Aethaperazinum - этаперазин (Б): 0,004: 0,006 және 0,01 таб. 1 таб. Тамақтан соң тәулігіне 3-4 рет енгізіледі.
Haloperidolum – галоперидол (Б): 0,0015 және 0,005 таб. – 1 таб. Тамақтан бұрын тәулігіне 2-5 рет: 0,2% 10мл еріт.флаконда шығарылып, 10-15 тамшыдан тамақтан соң тәулігіне 2-5 рет: 0,5% 1 мл еріт.амп. шығарылып, 0,4-1 мл тәулігіне 2-3 рет б\е енгізіледі.
Droperidolum – дроперидол (Б); 0,25% 5 және 10 мл еріт. Амп. Шығарылып, 1-2 мл б\е және к\т енгізіледі.
Chlorprothixenum – хлорпротиксен (Б): 0,015 және 0,05 таб. 1 таб. Тамақтан бұрын тәулігіне 2-4 рет: 2,5% 1 мл еріт. Амп. 1-2 мл б\е енгізіледі.
Azaleptinum – азалептин (Б): 0,025 және 0,1 таб. – 1таб. Тамақтан соң тәулігіне 2-3 рет: лепонекс – 2,5% 2 мл еріт.амп. – б\е енгізіледі.
Sulpiridum – сульпирид (Б): 0,05: 0,1 және 0,2 таб. – 1 таб. Тәулігіне 1-4 рет: 5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, тәулігіне 1-3 рет б\е енгізіледі. Асқазанның шырышты қабығына, құсыққа қарсы және «цитопротекторлық» әсеріне, сондай – ақ сульпиридтің жүйке жүйесіне оң әсеріне байланысты, асқазан мен ұлтабардың жараларында
қолданылады. Транквилизаторлар (анксиолитиктер) – жүйке тозуында (невроз) және некроз тәрізді бұзылыстарда байқалатын, қорқыныш, үрей, эмоционалдық кернеу, тынышсыздық, қозуды басуға бағытталған психотропты дәрілер тобы. Транквилизаторлардың нейролептиктерден айырмашылығы психозға қарсы әсері жоқ.
Жіктелуі: -
Бензодиазепин туындысы – диазепам (седуксен, сибазон, реланиум, валиум), феназепам, хлордиазепоксид (хлозепид, элениум, либриум): нозепам (оксазепам, тазепам) лоразепам, альпразолам (альпракс, ксанакс), медазепам (мезапам, рудотель, нобриум), тофизопам (грандаксин).
-
Басқа да топ туындылары: мепропан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
-
Негізгі фармокологиялық әсерлері;
- транквилизаторлық (анксиолитикалық – үрейге қарсы) әсері –
феназепамда, лоразепамде, диазепамда, хлордиазепоксидте, мепробаматта, амизилде айрықша байқалған. - ұйықтататын- тырысуға қарсы- Бұлшық ет босаңсытатын.- Транквилизаторлар наркотикалық, ұйықтататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.
