Тарих сабақтарында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау бойынша тапсырмалар білім алушылардың белгілі бір оқиғалардың себептері мен салдарын анықтап қана қоймай, оларды берілген белгілер бойынша (мазмұны, уақыты мен рөлі бойынша) жіктей алатындай түрде әзірленуі керек. Бұл білім алушылардың әртүрлі себептер арасындағы байланыстарды тауып, оларды маңыздылық дәрежесі бойынша саралай алуына мүмкіндік береді. Тапсырмаларды құрастыру кезінде тарихи дереккөздерді түсіндіру дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару керек. Білім алушылардың тарихи дереккөздермен жұмысы олардың жасы және танымдық мүмкіндіктері, сондайақ дайындық деңгейін ескере отырып, біртіндеп күрделене түсуі керек. Оқу процесінде тарихи деректер, аудио және бейне материалдар, иллюстрациялар сияқты әртүрлі дереккөздерді пайдалану ұсынылады. «Құқық негіздері» пәнін оқытуда практикаға-бағдарланған тәсілді іске асыру ұсынылады. Оның мәні алған білімді күнделікті іс-әрекетте тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптастыру болып табылады. Жаңа тақырыпты зерттеу кезінде НҚА жұмыс істеу, нақты заңдық нормаларға сілтеме жасау және білім алушылардың өмірлік жағдаяттарды шешуде құқық нормаларын қолдану дағдыларын дамыту ұсынылады. Білім алушылардың тиісті сөйлеу мәнерін қалыптастыру мен заң терминологиясын дұрыс қолдануға бағыт беру керек. Жауаптарын құқықтық тұрғыдан дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға назар аудару ұсынылады. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар, құқық нормасын дәлелді қолдану дағдыларын дамытуға баса назар аудару қажет. Барлық тапсырмалар тәжірибелік болуы керек, заңдық құжаттардың қарапайым формаларын әзірлеуге бағыт беру ұсынылады Пәндерді оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді және оқыту стратегияларын қолдану ұсынылады. Мысалы: - «Кейс стади»: білім алушылардан өз тұжырымдарын жасау, мәселенің шешімін табу, өз көзқарасын дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілетін талап ететін проблемалық жағдаяттарды жасау;
-
белгілі бір тақырыптар бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «авторлық орындық» әдістерін қолдану;
-
білім алушылардың белсенді қатысуын талап ететін құқықтық жағдайларды талқылау;
-
білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін (әртүрлі тақырыптар бойынша талқылау және пікірсайыс) цифрлық ресурстар мен компьютерлік коммуникация (мәселен, онлайн-форум, конференция, виртуалды-музей экскурсиялары) құралдарын пайдалану.
Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар
Пәндерді оқытуда зерттеу, шығармашылық жұмыстар және пікір алмасуға назар аудару маңызды. Білім алушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруда зерттеу әдісі өте тиімді болып табылады. Проблемалық, іздеу, зерттеу әдістерінің элементтерін қолдану оқу процесін нәтижелі етеді. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту белгілі бір мақсаттарға: білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оларды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыруға қол жеткізуге көмектеседі. Әрбір тоқсанда ұсынылған зерттеу жұмыстары жобалық-зерттеу сипатындағы жұмыстар ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау. Осы сабақтар барысында білім алушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кішізерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында білім алушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, 10-11-сыныптарда оқитын білім алушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарымқатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда білім алушылар келесі зерттеу дағдыларын көрсетуі тиіс:
-
зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
-
зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;
-
зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,
-
зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;
-
алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері) таңдау және жүйелеу;
-
ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік-сызбалық немесе графикалық және т. б.;
-
зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.
-
жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.
Цифрлық құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстар
Цифрлық құралдарды пайдалану білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырады және білім алушылардың:
-
цифрлық ресурстармен жұмыс істеу;
-
білім алушылардың білімін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;
-
орындалатын өзіндік жұмысқа жауапкершілікпен қарау, шығармашылықпен жұмыс істеу;
-
өз пікірін, ойын білдіру;
-
салыстырмалы жұмысты жүргізу;
-
өз пікірін, ойын дәлелдеу және қорғау дағдыларын қалыптастырады.
Білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту үшін мұғалімдерге: − материалды сапалы игеру және білім алушылардың олармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін цифрлық білім беру технологияларын пайдалану; − білім алушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке деректерін қалай қорғау және Интернеттен ақпаратты қалай дұрыс іздеу және Интернеттен тапқан ақпараттың дұрыстығын тексеруге үйрету; − интернеттегі кітапханалар, мәліметтер базасы және өзін-өзі басқаратын білім беру платформалары сияқты онлайн оқыту ресурстарын пайдалану, материалды зерттеу; − білім алушылардың мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және басқа бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; − білім алушылардың цифрлық әлемде коммуникация дағдыларын дамыту ұсынылады. Цифрлық білім беру ресурстарын дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде және өзіндік жұмыста, қорытынды қайталау кезінде және т.б. пайдалануға болады Мысалы, мультимедиялық презентациялардың көмегімен фактілер, оқиғалар, қатынастар, құбылыстарды және тағы басқаларын бейнелі түрде ұсыну жүзеге асырылады. Мультимедиялық презентация тақырыпты анимациялық сюжеттер, түрлі-түсті иллюстрациялар, анимациялық тарихи карталар, мұрағаттық құжаттар арқылы ашады. Бұл білім алушыларға виртуалды тарихи әлемге ену, белгілі бір тарихи дәуірдің ерекшеліктерін қайта құруға және т. б. мүмкіндік береді. Сабақта төмендегі электронды ресурстарды пайдалану ұсынылады:
«XIXXX ғасырлар тоғысындағы Қазақстан», «Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» 4 бөлім - «Қазақ халқының хандығы», «Қазақ халқының даңқты ұлдары», «Тарихқа дейінгі уақыт», «Алтын Орда құрамында» и т.б.
Құндылыққа бағытталған оқытуды іске асыру жөніндегі ұсынымдар
Пәнді оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл білім алушыларда Қазақстандық патриотизмді, толеранттық сананы қалыптастыру, ата-бабалардың тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты дамыту арқылы іске асырылады. Әртүрлі тарихи кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы білім алушылар тарихи процестің біртұтастығы мен сабақтастығын Қазақстан тарихын дүниежүзі тарихының бір бөлшегі екенін біледі. Білім алушылар әлем елдерінің тарихын зерделеу арқылы мәдени әртүрлілікті, адамзат қауымдастығының біртұтастығын түсінеді, халықтар мен елдердің бейбіт, екі жаққа да пайдалы ынтымақтастық пен әрекеттестікті орнатудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтайды. Білім алушылар тарихи даму процесіндегі Қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінеді. Сонымен қатар, тарихи мұрадағы мәселелер мен қарама-қайшылықтардың бар екендігін біледі, тарихи процестердің заңдылықтарын анықтауға және олардың одан әрі дамуын болжауға үйренеді. Сабақты құрылымдау кезінде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, жағымды мысалдар арқылы құқық нормаларын құрметтеу, өмірлік жағдайларды қарастыру, қоғамдық процестерді құқықтық реттеудің артықшылықтарын көрсетуге ықпал ететін оқыту тәсілдері мен белсенді әдістерін қарастыру қажет. Мысалдар зерттелетін тақырып аясында болуы керек. Құқық нормаларымен реттелетін қажетті мінез-құлықтың пайдасын көрсететін оң тұжырымдарды қамтуы керек. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңыздылығы, қазақ қоғамындағы демократиялық процестердің маңыздылығын көрсететін мысалдар келтіру ұсынылады. Құндылыққа бағытталған тәсіл бойынша сабақты құрылымдауда:
-
қазақтардың әдет құқығы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мысалдарына ерекше назар аудару;
-
нормативтік-құқықтық актілермен жұмыстың жүйелілігіне, Жаңа тақырыпты зерттеу аясында білім алушылар өз дәлелдерін заңның нақты нормаларына сілтеме жасай отырып құруына;
-
мысалдар әлеуметтік тұрғыдан пайдалы пен құқықтық реттеудің
тиімділігін көрсетуіне;
-
құқықтық құжаттармен жұмыста, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде құқықтық терминологияны дұрыс қолдануға;
-
заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттерді бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің болуын дәлелдейтін мысалдар келтіруге көңіл бөлу ұсынылады.
2- кесте. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша құндылыққа бағытталған тәсіл негізінде құндылықтарды қалыптастыру
Құндылық: Қазақстан тәуелсіздігі және Астана
|
Оқу мақсаттары
| Оқытудағы іс-әрекет
|
«Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануының тарихи
маңызын түсіндіру»
| -
1990 жылғы «Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» мен 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңын» салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, тұжырым жасайды.
-
«Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңы қабылдануының тарихи маңызы неде» атты тақырыпта шағын эссе жазады
|
«Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде бағалау»
| -
Түрлі деректерді қолданып, ҚР Елордасын көшіру себептерінің тізімін жасайды.
-
Бес-алты себепті маңыздылығына қарай «пирамидаға» орналастырады. Таңдауларын түсіндіреді
|
Бұл тәсіл білім алушылардың жеке құндылықтар жүйесін мақсатты қалыптастыру, оқиғаларды тарихи талдау және түсіндіру дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Тұлғаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдерді іске асыру жөніндегі ұсынымдар
«Адам және қоғам» саласы пәндері бойынша білім мазмұнын жүзеге асыру барысында білім алушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, тарихи дамудың күрделі сұрақтарын, құқықтық жағдаяттарды, кейстерді, қоғамдағы құқықтың орны мен рөліне қатысты мәселелерді талқылау барысында өз ұстанымын анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, тарихи оқиғаларға, құқықтық жағдаяттарға баға беру және өзіндік қорытындылар жасау, қарастырылып отырған тарихи оқиғалар мен процестерге өзіндік көзқарас пен пікір білдіруге бағыт беру ұсынылады. Оқыту мен тәрбиелеуде тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыруда білім алушылардың қызығушылықтарын арттыратын пәнаралық байланыстар арқылы оқыту ұсынылады. Бұл ретте қазіргі заманғы білім беру процесінің негізгі принциптерін (оқытудың вариативтілігі, интеграция, білім беру мазмұнының тұтастығы, жүйелілік, дамыта оқыту, білім алушылардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігі принциптерін) ескеру ұсынылады. Сабақ жоспарын құру кезінде келесі ұсыныстарды ескеру қажет: