Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Антиагрегантты және кейбір антикоагулянтты әсеріне байланысты ацетилсалицил қышқылы жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты тромбтың асқынуын алдын алуда кеңінен қолданылады. Ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсері аз мөлшерінде байқалады 0,2 - 0,25 мөлшерде тәулігіне қабылданады. Осы мақсатта ацетилсалицил қышқылының арнайы препараттары шығарылған: тромбо АСС, аспирин- кардио, құрамында 0,05 және 0,1 дәрілік заты бар.Ацетилсалицил қышқылының көпіргіш таблеткалары: “Аспирин С”, “АЦЦ+С-Меркле”, “Алка-Зельтцер”, “Форталгин С”.Егуге арналған ацетилсалицил қышқылы: ацелизин (аспизоль) (жедел ауырсынуда, қызу көтерілгенде, тромбофлебитте): 1,0 флаконда + 5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, б/е, к/т - 200 мл изотонды NаСІ немесе глюкоза еріт. тамшылатып енгізеді; натрий салицилаты: 10% - 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, к/т енгізіледі.Кцыстырылған препараттары: “Асфен”, “Аскофен”, “Кофицил”, “Цитрамон”, “Седальгин”, “Олдон”, “Ацифеин”, “Миронал”, “Томапирин”, “РингЫ”, Цефекон N (напроксен+салициламид+кофеин).

  1. Пирозолон туындылары: антипирин, аналыин.
Апаідіпит - анальгин (Б) - 0,5 таб. 50% 1-2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі. Анапыиннің ауырсынуды түсіретін, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттері айқын байқалады. Жанама әсері: қан жүйесінің тежелуі (лейкопения, гранулоцитопения, агранулицитоз) жүрек қан тамыр жүйесінің бүзылуы (стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі), аллергиялық реакциялар, ісіну, пиразолон туындыларының өнімдерінің ыдырауынан несеп қанық-сары немесе қызыл түске боялуы байқалады. 5 күннен артық қабылдауға болмайды.Қүрамында анальгині бар препараттар: “Баралгин”(анальгин+спазмолитик), “Максиган”, “Спазган”, “Спазмалгон”, “Триган”, “Ревалгин” таб. және амп.; 5 мл б/е және к/т (қүрамы: анальгин + миотропты спазмолитик + М-холиноблокатор) енгізіледі. Бүл препараттардың аналыетиктикалық және спазмолитикалық әсері бар. Бауыр, бүйрек және ішек ауруларында, панкреатитте қолданылады. “Темпалгин" таб. (анальгин + темпидин + транквилизатор) түрінде шығарылады. Бұл препарат бас, тіс ауруларында, люмбагода, радикулитте тиімді. Анальгетик ретінде “Тетралгин”, “Пенталгин”таб. қолданылады. Анальгетикалық, спазмолитикалық және қан тамырды кеңейтетін әсері бар “Андипал” таб. (қүрамы: анальгин + дибазол +папаверин + фенобарбитал) тағайындалады.3. Пара-аминофенол туындысы: парацетамол

(панадол, ацетаминофен, эффералган, тайленол, калпол, цефекон Д (супп.)) - анальгетикалық және ыстықты түсіретін қасиеті бар, ал қабынуға қарсы әсері мүлдем жоқ. Жанама әсері: Нефро- және гепатотоксикалық әсер, қан жүйесінің бүзылуы, аллергиялық реакциялар байқалады. Салицилаттарды, әсіресе парацетамолды үзақ уақыт қабылдаған (көп мөлшерде) балаларда Рейе синдромы: улы энцефалопатия, бауыр, ми және бүйрек дистрофиясы байқалып, өлімге алып келуі мүмкін.

Рагасеіетоіит - парацетамол (Б); 0,2 және 0,5 таб; 0,25 және 0,5 супп. шығарылады. Келесі препараттардың қүрамына кіреді: “Солпадеин” таб. (парацетамол + кодеин + кофеин); “Дарвал” таб; “Панадол-экстра” (парацетамол+кофеин); “Цитрамон П” (аспирин+ парацетамол+кофеин) “Колдрекс”, “Фервекс”, “Тера-Флю”, “Ибуклин”, “Ринза”, “Но-шпалгин” (парацетамол + но-шпа + кодеин) және т.б.

б) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті сақталынған, ал қабынуға қарсы әсері басымырақ).

Ревматизмде, ревматоидты артритте, полиартритте және миокардитте, радикулитте; Бехтерев ауруында; артрозда; невралгияда; миозитте; флебитте; подаграда қрлданылады.

1.Салицил қышқылының туындысы: аспирин, катрий салицилаты; метилсалицилат - артритте, миозитте сыртқа қолданылатын линимент және жағылма қүрамына кіретін сүйықтық.

