q.s (quantim satis – қажетті мөлшерде) деп жазылады.Рецепт үлгісіҚұрамында 0,02 промедолы (Promedolum) бар 6 тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. Ауырсынуда 1 суппозиторийлерден белгілеңіз.Rp.: Promedoli 0,02Olei Cacao q.s.M.f.suppositorim rectaleD.t.d. N.6S. Ауырсынуда 1 суппозиторийденЖапсырмалар-Emplastra(Жапсырма-Nom.sing. Emplastrum, Gen.sing.Emplastri)Жапсырмалар (пластыр – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар.Медициналық тәжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Жапсырмалар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.
Рецепт үлгісіЖай қорғасын жапсырмасының (Emplastrum Plumbi simplex) 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.Rp.: Emplastri Plumbi simplicis 50,0 D.S. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.3. Сұйық дәрілік түрлерСұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер жатады.Ерітінділер – Solutiones(Ерітінді – Nom.sing. Solutio, Gen.sing.Solutionis)Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі дистилденген су (Aqua destillata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта мөлдір, әрі майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.Сыртқы тәнге арналған ерітінділерСыртқы тәнге арналған ерітінділерге шаюға, жууға арналған ерітінділер көз, құлақ, және мұрын тамшылары жатады. Тамшыларды 5-10 мл түрінде, ал басқа мақсатта қолданылатын ерітінділер 50-100 мл түрінде дайындайды.Ерітінділер рецепте қысқартылған және толық түрінде жазылады. Өндіріс жағдайында немесе дәріхана жағдайында еріткіш ретінде сулы, майлы және спиртті ерітінді қолданылып, рецепте қысқартылған түрі қолданылады.Сулы ерітінділерге рецепт жазуда Rp.: (Ал:) белгілеуінен соң дәрілік түрдің атауын ілік септігінің жекеше түрінде – Solutionis (ерітіндісінен), дәрілік заттың атауы (ілік септігінің жекеше түрінде, бас әріппен қысқартылусыз), ерітіндінің концентрациясы мен (сызықша арқылы) мөлшері (миллилитр немесе грамда) жазылады. Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) көрсетіледі.Ерітіндінің концентрациясын қысқартылған жазылымда үш әдіспен белгілеуге болады:1.Пайыз бойынша (%);2. Қатынасы бойынша (1:1500);3. Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде (0,6-200мл);Рецепт үлгісі0,02% фурацилиннің (Feracilinum) сулы ерітіндісінің 500мл жазыңыз.Жараны жуу үшін белгілеңіз.Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясыRp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500mlD.S. Жараны жуу үшінСалмақ-көлемдік қатынасы түрінде ерітіндінің концентрациясы
Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500mlD.S. Жараны жуу үшінМайлы немесе спиртті ерітінділерге рецепт жазуда дәрілік түрдің атауы (Solutionis), ілік септігінде дәрілік заттың атынан соң oleosae (майлы) немесе spirituosae (спиртті) деп көрсетіліп, концентрациясы мен ерітіндінің мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі.Рецепт үлгісі1. 100 мл 10% камфораның (Camphora) майлы ерітіндісіне жазыңыз. Буын аймағын сүрту үшін белгілеңіз.Rp.: Solutionis Camphorae oleosae 10%-100mlD.S.Буын аймағына сүрту үшін.2. 50мл 1% бриллиантты жасылдың (Viride nitens) спиртті ерітіндісіне жазыңыз. Терінің зақымдалғанаймағын сүрту үшін белгілеңіз.Rp.: Solutionis Viridis nitentis spirituosae 1%-100mlD.S.Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін.Ерітінді дайындау барысында қандай да бір сұйық май немесе спирттің белгілі концентрациясын еріткіш ретінде қолданғанда жазылымның толық түрінде жазылады. Ол кезде еритін зат, оның мөлшері бөлек жазылып, ал келесі қатарда еріткіш және оның мөлшері көрсетіледі. Соңынан M.D.S. (Misce. Da. Signa. –Араластыр. Босат. Белгіле.) деп жазылады.Рецепт үлгісі50 мл вазелин майында дайындалған 10% анестезин (Anaesthesinum) ерітіндісіне жазыңыз.