көбінесе сулы ерітінділер; булшық етке - сулы және майлы ерітінділер, сондай-ақ суспензиялар; күре тамырға - тек сулы ерітінділер енгізіледі.
Кейбір ерітінділер мен суспензияларды қолданар алдында ерітіп енгізеді. Ампуладағы немесе флакондағы қурғақ (ұнтақ түрінде) түрдегі инъекцияға арналған дәрілік заттарды алдын ала ерітіп немесе араластырып алады. Инъекциялық ерітіндіге еріткіш ретінде көбінесе инъекцияға арналған су, кейбір өсімдік майлары, кейде суйылған этил спиртін (33 % дейін) пайдаланады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер (рго injectionibus) залалсыздандырылған, турақты, апирогенді (дене қызуын көтермеуі қажет); механикалық қоспалардан тазартылған болуы тиіс. Медициналық тәжірибеде инъекцияға арналған дәрілік түрлер фармацевтикалық өндірістерде көбінесе ампулада және флаконда шығарылады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер дәріханаларда сирек дайындалады. Дәріханада инъекцияға арналған ерітінді тығындалып жабылған 5-1000 мл шыны қутыларда шығарылады. Қуты этикеткасына «Залалсыздандырылған» деп жазылады.
Рецепте ампуладағы құрғақ дәрілік заттарға (ұнтақ): дөрілік заттың атауы, бір ампуладағы мөлшерін көрсетеді, одан соң D.t.d.N… in ampullis(.., ампулада осындай мөлшерде босат) және S. жазылады. Сигнатурада дәріні еріту, енгізу жолы мен инъекция уақыты көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
005 винкристин (Vincristinum) препаратының 6 ампуласына жазыңыз. Құты құрамын 5 мл залалсыздандырылған натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен ерітіп, 0,005 аптасына 1 рет енгізіңіз.
Rр.: Vincristini 0,005
Dа tales doses N.6 іn аmpullis
Sіgnа. Құты құрамында 5 мл 0,9% NaСl изотонды еріт. ерітіп, аптасына 1 рет енгізіңіз.
Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты: Solutionis… (Ерітіндісін...), Suspensionis… (Суспензиясын,..), дәрілік заттың аты, концентрациясы мен мөлшері, содан соң D.t.d. N…in ampullis (... ампулада осындай мөлшерде босат) және S. көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
1.40% 50 мл глюкоза (Glucosum) ерітіндісінің 10 ампуласына жазыңыз. 50 мл күре тамырға енгізу үшін белгілеңіз.
Rр.: Solutionis Glucosi 40% - 50ml
D.t.d. N.10 іn ampullis
S. 50 мл күре тамырға енгізу үшін.
2.2,5% 1 мл дезоксикортикостерон триметилацетаты (Desoxycorticosteroni trimethylacetas) суспензиясының 6 ампуласына жазыңыз. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.
Rр.: Suspensionis Desoxycorticosteroni trimethylacetas 2,5% -1 ml
D.t.d.. N. 6 іn аmpullis
S. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін. Қолданар алдында шайқаңыз.
Өндірістерде дайындалатын арнайы атауға ие жаңа галенді препараттарға, сұйық органопрепараттарға; дәрілік заттардың ерітіндісіне рецепте
Rр.: сөзінен соң
препараттың аты және оның
мөлшері,
D.t.d. N... іn аmpullis және
S. көрсетіледі.
Рецепт үлгісі1 мл жаңа галенді дигален-нео
(Digalen-neo) препаратының 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 реттері астына енгізу үшін белгілеңіз.Rр,: Digalen-neo 1 mlD.t.d. N.10 іn аmpullisS. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.1 мл (5 ӘБ) сүйық органопрепарат питуитриннің
(Pituitrinum)12 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.Rр.: Рituitrini 1 ml (5 ӘБ)D.t.d.. N.10 іn аmpullis5. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.3. 1 мл кордиаминнің
(Соrdiaminum - 25 % никотин қышқылының диэтиламид ерітіндісі) 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 2 рет тері астына енгізу үшін белгілеңіз.Rр.: Соrdiamini 1 mlD.t.d. N.10 іn аmpullisS. 1 мл-ден күніне 2 рет тері астына енгізу үшін.Көптеген инъекцияға арналған дәрілік түрлер (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар және т.б.) флаконда шығарылады. Флаконда қолданудың артықшылығы қолданар апдында асептикалық жағдайда дәрілік затты ерітіп, препараттың залалсыздығын сақтай отырып, бірнеше рет қабылдауға мүмкіндік береді.
