе тамақтан кейін белгілейді.Жіті панкреатитте ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі қалыпты жағдайдағыдай ұлтабарда емес, бездің өз ұлпасында өтеді: мысалы, белсенді емес трипсиноген белсенді трипсинге айналып, бездің өздігінен сіңіріллуі жүреді. Ол кезде келесі препарттар қолданылады:І.Ұйқы безінің секрециясын төмендететін дәрілер: Мхолиноблокаторлар, антацидті дәрілер.ІІ.Протеолитикалық ферменттердің ингибиторлары\антиферментті препараттар\: пантрипин, ингитрил,контрикал,гордокс, антагозан-бұл дәрілер протеолитикалық ферменттердің белсенділігін төмендетеді. Барлық препараттар тек күре тамырға тамшылатып немесе баяу ағынмен енгізіледі. Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.Contrical-контрикал 10 000. 30 000. ж\е 50 000 ӘБ құрғақ зат флаконда (амп) берілген еріткішке ерітіп, 500 мл 0,9% NaCl еріт бірге к\т тамшылатып енгізіледі.5.Өт айдайтын дәрілерӨт құрамында іщектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендерді эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бұзылуымен немесе өт түтіктерінен қлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медицинада өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз. І. өт түзілуін күшейтетін дәрілер(Холесекретиктер-холеретиктер)-жануарлардан алынган Аллохол, Холензим, Лиобол
таб.-құрамында жануардың құрғақ өті бар.
-синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон):
-өсімдіктен алынған құмдық салаубас гүлі(қайнатпа, құрғақ сығындысы, фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа сұйық сығынды), танацехол(түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны),берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол(куркума тамырының бояғыш заттары және т.б), холагогум капс (құрамы:куркума сығындысы,бұрыш, жалбыз майы,эссенциальды фосфолипидтер және т.б)
ІІ.Өт бөлуін жеңілдететін дәрілер өттің ағуын жеңілдетеді.
-өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарлататын, Одди сфинктерін босаңсытатын препараттар: магний сульфаты, ксилит, сорбит,маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады.
Әсер ету механизмдері: Ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байлансыты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында , өт түтігінң дискенезияларында, созылмалы холициститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазан жедел қабыну ауруларныда ,өт тас ауруларында қолдануға болмайды.
Холелитоликалық дәрілер өт қалтасындағы тасты ерітеді: хенодезоксихол қышқылы, урсодизоксихол қышқылы 0,2 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, , себебі өт холестирин холестиринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырт синтезін бұзын, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді.
Гепатопротекторлар
Бауырдың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылатады, қызметінің қалпына келтірілуіне ықпал етеді, детоксикациялық мүмкіндігін күшейтеді. Оларды жедел және созылмалы гепатиттерде, бауырдың дистрофиясында, бауырдың уытты зақымдануында қолданады. Препараттары:
Эссенциале- форте Н
Гепабене
Гепа-Мерц
Эссливер
Гептрал
6.Іш жүргізетін дәрілер
І.Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер.
Тұзды іш жүргізетін дәрілер: магний сульфаты, натрий сульфаты,табиғи корлавар тұзы.
Әсер ету механизмі: бұл препарттар асқазан ішек жолдарында нашар сіңіріліп, ішектін осмостық қысымн жоғарлатып, судың сіңірілуін төмендетеді. Ішек құрамының көлемі жоғарлайды , ол рецепторлардың тітіркенуіне және ішектіңн толқи жиырылуының күшеюіне алып келеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн, әсері 2-4 сағат соң байқалады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады. Жанама әсері: магний иондары резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін, әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ\ң және жүрек жұмысынң тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілер әрдацымқолдануға болмайды. Себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану қажет.
Magnesii sulfas- магний сульфаты:ұнтақ:10,0-30,0 аш қарынға 1-2 стакан сумен қабылдау қажет.
Natrii sulfas- натрий сульфаты ; ұнтақ.
Майсана майы үпілмәлік тұқымынан алынған препарат.
Әсер ету механизмі: майсана майы қлтабарда рицинол қышқылы түзілуі арқылы ыдырайды. Ол ішектің рецепторларын тітіркендіреді, толқи жиырылу қызметін күшейтеді, судың және электролиттердің сіңірілуін тоқтатады. Әсері 2-6сағ соң басталады. Жіті іш қатуда, рентгенологиялық зерттеулерге науқасты дайындар алдында
қолданылады.Жанама әсері: жатыр бұлшық еттерінің рефлекторлы жиырылуында жиі қолдануға болмайды, өйткені астың қорытылуын бұзады. Жүктілікте майда еритін заттармен улануда қолдануға болмайды,себебі майсана майы майлардың сіңірілуін жақсартады.
