Материал: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


• нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);

• липопротеидті қабатының болуы;

• вирус геномының стратегиясы;

• вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;

• генетикалық өзара әсерлесу феномендері;

• қабылдағыш иелер шеңбері;

• патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;

• географиялық таралуы;

• антигендік қасиеттері.

Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты.

Кесте 2.2.

Вирустардың жіктелуі (классификациясы) – 2005 ж.



Қатары

Тұқымдастығы [тұқымдастықша]

Туыстастығы

Типі (тип өкілі)

1

2

3

4

-

Inoviridae

Inovirus

Энтеробактериялар фагы М 13

Plectovirus

Фаг MV – L 51 - Acholeplasma

-

Microviridae

Microvirus

Энтеробактериялар фагы φ174

Spiromicrovirus

Фаг 4 Spiroplasma

Bdellomicrovirus

Фаг MAC 1 Bdellovibrio

Chlamydiamicrovirus

Хламидия фагы 1

-

Geminiviridae

Mastrevirus

Жүгерінің шұбарландыру вирусы

Curtovirus

Қызылша жапырағының бұйралану вирусы

Begomovirus

Бұршақтар сарғаюы теңбілінің вирусы (Пуэрто-Рико)




Circoviridae

Circovirus

Шошқалардың цирковирусы




-

Gyrovirus

Балапандар анемиясының вирусы

-

Nanoviridae

Nanovirus

Жоңышқа түбірінің өсуін тежейтін вирус

Babuvirus

Babana bunchy top virus




Parvoviridae [Parvovirinae]

Parvovirus

Тышқандардың ұсақ вирусы

Erythrovirus

B19 вирус

Dependovirus

Адено-ассоциацияланғаң вирус 2




[Densovirinae]

Densovirus

Жәндіктердің денсонуклеоз вирусы Janonia coenia







Iteravirus

Жібек құртының денсонуклеоз вирусы







Brevidensovirus

Аралардың денсонуклеоз вирусы

дн ДНҚ – құрамды вирустар

Caudovirales

Myoviridae

«T 4 – like viruses»

Энтеробактериялар фагы T 4







«P 1 – like viruses»

Энтеробактериялар фагы P 1

«P 2 – like viruses»

Энтеробактериялар фагы P 2

«Mu – like viruses»

Энтеробактериялар фагы Mu

«SPO1–like iruses»

Бациллалар фагы SPO 1

«φ H– like viruses»

Вирус φH Halobacterium




Siphoviridae

«λ- like viruses»

Энтеробактериялар фагы – фагы λ




« T 1 - like viruses»

Энтеробактериялар фагы Т 1

« T 5 - like viruses»

Энтеробактериялар фагы Т 5

« c 2 - like viruses»

Лактококтар фагы с 2

« L 5 - like viruses»

Микобактериялар фагы L 5

«ψM1-like viruses»

Метанобактериялар фагы ψM 1

Podoviridae

«T 7 - like viruses»

Энтеробактериялар фагы T 7

«φ29- like viruses»

Бациллалар фагы φ29

«P22– like viruses»

Энтеробактериялар фагы P 22





Rudiviridae

Rudivirus

Вирус SIRV1 Salfolobus




Tectiviridae

Tectivirus

Энтеробактериялар фагы PRD 1

-

Corticoviridae

Corticovirus

Фаг PM2 Alteromonas

-


Lipothrixviridae

Alphalipothrixvirus

Вирус 1 Thermoproteus

Betalipothrixvirus

Таяқшапішінді вирус Sulfolobus islandicus

Gammalipothrixvirus

Таяқшапішінді вирус 1 Acidianus

-

Plasmoviridae

Plasmovirus

Фаг L2 Acholeplasma

-

Fuselloviridae

Fusellovirus

Вирус SSV 1 Sulfolobus

-

Phycodnaviridae

Chlorovirus

Қарапайымдалар вирусы Paramecium bursaria 1

Prasinovirus

Қарапайымдалар SP1 вирусы Micromonas pusilla

Prymnesiovirus

Вирус PW1 Chrysachromulina brevifilum

Phaeovirus

Вирус 1 Ectocarpus siliculosis




-

Raphidovirus

Вирус 01 Heterosigma akashiwo







Coccolithovirus

Вирус 86 Emiliania huxleyi

-

Guttaviridae

Guttavirus (бұрынғы туыстастығы «Sulfolodus SNDV-like viruses»)

Тамшытәріздес вирус Sulfolobus neozealandicus (бұрынғы вирус SNDV Sulfolobus)

-

Poxviridae

[Chordopoxvirinae]

