Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте дәрілік түрден Emulsi (Эмульсиялар) сөзінен соң майдың аты, мөлшері (сызықша арқылы) және эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі.Жазылымның толық түрінде майдың, эмульгатор мен судың мөлшерлері бөлек-бөлек жазылады. Одан соң M.f. emulsum (Misce ut fiat emulsum – Эмульсия түзілгенше араластыр.) деп көрсетіледі. D.S. сөзімен латын бөлімі аяқталады.Рецепт үлгісі30 мл балық майынан (Oleum jecoris) тұратын 200 мл эмульсияға жазыңыз. Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге.Жазылымның қысқартылған түріRp.: Emulsi olei jecoris 30 ml-200 mlD.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішугеЖазылымның толық түріRp.: Olei jecoris 30 mlGelatosae 15,0Aquae destillatae ad 200 mlM.f. emulsumD.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішугеЭмульсияның құрамында әртүрлі дәрілік заттар болуы мүмкін. Егер эмульсияның ингредиенттері стандартты болса (2:1:17), онда концентрациясын көрсетпей тек қана эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі. Тұқымды эмульсиялар тәтті бадам, жер жаңғақ, асқабақ тұқымдарынан және т.б. сумен ысқылау арқылы дайындалады. Мұндай тұқымдардың құрамында жай және эмульгирлеуші қасиеттері бар белок текті шырышты заттары бар. Тұқымды эмульсиялардың концентрациясы (тұқым мөлшері мен жалпы эмульсия көлемнің қатынасы) 1:10 тең. Тұқымды эмульсиялар сирек қолданылады.Тұнбалар мен қайнатпалар – infusa et Decocta(Тұнба-Nom.sing.infusum, Gen.sing.infusi;Қайнатпа-Nom.sing.Decoctum, Gen.sing.Decocti)Тұнбалар мен қайнатпалар – дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр.Тұнбалар өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен жапырағы, гүлі, шөбінен дайындалады. Қайнатпаларды әдетте қатты тығыз өсімдік бөліктерінен: қабықшадан, тамыры мен тамырсабағынан, кейде жапырақтарынан (мысалы, аюжидек жапырағы) дайындайды.Тұнбалар мен қайнатпалар дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады. Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып, 3-4 күн ішуге ғана дайындалады. Тұнба мен қайнатпа рецепте тек қысқартылған түрінде жазылады.Жазылымда дәрілік түрдің атауы ілік септігінің жекеше түрінде Infusi (Тұнба), Decocti (қайнатпа) деп көрсетіп, дәрі дайындалатын өсімдік атауы (бас әріппен), өсімдік шикізатының мөлшері және тұнба мен қайнатпаның жалпы мөлшеріне қатынасы сызықша арқылы жазылады. Соңынан D.S. (Бер. Белгіле.) көрсетіледі. Сигнатурасында тұнба немесе қайнатпаның бір рет қолданылатын мөлшері, қолдану әдісі және жиілігі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі0,6 термопсис шөбі (herba Thermopsidis) тұнбасының 180 мл жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз.Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6-180 mlD.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.МФ-да қатынас түріндегі тұнба мен қайнатпалардың концентрациясының тізімі көрсетілген.Рецепт үлгісі1:30 жалынгүл шөбінің (herba Adonidis Vernalis) тұнбасын 3 күнге жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 4 рет белгілеңіз.Есептеу:1 ас қасық = 15 мл 1-30 мл15 мл х 4 рет = 60 мл х – 180 мл60 мл х 3 күн = 180 мл х=180/30 = 6,0Rp.: Infusi herbae Adonidis vernalis 6,0 – 180 mlD.S. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.Кейде рецепте дәрілік шикізаттың мөлшері көрсетілмеуі мүмкін. Ондай жағдайда 1:10 қатынасы бойынша есептейді.Рецепт үлгісіЕмен қабығының (cortex Quercus) қайнатпасының 200 мл жазыңыз. Шаюға белгілеңіз.Rp.: Decocti corticis Quercus 200 mlD.S. Шаю үшін.Дәріханада 200 мл қайнатпа дайындау үшін 20,0 емен қабығын алады.