Материал: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Жиынтық бағалау шеңберінде электронды және /немесе қағаз журналында БЖБ, ТЖБ балдарын қойғаннан кейін, мұғалім білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың басқа заңды өкілдеріне, қағаз немесе электронды форматта кеңейтілген түсініктеме беруі керек. Формативті бағалау аясында кері байланыс, мұғалімнің жазбаша (дәптерде немесе электронды/қағаз күнделіктерінде) немесе ауызша ұсыныстары арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім білім алушылар санын, кері байланыс беру нысаны мен жиілігін өз бетінше анықтайды. Кері байланысты тек мұғалім ғана емес, оқушылардың өздері де, өзін-өзібағалау, өзара бағалау түрінде бере алады. Сабақта білім алушылардың өзіндік үлгеріміне талдау жасау, қателердің себебін табу және оларды жою жолдарын қарастыру үшін рефлексияны ұйымдастыру ұсынылады. Осы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру үшін, мұғалім тақырыпты меңгерудің басында білім алушыларды жұмысты бағалау критерийлерімен таныстыруы қажет. Өзін-өзі және өзара бағалауды ұйымдастыру стратегияларының мысалдары:

  1. с ауалнама (мұғалім өтілген материал негізінде дағдылар тізімін жасайды, ал білім алушы өз дағдыларын бағалайды: + орындаймын; дұрыс орындай алмаймын /әрдайым қолымнан келе бермейді/ ішінара орындаймын? Сенімсізбін, өзімді «білмеймін» деп бағалаймын.

  2. «екі жұлдыз және бір тілек» (білім алушылар екі жақты жұмыстың оң нәтижесін анықтай отыра, бір-бірінің жұмысына баға береді және толықтады);
Бір минуттық эссе (оқушы шағын эссе жаза отырып, («мен бүгін не үйрендім?», «қандай сұраққа толық жауап бере алмадым?» т.б);

  1. Үш минуттық үзіліс (білім алушы үш минуттық рефлекс үзілісін пайланады: «бүгін мен өз жұмысыма…, себебі…», «мен үшін тапсырмалар туғузды…, себебі…», «маған бәрінен бұрын…», «мен көп ақпарат білдім…», «мені таңқалдырды...») т.б.
Сыртқы бағалау2022 жылдан бастап, республика мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі (ОБЖБ) жүргізілуде. ОБЖБ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады. ОБЖБ – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз 4-ші және 9-сынып білім алушылары арасында, Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім беру сапасының жүйелі мониторингі.
Мониторинг компьютерлік форматта жүргізіледі және сауаттылықтың үш бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтиды: оқу, математика және жаратылыстану. Тест тапсырмаларының жалпы саны 4-сыныпта 30, 9-сыныпта-75. ОБЖБ-2022 қорытындысы бойынша төртінші сынып білім алушыларының орташа балы 30-дан 20,9 балды немесе тапсырмалардың нәтижелі көрсеткіші 70%-ын құрады. Тоғызыншы сынып оқушыларының нәтижесі 75-тен 47,32 балл немесе 63%. Тестілеудің әрбір бағыты бойынша, тапсырмалардың деңгейі неғұрлым күрделі болса, оқушылардың орындау деңгейінің көрсеткіші соғұрлым төмен болды. Оқу сауаттылығы. 2022 жылы тестілеудің үш бағытының ішінде 4-ші және 9-сынып білім алушылары – 70-72% көрсеткішімен, оқу сауаттылығы бойынша ең табысты нәтиже көрсетті. Тестке қатысушылар жауапқа арналған ақпарат мәтінде анық түрде (кілт сөздер, кеңестер) қамтылған тапсырмаларды орындаудың жоғары пайызын көрсетті. Сонымен бірге білім алушылар, мәтін мазмұны мен оның элементтерін терең түсінуді және түсіндіруді талап ететін тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болады. Математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық бойынша, қиындық тудыратын: математикалық модельдеу, жиындар, геометрия, статистика тапсырмалары болып отыр. Бастауыш сыныптарда қиындық тудырған тақырыптар, орта мектеп деңгейінде де қиындық туғызады. «Батыс» бөлімдері PISA халықаралық зерттеуінде кеңінен ұсынылған. Бұл бөлімдер бойынша оқушылардың білім сапасының сабақтастығы, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді және MODO нәтижелеріне де, халықаралық зерттеулерге де оң әсер етеді. Жаратылыстану сауатылығы. Төртінші сынып оқушылары «Заттың түрлері. Ауа. Су» тақырыптары бойынша тапсырма орындауда қиналады, бұл биология, химия, физика, география пәндерін меңгерудің негізгі болып табылады. Тоғызыншы сынып оқушылары арасында да, «Жылу физикасы. Термодинамика негіздері», «Электр және магнетизм. Электостапика негіздері», «Механика. Тербелістер және толқындар» (Физика), «Химиялық тепе-теңдік» (Химия), «Тамақтану» (Биология), «Физикалық география. Атмосфера» және «Картография және географиялық мәліметтер базасы» (география) пәндері бойынша нәтиже төменгі көрсеткішке ие. Аралық және қорытынды аттестаттау Оқу жылының қорытындысы бойынша, қазақ тілінде оқитын мектептердегі, «Қазақ тілі» және қазақ тілінде оқымайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін қоспағанда, 5–8 және 10-сыныптарда (2023 жылдан бастап) аралық аттестаттау өткізілмейді.
Қазақ тілінен емтихан Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту - Қазақстан дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Еліміздің стратегиялық құжаттарында: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында, тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін дамытудың маңыздылығы баяндалған. Осы бағытта орта білім деңгейінде 2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі. Қазақ тілінен емтихан.[4]. Емтихан қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың бағдарламаның мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны болып табылады (5-8 және 10-сыныптарда). Өткізілу мерзімі:

  • Қазақ тілі емтиханы оқу жылының соңында негізгі орта (5–8-сыныптар) және жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде өткізіледі.
-Емтиханның нақты күні мен уақытын әр мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді. Формат:

  • Мұғалімдер емтиханды МЖМБС-ға сәйкес жазбаша және ауызша түрде өткізеді.

  • Емтихан форматы сөйлеу әрекетінің төрт түрін бағалауды көздейді: тыңдалым (тыңдау), айтылым, жазылым және оқылым.

  • Мұғалімдер академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, емтихан тапсырмаларын өз бетінше әзірлейді.
Бағалау:

  • «Қазақ тілі» мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан нәтижесі бойынша қойылады, (5 балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (5 балдық шкала бойынша) 30%-дан 70%-ға дейін пайызбен.
Қорытынды баға, дөңгелектеніп ең жақын бүтінмен санмен қойылады. Қорытынды аттестация Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау, 9 (10) және 11 (12)-сыныптарды қорытынды аттестаттау, үлгерімнің ағымдағы мониторингін жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы орта білім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы). Қорытынды аттестаттау мына үлгіде жүзеге асырылады:

  1. 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар;

  2. 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік емтихандары.
11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау ауызша, қалған пәндер бойынша жазбаша түрде өткізіледі.

Жалпы және орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестатын алу

№39 бұйрыққа сәйкес, жалпы және орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты мен «Алтын белгі» төсбелгісі, 11/12/-сынып білім алушыларына төмендегі талаптарға сай беріледі:

  1. негізгі орта білімі туралы үздік аттестат алған;

  2. қорытынды аттестаттау кезінде, «5» бағамен аяқтаған;

  3. жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларына, дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламаларына сәйкес, барлық пәндер бойынша 10 (11)сыныптан, 11(12)-сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде тоқсандық, жылдық және қорытынды бағалары «5» болған жағдайда.
2023-2024 оқу жылында оқушыларға қолайлы жағдайлар жасау үшін, 20232024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығындағы қажеттілік бойынша тарауды алып тастады, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер үшін «НЗМ» ДББҰ филиалдары базасында «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша қорытынды аттестаттау. и[1]https://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005191_

  1. Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» от 02.09.2019 г.
https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaevanarodu-kazahstana

  1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1045. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001045

  2. Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 13 апреля 2023 года № 96.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032306#z13 Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2023-2024 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

Суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама



Қожа Ахмет

Яссауидің туғанына

930 жыл

1223-1277 жылдары билік құрған, Египетте мамлюк мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ұлы



Сұлтан

Бейбарыстың туғанына

800 жыл

Ұлы жүздің биі



Төле бидің туғанына

360 жыл

XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақ жырауы, мемлекет қайраткері



Бұқар жыраудың туғанына

330 жыл

Қазақтың батыры, көрнекті ақыны

Махамбет

Өтемісұлының

туғанына



220 жыл

Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор

Шәкәрім

Құдайбердіұлының

туғанына



165 жыл

Алаш жұртының әйгілі перзенті, көрнекті Мәшһүр - Жүсіп қазақ ақындарының бірі, фольклоршы, Көпеевтің туғанына ғұлама ғалым



165 жыл

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Спандияр Көбеевтің Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі туғанына



145 жыл

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Жүсіпбек

публицист, қазақ әдебиетін Аймауытовтың қалыптастырушылардың бірі туғанына



135 жыл

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, Мағжан қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Жұмабаевтың

туғанына

130 жыл

Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақын-жазушысы, ақылойшысы,

130 жыл


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың


демократ ақыны



туғанына

Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері



Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл

туғанына



Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы,

Ұлы Отан соғы-сының ержүрек батыры



Қасым Қайсеновтің туғанына

105 жыл

Қазақ жазушысы, редакторы. Ұлы Отан

соғысының қатысушысы



Кемел Тоқаевтың туғанына

100 жыл

Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, жазушы



Ғафу Қайырбековтің туғанына

95 жыл

Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі



Мұрат Әуезовтің туғанына

80 жыл

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық

Жазушы Оралхан

80 жыл

жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Бөкейдің туғанына


Абай Күні


Жыл сайын 10 тамызда Қазақстанда Ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы, жазбаша қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай күні атап өтіледі. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күні (1845 жылғы 10 тамыз) «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысына сәйкес ресми түрде Қазақстанда мереке күні болып атап өтіледі.

МАЗМҰНЫ

І 2023-2024 оқу жылының НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5

1.1 Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

жөніндегі нормативтік құқықтық актілер 6

1.2 Үлгілік оқу жоспарының ерекшеліктері 10

1.3 Қазіргі білім берудегі тенденциялар 12

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл 12

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл 12

Тұлғаға бағытталған тәсіл 12

STEM/ ЅТЕАМ технологияларын қолдану 13

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру 13

PIRLS-2021 14

TIMSS 14

PISA-2025 15

ICILS-2018 16

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту 16 Инклюзивті білім беру ортасын құру 16

1.4 Тәрбие жұмысының ерекшеліктері 17 Білім күнінде өткізілетін шаралар 19

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы 21

1.5 Мектеп кітапханаларының жұмысын күшейту 21

ІІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 23

2.1 Оқытудағы сабақтастық 23

2.2 Білім беру салалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру 26

Тіл және әдебиет 26

Математика және информатика 34

Жаратылыстану 37

Адам және қоғам 45

Технология және өнер 52

Дене шынықтыру 55

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық 61

2.3 Элективті курстардың тақырыптары 62

2.4 Білім беру жүйесінде цифрлық оқулықтарды пайдалану 65

Цифрлық кітапхана 66

2.5 Оқулықтардағы ескертулер бойынша әдістемелік ұсыныстар 67

2.6 Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс 68

2.7 Сабақты жоспарлау 70

2.8 Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру 72

2.9 Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет 75

2.10 Педагогтің кәсіби дамуы 75

Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау

және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу 78

2.11 Ауылдық және шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын

арттыру 78

2.12 Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 80

2.13 Кәсіптік бағдар беру жұмысы 81

2.14 Жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім

берудің ерекшеліктері 82

2.15 Арнайы мектептерде/сыныптарда ерекше білім беру қажеттіліктері

бар білім алушыларды оқыту 86

III БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 93

3.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 93

3.2 Формативті бағалау 93

3.3 Жиынтық бағалау 96

АТАУЛЫ КҮНДЕР 108


Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/154897