| № | Дағды | Сипаттамасы | Өз тәжірибеңізден мысал |
| 1 | Табу және меңгеру (мәтіннен алынған ақпаратты). | Мәтінмен жұмыс істей отырып, оқушылар мәселенің мән-жайын (объектінің сипаттама, қасиеттерін, уақытын, орнын немесе іс-әрекеттің мән-жайын) және мәтіннің тиісті бөлшектерін байланыстыруы керек. Кейде бұл байланыс сөзбе-сөз сәйкес келетін тірек сөздер бойынша тікелей байланыс, ал кейде жанама байланыс болады. Қажетті ақпарат мәтінде жеткілікті түрде болуы керек. Сұрақтың тұжырымдамасында нені (қандай ақпаратты) табу керек екендігі нақты көрсетілуі тиіс. Ақпарат алу – бұл қажетті хабарламаны таңдау процесі. Ақпаратты іздеу – бұл ақпараттың қайда бар екендігін анықтау процесі. | |
| 2 | Интеграция (ықпалдастыру) және түсіндіру (мәтіндегі хабарламаларды) | Түсіндіру немесе интерпретациялау мәтіннен тікелей ашық хабарланбаған ақпаратты алуды қарастырады. Түсіндіру бірқатар ақыл-ой әрекеттеріне негізделген. Мысалы, сұраққа жауап беру үшін оқушыларға кейде мәтін хабарламасынан қорытынды шығаруға, негізгі және қосалқы бөлшектерді ажыратуға, негізгі ойларды қысқаша тұжырымдауға немесе мәтінде айтылғандарға сүйене отырып, алдыңғы оқиға туралы қорытынды жасауға тура келеді. Мәтіннің жеке хабарламаларын біртұтас етіп байланыстыру немесе ықпалдастыру оқырманның мәтін элементтерін – жеке сөйлемдерден немесе абзацтардан бастап құрмалас мәтіндердің бөліктеріне дейін қамту қажеттілігін түсінетіндігін көрсетеді. Мұндай жағдайда ақпарат бірліктерін өзара байланыстыру олардың мәтіндегі жалпы рөлін анықтауды білдіреді, мысалы, ұқсастықты немесе айырмашылықты көрсету, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және т.б. Оқушылар мәтіннің тұтастығы туралы бастапқы түсініктерін көрсете алады, оны негізгі тақырып немесе негізгі мақсат деп атайды. Негізгі идеяны анықтау мәтінде айтылған ойлардың реттілігін айқындауды қамтиды, оқырман негізгі идеяны екінші деңгейлі қосымша ойлардан ажырата алатынын немесе мәтіннің белгілі бір тұжырымдағы немесе мәтін атауындағы негізгі ойды айқындай алатынын көрсетеді. | |
| 3 | Мәнін ұғыну және бағалау (мәтіндегі хабарламаның) | Мәтін ұғыну және бағалау мәтінмен танысқанға дейін оқырманға бұрыннан белгілі білімге, идеялар мен сезімдерге сүйенуді қамтиды. Мәнін ұғынуға арналған сұрақтар салыстыру, қарама-қайшы қойып салғастыру және болжау үшін оқушыдан өзінің біліміне немесе тәжірибесіне жүгінуді талап етеді. Бағалау сұрақтары оқырманға өзінің жеке білімі мен өмірлік тәжірибесінің негізінде тұжырымды пікір білдіруді ұсынады. Мәтіннің мазмұнын ұғыну және бағалау үшін оқырман мәтіндік ақпаратты басқа мәтіндік емес ақпарат көздерімен байланыстыра білуі керек, мысалы – мәтіндегі тұжырыммен келісуі немесе келіспеуі керек. Көп жағдайда оқырманнан мәтінде талқыланатын тақырыпқа өз көзқарасын білдіру және негіздеу сұралады. | |
| Виды речевой деятельности | Түйінді дағдылар | Нені біледі/ түсінеді? | Нені істей алады/ орындайды? | Дамыту әдіс-тәсілдері | Туындауы мүмкін қиындықтар |
| Тыңдау (тыңдалым)және айтылым | | | | | |
| Оқылым | | | | | |
| Жазылым | | | | | |
| Фильм үзіндісінің 1-фрагменті | Фильм үзіндісінің 2-фрагменті | Фильм үзіндісінің 3-фрагменті |
| 1) Баланың оқуында туындаған қиындықтарды анықтаңыз. | Баланың қиындығын қалай шешуге болады: 1) ата-аналарды тарту: .... 2) баланың құрдастарын тарту: .... 3) басқа педагогтердің көмегі/қолдауы: .... | Тілдік дағдыларының қалыптасуындағы қиындығы бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету үшін әдіс-тәсілдерді таңдаңыз |
| 2) Мұғалім баламен қарым-қатынас жасауда қандай педагогикалық қателіктерге жол берді? Оның салдары қандай болуы мүмкін? | | |
| Проблема | Педагогикалық болжам (идея) | Қолдау (әдіс-тәсіл) | Тиімділігін бағалау (нені бақылаймыз?) |
| Әріпті жазуда қиындығы бар (әріпті жазу жолына дұрыс жаза алмау): әріп элементін жазуда кеңістіктік бағдарының бұзылуы | Оқушыға әріп элементтерін жазу бойынша жұмыс ұйымдастырылса, әріпті каллиграфиялық талаптарға сай жазуда табысқа жете алады. | | |
| Сөзді оқуда әріптің/буынды шатастырып оқиды | Мәтінді/сөзді оқытудың алдында тілдік гимнастикалық жаттығуларды жүйелі жасатса, оқылым дағдысында табысқа жете алады. | | |
| Пән | |
| Сабақтың тақырыбы: | |
| Оқу мақсаты | |
| Сабақтың мақсаты: | |
| Ойлау дағдысының деңгейі | |
| Бағалау критерийлері | |
| Тапсырма | |
| | |
| Пәндік сауаттылық | Оқу сауаттылығы |
| Оқушылар осы тапсырманы орындау үшін қандай пәндік білімдерін көрсетуі керек? | Бұл тапсырма оқу сауаттылығын дамытуға қалай көмектеседі? |
| Сипаты | Сәйкес | Сәйкес келмейді |
| Тапсырма оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес | | |
| Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті. Тапсырмада: - бірін-бірі терістеу; - қажетсіз қиын сөздер; - күрделенген құрылым; - сленг сөздер; - диалект сөздер; - түсініксіз сөздер және т.б. қолданылмайды. | | |
| Тапсырманың берілуінде дұрыс жауабына меңзейтін тұстары жоқ (тура, жанама) | | |
| Тапсырманың күрделілік деңгейі бағалау критерийіндегі ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келеді | | |
| Тапсырма мазмұны оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға ықпал етеді | | |
| Тапсырманы орындау арқылы оқушыларда келесі дағдылар қалыптасады:
| | |
| Тапсырма оқушылардың жазу және қарым-қатынас жасауда тілдік нормаларды қолдануын дамытуға бағытталған:
| | |
| Тапсырмалы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған:
| | |
| Қолданылатын ресурстық материалдар (суреттер, схема, сызба, кесте, диаграмма т.б.) түсінікті | | |
| Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ | | |
| Балл қою кестесі/дескрипторлар тапсырмаға сәйкес | | |
| Бөлімше (түйінді дағдылар | 2-сынып | 3-сынып | 4-сынып | | |
| «Тыңдалым және айтылым» бөлімі (сөйлеу әрекетінің түрі) бойынша оқу мақсаттары | |||||
| 1.7 Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту | 2.1.7.1 сөз ішінде дауысты дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (бүгін-бүгүн, түтін – түтүн, көсеу – көсөу) | 3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл – Жаңгүл) | 4.1.7.1 сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, дыбыс үндестігін сақтап айту | | |
| Жазылым бөлімі (сөйлеу әрекетінің түрі) бойынша оқу мақсаттары | |||||
| 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау | 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу | 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру | | |
| 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау | 2.3.7.1 сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану | 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою | 4.3.7.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою | | |
| | 3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою | 4.3.7.2 сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін ( үтір, қос нүкте) қою | | ||
| | | 4.3.7.3 диалогке тән тыныс белгілерді қою | | ||
| Бөлімше (түйінді дағдылар) | Тілдік нормалардың қолданысы бөлімі бойынша оқу мақсаттары | | |||
| 4.1 Сөздердің орфографиялық орфоэпиялық нормаларын сақтау | 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу | 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу | 4.4.1.1 сөзге қосымшалар жалғауда дыбыс үндестігін ескеріп қолдану | | |
| 2.4.1.2 у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу | 3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу | 4.4.1.2 сөзге қосымшалар жалғауда буын үндестігін ескеріп қолдану | | ||
| 2.4.1.3 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, үнді, ұяң) ажырату және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу | 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу | 4.4.1.3 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді анықтап жазу | | ||
| 2.4.1.4 дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу | 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу | | | ||
| 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау | 2.4.2.1 мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату | 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату | 4.4.2.1 күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз) | | |
| 2.4.2.2 көптік жалғауларды дұрыс қолдану | 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу | 4.4.2.2 жіктік жалғауларының қолданысын білу | | ||
| 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату | 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу | 4.4.2.3 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу | | ||
