Қазақстан балалары хал-ахуалының негізі ретінде позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту мақсатында 2023-2024 оқу жылында Алматы қаласы мен Алматы облысының пилоттық білім беру ұйымдарында «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы апробациядан өтеді. Жоба білім беру ұйымдарында келесі бағыттарда іске асырылатын болады:
-
Спикерлер ретінде бала тәрбиесінде табысты тәжірибесі бар аға ұрпақ өкілдерін тарта отырып «Даналық мектебін» құру.
-
«Әлеуметтік хал-ахуал», «Эмоционалдық хал-ахуал», «Когнитивтік хал-ахуал», «Физикалық хал-ахуал» сияқты модульдер бойынша атааналар үшін курстар ұйымдастыру.
-
Ата-аналардың қажеттіліктері деңгейін анықтау бойынша диагностикалауды жүргізу және Ата-аналарға арналған академия қызметінің нәтижелерін мониторингілеу.
-
Ата-аналарға арналған академияға ақпараттық қолдау көрсету, оның қызметін БАҚ, әлеуметтік желілерде жарыққа шығару.
-
Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: ата-аналар форумы, конференциялары, марафоны және т.б.
-
Позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестіктер күштерін біріктіру.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына қажетті әдістемелік ұсынымдармен https://uba.edu.kz/ruсайтында танысуға болады 1.5
| МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде: Білім саласындағы өзгерістер және министрлік қызметінің нәтижелері туралы (2021 жылғы 15 наурыз), «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қызметін күшейту, олардың мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет қорын айтарлықтай жаңарту, кітапханашылардың еңбекақысын арттыру міндеті жарияланды.
https://primeminister.kz/ru/news/rasshirennaya-kollegiya-mon-rk-ob-izmeneniyah-v-sfere-obrazovaniya-i-itogah-deyatelnosti-ministerstva-1625649Мектеп кітапханаларының қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13070 болып тіркелді) бұйрығымен реттеледі («Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»).
Мектеп кітапханаларының қызметіндегі негізгі міндеттер:
-
мектептің ақпараттық, білім беру мен мәдени орталығы және педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде мектеп кітапханаларының рөлін арттыру: ақпараттың барлық түрлеріне оқушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету; ақпаратты өз бетінше таба алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында білім алушыларға ақпарат көздерін (каталогтар мен файлдық шкафтар, библиографиялық көрсеткіштер және басқа да іздеу құралдарын) пайдалану бойынша сабақтар өткізу;
-
мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің тікелей байланысын нығайту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруда мұғалімдермен бірлескен жұмысты жандандыру: оқу іс-әрекетін қолдау және оның мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мұғалімдерге сабаққа дайындық материалдарын таңдауда көмек көрсету;
-
мектеп кітапханаларын цифрландыру: кітапхана оқырмандарының сұранысын қанағаттандыратын цифрлық ресурс – мектеп кітапханасының вебсайтын құру; электронды оқулықтар қорын құру және толықтыру; ҚР ОАМ РҒПК цифрлық кітапханасы негізінде электрондық кітапханалар құру;
-
кітап және кітап оқуды насихаттау үшін мектеп кітапханашыларының әртүрлі құралдар мен әдістемелерді пайдалануын арттыру; кітапхана қызметінің дәстүрлі (кітап көрмелерін безендіру, поэзия кеші, көркем әдебиет конкурсы т.б. ұйымдастыру) жұмыстарына заманауи жұмыс түрлерін (әдеби марафондар, квесттер, буккроссингтер, челлендждер, буктрейлерлер және т.б.) қоса пайдалану;
-
сабақтан тыс қызмет кеңістігін аймақтарға бөлу және ресімдеу (білім беру сапасын арттыру ресурстарының бірі болып табылатын қазіргі заманғы оқу кеңістігі – коворкинг-орталықтар құру);
-
мектеп кітапханаларының тиімділігін арттыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды енгізу (компьютерлермен, Интернетке байланысты қамтамасыз ету): кітапханалық-ақпараттық қызметтің негізгі процестерінде компьютерлік технологияларды пайдалану;
-
