Әер ету механизмі; ағзадағы АТФ-ң айналымын жылдамдығы мен аценилатциклазаныңбелсенділігін жоғарылатады.Зат алмасу процесін және ОЖЖ –нен қозудың берілуінқуаттандырады. ГАМҚ – ергиялық зат болып табылады. Мидың энергетикалық процесін жәнеқанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, оның гипоксияға және агрессивті әсерлергетұрақтылығын жоғарылатады. Есте сақтау қабілетінің бұзылуын қалпына келтіріп,интелектуальдыжәне танып – білудің функцияларын белсендіріп, оқу үрдістерін жақсартады. Шокқа қарсы, орталық миорелаксациялық, седативті, транквилизаторлық әсер көрсетеді. Неврологияда, психиатрияда, геронтологияда және педиатрияда, мидың қан айналымының бұзылуымен байланысты ойлау қабілетінің жетіспеушілігінде; атеросклерозда, инсульттан кейін, бас миының жарақатынан кейін және интоксикацияда, маскүнемдікте, балалардың церебральды салдануында, олигофрения және есте сақтау қабілетінің, сөйлеу, көңіл бөлу, ойлау қабілетінің бұзылуына алып келетін энцефалопатиялық бұзылыстарда қолданылады. Емделу ұзақ уақыт жүргізіледі, ал әсері біртіндеппайда болады. Ноотропты дәрілер дені сау адамның жүйке дамуына әсер етпейді. Жанама әсері: диспепсиялық жағдайлар, ұйқы бұзылуы, аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Pyracetanum – пирацетам (Б); 0,2 таб. 0,4 капс. – тәулігіне 3 рет тамақтан соң; 20% - 5мл еріт.амп.шығарылып, тәулігіне 1-2 рет б\е және к\т енгізіледі. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер (адаптогендер): жень - шень тұндырмасы, элеутерококктың сұйық сығындысы, қызғылт семізоттың сұйық сығындысы (родила розовая), заманиха тұндырмасы, стеркулия тұндырмасы, аралия тұндырмасы, сапарал, пантокрин, рантарин, цитруллин (стимол).Әсер ету механизмі: ағзаның қорғаныс механиздерін қуаттандырады, ойлау қабілетін және ағзаның қолайсыз факторларға төзімділігін арттырады. Ағзадан аммоний иондарын шығарып, қандағы лактаттың деңгейін төмендетеді, метаболиттік процесін жақсартады. Бұл препараттар ОЖЖ - нің тонусын реттейді; зат алмасуды, ішкі секреция бездерінің қызметін, вегетативті иннервацияның тонусын (төмендеген қан тамырының тонусы мен АҚ –ы, жұрек жқмысын жоғарылатады) жақсартады; жағымсыз жағдайларға ағзаның төтеп беруін және жалпы қорғаныштықты күшейтеді. Астенияда, физикалық және ойлау қабілетінің қатты жүдеуінде, жұқпалы аурулардан кейін және жүдеуде, неврастенияда, вегетоқантамыр дисстониясында, гипотензияда қолданылады. Препарат жақсы қабылданады. Күшті жүйке қозуында, ұйқысыздықта, гипертониялық ауруларда
