Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Көрсеткіштері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.
Қарсы көрсеткіштері : іш пердесінің қабынуы.
Құрал-жабдықтар: ыстық (t-60-70
0С) суы бар ыдыс, су термометрі, 2 салфетка, клеенка, мақта, сүлгі.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
-
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
-
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
-
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
-
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
-
Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
-
Науқасты жылы жабыңыз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
-
Салқын компресті қою
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Көрсеткіштері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсеткіштері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Құрал-жабдықтар: салқын суы бар ыдыс, бірнеше рет қабатталған 2 салфетка, қолғап, ҚЖКЖК
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
-
Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
-
Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
-
Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.
-
Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
-
Емшара аяқталғаннан кейін қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз
Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.
-
Жылы және дәрілік компресТерді қою
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Көрсеткіштері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсеткіштері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю
Құрал-жабдықтар: компрестік мата немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфетка, компрестік қағаз, мақта, бинт, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділер, 20-25
0С су, қайшы, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
-
Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
-
Дененің қажетті учаскесіне компрестік дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
-
Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
-
Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).
-
Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
-
Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
-
2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
Ескерту: -
егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;
-
спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;
-
компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;
-
қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.
-
Сүлікті қою
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.
Көрсеткіштері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.
Қарсы көрсеткіштері : қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.
Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.
Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: таңғыш бинт, науа, шымшуыр (пинцеттерді), тампондар, сүрткілер, пробиркалар, 40% глюкоза ерітіндісі, натрий хлорид ерітіндісі, тұздалған су, ыдыстағы ыстық су, 6-8 белсенді сүліктер, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.
-
Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.
-
Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.
-
Теріні құрғатыңыз.
-
Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.
-
Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.
-
Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.
-
Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.
-
Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.
-
Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).
-
Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.
-
Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.
-
30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.
-
Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.
-
Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖКЖК- ға салыңыз.
-
Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен салфетканы көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).
-
Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз, қолыңызды жуып, кептіріңіз
-
Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
Ескерту: -
сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;
-
сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;
-
асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;
-
сүлікті бір рет қана қолданады.
-
ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру
Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту.
Көрсеткіштері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Құрал-жабдықтар: Кислород баллоны,Бобров аппараты, дистилденген су (70% спирт- пенагаситель ретинде), залалсыздандырылған: лоток, мұрын катетері, пинцет, шпатель, турундалар, қолғап, вазелин майы немесе глицерин, жабысқыш пластырь, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
-
Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:
-
таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, (өкпе ісігінде 70% спиртті) құйыңыз;
-
жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;
-
ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.
-
Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.
-
Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдатыңіз.
-
Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.
-
Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.
-
Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.
-
Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.
-
Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.
-
Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.
-
Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).
-
Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз.
-
Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.
-
Катетерді алап тастаңыз.
-
Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -
катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;
-
қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);
-
ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.
Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беруМақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату
Көрсеткіштері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Құрал-жабдықтар: оттегі жастықшасы, мундштук, 4 қабаттан жиналған дәке салфетка, 70% спирт ерітіндісі немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, су, оттегі бар баллон, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
-
Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.
Ол үшін:
-
оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;
-
жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;
-
оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.
-
Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.
-
Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.
-
Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.
-
Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).
-
Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.
-
Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.
-
Пайдаланған салфетка, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері