Материал: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

жартысында топтармен, кіші топтармен және жеке өткізіледі.

Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты түзету пәндері, жалпы білім беру циклі пәндері шеңберінде, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі арнайы мектептердің/ сыныптардың жұмысы ұзартылған күн режимінде ұйымдастырылады, бұл бұзылған функцияларды еңсеру және өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. Оқу күн тәртібі білім алушылардың шаршау мүмкіндіктерін ескере отырып белгіленеді: үзілісте демалу үшін жеткілікті уақытымен бірінші ауысымда оқыту жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен бірлесіп, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке тегін оқытудың типтік оқу жоспарының бөлінген сағаттары шегінде пәндер арасында сағаттарды бөледі. Емдеуші дәрігердің келісімі бойынша білім алушылардың мектепте сабақтарға және жекелеген сабақтарға қатысуы көзделеді.

Бастауыш білім беру деңгейі

Арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептермен бірлесе отырып білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін, сондай-ақ оқытудың арнайы жағдайларын жасай отырып, қалпы бұзылған қызметтерді атқару міндеттерін қарастырады, оларға мыналар жатады:

  1. бастауыш білім беру деңгейінде оқудың ұзартылған (ұлғайтылған) мерзімдері-5 жыл (0-4 сыныптар);

  2. арнайы оқу жоспарлары және арнайы оқу бағдарламалары;

  3. оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері мен құралдары;

  1. техникалық және компенсаторлық құралдар;

  2. тіршілік ортасы;

  3. арнайы дайындалған педагогтер;

  4. психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер:
сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ЕДШ нұсқаушылары);

  1. даму кемшіліктерінің орнын толтыруды, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;

  2. медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер;

  3. жеңілдетілген педагогикалық режим (ұзартылған күнмен бірінші ауысымда оқыту).
Арнайы мектептерде /сыныптарда бастауыш білім беру деңгейінде оқу ұзақтығы 0 сынып есебінен білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың баяу қарқынын, мектепке дейінгі жаста туындаған даму және оқыту олқылықтарының орнын толтыруды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін пәндерге пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді енгізу қажеттілігін ескере отырып, 1 жылға ұлғайтылды.
Негізгі орта білім деңгейі Негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы мектептер/сыныптар жалпы білім беретін мектептермен ортақ білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін, сондай-ақ бұзылған функцияларды өтеу, өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кәсіптік бағдарлау, арнайы оқу жағдайларын жасай отырып, бастапқы кәсіптік даярлау міндеттерін шешеді, оларға мыналар жатады:

  1. негізгі орта білім беру деңгейінде ұзартылған (ұлғайтылған) оқу мерзімдері-6 жыл (5-10 сыныптар);

  2. арнайы оқу жоспарлары және арнайы оқу бағдарламалары;

  3. оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері мен құралдары;

  4. техникалық және компенсаторлық құралдар;

  5. тіршілік ортасы;

  6. арнайы дайындалған педагогтер;

  7. психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер:
сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ЕДШ нұсқаушылары);

  1. даму кемшіліктерінің орнын толтыруды, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;

  2. медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтер.
Арнайы мектептерде /сыныптарда негізгі орта білім беру деңгейінде оқу ұзақтығы білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың баяу қарқынын, оқу бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруге ықпал ететін пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді жалпы білім беретін пәндерге енгізу қажеттілігін ескере отырып, 10 сынып есебінен 1 жылға ұлғайтылды. Еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларға сүйене отырып және психологиялық-физикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе еңбек бейінін таңдау негізінде өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін еңбекке баулу бейіндері бойынша типтік оқу бағдарламалары білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп педагогтері құрастырған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламаларды пайдаланылады. Кәсіптік – еңбекке оқыту (жалпы еңбек даярлығы), әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, шаруашылық еңбек, қолөнер сабақтары үшін сыныптар екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлері бойынша топтарды жинақтау білім алушылардың психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Білім алушыларды параллель және сабақтас сыныптардың кіші топтарына біріктіруге болады.
10-сыныпта зияты төмендеген білім алушыларды оқыту тереңдетілген кәсіптік-еңбек даярлығы үшін арнайы жағдайлар жасай отырып ұйымдастырылады. Мектепте оқу кәсіптік-еңбек даярлығы бойынша емтихан тапсырумен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін. Ақыл-ойы орташа бұзылған білім алушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша бітіру емтиханы тапсырылмайды. Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Негізгі мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім алушылар жалпы орта білім және кәсіп алу мақсатында кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте оқуын жалғастырады. Зиятында жеңіл және орташа төмендігі бар түлектер осы санаттағы білім алушылар үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады. Зияты төмен білім алушылар екінші жылға (қайта оқыту) қалдырылмайды.