Orthopoxvirus

Шешек вакцина вирусы

Parapoxvirus

Паравакцина вирусы

Aviposvirus

Тауық шешегінің вирусы

Capripoxvirus

Қой шешегінің вирусы

Leporipoxvirus

Миксома вирусы

Suipoxvirus

Шошқалар шешегінің вирусы

Molluscipoxvirus

Жұқпалы моллюска вирусы

Yatapoxvirus

Яба маймылдары ісігінің вирусы

-

[Entomopoxvirinаe]

Alphaentomopox-virus

Жәндіктер шешегінің вирусы Melalontha melalontha

Betaentomopoxvirus

Жәндіктер шешегінің вирусы Amsacta moorei

Gammaentоmopoxvirus

Жәндіктер шешегінің вирусы Chironomus luridus

-

Iridiviridae

Iridovirus

Жәндіктерде жарқырауық тудыратын вирус 6

Chloridovirus

Жәндіктерде жарқырауық тудыратын вирус 3

Ranavirus

Бақалар вирусы 3

Lymphocystivirus

Балықтардың лимфоцистия ауруының вирусы 1

-

Polydnaviridae

Ichnovirus

Ихновирус Campoletis sonorensis

Bracovirus

Браковирус Cotesia melanosclera

-


Herpesviridae

Ictalurivirus (бұрынғы туыстастығы «Ictalurid herpes-like-viruses»)

Ұшық вирусы 1 Ictalurid

[Alphaherpesvirinae]


Simplexvirus

Адамдардың ұшық вирусы 1

Varicellovirus

Адамдардың ұшық вирусы 3

Mardivirus (бұрынғы туыстастығы «Marek,s discase-like viruses»)

Тауық ұшығының вирусы 2

Iltovirus («Infections laryngotracheitis - like viruses»)

Тауық ұшығының вирусы 1

[Betaherpesvirinae]

Cytomegalovirus

Адамдардың ұшық вирусы 5

Muromegalovirus

Тышқандардың ұшық вирусы 1

Roseolovirus

Адамдардың ұшық вирусы 6

[Gammaherpesvirinae]

Lymphocryptovirus

Адамдардың ұшық вирусы 4

Rhadinovirus

Маймылдардың ұшық вирусы 2 Saimirine

-

Polyomaviridae

Polyomavirus

Маймыл полиомасының вирусы SV40

-

Papillomaviridae

Papillomavirus

Қояндар папилломасының вирусы

-

Adenoviridae

Mastadenovirus

Адамның С аденовирусы

Aviadenovirus

Құстардың А аденовирусы

Atadenovirus

Қойлардың D аденовирусы

Siadenovirus

Түйетауықтардың В аденовирусы

-

Ascoviridae

Ascovirus

Асковирус Spodoptera frugiperda

-

Baculoviridae

Nucleopolyhedra-virus

Ядролық полиэдроз вирусы Autographs californica

Granulovirus

Гранулез вирусы Cydia pomonella

-

Nimaviridae

Whispovirus

Ақ таңдақ синдромы вирусы 1




Asfarviridae

Asfivirus

Шошқалардың африкалық қызба вирусы




-

Rhizidiovirus

Rhizidiomyces саңырауқұлақтарының вирусы

Кері транскриптаза бар ДНҚ және РНҚ- құрамды вирустар




ДНҚ-құрамды вирустар







Hepadnoviridae

Orthohepadnovirus

Адамдардың В гепатит вирусы




Avihepadnovirus

Үйректердің В гепатит вирусы




Caulimoviridae


Badnavirus

Камелиялардың сары таңдақтық вирусы

Caulimovirus

Түсті орамжапырақ теңбілінің вирусы

Tungovirus («Rice tungro bacilliform –

like viruses»)


Тунгро күрішінің таяқшапішінді вирусы








Soymovirus (бұрынғы туыстастығы «Soybean chlorotic-mottle-like viruses»)

Жүгерінің хлоретикалық таңдағының вирусы

Cavemovirus (бұрынғы туыстастығы «Cassava vein mosaic-like viruses»)

Маниока теңбілділігінің вирусы

-

Luteoviridae

Luteovirus

Арпа ергежейлігінің PAV вирусы

Palerovirus

Картофель жапырағын бүрістіретін вирус







Enamavirus

Бұршақ теңбілінің вирусы 1

Tobravirus

Доғалжапырақты ақшайыр вирусы

Tobamavirus

Темекі теңбілінің вирусы

Hordeivirus

Арпаның жолақты теңбілінің вирусы

Furovirus

Бидай теңбілінің вирусы

Pomavirus

Картофель тамырларын солытатын вирус

Pecluvirus

Арахистің түйіршіктену вирусы

-




Benyvirus

Қызылша тармақтарының сары некроз вирусы

-




Idaeovirus

Таңқұрай ергежейлігінің вирусы

-




Sobemovirus

Оңтүстік асбұршақтың теңбілдік вирусы

-




Umbravirus

Сәбіздің дақтану вирусы

-

Tymovurudae

Tumovirus

Репаның сары теңбілідік вирусы







Marafivirus

Жүгері собығының солуының вирусы







Maculovirus

Жүзім теңбілінің вирусы

-

Flexiviridae

Allexivirus

Шаллот-пиязының Х вирусы

-

-

Manadrivirus

Индиана цитрустарының таңдақтану вирусы

-

-

Carlovirus

Қызыл қалампырдың латентті вирусы

-

-

Capillovirus

Алма ағашының шіріту вирусы

-

-

Faveavirus

Алма дәнін зақымдайтын вирус

-

-

Potexvirus

Картофельдің Х вирусы







Trichovirus

Алманың хлоретикалық таңдақтану вирусы

Vitivirus

Жүзім жапырақтарының А вирусы

Ourmiavirus

Мускустық қауынның вирусы

РНҚ-құрамды «жалаңаш» вирустар

-

Narnaviridae

Narnavirus

Saccharomyces cerevisae бактерияларының

20 S PHK вирусы, нарнавирусы

Mitovirus

Crypinnectria parasiticaның 1NB631 митовирусы

Вириоидтар

-

Paspivroidae

Pаspiviroid

Картофель түбірінің ұршықпішінді вироиды

Hostaviroid

Хмель ергежейлігінің вироиды

Cocadviroid

Кокос пальмасы каданг-каданг ауруының вироиды


-

Avsunviroidae

Apscaviroid

Алма терісінің тыртықтану вироиды

Coleviroid

Колеустің 1-вироиды

Avsunviroid

Авокаданың «күнгейлік» таңдақтану вироиды




Pelamoviroid

Шабдалы теңбілігінің латентті вироиды

Субвирусты агенттер

Агенттер

Топтары

Типі

Топша/ түр

Satellites

Satellite Viruses


Біртізбекті РНҚ-ы сателитті вирустар

Аралардың созылмалы сал вирусының сателлиті

Темекі некрозы вирусының сателлиті




Satellite Nucleic Acid

Біртізбекті сателитті ДНҚ

Томат жапырағының бұйралану вирусының сателлиті ДНҚ







Екітізбекті сателитті ДНҚ

Saccharomyces cerevisae-ның М вирусының сателлиті







Біртізбекті сателитті РНҚ

Ірі сателлиттік РНҚ

Кіші сызықша сателлитті РНҚ

Циклдік сателлитті РНҚ

Prions




Сүтқоректілердің приондары

Скрепи агенттері







Саңырауқұлақтар-дың приондары

[URE 3]

Ескерту: он - бір жіпшелі (однонитевые), дн – екі жіпшелі (двухнитевые)

2.5.3. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы

Құрылымдық сипаты бойынша вирустардың едәуір айырмашылығы бар екі түрін ажыратады: жасушадан тыс орналасқанын - вирион, жасушаішілігін - вирус деп атайды. Вирустардың мөлшері 25нм-ден 350-400 нм-ге дейін болады (нанометр - 1нм = 10-9 метр). Мөлшерін және массасын жанама әдістермен - ультрацентрифугалау, ультрасүзу және микрофотографиялау тәсілдерімен анықтайды. Ірі вириондарды сәулелі микроскопта көруге болады (шешек ауруы кезіндегі Пашен денешіктері).

Вирустардың морфологиясы жақсы зерттелген және олар жіктеу (классификациялау) кезінде ескеріледі. Вирионның негізгі компоненті-ақуыздық қабаты (капсид), оның ішінде нуклеин қышқылы болады. Капсидпен қоршалған нуклеин қышқылын нуклеокапсид дейді.

Капсидтер ақуыздық суббірліктерден (капсомерлерден) құрылған. Әрбір капсомер - ақуыздардың бір немесе бірнеше түрлерінен тұратын тиісті молекулалық салмағы (массасы) бар ақуыз молекуласы. Мысалы: темекі теңбілі (мозаика) вирусының 2130 біркелкі капсомерлері бар. Капсид жүрекшені (core) қоршап тұрады. Көптеген вирустарда нуклеин қышқылдарынан басқа арнайы ферменттері болады. Ақуыздар мен ферменттердің құрамы әртүрлі болуы мүмкін: ұшық вирусында-32 ақуыз, шешек вирусында-12 фермент, құрамында 1-2 ферменттері бар вирустар кездеседі. Ферменттер вирустардың репродукциялануы кезінде маңызды рөл атқарады.

