| 1 | -а, -е, -й | бар-а-ды, кел-е-ді |
| 2 | -ып, -іп, -п | шығ-ып,ез-іп |
| 3 | -ғалы, -гелі, -қалы, -келі | ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы |
| | Жекеше түрі | Көпше түрі | ||
| І | бара-мын | келе-мін | бара-мыз | келе-мін |
| ІІ | бара-сың бара-сыз | келе-сің келе-сіз | бара-сыңдар бара-сыздар | келе-сіңдер келе-сіздер |
| ІІІ | бара-ды | келе-ді | бара-ды | келе-ді |
| Пысықтауыш | Баяндауыш |
| Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады. | Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады. |
| Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. | Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды. Түнде жаңбыр жауыпты. |
| түрі | ереже | жұрнақ | мысал |
| Өздік етіс | Іс-қимылды адам өзі істейді. | -ын, -ін, -н | жу-ын-ды, ки-ін-ді, тара-н-ды, Ол тез киінді. |
| Өзгелік етіс | Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады. | 1. -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір: 2. -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: 3. -т: 4. -сет | 1)жаз-дыр,ас-ыр 2)айт-қыз, бар-ғыз 3)жаса-т,оқы-т ал-дыр, айт-қыз, 4) көр-сет. |
| Ырықсыз етіс | Іс-қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді. | 1. -ыл, -іл, -л: 2. -ын, -ін, -н (етістіктің түбірінде "л" әрпі болса): | 1)аудар-ыл-ды 2) ал-ын-ды шөп шаб-ыл-ды, киім іл-ін-ді, өлең айт-ыл-ды. |
| Ортақ етіс | Адам іс-қимылды біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді. | -ыс, - іс, -с | жаз-ыс-ты, бөл-іс-ті. оқы-с-ты. жер қазыс-ты, телефон арқылы сөйле-с-ті. |
| 1. Нақ осы шақ | 2 . Ауыспалы осы шақ | ||
| Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар: | Күнделікті болып жатқан іс-қимыл-ды білдіреді. | ||
| 1. Жалаң нақ осы шақ: "жатыр, отыр, жүр, тұр" қалып етістік-терінің жіктелуі арқылы жасалады. | 2. Күрделі нақ осы шақ: (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) (қалып етіст.) + ж.ж | Етістік + (-а, -е, -й) + жіктік жалғауы | |
| жатырмын, жүрміз, отырсың, тұрсыз. | бар-а жатырмын, кел-іп отырсың. | Күнде сабаққа бар-а-мын. | |
| Жедел ө. ш. | Бұрынғы ө. ш. | Ауыспалы ө. ш. |
| Іс-қимылдың жуық арада болға нын білдіреді. | Іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді. | Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. |
| етістік + (-ды, -ді, -ты, -ті) + жіктік жалғауы | етістік + (-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п) + жіктік жалғауы | етістік +(-атын, -етін, -йтын, -йтін) + жіктік жалғауы |
| Кеше сабаққа бар-ды-м. | Кеше сабаққа бар-ған-мын(бар-ып-пын). | Күнде сабаққа бар-атын-мын. |
| Болжалды к. ш. | Мақсатты к. ш. | Ауыспалы К. ш. |
| Іс-қимылдың келешекте болаты-нын дәл көрсет-пей, болжай ғана білдіреді. | Іс-қимылдың келекшекте мақсат етіле орындалаты-нын білдіреді. | Алдағы уақытта болатын іс-қимыл-ды білдіреді. |
| етістік + (-ар, -ер, -р) + жіктік жалғауы-ма (-с) | етістік + (-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) + (-шы, -ші)+ ж.ж. | етістік + (-а, -е, -й) + жіктік жалғауы |
| Ертең сабаққа барармын. Ертең мен сабаққа бармаспын | Ертең сабаққа бармақшымын. Бармақпын Айтпақпын | Ертең сабаққа барамын. |
| түр | ереже | жасалу жолы | мысал |
| Ашық рай | Іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді. | Үш шақтың жасалу жолдары арқылы. | Мен келдім (келе жатырмын, келемін, келмекшімін, келгенмін т.б.). келетінмін |
| Бұйрық рай | Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. | Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. | Мен бар-айын Сен бар Сіз бар-ыңыз Ол бар-сын Біз бар-айық Сендер бар-ыңдар Сіздер бар-ыңыздар |
| Шартты рай | Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді. | Етістік + (-са, -се) + жіктік жалғауы. | Күн ашық бол-са, тауға шығамыз. Егер сен ойна-са-ң, мен де ойнаймын. |
| Қалау рай | Қалау, тілекті білдіреді. | Етістік + (-ғы, -гі, -қы, -кі) + тәуелдік ж. / кел етістігі. | Біздің сабақ оқы-ғы-мыз келді.Сенің үйге қайт-қы-ң келе ме? |
| Негізгі етістік Туынды етістік Болымсыз етістік Етіс | -у | қара-у ойна-у алма-у оқыт-у |
| Көптеледі | Тәуелденеді | Септеледі |
| жүгірулер жарысулар тексерулер | I) айту-ым,айту-ымыз II) айту-ың, айту-ларың айтуыңыз, айтуларыңыз III) айту-ы, | Ілік: білу-дің Барыс: білу-ге Табыс: білу-ді Жатыс білу-де Шығыс: білу-ден |
| 1 | 2 | 3 |
| й+у=ю и+у=ю | қ,+у=ғу к+у=гу | п+у= бу |
| жай+у=жаю жи+у=жию | жақ+у=жағу төк+у=төгу | жап+у=жабу кеп+у=кебу |
| 4 | 5 | 6 |
| ы+у=у і+у=у | йы+у=ю йі+у=ю | у+у=уу |
| оқы+у=оқу жекі+у=жеку | байы+у=баю кейі+у=кею | жу+у=жуу қу+у=қуу |
| | Ереже | Мысалдар |
| Бастауыш | Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Ізденген жетер мұратқа. Оқу-білім бұлағы. |
| Баян-дауыш | Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады. | Мен биыл мектепті бітіремін. Мен қалаға баратынмын. |
| Толық-тауыш | Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады. | Білгенге маржан, білмеске арзан. Біз енді жарысуға кірістік. |
| Пысық-тауыш | Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп,пысық-тауыш болады. | Ол күлімсіреп қарады. Оны жеңу үшін күш керек. |
| Анық-тауыш | Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады. | Оқудың шегі жоқ. Ақыл- тозбайтын тон, білім- таусылмайтын кен. |