ІІ. Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер.Әсер ету механизмі: тоқ ішекке электролиттермен сулардвң сіңірілуін төмендетіп, тоқ ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді және қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағ байқалады. Көбінесе танертен немесе түнге тағайындалады. Созылмалы іш қатуда қолданылады.
Жанама әсері: үйренгіштік тудырады,сондықтан препаратты кезектестіру қажет.
Ұзақ қолданғанда гипокалиемия, антраценгликолиздер шырышты қабықшаның, тіпті тік ішек бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.
-
Құрамында антраценгликозиді бар өсімдік типті препараттары:
Рауғаш(ревень) тамырының препараты: Рауғаш(ревень) тамырының ұнтағы: 0,5 таб. – 1-4 таб. белгіленеді.- іш жүргізетін іш дәрі қаражемісінің препараты.
2. Синтетикалық препараттары: фенолфталин, изафенин, бисакодил, гутталакс.в) Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілерБұл заттар сіңірілмейді, суды сіңіріп, ісініп, механикалық әлсіздендіретін әсер көрсетеді: ламинария, ламинарид, агар, кебектер, жолжелкен, мукофальк.
г) Нәжісті жұмсартатын дәрілер. Оларға вазелин майы, бадам майы, глицерин жатады.
Прокинетиктер гипотонияда және ішек атониясында қолданылатын, ішектің тонусын және толқи жиырылу қызметін қалпына келтіретін дәрілер: м-холиномиметиктер,(ацеклидин), антихолинэстеразды дарілер (прозерин), метоклопрамид(церукал), және оның 2буынның аналогтары: мотилиум (домперидон) және цизаприд.
Ішектін толқи жиырылу қызметін әлсірететін дәрілерге әсері миотропты спазмолитиктер (папапверин,ношпа), М-холиноблокаторлар (атропин,платифилин) ішектің біріңғай салалы бұлшық еттерінің ауырсынуымен өтетін түйілуінде (ішек шаншуларында) қолданылады.No
spanum- но-шпа (Б): 0,04 таб –1-2таб таулигине 2-3 рет:2%2 мл ерит.амп.-т\а,б\е, к\т енгізіледі.
Диареяға қарсы дәрілер: лоперамид әшектің апиынды рецепторларымен байланысып, ішектің толқи жиырылу қызметін тежеп, сфинктер тонусын жоғарлатады,сұйықтықтардың сіңірілуін күшейтеді.
А с қ о р ы т у ж ү й е с і н е ә с е р е т е т і н д ә р і л е р
| Іш жүргізетін дәрілер
| Д ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы
| «Сенаде», бисакодил, мотилиум
|
Өт айдаушы дәрілер
| Гепатопротекторлар
| «Гепабене», карсил, «ЛИВ -52»
|
Холелитолитектер
| Хенофальк, урсосан
|
Холекинетиктер
| Магний сульфаты, атропин, дротаверин
|
Холесекреттиктер - холеретиктер
| «Аллохол», оксафенамид, холосас, холагогум
|
Ұйқы безінің экскреторлы қызметінің бұзылуларында қолданылатын дәрілер
| Жіті панкреатитте
| Контрикал, антацидтер, М холиноблокаторлар
|
Созылмалы панкреатитте
| «Мезим», «Фестал», «Креон», панкреатин
|
Асқазан безінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер
| Асқазан безінің секрециясы жоғарылауында қолданылатын
| Репаранттар
| Гастрофарм
|
Гастропротекторлар
| Де-нол, «Вентер», мизопростол
|
HCI секрециясын төмендететіндер
| Н, К, АТФ ң ингибиторы
| Омез, парнет, ланзопрозол
|
М холиноблокаторлар
| Атропин, платифиллин
|
Н2 гистаминоблокаторлар
| Циметидин, фамотидин
|
Антацидтер
| Магний тотығы, алмагель
|
Асқазан безінің секрециясы төмендеуінде қолданылатын дәрілер
| Пенсин, табиғи асқазан ағырыны, сұйытылған хлорлы сутек
|
Құсаққа қарсы
| Метоклопрамид, галоперидол, трописертон
|
Құстыратын
| Апоморфин гидрохлориді
|
Тәбетке әсер ететін дәрілер
| Тәбет ашатын дәрілер
| Жусан тұндырмасы, ащылар
|
Анорексигендер
| Орлистат, фепранон, фенфлурамин
|