Вириондарды құрамы бойынша бірнеше симметриялық типтерге бөледі:

● симметрияның спиральдық типі (рабдовирустар, грипп және парагрипп вирустары, коронавирустар);

● квазисфералық- куб типтес немесе икосаэдральды тип;

● аралас симметриялық тип (Т-жұпты бактериофагтар-басы көпқырлы, ал құйрықшасы спираль тәріздес).

Симметриялық типі тек қана нуклеокапсидпен байланысты, суперкапсид бұл кезде есепке алынбайды. Мысалы, грипп вирусы сыртынан қарағанда сфера пішіндес, ал нуклеокапсидінің симметриясы спираль типтес. Көптеген вирустардың суперкапсиді (пеплос) болады - олар күрделі құрылымды вирустардың сыртқы қосымша қабаты. Суперкапсидтің құрылымдық элементтері - тікенекшелер немесе пепломерлер. Грипп вирусында олардың 2 типі бар: гемагглютинин және нейраминидаза; парагрипп вирусында екі комплекс-гемагглютининмен бірге нейраминидаза және қосылу ақуызы деп аталатын компонент; АИВ-да - гликопротеид (gр 120).Адамдар үшін патогенді вирустардың көпшілігі – күрделі құрылымдылар. Егер вирустың суперкапсиді болмаса - қарапайым құрылымды вирустар деп аталады. (8,9,10 - сурет).


Күрделі құрылымды вирустардың көпшілігінде суперкапсид - ол ие жасушасының өзгерісіне ұшыраған (модифицирленген) ЦПМ-ы. (7,11,12 - сурет). Модификация ЦПМ учаскесіне вирус тікенекшелерінің тіркелуі нәтижесінде іске асады. Бұл заңдылыққа поксвирустарының (шешек вирустары ж.т.б.) суперкапсиді жатпайды, олардың суперкапсиді вирусспецификалық, яғни суперкапсид синтездеуге жауапты меншікті гендері бар. Егер де бір вирусты әртүрлі жасушаларда дақылдандырса, биохимиялық құрамы бойынша айырмашылығы бар суперкапсид пайда болады. Тікенекшелер (шипы) сезімтал жасушалардың беткейлеріне жабыстырғыш ақуыз рөлін атқарады. Егер оларды майеріткіштермен немесе детергенттермен кетірсе, вирустың инфекциялық белсенділігі толық жойылады.

Вирустардың биохимиясы да толық зерттелген. Вирион құрамына кіретіндері: ақуыздар-70-80%; нуклеин қышқылдары-4-6% (РНҚ), 20-30% (ДНҚ-ы вирустарда); липидтер және көмірсулар шамалы мөлшерде болады.

Вирустық ақуыздар -полипептидтер, олар кәдімгі солайналымды (левовращающих) амин қышқылдары, тек қана реттілігі бойынша айырмашылығы бар. Қалыпты ақуыздарға қарағанда вирустық ақуыздардың протеазаның әсеріне сезімталдығы өзгерген. Вирустардың ақуыздары әртүрлі факторлардың (нуклеазаның, ультракүлгін сәуленің, иондаушы сәулеленудің т.б.) әсеріне қарсы қорғаныс функциясын атқарады. Вирус ақуыздарының жоғары (бірақ абсолютті емес) төзімділігі бар, өйткені репродукциялануы кезінде вирусқа «шешіну» қажет (геномның босануы). Бұл кезде ақуыздардың протеазаларға сезімталдығы өзгереді. Сезімтал жасушаға вирус енгеннен кейін ақуызы өзгереді және протеазалардың әсерінен жылдам гидролизденеді.

Вирустың ақуыздары құрылымдық (структурные) және құрылымдық емес (неструктурные) деп бөлінеді. Құрылымдық ақуыздар суперкапсид және капсид ақуыздарын түзеді. Құрылымдық емес ақуыздар вирус бөлшектерінің құрамына енбейді, жұқтырылған жасушада вирустың репродукциялануы кезінде табылады. Олар реттеушілік функциясын атқаратын ферменттер (реттеуші ақуыздар және ферменттер), және де вирустық құрылымдық ақуыздардың ізашары (предшественник) болуы мүмкін. Адамдарға қарағанда вирус ақуыздарының аминқышқылдық реттілігі (последовательность) басқаша, сондықтан оларды жасуша ішінде анықтауға болады. Вирустық ақуыздардың синтезделуі жасушалар рибосомасында жалпы заңдылықтарға сәйкес жүреді және иРНҚ-мен реттеледі, ол вирустық нуклеин қышқылының матрицасында пайда болады. Вирус ақуыздарының атқаратын функциялары:
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/114774