Есептеу: 10,0-100млХ – 50млХ=500/100=5,0Rp.: Anaesthesini 5,0Olei Vaselini ad 50 mlM.D.S.Жара бетіне жағуға.“ad” – «дейін» деген мағына береді. Ол жазылымның толық түрінде жазылып, ерітілетін дәрілік затқа еріткішті ерітіндінің жалпы мөлшеріне дейін қосылатынын көрсетеді.Көз тамшылары ретінде (Guttae ophthalmicae) дәрілік заттың сулы немесе майлы ерітінділері пайдаланылады. Бұл дәрілерге рецепт сыртқы тәнге арналған ерітінділерге рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Конъюнктиваға 1-2 тамшыдан тамызу үшін белгіленеді.Официнальды ерітінділердің концентрациялары көрсетілмей (тек ерітіндінің атауы мен оның мөлшері көрсетіледі) жазылады.Рецепт үлгісі100 мл сутегі асқын тотығының официнальды ерітіндісіне (Solutio Hydrogenii peroxydi dilutae) жазыңыз. Шаю үшін (1 стакан суға 1 ас қасық ерітінді) белгілеңіз.Rp.: Solutionis Hydrogenii pexoxydi dilutae 100 mlD.S. 1 ас қасығын 1 стакан суда ерітіп, шаю үшінІшуге арналған ерітінділерІшуге арналған ерітінділерді 5-15 мл мөлшерінде (мөлшерленген стаканмен немесе шай, орта, ас қасықпен) сондай-ақ тамшы түрінде белгілеп, қолданар алдында су немесе сүтпен (майлы ерітінділер) араластырып тағайындайды.1 шай қасықта 5мл, 1 орта қасығында – 10мл, ал 1 ас қасықта 15 мл сулы ерітінді болады. 1 мл сулы ерітінді 20 тамшыға тең.
Ерітіндіге рецепт жазғанда дәрілік заттың жалпы мөлшерін немесе концентрациясын, ерітіндінің жалпы көлемін және мөлшерлеу (қасық, тамшы және т.б.) әдісін білу керек.Рецепт жазу үшін 1) Ерітіндінің концентрациясын2) Ерітіндінің жалпы мөлшерлерін анықтау қажетРецепт үлгісі1. Бір реттік мөлшері 1,0 кальций хлоридінің (Calcii chloridum) ерітіндісін 12 рет ішуге жазыңыз. Ас қасықпен (15 мл) 4 күн бойына күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.Жазылымның қысқартылған түрі:Rp.: Solutionis Calcii chloride 12.0-180mlЖазылымның толық түрі:Есептеу: 1,0 х 12,0=12,015 ml х 12=180mlRp.: Solutionis Calcii chloride 12.0Aquae destillatae ad 180 mlMisce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 ретРецепт үлгісі2. Мөлшері 0,001 атропин сульфаты (Atropini sulfas) ерітіндісін 20 рет қабылдау үшін 10 тамшыдан күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.Жазылымның қысқартылған түрі:Rp.: Solutionis Atropini sulfatis 0.02%-10 mlD.S.10 тамшыдан күніне 3 ретЖазылымның толық түрі:Есептеу: 0,001 х 20=0,0210 тамшы х 20=200 тамшы1 мл-20 тамшыХ-200 тамшыХ-200х1/20=10 млRp.: Atropini sulfatis 0,02Aquae destillatae 10 mlMisce. Da. Signa. 10 тамшыдан күніне 4 рет ішуге.Шырыштар – Mucilagines(Шырыш – Nom.sing. Mucilago, Gen.sing Mucilaginis)Шырыштар – жабысқақ әсері бар, тұтқыр сұйықтық болып табылатын жоғарғы молекулалық қосылысты ерітінділерге жатады.Шырыштар өсімдік текті кілегейлі заттарды еріту жолымен (мысалы, шайырлар) немесе өсімдік шикізаттарынан (зығыр тұқымының шырышы, жалбызтікен тамырынан алынған шырыш) кілегейлі заттарды тұндыру тәсілімен алынатын сұйық дәрілік түр. Көбінесе шабдалы шайырының шырышы (Mucilago Gummi Armeniacae), аравий шайыры (Mucilago Gummi arabici), жалбызтікен тамырының шырышы (Mucilago radicis Althaeae) және крахмал шырышы (Mucilago Amyli) қолданылады.Барлық шырыштар официнальд, сондықтан жазылымда шырыш атауы мен оның мөлшері көрсетіледі.Рецепт үлгісіҚұрамы 1,5 хлоралгидраттан (Chloralum hydratum) және 50 мл крахмал шырышы (Mucilago Amyli) мен судан бірдей мөлшеріндегі микстураға жазыңыз. Бір реттік клизмаға белгілеңіз.Rp.: Chlorali hydrate 1,5Mucilaginis AmyliAquae destillatae āā 25 mlM.D.S. Бір реттік клизма үшін.Шырыштар тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттармен бірге бырыстырғыш дәрілік зат ретінде қолданылады. Шырыштармен бірге спиртті препараттарды, қышқылдар мен сілтілерді белгілеуге болмайды, себебі олар шырыштың тұтқырлығын өзгертуі мүмкін.