Әсер ету механизмі: ОЖЖ-де тежелу процесін күшейтетін ГАМҚ –н белсендіреді, яғни бензодиазепин туындылары ағзада бензодиазепинді рецепторлармен байланысып, ол ГАМҚ рецепторларының сезімталдығын күшейтеді. Невроз (жүйке тозуы) және невроз тәрізді жағдайларда, соматикалық ауруларда (гипертониялық ауру, ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы), асқазан мен ұлтабардың жарасында, экземада, нейродермитте, вегетотамырдың дистониясында және т.б. ) ұйқысыздықта, тырысу жағдайларында, сондай – ақ операциядан алдын және кеінгі кезеңдерде
қолданылады. Жанама әсері: транквилизаторлар эйфория және дәріге тәуелділік тудырады, ұзақ қолданып препаратты доғарғанда, абстиненциялық синдром (қозу, ұйқысыздық, жүрек айну, құсу, діріл және т.б.) байқалады. Транквилизаторларды қабылдағанда есте сақтау қабілеті мен көңіл күйдің бұзылуы, ұйқы келуі, депрессия, бұлшық ет әлсіздігі және жүріп тұрудың бұзылуы байқалады. Транквилизаторларды көлік жүргізушілерге және айрықша назарды, тез ойлауды және жылдам қимыл әрекетті қажет ететін мамандықтағы қызметкерлерге қолдануға болмайды. Бензодиазепиндерді жедел бауыр мен бүйректің жеткіліксіздігінде, миастенияда және жүктілікте қолдануға болмайды. Емдеу кезінде алкогольді сусындар қабылдауға болмайды. Sibazonum – сибазон (Б): 0,005 таб. 1-2 таб. Тәулігіне 1-3 рет: 0,5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, 2-4 мл б\е, 4-6мл к\т баяу (10-20 мл 40% глюкоза ерітіндісімен) енгізіледі. Phenazepamum – феназепам (Б): 0,0005 және 0,001 таб. – 1таб.тәулігіне 2-3 рет. Chlordiazepoxidum – хлордиазепоксид (Б); 0,005 таб. -1-2 таб. Тәулігіне 1-4 рет белгіленеді. «Күндізгі» транквилизаторлар; мезапам, грандаксин, оксилидин, мебикар, триоксазин – транквилизаторлық әсері өте төмен, ұйықтататын, тырысуға қарсы және бұлшық еттің босаңсуына әсер етпей, көңіл күй мен жұмысқа қабілеттілікті төмендетпейді. Mezapamum - мезапам (Б): 0,01 таб. – 1таб. тәулігіне 2-3 рет.Grandaxinum - грандаксин (Б); 0,05 таб. – 1 таб. тәулігіне 1-3 рет.Mebicarum – мебикар (Б): 0,3 таб.-1таб. тәулігіне 1-3 рет белгіленеді. Тыныштандыратын (седативті) дәрілер – күшті қозуды, тітіркенуді басуға бағытталған. Транквилизаторлардан айырмашылығы қорұыныш сезімін, үрейді баса алмайды, миорелаксациялаушы әсері жоқ, дәріге тәуелділік тудырмайды. Ұйықтататын әсері жоқ, бәрақ ұйқы келуін жеңілдетеді.Әсер ету механизмі: ми қыртысында тежелу процесін күшейтеді, ОЖЖ нің қозу процесін әлсіретеді, бас миының қыртыс қабатына өтетін белсенді импульстарды әлсіретеді. Седативті және спазмолитикалық әсер көрсетеді. А) бром препараттары; натрий бромиді, калий бромиді, бромкамфора – бромидтер қозу мен тежелу процестерінің тепе теңдігін қалыптастырады, әсіресе ОЖЖ –ң күшті қозуларында, яғни бас ми қыртысының тежелу процесін күшейтеді. Б) дәрілік өсімдік препараттары: шүйгіншөп (валериана), салаубас (бессмертник), пассифлора, таушымылдық (пиона), ново– пассит. Шүйгіншөп препаратының тыныштандыратын әсерінен басқа, спазмолитикалық әсері бар, яғни жүрек қан тамыр жүйесі неврозында және АІЖ– ң түйілуінде қолданылады.