| 2.4.2.4 зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау | 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау | 4.4.2.4 жіктеу есімдіктерін септей алу | | ||
| 2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау | 3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау | 4.4.2.5 үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану | | ||
| 2.4.2.6 сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу | 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау | 4.4.2.6 сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау | | ||
| | 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату | 4.4.2.7 сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (және, себебі, мен, пен) қолдану | | ||
| | 3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату | 4.4.2.8 сөйлемде одағай, еліктеуіш сөздерді ажырату және қолдану | | ||
| | | 4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану | | ||
| Оқу мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейлері | | ||||
| Бағалау критерийлері Тапсырма | | ||||
| Дескрипторлар | | ||||
| Ортақ тақырып | Менің отбасым және достарым |
| Оқу мақсаты | 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау |
| Ойлау дағдыларының деңгейі | |
| Бағалау критерийлері | |
| Тапсырма: Тақырыбы мен тірек сөздерді оқы. Осы мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыр. Мәтінге басқа тақырып ұсын. | Циркте Тірек сөздер: анаммен, қойылым, арена, көңілді, клоундар, аң үйретушілер, арыстандар, ойындар, маймыл, күлкілі, фокусшы, шапалақтадық |
| Дескрипторы | Тақырып негізінде мәтін не туралы болатындығынболжайды. Мәтіндегі негізгі ой туралы болжамыннегіздейді. Тірек сөздердіқолданады. Құрастырылған мәтіннің мазмұнын ауызшаайтады. Мәтінге тақырып ұсынады. |
| | |
| Ортақ тақырып | Сәулет өнері |
| Оқу мақсаты | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау |
| Ойлау дағдыларының деңгейі | |
| Бағалау критерийлері | |
| Тапсырма : Мәтіндегі таныс емес сөздерді стикермен, астын сызумен немесе түстермен бояп белгілеп оқыңыз. Белгіленген сөздердің мағынасын сөздік пайдаланып ашыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Анықталған ақпарат негізінде"Айша-бибі кесенесі"туралы мәліметтерді жүйлеңіз.. | Айша-бибі кесенесі Айша бибі кесенесі – Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. Бұл кесене – Орталық Азиядағы теракотамен оюланған жалғыз сәулет ескерткіші. Оның сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі әлі күнге дейін көптеген туристерді таңдандырады. Кесененің құрылысы туралы нақты мәліметтер қалған жоқ. Алайда, Айша-бибінің махаббаты жайлы қазақ аңызы бар. ЮНЕСКО мамандарының анықтауы бойынша Айша бибі кесенесінің бүкіл әлемде баламасы жоқ. Кесененің батыс қабырғасының бір бөлігі ғана осы күнге дейін сақталған. Қазіргі уақытта кесене толығымен қалпына келтірілді. "Қазақстан Балалар энциклопедиясы". – Алматы: Аруна, 2007. Махаббат туралы аңыз Тараз қаласының маңында, үлкен жолдан алыс емес жерде қазақ халқының ең әдемі тарихи ескерткіштерінің бірі – Айша бибі кесенесі орналасқан. Сонымен қатар, кешен тек республикалық маңызы бар архитектуралық құрылым ғана емес, ол махаббат туралы әдемі аңыз Айша бибінің есімімен байланысты. Кейбір деректерге сүйенсек, бүгінгі күні бұл ерекше махаббат оқиғасының 30-ға жуық нұсқасы бар. Олардың бірінің айтуынша, Айша сұлу Ахмет Яссауидің шәкірті, Зеңгі баба деп аталып кеткен Хәкім-Атаның қызы болды. Аңызда, Тараз әміршісі 16 жасар Айшаны бір көріп ғашық болып қалған деп айтылады. Теңдесі жоқ Айша сұлу да Қараханға өлердей ғашық болған. Айша бибі әскермен соғысқа аттанған сүйіктісінің жеңіспен оралғаны туралы хабарды естіп, күтіп алуға бет алды. Бірақ ғашықтарға қосылуды жазбаған еді. Алыс сапардан арып шаршап, Таразға жақындағанда өзен жағасына дамылып, демдерін басып жатқан тұста Айшаны улы жылан шағып өледі. Қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйікті қалыңдығының мәңгілік мекеніне кесене салуды бұйырды. Дерекөз: https://stan.kz/aysha-bibi-turali-malimet-311561/ сайтынан бейімделіп алынды |
| Дескрипторлары | Ақпарат көздерінен алынған мәліметті зерделейді. Мәтіндердегі өзіне таныс емес сөздерді анықтайды. Мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады. Дереккөздерден алынған екі мәтінге ортақ негізгі ойды анықтайды. Анықталған мәліметтерді жүйелейді |