Тұндырмалар – Tincturae(Тұндырма - Nom. sing. Tinctura, Gen. sing. Tincturae)Тұндырмалар - әртүрлі өсімдіктерді спиртте тұндыру арқылы алынатын мөлдір сұйықтықтар. Барлық тұндырмалар (барлығы фармацевтикалық өндірістерде дайындалады) официнальды, тұнбалар мен қайнатпаларға қарағанда тұрақты дәрілік түр болып табылады. Тұндырмалар тығындалып жабылған шыны ыдыста, қалыпты бөлме температурасында қараңғы жерде ұзақ сақталынады.Тұндырмалар официнальды болғандықтан, рецепте өсімдік бөлігі мен тұндырманың концентрациясы көрсетілмейді. Рецепте дәрілік түрдің атауы Tincturae (Тұндырмалар), одан соң өсімдіктің атауы мен тұндырманың мөлшері көрсетіледі. Тұндырмаларды тамшымен мөлшерлейді, тұндырманың белсенділігіне қарай тамшы5-тен 30-ға дейін белгіленеді. Осыған байланысты тұндырманың мөлшері 5-30 мл құрайды.тұндырманың белсенділігіне қарай тамшы 5 тен 30-ға дейін белгіленеді. Осыған байланысты тұндырманың мөлшері 5-30 мл құрайды.Рецепт үлгісі25 мл шүйгіншөп (Vаіегіаnа) тұндырмасын 25 тамшыдан күніне 3 - 4 рет қабылдауға жазып беріңіз.Rр.: Тіnсturае Vаlеrіаnае 25 mlD.S. 25 тамшыдан күніне 3-4 рет.Күрделі тұндырмалар жай тұндырмалар сияқты, тек қана барлық ингредиенттер жазылғаннан кейін Міысе (Араластыр) сөзі көрсетіледі.Сығындылар – Ехtracta(Сығынды - Nom. sing. Ехtractum, Сеn. sing. Ехtrасtі)Сығындылар -өсімдік шикізатынан спирттің көмегімен алынатын қоюланған сығынды. Консистенциясына қарай сұйық, қою және құрғақ деп бөлінеді. Сұйық сығындылар (Ехtractum fluidum) боялған сұйықтық, қою сығындылар (extractum spissum)- құрамында ылғалдылығы 25% дейін болатын тұтқыр масса,
құрғақ сығындылар (Ехtractum siccum)- құрамында ылғалдығы 5% дейін болатын сусымалы масса. Сұйық сығындыларды алу үшін экстрагент ретінде этил спиртін (көбінесе 70%), ал қою сығындылар үшін - су (хлороформ, аммиак ерітіндісін қосып), этил спирті, эфир қолданылады. Құрғақ сығындыларды қою сығындыларды кептіру жолымен алады.Барлық сығындылар официнальды және өндіріс жағдайында дайындалады. Жазылымда дәрілік түрдің атауы Extracti (Сығындылар) өсімдік атауы мен сығынды түрі - fluidi (сұйық), spissi (қою), sіссі (құрғақ) міндетті түрде көрсетіледі. Сонан соң сығындының мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі. Сұйық сығындылар тамшымен мөлшерленеді.Рецепт үлгісі20 мл итшомырт (Frangula) сұйық сығындысының 20 тамшыдан күніне 3 рет ішуге жазып беріңіз.Rр.: Ехtracti Ғrangulae fluidi 20 mlD.S. 20 тамшыдан күніне 3 рет.Қою және құрғақ сығындылар капсула, ұнтақ, таблетка, суппозиторий, пилюла құрамына кіреді.
Жаңа галенді препараттарЖаңа галенді препараттар өсімдік шикізатынан алынатын баласстызаттардан толық тазартылған сұйық дәрілік түр. Сондықтан бұл заттарды тек қана ішуге ғана емес, егу үшін де қолданады. Жаңа галенді препараттар фабрика мен завод жағдайында дайындалады. Әр жаңа галенді препарат арнайы атауға ие. Жаңа галенді препараттарды егуге ампулада, ішуге арналған препараттар флаконда шығарылады. Бұл препараттар официнальды болғандықтан, рецепте тек атауы мен мөлшері көрсетіледі.Рецепт үлгісі15 мл адонизидтің (Аdonisidum) жаңа галенді препаратына жазыңыз. 15 тамшыдан күніне 3 рет белгілеңіз.Rр.: Аdonisidi 15 mlD.S. 15 тамшыдан күніне 3 рет.Микстуралар - МіхturaeМикстуралар - әртүрлі сұйық негіздеріне (суда, спиртте, глициринде, өсімдік майлары және т.б.) бірнеше қатты заттарды немесе көптеген сұйықтықтарды (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар және т.б.) араластырып алатын сұйық дәрілік түр. Микстуралардың құрамында 3 немесе одан да көп ингредиенттер бар. Микстуралар мөлдір, лайлы және де тұнбалы болуы мүмкін. Тұнбалы микстураларды қолданар алдында шайқау қажет. Ондай микстуралар Міхturae agitandae (шайқауды қажет ететін микстуралар) атауына ие. Микстуралар көбінесе ішке, кейде сыртқа белгіленеді.