Жеңіл неврозда, неврастенияда, жоғары тітіркенуде, вегетоневрозда (гипертониялық ауру, жүрек қан тамыр жүйесінің неврозы, АІЖ–ң түйілуі және т.б.), ұйқысыздықта қолданылады. Өсімдіктен алынған препараттары жақсы қабылданып, амбулаториялық тәжірибеде, әсіресе бөгде адамдарда кеңінен қолданылады. Жанама әсері: бромидтерді ұзақ қолданғанда кумуляцияға ұшырап, «бромизм» тудырады – жалпы теңселу, апатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, шырышты қабықшалардың қабынуы (жөтел, насморк, бронхит, коньюнктивит, іш өту), тері бөртпелері мұндай жағдайда бром препараттарын доғарып, көп мөлшерде сұйықтық және натрий хлоридімен бірге (тәулігіне 20г) белгіленеді. Natrii bromidum – натрий бромиді. Kalii bromidum – калий бромиді: 1%-3% еріт.ішуге арналған микстура құрамына кіреді. Bromcamphora – бромкамфора: 0,15 және 0,25 таб. -1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет.Tinctura valerianae – шүйгіншөп тұндырмасы: 30 мл флаконда 20-30 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет.Tincture leonuri – салаубас тұндырмасы: 25 мл флаконда 30-5- тамшыдан тәулігіне 3-4 рет. Қиыстырылған препараттары: корвалол, валокордин, валокормид, валоседан, персен. Corvalolum- корвалол: 15 мл флаконда, 15-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қабылдайды. Корвалол тыныштандыратын, спазмолитикалық және қан тамырды кеңейтетін әсері бар. Антидепрессанттар(тимолептиктер); ниаламид (нуредал), имипрамин (имизин, мелипрамин), амитриптилин (триптизол), флуоксетин (прозак), пиразидол.Антидепресанттар тқнжырау (депрессия) белгілерін басуға бағытталған: жүйке– психикалық және соматикалық ауруы бар науқастардың психикасы мен ойлау қабілетінің бұзылуымен жүретін эмоционалды кернеу, апатия, тежелу мен көңіл– күйдің төмен болуында тағайындалады. Антидепресанттар дені сау адамдардың психикасына ісер етпейі. Депрессия түріне байланысты әсері әртүрлі бағыттағы препараттар белгіленеді: астениялық жағдайда – қуаттандырғыш әсері бар антидепресанттар, ал үреймен жүретін депрессияда – психотыныштандырғыш әсері бар антидепрессанттар тағайындалады. Ниаламид – жүйке және талшық ұштарында серотонин, норадреналин және дофаминнің жиналуын және ОЖЖ– не синапсқа енуін күшейтетін МАО бәсеңсіткіш (ингибиторы) болып табылады, ол жанама әсердің көбеюіне алып келеді. Ниаламид психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді. МАО ингибиторларымен емделу кезінде ірімшік, бұршақ тұқымдастарын, құс бауырларынан, жер жаңғақ, банан, кофе, сыра, шарап, кептірілген еттерден бас тартуға тура келеді. Бұл өнімдердің құрамында тирамин бар, ол тираминді синдром тудырады, қан қысымын жоғарылатып, гипертензивті кризде айқын байқалады.
Pirazidolum – пиразидол (Б): 0,025 және 0,05 таб. 1-2 таб. тәулігіне 2 рет. МАО А түрінің ингибиторы, ОЖЖ– не реттегіш әсер көрсетеді, ал қорқыныш жағдайларында тыныштандыратын әсер көрсетеді. Imipraminum (imizinum) – имипрамин (Б): 0,025 таб. -1-2 таб. тамақтан соң тәулігіне 4 рет: 1,25% 2 мл еріт.амп.шығарылып, 2 мл- ден б\е тәулігіне 1-3 рет. Норадриналиннің, дофаминнің, серотониннің ұсталуын тежейді, одан синапста жиналуын, физиологиялық белсенділігін күшейтетін 3 циклді антидепрессанттар болып табылады. Amitripthylinum – амитриптилин (Б): 0,025 таб. : 1%-2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі. Құрылысы мен әсер ету механизмі имизинға ұқсас, бірақ тыныштандыратын әсері жоғары. Азафеннің әсеріне ұқсас. Fluoxetinum – флуоксетин (Б); 0,02 капс. Таңертең тәулігіне 1 рет. Әсері жүйке ұштарындағы серотонин, норадреналин және дофаминге аз мөлшерде ұсталуын тежейді. Психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді. Мапротилин (людиомил) – әсері мен қолданылуы имизинге ұқсас, норадреналиннің нейрональды ұсталуының ингибиторы. Жанама әсері: антидепресанттра холинотежегіш әсер көрсетеді, психикалық бұзылыстар, АҚ– ң өзгеруі, диспепсиялық бұзылулар, гепатотоксикалық әсер және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Антидепрессанттарды бауыр, бүйрек және қан жүйесі ауруларында, диабетте және жүктілікте қолдануға болмайды. Норматимиялық дәрілер (литий препараттары): литий карбонаты, литий оксибутираты – маниакальды жағдайда (маниакальды депрессияда және т.б. ) алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Әсер ету механизмдері; қозуды күшейтеді, сондай – ақ ОЖЖ–ң нейромедиаторлық процестеріне әсер етіп, жүйке жасушаларының мембранасы арқылы Na+ иондарының өтуін бұзып, натрий иондарының антогонисті болып табылады. Литий карбонаты (Lithii carbonas) – 0,3 таб. – тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң, ішке белгіленеді. Литий оксибутираты ішке және б\е енгізіледі. Әсері ұзақ преапараттары микалит, контемнол. Жанама әсері: қол мен саусақтардың дірілі, бұлшық еттің әлсіздігі, диспепсия, полиурия, шөлдеу мен жүрек ырғағының бұзылуы байқалады. Литий препараттарының емдік әсері әлсіз, сондықтан дәл мөлшерленуін қажет етеді. Бүйрек пен қалқанша безі қызметінің бұзылуында, жүрек жеткіліксіздігі мен өткізгіштіктің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды. Психостимуляторлар: кофеин, фенамин (амфетамин), меридил (центедрин), сиднокарб (мезокарб), сиднофен, бемитил(бемактор).