мектеп кітапханашыларының кітаптарды талқылау, оқырмандардың пікірлерін жариялау, өткізілген іс-шаралар туралы және т. б. ақпараттармен бөлісіп отыруы үшін әлеуметтік желілерді пайдалануы
ІІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
| МЕН
| ТӘРБИЕЛЕУДІ
| ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
|
2.1
| БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ
|
Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне ауысқан кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Бұл сабақтастық бір деңгейден екінші деңгейге тұрақты, үдемелі өтуді қамтамасыз ететін тиімді құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі онда сабақтасу байланыстарын ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта білім деңгейлері бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру тәсілдері, жеке жас ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері негізінде әрбір баланың дамуы қарастырылады. «Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп - негізгі мектеп – орта мектеп» деңгейлеріндегі бір деңгейден келесісіне өту кезінде оқушы өзі үшін маңызды сәттерді басынан өткізеді. Білім алушы үшін өтпелі уақыт оқу іс-әрекетіне, оқыту мен тәрбиелеу әдіснамасына, сонымен қатар, құрдастарымен және мұғалімдермен жаңа қарым-қатынасқа, жаңа талаптарға көшу кезіндегі маңызды кезең болып саналады.
«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық білім беру үрдісінің әдіснамасы мен мазмұнының үздіксіздігі мен бірлігі, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығына мүмкіндік беретін білім алушылардың білімі мен дағдыларын кезең-кезеңімен арттыру болып табылады. Бастауыш мектеп баланың одан әрі жан-жақты дамуы үшін мектепке дейінгі білім беру нәтижелеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің тығыз ынтымақтастығы қажет, оның міндеттері балалардың мектепке деген қызығушылығын дамыту, олардың тиісті мектепалды даярлығы, балабақшадан мектепке көшудің табиғилығын қамтамасыз ету, мектепалды даярлық мәселелерінде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы болып табылады.
Аталған міндеттерді іске асыру үшін жазғы уақытта білім беру ұйымдары жанындағы балабақшалар мен мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін 2 аптадан 1 айға дейін мектепалды даярлық курстары өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары «Денсаулық», «Пікір», «Таным», «Шығармашылық», «Қоғам» сияқты білім беру салаларын кіріктірілуі көзделген курстардың мазмұнына негізделеді. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сатыларының сабақтастығын іске асыру жөніндегі жұмыс түрлері:
-
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп педагогтерінің бірлескен семинарлары мен педагогикалық кеңестері.
-
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын педагогтердің, ата-аналардың бірлескен іс-шаралары (мерекелер, экскурсиялар, спорттық жарыстар, балабақшалардағы «Түлектер күні»);
-
Мұғалімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық тренингтер.
-
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің психологтарының, медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдары.
-
Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау.
-
Мектепке дейінгі ұйымдардың түлектерінен 1-сыныпқа жасақтауда жасалатын жұмысты мектеппен бірлесіп атқару.
«Бастауыш мектеп-негізгі мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
5-сыныпта білім алушыларының бейімделу кезеңі оқу материалының күрделенуімен, пәндік оқытумен, мұғалімдер құрамының өзгеруімен, білім алушылардың оқу қызметіне қойылатын талаптардың артуымен байланысты. Мұның бәрі бесінші сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайына әсер етеді, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетеді, сонымен бірге олардың алаңдаушылығын арттырады, мінез-құлқының өзгеруіне әсер етіп, құрдастарымен қарым-қатынасты бұзуы мүмкін. Оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру орта және бастауыш деңгейдегі педагогтер арасында, әдістемелік өзара іс-қимылды жолға қоюды көздейді.
