| Құрамына қарай | Тұлғасына қарай | ||
| Дара үстеу | Күрделі үстеу | Негізгі үстеу | Туынды үстеу |
| Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. | Кемінде екі түбірден тұрады. | Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер. | Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаула-рының көнеленуі арқылы жасалған үстеу. |
| кеше, былтыр | бүгін, қыс бойы | ең, ертең, бұрын | бірге, зорға, балаша |
| түр | ереже | сұрақ | мысал |
| Мекен | Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. | қайда? қалай қарай? қайдан? | ілгері, осында, бері т.б. |
| Мезгіл | Қимылдың мезгілін білдіреді. | қашан? қашаннан бері? | бүгін, таңертең, түнде, т.б. |
| Себеп-салдар | Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. | неге? не себепті? неліктен? | амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т.б. |
| Қимыл-сын | Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. | қалай? қайтіп? қалайша? | емін-еркін, әрең т.б. |
| Мөлшер | Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. | қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? | неғұрлым, әжептәуір, біршама соншалық, |
| Күшейт-кіш | Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді. | қалай? қандай? | ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең, орасан т.б. |
| Мақсат | Қимылдың болу мақсатын білдіреді. | қалай? не мақсатпен? | әдейі, қасақана, жорта т.б. |
| -ша, -ше | -лай, -лей, -дай -дей -тай -тей | -дайын -дейін -тайын -тейін | -ншама, -ншалық | -майынша -мейінше -байынша -бейінше -пайынша -пейінше |
| бұлбұлша, сәбише, көзінше | осылай, шикілей, қыстай | тотыдайын, жорғадайын | осыншама, соншалық, осыншалық | алмайынша, жемейінше |
| Барыс септігі | Жатыс септігі | Шығыс септігі | Көмектес септігі |
| бірге, босқа, зорға, текке | баяғыда, аңдаусызда | шалқасынан, шетінен | кезекпен, ретімен |
| бірігуі және кірігуі арқылы: | қосарлану мен қайталануы арқылы: | тіркесуі арқылы: |
| Жаздыгүні, (жаздың + күні), таңертең (таң+ертең), | Жоғары-төмен, әрең-әрең, бет-бетімен, қолды-қолына. | Күні бүгін, ала жаздай, таң сәріде, кешке дейін, |
| | Ереже | Мысалдар |
| Баста-уыш | Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш болады. | Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні. |
| Баян-дауыш | Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады. | Мен сенімен біргемін. Талапты бала -талпынған құстай. |
| Толық-тауыш | Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады. | Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамдан-ған алысқа бармайды. |
| Пысық-тауыш | Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады. | Кеше қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. |
| Анық-тауыш | Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады. | Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжы-рымдар.Сонша алтынды қайдан алады? |
| Құрамына қарай : | Тұлғасына қарай: | ||
| Дара е.с. | Күрделі е.с. | Негізгі е.с. | Туынды е.с. |
| Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұратын төл еліктеу сөз. | Екі сөздің қосарлануы-нан жасалған еліктеу сөз. | Бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз. | Жұрнақ жалғануы арқылы жасалған. Жұрнағы: -аң, -ең, ың, -ің, -ң |
| тарс, күмп, жымың т.б. | тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б. | морт, күрс, селк т.б. | қиса-ң, елп-ең, ырж-ың-ырж-ың т.б. |
| 1. Еліктеуіш | 2. Бейнелеуіш |
| Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөздер. | Көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер. |
| дыбысқа негізделеді | көрініске негізделеді |
| тарс, сарт-сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т.б. | маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т.б. |
| | Ереже | Мысалдар |
| Бастауыш | Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады. | Тарс-тұрс еткендер жақындаған-дай болды. Жарқ-жұрқ еткен су екен. |
| Баян-дауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады. | Торғайдың үні шыр-шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып, ыс-ыс етеді. |
| Толық-тауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады | Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді. Қорс-қорс еткеніңді тый. |
| Пысық-тауыш | Еліктеу сөз етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады. | Ала мысық әрі-бері зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады. |
| Анық-тауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды. | Сол кезде тура алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді. |
| септік | шылау | мысал |
| Атау септігіне қатысты | туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б. | Отан үшін отқа түс – күймейсің. |
| Барыс септігіне қатысты | дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б. | Түске дейін жүзге жуық хат жібердік. |
| Шығыс септігіне қатысты | кейін, соң, әрі, гөрі, бері | Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым. |
| Көмектес септігіне қатысты | бірге, қабат, қатар | Мен әкеммен бірге жұмыс істедім. |
| түрі | шылауы | мысал |
| Ыңғайластық жалғаулық | мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те | Қыста және көктемде күн суық болады. |
| Қарсылықты жалғаулық | бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен т.б. | Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады. |
| Себеп-салдар жалғаулық | өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б. | Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды. |
| Талғаулықты жалғаулық | не, немесе, я, я (не) болмаса, яки, әлде т.б. | Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің. |
| Кезектес жалғаулық | кейде, бірде, біресе. | Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді. |
| Шартты жалғаулық | егер, егер, де. | Егер ол келмесе, жоспар өзгереді. |