Ескерту: Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.
-
қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.
-
артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;
-
артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.
-
Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Құрал-жабдықтар: секунді тілі бар сағат, қызу парағы, көк стержен, қалампсап.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.
-
Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.
-
Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
-
Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.
-
Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.
-
Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.
Ескерту: -
Тыныс алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;
-
1 минуттағы тыныс алу қозғалысының саны – тыныс алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ТАЖ);
-
дені сау ересек адамның қалыптағы тыныс алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;
-
тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;
-
дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;
-
Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.
-
Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.
-
Су балансын анықтау және есептеу
Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Құрал-жабдықтар: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдыс және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдыс, су балансын есептейтін парақ, қаламсап, қызу парағы.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.
-
Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
-
Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
-
Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.
-
Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
-
Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.
-
Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.
Бөлінген сүйықтық Бөлінген зәрдің уақыты
| Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
-
Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз
Енгізілген сүйықтық Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты
| Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
-
Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.
Мейірбикенің міндеттері: -
Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.
-
Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.
-
Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).
-
Қатты тамақтарда 60-тан80% дейін су бар.
-
Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.
-
Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.
-
Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).
шығарылған зәр мөлшері
· 100шығарылуы %
= енгізілген сұйықтық мөлшері
-
Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.
-
Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.
-
Егерде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.
-
Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.
-
Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.
Нәтижесінің бағасы:80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).
-
Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).
-
Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.
VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру -
ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Көрсеткіштері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.
Құрал-жабдықтар: сүлгі, салфетка, поильник, сұйықтық ішуге арналған түтік, қасық, тарелка, жылы тамақ.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұраңыз.
-
Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.
-
Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.
-
Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).
-
Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.
-
Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.
-
Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.
-
Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.
-
Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.
-
Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру
Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.
Көрсеткіштері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру
тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісі, 200 мл құйғы немесе Жане шприці, салфеткалар, фурацилин ертіндісі, қасқыш, фонендоскоп, 3-4 стакан, жылы сұйық тамақ 600-800 мл мөлшерінде, лоток, жабысқыш пластырь, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа және туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Енгізетін сүнгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.
-
Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.
-
Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.
-
Мұрын жолдарын қараңыз.
-
Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз,
жұтынуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.
-
30-40 мл ауаны жане шприціне сорып алып және оны сүнгіге жалғастырыңыз.
-
Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз.
-
Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).
-
Сүнгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.
-
Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз және оны науқастын бетінің айналасына және басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мұрынның қырына). Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.
-
Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.
-
Құйғыны немесе Жане шприцін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғынын ауызында тамақ қалмағанша.
-
Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.
-
Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.
-
Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанғанға дейін науқастын
-
мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.