Жұмыстың негізгі бағыттары: -
ұйымдастыру жұмыстары: педагогикалық кеңестер, педконсилиумдар, «дөңгелек үстелдер», әдістемелік бірлестіктер кеңестерін өткізу, 4 және 5-сынып педагогтерінің, болашақ бесінші сыныптардың сынып жетекшілерінің сабақтарға өзара қатысуы, болашақ бесінші сынып мұғалімдерінің қатысуымен ата-аналар жиналыстары, әртүрлі тақырыптық көрмелер;
-
балалармен жұмыс: ата-аналардың қатысуымен 4 және 5-сынып оқушыларының бірлескен іс-шаралары (спорттық жарыстар, мерекелер, экскурсиялар, конкурстар және т. б.);
-
үй тапсырмасын оңтайландырып, оған шығармашылық, өзгермелі сипат беру;
-
бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін, біліктілігі мен дағдыларын педагогикалық диагностикалау;
-
психологиялық диагностика: білім алушылардың орта буында оқуға дайындық деңгейін анықтау;
-
педагогтермен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен
консультативтік жұмыс;
-
реттеу және дамыту жұмысы.
Білім алушыларды тиімді бейімдеу үшін келесі іс-шаралар атқарылуы керек:
-
Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін назарға алу, олардың дамуының жеке траекторияларын әзірлеу және іске асыру, білім алушылардың нәтижелеріне мониторинг жасау және оны реттеу жұмыстары.
-
Оқыту кезіндегі іс-әрекеттілік пен кіріктірілген оқыту тәсілдерін, оқу-тәрбие процесінің практикалық бағыттылығын, оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану негізінде оқытуды іске асыру.
«Негізгі мектеп-орта мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
Жалпы білім берудің үшінші кезеңінің ерекшелігі бейіндік оқытуға көшу болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейінде жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау қажет. Сабақтастық оқу бағдарламасының мазмұнын құрайтын білім мен дағдыларды нығайту, тереңдету және кеңейту арқылы жүргізіледі. Сабақтастық мәселесін шешудің негізгі міндеттері:
-
білім алушының орта мектеп жағдайына сәтті бейімделуі;
-
негізгі және орта мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісін жақындастыру;
-
білім алушылардың білім беру нәтижелерін бағалаудың тәуелсіз нысандарына, оның ішінде ҰБТ-ға дайындығы;
-
өзін-өзі тану және айналасына қамқорлықпен қарап нәтижелі кері байланыс жағдайын жасау;
-
білім алушылардың денсаулығын сақтау жағдайлары.
Оныншы сынып оқушысына «жоғары сынып оқушысы» екенін сезінуіне, оқудың мәні мен мағынасын анықтауына көмектесу маңызды. Негізгі және орта білім беру арасындағы оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету бағыттары:
-
Профильге сәйкес білім беру бағдарламаларын таңдау арқылы оқыту сабақтастығын жүзеге асыру.
-
Пән мұғалімдерін 9-10 сыныптарда барынша ауыстырмауға тырысу.
-
Білім беру нәтижелерінің мониторингі.
-
Негізгі мектепте оқытуды қолдайтын, орта мектепте саналы түрде оқуға және ҰБТ тапсыруға дайындықты қалыптастыратын пәндер бойынша элективті сабақтар ұйымдастыру.
-
Пәндер (үйірмелер, факультативтер) мен жеке сабақтар бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
-
Пәндер бойынша бірыңғай жалпы мектептік онкүндіктерді өткізу.
-
Ата-аналармен жұмыс: жеке кеңес беру, ашық есік күні, мектеп сайты, қамқоршылық кеңестер.
Бейімделу процесін жүзеге асыру жолдары:
-
білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
-
10-сыныпқа келген 9-сынып оқушыларының пәндері бойынша және 10сыныптың бүкіл оқу жылында білім сапасын мониторингілеу, анықталған олқылықтардың орнын толтыру;
-
бейімделу қиындықтарын анықтау және талдау, реттеу жолдарын әзірлеу;
-
оқу процесіне барлық қатысушылардың: мұғалімдердің, ата-аналардың, білім алушылардың қатысуымен сабақтастықты іске асыру шеңберіндегі міндеттерді шешу;
-
негізгі мектепте (9-сыныптар) және орта мектепте (10-сыныптар) оқытудың мазмұны мен әдістерінде сабақтастық байланыстарды іске асыру; кері байланыс мүмкіндіктерін жасау.