2. Пиразолон туындысы: антипирин, амидопирин, анальгин; бутадион (фенилбутазол) - басқа топ препараттарынан айырмашылығы

қабынуға қарсы әсері басым және әсері үзақтығымен ерекшеленеді.

Бутадион улы: диспепсия, АІЖ-ның шырышты қабықшасын зақымдайды, лейкопения және агронулоцитоз, ісіну, аллергиялық реакциялар тудырып, бауыр қызметін бүзады.

Вutadionum - бутадион (Б): 0,15таб.-1 таб. тәулігіне 3-4 реттамақпен бірге немесе тамақтан кейін, 5% - 20,0 жағылмасы бар. Амидопиринмен бірге “Реопирин” (амидопирин+бутадион), “Амбене” (дексаметазон + бутадион + лидокаин + натрий салициламид), “Пирабутол” препаратының қүрамына кіреді, таб. және амп. түрінде 5 мл к/т енгізіледі.

3.Басқа да топ туындылары:

Іпсіотеіасіпит - индометацин (метиндол, индобене): 0,025 және 0,05 таб. және капс. шығарылып, 1-2 таб. (капс.) 2-4 рет күніне тамақпен бірге немесе тамақтан кейін, 0,05 және 0,1 супп. түрінде; 3% 1-2 мл еріт. амп. шағырылып, б/е; 5% және 10% 30,0 және 40,0 жағылма түрінде шығарылады. Бутадион және салицилаттардан әсері күштірек, индолсірке қышқылының туындысы болып табылады. Жағымсыз әсері жағынан нейротоксикалық, асқазанғауытты әсері, нефротоксикалық әсері бар. Осы топқа

толметин (толектин), сулиндак (клинорил), кеторол (кеторолак трометамині) жатады.Кеtorol - кеторол 0,01 таб. - 1-2 таб. тәулігіне 4-6 рет; 3% 1 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.Diclofenac-natrium - диклофенак натрий (ортофен, вольтарен) (Б): 0,025 және 0,05 таб. тәулігіне 2-3 реттамақпен бірге немесе тамақтан соң; 2,5% 3 мл еріт. амп. шығарылып, б/е енгізіледі. Бүл препарат қабынуға қарсы дәрілік заттар ішінде ең белсенді және кең терапевті әсері бар, улылығы төмен фенилсірке қышқылының туындысы болып табылады. Тиімділігі жоғары болғандықтан, ревматологияда қатты ауырсынуларда кеңінен қолданылады.Ibuprofenum - ибупрофен (бруфен, долгит, нурофен) (Б): 0,02 - 0,04 таб. әсері бутадионға үқсас, улылығы төмен (сондықтан, жағымсыз реакциялар аз байқалады), АІЖ-ның шырышты қабығын тітіркендірмейтін фенилпропион қышқылының туындысы болып табылады. Қиыстырылған препараттары:“Ибуклин”, “Новиган”.Naproxenum - напроксен (напросин) (Б): 0,25 таб. 1 таб. таңертең және кешке қабылдау үшін. Әсері үзақ, бірақ қабынуға қарсы әсері төмен, улылығы аз нафтилпропион қышқылының туындысы болып табылады. Қиыстырылған препараттары: „Цефекон -Н”, „Гіенталгин -Н".Кеtoprohenum- кетопрофен (кетонал, фастум, быструмгель) (Б): қабынуға қарсы әсері жоғары, әсіресе ауырсынуларды (гинекологиялық) басу үшін қолданылады; 0,05 капс. Тәулігіне 3 рет тамақпен бірге 0,3 таб. – 1 таблеткадан таңертең тамақпен бірге немесе тамақтан кейін (шайнамай), 0,1 супп. Түрінде; 10% - 1 мл амп. Шығарылып, б/е енгізіледі. Құрамы мен әсері жағынан ибупрофенге ұқсас. Оксикам туындылары; пироксикам (фелден, финалгель) – әсері ұзақ, тәулігіне 1 рет қабылдау қажет.; лорноксикам (ксефокам) анальгетикалық әсері жоғары, ісік ауруларында, операциядан кейінгі кезеңдерде қолданылады. Мелоксикам(мовалис) – қабынған аймақта түзілген циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы тежейді. Қабынуға қарсы әсері жағынан ревматоидты артритте тиімді. Жанама әсері аз байқалады. Әсері ұқсас препараттарға; целококсиб (жағымсыз реакциялар аз байқалады) және нимесулид (месулид, найз, нимесил, нимулид) – сульфонанилид туындысы болып табылады. ЦОГ-2 таңдамалы тежейтін препараттар қолдануға қауіпсіз, терапевтикалық мөлшерінде АІЖ – на әсер етпейді және тромбоциттердің агрегациясын өзгертпейді. Бейнаркотикалық анальгетиктерді СЕҚҚД асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, бауыр мен бүйректің қызметі бұзылуында, асқазан мен ішектен қан кетуде, бронхоспазмда («аспириндік» демікпе), лейкопенияда, жүктілікте (босанудың алдында) және лактацияда
қолдануға болмайды. Жас балаларға абайлап қолдану қажет. Психотропты дәрілерПсихотропты дәрілер адамның психикасы мен эмоциясына, көңіл- күйіне, мінез- құлқына және ойлау қабілетіне таңдамалы әсер етеді. Бұл топ препараттары психиатрияда және неврологияда, сондай – ақ терапевтикалық, хирургиялық, онкологиялық тәжірибеде және т.б. медицина салаларында кеңінен қолданылады. Психотропты дәрілердің жіктелуі:

  1. Нейролептиктер

  2. Транквилизаторлар

  3. Тыныштандыратын (седативті) дәрілер

  4. Антидепрессанттар

  5. Нормотимиялық дәрілер

  6. Психостимуляторлар

  7. Ноотроптар

  8. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер (Адаптогендер)
Нейролептиктер (психозға қарсы дәрілер): қабылдауды және ойлау қабілетін қалыпты жағдайға келтіріп, психикалық қозуды (сандырақ, елестеу, қорқыныш, озбырлық (агрессивтілік) басатын дәрі – дәрмектер тобы. Бұл топ препараттардың көбісінің айрықша тыныштандыратын қасиеті бар. Нейролептиктердің жіктелуі:

  1. Фенотиазин туындылары: аминазин (хлопромазин), трифтазин (трифлуперазин, стелазин), левомеппромазин (тизерцин), этаперазин.

  2. Тиоксантен туындысы: хлорпротиксен (труксал).

  3. Бутирефенон туындысы: галоперидол, дроперидол.

  4. Химиялық құрылысы басқа да препараттары: клозапин (азелиптин, лепонекс), сульпирид (эглозил).
Әсер ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық, – адренолитикалық, М – холинолитикалық, Н1 – антигистаминдік ісер етеді. Фармокологиялық әсері:

  1. Психозға қарсы (сандырақ, елестеуді басады) аминазинде, трифтазинде, левомепромазинде, этаперазинде, галоперидолда, хлорпротиксенде айрықша байқалады.

  2. Транквилизаторлық (тыныштандырып, қорқыныш және үрейді басады) аминазинде, тизерцинде, галоперидолда, дроперидолда айрықша байқалады.

  3. Құсыққа қарсы әсері галоперидолда, дроперидолда, зтаперазинде, сульпиридте айрықша байқалады.

  4. Гипотермиялық (жылу бөлінуін күшейтіп, жылу өнімін төмендетіп жасанды гипотермия тудырады) әсер көрсетеді.

  5. Бұлшық ет босаңсытады.

  6. Наркотикалық, ұйықтататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.

  7. Антигистаминдік әсер көрсетеді.

  8. Гипотензивті ( - адренорецепторды тежегіш әсерімен байланысты) әсері – аминазинде, дроперидолда айрықша байқалады.

  9. Дәрілік паркинсонизм тудырады: көбінесе – галоперидолда, трифтазинде, аминазинде: сирек – хлорпротиксенде, клозапинде, сульпиридте байқалады. Осы жағдайды алдын алу үшін паркинсонизмге қарсы дәрілік заттарды (циклодол және т.б.) белгілейді.
Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостатиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркоздан кейін, жүктілікте) ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанаьгезияда және операциядан алдын қолданылады. Жанама әсері: әкстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, м – холинотежегіш әсерлер (ауыз қусының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемалитикалық анемия, клозапин қабылдағанда агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонының секрециясының өзгеруінен (кортико, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстарға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарылауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (тератогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, қан жасалу қызметінің бұзылуында, жүрек пен ОЖЖ – нің зақымдануларында, тромбоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды. Aminazinum– аминазин (Б); 0,025: 0,05: 0,1 драже. -1-2 дражеден тамақтан соң тәулігіне 1-3 рет: 2,5%-1: 2: 5 және 10 мл.ерітінді амп. (1-5 мл 2-5 мл 0,25 – 0,5% новокаин еріт.ерітіп б\е тәулігіне 3 реттен көп емес, 2-3 мл 20 мл 5 % немесе 40% глюкоза еріт. к/т – баяу енгізіледі. Triftazinum – трифтазин (Б): 0,005 және 0,01 таб. – 1 таб. Тамақтан соң тәулігіне 2-4 рет б\е енгізіледі.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134