Флакондағы дәрілік затқа рецепт ампуладағы дәрілік заттарға рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Айырмашылығы D.t.d. N... соң ештеңе жазылмайды. («Флакон» сөзі еш жерде көрсетілмейді).
Рецепт үлгісі1. 500 000 ӘБ бензилпенициллин натрий тұзының
(Веzylpenicillinum - natrium) 12 флаконына жазыңыз, 500 000 ӘБ тәулігіне 4 рет бұлшық етке белгілеңіз. Алдын ала құты құрамын 0,5 % 2 мл новокаин еріт. ерітіп, енгізу үшін белгілеңіз.Rр.: Веzylpenicillini - nаtriі 500 000 ӘБ D.t.d. N.125. Құты құрамын 0,5% 5 мл новокаин ерітіндісімен ерітіп, 500 000 ӘБ тәулігіне 4 рет б/е енгізу үшін.2. 2,5 % 5 мл гидрокортизон ацетаты
(Hydrocortisoni acetas) суспензиясының 6 флаконына жазыңыз. 5 мл аптасына 1 рет зақымдалған буын қуысына енгізу үшін белгілеңіз.Rр.: Suspensionis Hydrocortisoni acetas 2,5 % - 5 mlD.t.d. N.6
-
5 мл зақымдалған буын қуысына аптасына 1 рет.
3.5 мл
(1 мл-де 40 ӘБ) инсулиннің
(Insulinum) 6 флаконына жазыңыз. 0,5 мл (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына енгізу үшін белгілеңіз.Rр.: Insulini 5 ml (1 мл 40 ӘБ)D.t.d. N.6S. 0,5 мл-ден (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына.Дәріхана жағдайында дайындалатын инъекцияға арнаяған дәрілік түрлерге (көбінесе ерітінділерде) міндетті түрде рецепте дәрілік заттың залалсыздандырылғандығы керсетіледі. Рецепте дәрілік запың атауынан соң
Sterillisetur! (Залалсыздандырылсын!) сөзі жазылады. Егер дәрі бірнеше ингредиенттерден тұрса, барлық дөрілік заттардың атауларынан соң, M. Sterillisetur! D.S.көрсетіледі. Рецепт үлгісі0,9 % 500 мл залалсыздандырылған изотонды натрий хлоридінің (Solutio Natrii chloride isotonica 0,9 %) изотонды ерітіндісіне жазыңыз. Тері астына тамшылатып енгізу үшін белгілеңіз,Rр.: Solutio Natrii chloride isotonica 0,9 % - 500mlSterillisetur!D.S. Тамшылатып тері астына енгізу үшін.Әртүрлі дөрілік түрлерКөз қабықшалары мен аэрозольдер жаңа дәрілік түрлер болып табылады, сонда да қазіргі медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады,Көзқабықшалары – Membranulae ophtalmicae (көз пленкалары – Nom. sing. Membranulae ophtalmicae s. s. LаmеІІае Асс, sіng, Membranulae ophtalmicas. s. Lamellas). Көз қабықшалары - белгілі бір мөлшердегі және құрамындағы дәрілік заттардың көз сұйықтықтығында еритін, өлшемі 9 х 4,5 х 0,35 мм залалсыздандырылған көз пленкасы. Тығындалып жабылған флакондағы пленкаларды 1 жылға дейін сақтауға болады. Кез конъюнктивасына қойылған қабықша көз жасы сұйықтығында суланып, полимердің еруіне алып келеді, Конъюнктивальды қуысқа енгізілген көз қабықшасының құрамындағы дәрілік заттың емдік концентрациясы 24 тәулік және одан да көп уақыт сақтапады. Көз қабықшаларының көз тамшыларынан артықшылықтары: дәрілік заттың нақты мөлшерленуі, препараттың емдік концентрациясының ұзақ сақталуы, тұрақтылығы және залалсыздығы оңай сақталады. Қазіргі таңда медициналық тәжірибеде қолданылатын көз қабықшаларының (Membranulae ophtalmicae) құрамы: пилокарпин гидрохлоридімен (сит Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо), атропин сульфатымен (сит Аtropini sulfate), флоренальмен (сит Ғlorenalo), сульфапиридазин- натриймен (сит Sulfapyridazinum-natrio), неомицин сульфатымен (сит Neomicini sulfate), дикаинмен (сит Dicaino) және т.