Суспензиялар – Suspensiones(Суспензия – Nom.sing. Suspensio, Gen.sing.Suspensionis)Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр.Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе.Суспензиялар ішке, сыртқы тәнге немесе бұлшық етке белгіленеді.Суспензияның дисперсті ортасы су болған жағдайда рецепт қысқартылған түрде жазылады. Жазылымның қысқартылған түрі дәрілік түрдің атауы – Suspensionis (суспензия) сөзімен басталып, әрі қарай дәрілік заттың атауы, суспензияның мөлшері, қолдану тәсілі мен жиілігі, сонымен қатар «Қолданар алдында шайқаңыз!» деп көрсетілуі тиіс.Рецепт үлгісі10 мл 0,5% гидрокортизон ацетаты (Hydrocortisoni acetas) бар суспензияға жазыңыз. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetasis 0,5%-10 mlD.S. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызуғаҚолданар алдында шайқаңыз.Кейбір сыртқы тәнге және ішуге арналған суспензиялар официнальды, яғни фармацевтикалық өндірістерде дайын күйінде шығарылады. Мұндай суспензиялар тек қысқартылған түрде жазылады, суспензияның концентрациясы (әртүрлі концентрацияда шығарылған суспензиялардан басқалар) көрсетілмейді.Рецепт үлгісі100 мл гризеофульвин (Griseofulvinum) суспензиясына жазыңыз. 1 орта қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.Rp.: Suspensionis Griseofulvini 100 mlD.S.1 орта қасықтан күніне 3 ретҚолданар алдында шайқаңыз.Ішуге арналған эмульсияларEmulsa ad usum internum(Эмульсия-Nom.sing.Emulsum, Gen.sing.Emulsi)Эмульсиялар – бір –бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын (май мен су) сұйық дәрілік түр. Эмульсияның сырт көрінісі сүт тәрізді болады. Эмульсияны дайындау әдісіне байланысты майлы (Emulsa oleosa) және тұқымды (Emulsa seminalia) деп ажыратылады. Майлы эмульсиялар сұйық майлардан: майсана (Oleum Ricini), бадам (Oleum Amygdalarum) және балық майынан (Oleum jecoris) және т.б. дайындалады. Май мен судан эмульсия түзілу үшін, майда тамшы пайда болғанша майдан эмульсия түзу қажет. Осы мақсатта майды арнайы зат – эмульгатормен араластырады. Эмульгатор ретінде шайырлар; мысалы, шабдалы шайыры (Gummi Armeniacae), сонымен қоса желатоза (Gelatosa) қолданылады. Эмульсия түзу үшін 2 бөлік май, 1 бөлік эмульгатор және 17 бөлік су алу қажет. Егер рецепте майдың мөлшері көрсетілмесе, онда 10 бөлік майдан 100 бөлік эмульсия қажет болса, 20 мл май, 10,0 желатоза және 170 мл су алу қажет. Майлы ерітінділер жазылымның қысқартылған және толық түрінде жазылады.