| түрі | шылауы | мысал |
| Сұраулық мағына беретін демеулік | ма, ме,ба, бе,па, пе, ше | Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Есенсің бе? |
| Күшейткіш мағына беретін демеулік | -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те | Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің. |
| Белгісіздік мағына беретін демеулік | -ау, -мыс, -міс, кейде | Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс. |
| Болымсыз-дық мағына беретін демеулік | түгіл, тұрсын, тұрмақ | Сен түгіл мен де бес алған емеспін. |
| Шектік мағына беретін демеулік | ғана, тек, -ақ | Ол кеше ғана келді. |
| Нақтылау мағына беретін демеулік | ғой, қой -ды, -ді, -ты, -ті | Бұл оқиға бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой. |
| 1. Көңіл-күй одағайы | 2. Жекіру, бұйыру одағайы | 3. Шақыру одағайы |
| Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз | Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөз | Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылатын сөз |
| алақай (қуану), әттең (өкіну), шіркін (таңдану) т.б. | тәйт, жә, тек т.б. | шөре-шөре, құрау-құрау, моһ-моһ т.б. |
| Сөз тіркесі | Сөйлем |
| бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады | Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады. |
| сол қол, қолына ұстаған, үлкен шортан, отырғандарға көрсетті, мақтана көрсетті, ұстаған шортанды | Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті. |
| түрі | Есімді сөз тіркесі | | Етістікті сөз тіркесі | ||
| ереже | Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. | | Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. | ||
| мысал | бағыныңқы | басыңқы | | бағыныңқы | басыңқы |
| жаңа айтуға | киім құмар | | жел соғыс | соқты аяқталды | |
| | Тұрақты тіркес | Күрделі сөз |
| ереже | Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады. | Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек. Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады. |
| мысал | қоян жүрек (қорқақ) көзді ашып-жұмғанша (тез) | келе жатыр, қара торы, он бес |
| Сөз тіркесі | 1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады. 2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары болады. 3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді. | Мысалы: қандай? не? кең бөлме оған мұрнын шүйірді он үш күн ол бара жатыр |
| Тұрақты тіркес | 1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды. 2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді. 3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады. | Мысалы: кімнің? несі? Су жүректің амалы су жүрек (қорқақ) ит өлген жер (алыс) жүрек жұтқан (батыр) |
| Күрделі сөз | 1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды. 2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді. 3. Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады. | Мысалы: қандай? кім? қара торы бала күрделі сын есім: ақ ала күрделі сан есім: он үш күрделі етістік: бара жатыр |
| анықтауыштық қатынас | 1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән. 2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады. | Мысалы: Аянның (кімнің) добы үйдің (ненің?) есігі алыс (қандай?) жер бес (қанша?) қағаз |
| толықтауыштық қатынас | 1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән. 2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады. | Мысалы: сөзге (неге?) шебер гүлді (нені?) суару терезеде (неде?) тұр сенен (кімнен?) алды көзбен (немен?) көру |
| пысықтауыштық қатынас | 1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. 2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады. | Мысалы: ауылда (қайда? ашылды биыл (қашан?) ашылды зорға (қалай?) ашылды |
| түрі | Жасалу жолдары |
| Хабарлы сөйлем | Хабарлау, мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады. Мысалы, Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады. |
| Сұраулы сөйлем | 1. Сұрау есімдіктері: (кім? не? қанша? қандай? т.б.) 2. Сұраулық шылаулар: (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше) 3. Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.) Мысалы, Сен оны танисың ба? / Сен оны танимысың? Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұнады білем, сірә? |
| Бұйрықты сөйлем | Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады. Мысалы, Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа.Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысыңды тым болмаса бір шығаршы! |
| Лепті сөйлем |
|
| 1.Жақты сөйлем | Бастауышы бар сөйлем. | Мен ауылға бардым. |
| 2.Жақсыз сөйлем | Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. | Менің оқығым келеді. |
| Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. | Ол келді. |
| Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. | Ол ерте келді. |
| Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. | Қыста ауа райы өте суық болды. |
| Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем. | -Балам, қайдан келдің? - Астанадан. Толымды түрі: -Балам, (сен) қайдан келдің? - (Мен) Астанадан (келдім). |
| Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. | Жаз. |