| Тұлғасына қарай |
| Негізгі сын есім | Түбір сын есім. | сары, таза, тәтті, терең, жұқа, кең. | |
| Туынды сын есім | Жұрнақ арқылы жасалған сын есім. | көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз. | |
| Құрамына қарай | |||
| Дара сын есім | Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі. | ақ, бойшаң, жасыл, баласыз. | |
| Күрделі сын есім | Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі. | ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза | |
| Мағынасына қарай | |||
| Сапалық сын есім | Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім. | сұр, қызылдау, биік, үлкен, көкпеңбек. | |
| Қатыстық сын есім | Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім. | бойшаң адам, өнерлі бала, аспалы шам, ашық есік. | |
| | жұрнақ | мысал |
| Есім сөздерден сын есім жасайтын |
| 1.далалы, орманды; 2. баласыз,үйсіз; 3. жазғы,ішкі; 4.балалық, жылдық 5. ұйқышыл, кекшіл; 6. сөзшең, бойшаң; 7. тастай, судай; 8. сәнқой, әуесқой; 9. тарихи, қазақы; |
| Етістіктен сын есім жасайтын |
| 1. жабысқақ, үркек; 2. ашық, ақсақ; 3. білгіш,айтқыш; 4. тапқыр, алғыр; 5. ұялшақ, сүріншек; 6. асыранды, үйінді; 7. созбалы, аспалы; 8. шыдамды; 9. сүзеген ,қабаған, 10. ілулі,асулы; 11. қызба, бөспе; 12.басыңқы, көтеріңкі; |
| | Ереже | жасалу жолдары | мысал |
| Жай шырай | Заттың жай ғана сындық белгісін білдіретін сын есім жай шырай болады. | Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады. | биік жақсы үлкен тәтті қызыл |
| Салыстырмалы шырай | Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі. | 1. -ырақ, -ірек, -рақ, -рек 2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу 3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -аң, -қай, -ғыш, -шылтым, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше, -қай | ауырырақ кішірек үлкендеу жылылау ақшыл көгілдір бозаң қоңырқай ұзынша |
| Күшейтпелі (асырмалы) шырай | Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. | 1. Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады. 2. Сын есімнің күшейткіш үстеумен (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады. | сап-сары, үп-үлкен өте жарық тым ауыр ең әдемі аса маңыз-ды |
| | Ереже | Мысалдар |
| Анық-тауыш | Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. | Қырдағы қызыл-сарыгүлдер көздің жауын алады. Саматтың жүйрік тазысы бар. Біз таудағы аспалы көпірден өттік. |
| Бастауыш | Заттанған сын есім3 атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Үлкендер төрге шықты. |
| Толық-тауыш | Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады. | Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа. Ол судың ыстық-суығына қарамады. |
| Пысық-тауыш | Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. | Ол домбырада шебер ойнады. Ол футболды керемет ойнайды. Ол әнді жақсы айтады. Ол бүгін көңілді жүр. |
| Баян-дауыш | Сын есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады. | Сен менен өткен ақылдысың. Сен одан үлкенсің. Бүгін ауа райы суық. Бөлме кең. |
| | Ереже | Мысалдар |
| Анық-тауыш | Сан есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. | Үйдегі бес-алтымалымыз жоғалып кетті. Ол үшінші бөлмеде жалғыз отыр. |
| Баста-уыш | Заттанған сан есім4 атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі. Қырық - қасиетті сан. |
| Толық-тауыш | Сан есім заттанып келіп, толықтауыш болады. | Екеуінен үйренгенің саған жетеді. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. |
| Пысық-тауыш | Сан есім етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады. | Ат баспаймын деген жерін үш басады. Олар бүгін футболды бірінші ойнайды. Ол сол әнді тойда үш айтты. |
| Баян-дауыш | Сан есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. | Оның жақсы көретін саны-жеті. Сен үйдің бесіншісісің. Оның жасы алтыларда. |