Психостимуляторлар ОЖЖ – не қоздырғыш әсер көрсетеді, физикалық және ойлау қабілетін жоғарылатады, шаршауды басып, көңіл – күйді көтереді, ішкі тітіркенулерді басады және ұйқы келуі мен тәбетті төмендетеді. Психостимуляторларды көп қолданғанда жүйкенің психикалық және физикалық шаршауы, яғни физикалық және ойлау қабілеттілігінің тым жоғарлауынан ағзаның жүдеуіне алып келеді. Бір қабылдағаннан кейін де толық дем алу қажет. Психостимуляторлар үйренгіштік және дәріге тәуелділік тудырады. Сондықтан абайлап қолдану қажет (тек рецепт бойынша босатылады). Фенаминде шеткерлік симпатомиметикалық әсер көрсетеді: АҚ жоғарлауы, тахикардия, жүрек жиырылуының күшеюі, көз қарашығының кеіеюә, бронх бұлшық еттерінің босаңсуы байқалады.
Сиднофеннің антидепрессивті әсері жоғары, ал психоқуаттандырғыш әсері аз байқалады. Кофеинде психоқуаттандырғыш әсері аз, ал аналептикалық әсері көп байқалады. Психостимуляторларды (сиднокарб, сиднофен, меридил) шаршаумен, апатиямен жүретін астениялық жағдайда, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінде, ұйқы келуінің артуында (нарколепсия), депрессияда (нейролептиктермен шақырылған), балаларда ойлау қабілетінің кеш дамуында, түнгі энурезде (ұйықтар алдында) қолданылады. Жанама әсері: психостимуляторлар ұйқысыздық шақырады (сондықтан тәуліктің бірінші жартысында қабылдаған жөн), тітіркену, тынышсыздық, бас ауыру, жүрек тұсының ауыруы, АҚ–ң көтерілуі, анорексия, ауыз қуысының құрғауы мен психоздық асқыну байқалады. Жүрек қан тамыр ауруларында, гипертиреозда және егде жастағы адамдардың психикалық қозуында қолдануға болмайды.
Sydnocarbum – сиднокарб (А); 0,01 таб.-1 таб.тәулігіне 1-2 рет.
Meridilum – меридил (А): 0,01 таб. 1 таб.тәулігіне 1-2 рет.
Бемитил (Б): 0,125 және 0,25 таб. шығарылады.
Антигипоксиялық және антиоксидантты әсері бар, яғни дене жүдеуінде жұмысқа қабілеттілікті күшейтеді (акропротекторлар), адаптогенді және иммунды қуаттандырғыш әсер етеді. Астенияда, неврозда,жарақатан кейінгі жағдайда, интоксикацияда, хирургиялық операциялардан кейінгі инфекцияларда және жүдеуде қолданылады.
Ноотроптар; пирацетам (ноотропил), аминалон (гаммалон), феннибут, пантогам, пикамилон, пиридитол (пиритинол, энцефабол), ацефен – есте сақтау қабілетін күшейтіп, қалпына келтіреді, жағымсыз әсерлерге мидың тұрақтылығын күшейтеді, яғни жоғарғы интегративті ми қызметін белсендіреді.