Жалпы орта білім деңгейі

Арнайы мектептер/сыныптар жағдайында 11-12 сыныптарда көру, есту қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар жалпы орта білім алады. Бейіндік оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қоғамдықгуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдау білім алушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру үдерісінің компенсаторлықдамытушылық бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда қамтамасыз етіледі;Типтік оқу жоспарының түзету компонентінің сағат көлеміне сәйкес психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен сабақтар өткізіледі. Сабақтар топтық және жеке нысандарда өткізіледі: 1) көру қабілеті бұзылған оқушылар үшін:

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ);

  • кеңістіктік бағдарлау;

  • мимика мен пантомимиканы дамыту.
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылар үшін:

  • емдік дене шынықтыру;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;
3) есту қабілеті бұзылған оқушылар үшін: - айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту; - ауызекі және күнделікті сөйлеуді дамыту; - қимылмен сөйлеуді үйрену. Түзету компонентінің сабақтарына сағаттарды бөлу мектептің педагогикалық кеңесінің қалауы бойынша жүргізіледі.

Арнайы мектеп/сынып оқушыларын бағалау жүйесі

Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібі мен кезеңдерін дербес айқындайды. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау кезінде оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау үрдісінде мұғалім оқушылардың оқу материалын игерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе әр оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына назар аудару қажет. Мұғалім сараланған және/немесе жеке бақылау тапсырмаларын пайдаланады, сондай-ақ оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Арнайы мектептерде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», «Еңбекке баулу», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері», «Қол еңбегі», «Дене шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «сыналды» / «сыналмады» қойылады.
Зиятының жеңіл және орташа төмендігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке көзқарасты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жетістіктерді бағалау кезінде әртүрлі типологиялық топтардағы оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Зияты төмендігі жеңіл оқушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және бірінші сыныптарда балдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы ілгерілеу нәтижесі оқушылардың іс-әрекет өнімдерін (жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер) талдау, сөйлеуді дамыту деңгейі және сабақтағы іс-әрекетті бақылау негізінде анықталады және сипаттамалық сипатта болады. Зият төмендігі орташа оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін көрсететін критериалды сипаттамалық бағалау пайдаланылады. Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін педагог оқу жүктемесін және олар зерттеген оқу материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.

ІІІ

Бағалаудың негізгі ерекшеліктері

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

Бағалау нормативтік құқықтық актілерге және педагогтерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдарға сәйкес жүргізуі тиіс:

  • 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген өзгерістерге сәйкес «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;

  • «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы;

  • Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орта мектеп үшін критериалды бағалау және құжаттау рәсімдері жөніндегі нұсқаулық;

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал;

  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;

  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;

  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Әдістемелік әзірлемелерді мына сайттардан табуға болады: www.uba.edu.kz,www.smk.edu.kz. Критериалды бағалаудың құрылымы Критериалды жүйенің негізгі компоненттері формативті (ФБ) және жиынтық бағалау (ЖБ) болып табылады.

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

Формативті бағалау – критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементі. Жиынтық бағалаудың нәтижесі де ФБ қалай ұйымдастырылғанына байланысты. ФБ білім алушылардың білімін меңгеру мен дағдыларын қалыптастырудың ағымдағы деңгейін анықтайды, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын және оқу мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі педагогке білім алушының жеке жетістіктері мен оқудағы ілгерілеуі туралы толық көрініс алуға мүмкіндік береді, сондықтан жиынтық бағалау жүргізілгенге дейін оқу процесін уақтылы түзетуге және білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюға көмектеседі. ФБ білім алушылардың сабақта нақты тапсырмаларды немесе әрекеттерді орындауы кезінде үнемі кері байланыс беруге бағытталған. Әр сабақ білім алушылардың өздері түсіну деңгейінде оқыту мақсаттары мен оларға қол жеткізу критерийлерін айтудан/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы оқытудың мақсатын түсініп, оған қалай қол жеткізуге болатынын түсінуі керек.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/154897