қолдануға болмайды. Сапарал 0,05 таб. – 1 таб. Күніне 2 рет.TinctureGinsengi – жень – шень тұндырмасы: 50 мл флаконда 25 тамшыдан тамақ алдында күніне 3 рет қабылдау қажет. АналептиктерАналептиктер ОЖЖ –ң барлық бөлімдеріне қоздырғыш әсер көрсетеді. Сопақша мидың тыныс алу мен тамыр қозғалтқыш орталықтарын қуаттандырып, көп мөлшерде ОЖЖ–ң басқа бөлімдеріне әсер етіп, наркозда айқын ояту әсеріне ие. Наркозға арналған дәрілермен (кофеин, кордиамин), ұйықтататын препараттармен (этимизол, бемегрид), этил спиртімен жедел уланғанда, жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мен жұқпалы аурулардың тыныс алу жеткіліксіздігінде (камфора, сульфокамфокаин, кордиамин), жедел каллапста, хирургиялық операциялардың шок жағдайында (этимизол, цититон), жаңа туған баланың (этимизол)тыныс алу жеткіліксіздігінде қолданылады. Энтеральды және парентеральды енгізіледі. Аналептиктерді балаларға абайлап қолдану қажет, гипоксиялық жағдайда (гипертермиялық әсері) тырысуларға алып келуі мүмкін. Аналептиктердің ішінде фармокологиялық әсері жағынан спектрі кең этимизолмен камфора болып табылады. Этимизол қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар; ойлау қабілетін жақсартады; гипоксияға қарсы қасиеті бар. Камфора кардиотоникалық әсер көрсетеді, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ қалпына келтіреді, қан айналымның кіші шеңберінің қызметін жеңілдетеді, ұлпалардағы микроциркуляцияны жақсартады; қақырық түсіретін, өт айдайтын, терлеттетін, қабынуға қарсы, тітіркендіретін және иіссіздендіргіш әсерлері бар. Камфора – әлсіз аналептик болып табылады. Камфора спирті, камфора майы теріге жағуға арналған қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсер көрсетеді. Камфора препараттары жіті және созылмалы жүрек қан тамыр жеткіліксіздігінде, коллапста, тыныс алудың тежелуінде, пневмонияда қолданылады. Қазіргі кезде камфораның суда еритін сульфокамфокаин (сульфакамфор қышқылыновокаин) препараттары бар. Coffeinum – natrii bensoas – кофеин натрий бензоаты (Б): 0,1 және 0,2 таб.: 10% 1 және 2 мл еріт. амп.: 20% 1 және 2 мл еріт. амп. -1-2 мл т\а.Cordiaminum – кордиамин (Б); 15 мл флаконда -30-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет: 1 және 2 мл амп. Шығарылып, 0,5-2 мл-ден т\а, б\е, к\т енгізіледі.
Bemegridum – бемегрид (Б); 0,5% 10 мл ерітінді ампулада шығарылып, 1-10 мл (70 мл дейін) к\т енгізіледі
. Aethimisolum – этимизол (Б); 0,1 таб. -3-4 рет тәулігіне тамақтан соң; 1% және 1,5% 3 және 5 мл еріт. амп. -4-5 мл т\а, б\е, 2-3 мл к\т.
Sulfocamphocainum – сульфокамфокаин (Б): 10% 2 мл еріт. амп. Шығарылып, 2 мл-ден тәулігіне 2-3 рет т\а, к\т енгізіледі.
Sol. Camphorae oleosa – камфораның майлы ерітіндісі: 20% 1 және 2 мл еріт.амп. -1-5 мл-ден тәулігіне 1-3 рет т\а тағайындалады.
4.Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілерҚан айналымы реттейтін дәрілер медициналық тәжірибеде жүрек жұмысы мен қан тамыры тонусының бұзылуында кеңінен қолданылады. Сондықтан жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданылуына қарай келесі топтарға жіктеледі:
1. Жүрек гликозидтері;2.
Антиаритмиялық дәрілер;3.Антиангинальды дәрілер; 4.Гипотензивті дәрілер. -
Жүрек гликозидтері
Жүрек гликозидтері айқын кардиотоникалық әсері бар, этиологиясы әртүрлі миокард дистрофиясымен байланысты, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге арналған өсімдіктерден алынған күрделі органикалық қосылыстар. Бұрынғы кезде құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерді медицинада жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуде қолданған. Олар:
оймақгүл (наперстянка),
строфант Комбе, меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет) және т.б. жүрек гликозидтерінің молекуласы екі бөлімнен тұрады: қантты
(гликонды) және қантсыз
(агликонды). Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер ете отырып, миокард жұмысын жақсартып
, жіті және
созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде белгіленеді. Медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатын өсімдіктен алынған жүрек гликозидтері: – Күлгін оймақгүл (Digitalis purpurea)
– дигитоксин;– Түкті оймақгүл (Digitalis Lanata) –
дигоксин, целанид;– Строфантин Комбе (Strophantus Kombe) –
строфантин К; – Меруертгүл (Convallaria) –
коргликон;– Жалынгүл (Adonis vernalis) –
жалынгүл шөбінің тұнбасы. Жүрек гликозидтерінің
әсер ету механизмі кардиомиоцит мембранасындағы
Na+, K+-АТФ-азаны (жүрек гликозидтерінің рецепторлары) тежегіш әсерімен байланысты, ол жасуша ішінде Na
+, онымен қоса Ca
2+ иондарының концентрациясы жоғарлауына алып келеді. Саркоплазмада Ca
2+ иондарының мөлшері жоғарлауынан кардиотоникалық әсері байқалады. Ca
2+ иондары трапонинді кешенмен байланысып, миокардтың жиырылғыш ақуыздың тежегіш әсерін жояды. Ол актин мен миозиннің бірігуінен пайда болған актиомиозин миофибриллдердің (бұлшықет талшықша) тез және күшті жиырылуына алып келеді. Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді.
Фармокологиялық әсері (жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді): 1. Кардиотоникалық әсері: а) оң инотропты (систоланың күшеюі мен жеделдеуі, жүректің соғуы және минуттық көлемінің артуы), Б) Теріс хронотропты (диастоланың ұзаруы, жүрек ырғағының баялауы). В) Теріс дромотропты (миокардтың өткізгіштігінің төмендеуі г) Оң батмотропты (жүректің өткізгіштігінің артуы). Д) Оң тонотропты (миокард тонусының жоғарлауы). 2.Миокардта энергетикалық балансының жақсаруы (миокардтың оттегіге деген сұранысының артуы). 3.Диурездің күшеюі. Седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді. Осы себептерден жүрек гликозидтері систоланы күшейтіп қысқартады, соғуы мен минуттық көлемін арттырып жүрек қызметін күшейтеді, бірақ диастола ұзарып жүрек көбірек дем алады. Жүрек гликозидтері миокардтың қозуы мен автоматизмін күшейтеді, ол экстрасистолаға алып келуі мүмкін. Жүрек гликозидтері өткізгіштікті нашарлатып, ал артық мөлшерінде жүрек – қарынша бөгетін тудыруы мүмкін. Жүрек қызметінің жеткілісіздігімен ауыратын науқастар жүрек гликозидтерін қолданғанда жүректің реттелуі нәтижесінде күре тамыр іркілісі төмендеп, ісінулер жойылады, веноздық қысым төмендеп, ентігу жойылады. Жүрек гликозидтерінің бір – бірінен айырмашылығы белсенділігіне, әсерінің пайда болу жылдамдылығына, әсерінің ұзақтығына және дәрілік заттың фармакокинетикасына байланысты. Мысалы, строфантин мен конвалятоксинді күре тамырға енгізгенде жүрекке әсері 5-10 мин. Соң басталады. Ал целанидте 5-30 мин. Соң басталады. Дигоксин ішке енгізгенде 30 мин.соң, ал дигоктоксин 2 сағ.соң әсер етеді. Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсерінің ұзақтығы ағзадағы инактивация жылдамдығына, оларды плазма ақуызымен байланысуына және ағзадан шығу жылдамдығына байланысты. Строфантин, жалынгүл және меруертгүл препараттары ағзадан тәулік бойында шығарылады. Әсері ұзақ, әсіресе дигитоксинде 2-3 апта, ал дигоксин мен целанидте 3-5 күнде ағзадан шығарылады. Жүрек гликозидтерінің әсері ұзарған сайын көп кумуляцияланады, яғни материальды кумуляцияға (дәрілік заттың ағзада жиналуы) ұшырайды. Өте жоғары кумуляцияланатын препарат дигитоксин (160сағ.), одан аздау дигоксин және целанид (34-36 сағ.), ал строфантин аз кумуляцияланады. Жүрек гликозидтерінің препараттары АІЖ– да бірдей сіңірілмейді, өте жақсы дигитоксин (90-95%), дигоксин мен целанид (20-40%) сіңіріледі, өте нашар сіңірілетін строфантин К
(5%) препараты. Жүрек гликозидтері жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, сонымен қатар жүрек қызметінің жеткіліксіздігін алдын алу үшін, суправентрикулярлы тахикардияда, жүрекше дірілінде қолданылады. Жүрек гликозидтерін жүрекше – қарынша бөгетінде, айқын брадикардияда және жұқпалы миокардитте қолдануға болмайды. Жүрек гликозидтерін гипокалиемияда және кальций препараттарымен бірге қолданғанда аса сақтық қажет.