Микстуралар рецепте толық түрінде жазылады. Көбінесе микстураны жартылай қысқартылған түрінде жазады. Бұл жағдайда ингредиенттердің бір бөлігі қысқартылып, бұлар ерітінділер, тұнба, қайнатпа, тұндырма т.б. келтіріледі, қалған ингредиентер толық жазылады.Рецепт үлгісі1. Құрамы 0,015 кодеин фосфаты (Соdeini phosphas) мен 0,5 калий бромидінен (Каlii bromidum) тұратын 180 мл микстураны 12 рет қабылдауға жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 реттен белгілеңіз.Жазылымның толық түрі:Rр.: Codeini phosphatis 0,18Каlіі bromіdі 6,0 Аquae destillatae аd 180 mlМ.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.Жазылымның жартылай қысқартылған түрі:Rр.: Codeini phosphatis 0,18Solutionis Каlіі bromіdі 6,0-180 mlМ.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.2. Мөлшері 0,05 термопсис (Тһеrmopsis) тұнбасы, 0,25 натрий бромидінен (Natrii bromidum) тұратын микстураны 12 рет қабылдауға жазып беріңіз. Ас қасықпен күніне 3 рет ішуге.Есептеу: 0,05 х 12 = 0,6 0,25 х 12 = 3,0 15 мл х 12 = 180 млRр.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 -180mlNatrii bromidi 3,0Міsсе. Dа. Signa. Ас қасықтан күніне 3 рет ішуге.
Линименттер - Linimenta(Линименттер – Nom.sing. Linimentum, Gen. sing. Linimenti)Линименттер - қою сұйықтықтар түріндегі біртектес қоспадан тұратын сыртқы тәнге қолдануға арналған дәрілік түр. Негізі сұйық өсімдік, вазелин майы және т.б. заттар болып табылатын сұйық жағылмалар.Магистральды линименттер рецепте толық түрінде жазылады. Рецепте линименттің ингредиенттерінің атауы, оның мөлшері, М.f. linimentum (Міsce ut fiat linimentum - Линимент түзілгенше араластыр) және D.S. көрсетіледі.Рецепт үлгісі20 мл хлороформ (Сhloroformium) мен 40 мл меңдуана майынан (ОІеum Hyoscyami) тұратын линиментке жазыңыз. Зақымдалған буын аймағына жағу үшін белгілеңіз.Rр.: Сhloroformii 20 mlОІеі Hyoscyami 40 mlM.f.linimentumD.S.Зақымдалған буын аймағына жағуға.Официнальды линименггер рецепте қысқартылған түрде жазылады.Рецепт үлгісі5% синтомицин официнальды линиментінің (Linimentum Synthomycini 5%) 25 мл жазыңыз, Зақымдалған теріге жағу үшін.Rр.: Linimentum Synthomycini 5% - 25 mlD.S. Зақымдалған теріге жағу үшін.Басқа да сұйық дәрілік түрлерге: медициналық майлар, өсімдік шырындары, сұйық органопрепараттар және дәрілік сироптар жатады.Медициналық майлар - дәрілік өсімдіктердің майлы сығындылары. Мысалы, меңдуана майы (ОІеит Нуоscyami), итмурын майы (ОІеum Rosae), шырғанақ майы (ОІеum Ніррорһеае).Дәрілік препарат өсімдік шырындарының 85 бөлігін және 95% этил спирті мен 0,3% хлорэтанның (консервант ретінде) 15 бөлігін араластыру жолымен алынады. Дәрілік препарат ретінде қолданылатын бірнеше шырындар бар. Атап айтсақ, жолжелкен шырыны (Succus plantaginis), каланхоэ (Succus kalanchoes), алоэ шырыны (Suссus АІоёs) және т.б. жатады.Сұйық органопрепараттар - ірі қара мал улпаларынан алынатын официнальды суйық сығындылар. Ондай препараттарға: паратиреоидин (Parathyreoidinum) - қара малдардың қалқансерік безінен алынған сірінді, питуитрин (Ріtuitrinum) - қара малдардың гипофиздің артқы бөлігінен алынатын сірінді (ӘБ мөлшерленеді).Дәрілік сироптар - дәрілік өсімдік сығындысы мен қант сиропының қоспасы. Мысалы, жалбызтікен сиропы (Sirupus АІthаеае) 2 бөлік жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы мен 98 бөлік қант сиропынан турады.Инъекцияға (егуге) арналған дәрілік түрлерДәрілік заттарды парентеральды енгізу инъекция жолымен жүзеге асады: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, субарахнойдальды және т.б.Инъекция арқылы әртүрлі дәрілік заттарды тері астына -