б. шығарылады.Көз қабықшалары рецепте қысқартылған түрде жазылады:Рецепт үлгісіҚұрамында пилокарпин гидрохлориді бар (Membranulae ophtalmicaeсит Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо) 30 көз пленкасына жазыңыз. 1 пленкадан қабақтың төменгі жағына тәулігіне күн сайын 1 рет белгілеу үшін.Rр.: Membranulae ophtalmicae сит Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо N.30 D.S. 1 пленкадан қабақтың теменгі жағына күніне 1 рет.Аэрозольдер – Аеrosola(Аэрозоль – Nom.sing. Aerosolum, Асс. sing. Аеrosolum)Аэрозольдер
- дисперсті ортасы ауа, газ немесе газдардың қоспасы, ал дисперсті фазасы қатты және сүйық заттардан түратын өлшемі 1 мкм-ден аспайтын аэродисперсті жүйе. Медициналық тәжірибеде үшқыш сүйықтық буы мен қатты дәрілік заттардан түратын азрозольдер қолданылады. Медициналықтәжірибеде аэрозольдерді ингаляциялау үшін немесе сырт тәнге қолданады. Ингаляциялауга арналған аэрозольдер өкпе мен жогаргы тыныс жолдарының ауруларында (бронхиальды демікпе, бронхит және т.б.) қолданылады. Бұндай препараттарға «Эфатин», «Камфомен» және т.б. жатады,
Аэрозольдер рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Рецепт үлгісі
«Эфатин» аэрозолының (Аеrosolum «Ерһtinum») 1 қорабына жазыңыз. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Rр.: Аеrosolum «Ерһtinum» N.1
D.S. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Аэрозольды препараттарды сырт тәнге ерітінді, линимент, көбік, пластикалық қабықша және т.б. түрінде пайдаланады. Ондай аэрозольдер дерматологияда, хирургияда, гинекологияда қолданылады.
-
Дәрілік түрлер
| Сұйық
| Микстуралар
|
Жаңа галенді препараттар
|
Сығындылар
|
Тұндырмалар
|
Қайнатпалар
|
Тұнбалар
|
Эмульсиялар
|
Суспензиялар
|
Шырыштар
|
Ерітінділер
|
Жұмсақ
| Линименттер
|
Суппозиторийлер
|
Пасталар
|
Жағылмалар
|
Қатты
| Капсулалар
|
Ұнтақтар
|
Дражелер
|
Таблеткалар
|
ІІІ ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯЖалпы фармакология дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын, сондай-ақ оларға әсер ететін факторларды және дәрілердің жанама және улы әсерлерінің жалпы заңдылықтарын оқытады.
Дәрілік заттардың фармакокинетикасыАғзаға дәрілерді енгізу жолдарыІ.Энтеральды енгізу жолдары (асқазан ішек жолдары
(АІЖ) арқылы).а) Пероральды енгізу жолы-дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы енгізу (per-арқылы, os-ауыз). Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең қарапайым және ыңғайлы әдіс (әсері 30-60 мин.соң басталады) болып табылады. Кейбір препараттар (Мысалы, бензилпенициллин, эритромицин, адреналин г/х) асқазан сөлі, тұз қышқылы ферменттерінің әсерінен бұзылып, нашар сіңіріледі. АІЖ-да сіңіріліп болған соң, бауырдан қан айналым жүйесіне түседі. Науқастың ес-түссіз жағдайында және үздіксіз құсуда бұл әдіс тиімсіз.