Ұзақ әсер ететін препараттар
(созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
Digitoxinum – дигитоксин (кардитоксин) (А): 0,0001 таб. -1/2-1 таб.тәулігіне 1-2 рет: 0,00015 супп. Түрінде, тәулігіне 1-2 рет тік ішекке белгіленеді. Әсері 2-4 сағ. Соң басталып, 8-12 сағ.созылады, күшті кумуляцияланып 2-3 аптадан соң ағзадан шығарылады.
Cordigitum – кордигит (Б): 0,008 және 0,0012 супп. Шығарылады. Дигитоксинге қарағанда аз кумуляцияланады.
Digoxinum – дигоксин (ланикор) (А): 0,00025 таб.-1таб. Тәулігіне 3-5 рет: 0,025% 1 мл еріт.амп. – 10-20 мл 0,9% NaCl., тәулігіне 1-2 рет к\т. Дигоксинді ішке енгізгенде әсері 1 сағ. Басталып, 6-8 сағ.созылады; ал күре тамырға енгізгенде әсері 20-30 мин. Басталып6 3 сағ. Созылады, ағзадан 2-7 күнде шығарылады, дигитоксинге қарағанда аз кумуляцияланады.
Celanidum – целанид (ланатозид) (А): 0,00025 таб. – 1 таб. тәулігіне 2-3 рет: 0,05% 10 мл еріт.флаконда -10-25 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет ішке; 0,02% 1 мл еріт.амп., к\т енгізіледі. Целанид, дигитоксинге қарағанда әсері тез және қысқа.
Herba adonidis vernalis – көктемгі жалынгүл шөбі (Б): 1-30 тұнба-1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тамақтан алдын; «Adonis – brom»- «Адонис - бром» 1 таб.тәулігіне 3 рет: Аdonisidum – Адонизид 20-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тамақтан 30 мин. Бұрын қабылдау қажет. Жалынгүл препараттары оймақгүл препараттарына қарағанда белсенділігі төмен, аз кумуляцияланады және тыныштандыратын әсері бар.
Тез әсер ететін препараттар
(жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
Strophantinum K – строфантин К (А): 0,05% 1 мл еріт.амп.- 10-20 мл 0,9% NaCl еріт., к\т баяу енгізеді. Әсері 5-10 мин. Басталып, 0,5-1,5 сағ. созылады, ағзадан 1-3 күннен соң шығарылады.
Corgliconum – коргликон (Б): 0,06 % 1 мл еріт.амп.-10-20мл 0,9% NaCl еріт.к\т баяу ағынмен енгізеді. Строфантинге қарағанда әсері тез, бірақ қысқа.
Улану. Жүрек мгликозидтерінің мөлшерін асырғанда ағза улануы мүмкін.
Белгілері: брадикардия, аритмия (экстрасистолия, жүрекше қарынша бөгеті, қарынша және жүрекше жыпылықтауы) құсу, лоқсу, көз көруінің нашарлауы, сандырақтау, галлюцинация (елестеушілік), тырысулар және АҚ-ң төмендеуі. Жүрек қызметі тоқтауынан адам өліміне алып келуі мүмкін.