Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.
-
Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.
-
Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).
-
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасты орындыққа отырғызыңыз.
-
Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.
-
Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).
-
Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.
-
Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.
-
Науқасты палатаға апарыңыз.
-
Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
141. Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындауАсқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.
Көрсеткіштері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: ойық жарадан қан кету.
Құрал-жабдықтар: Эсмарх крушкасы, залалсыздандырылған ұштық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, сульфат барий жүзгіні (100-150 гр), қолғап, жолдама бланкілері (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін,) зарарсыздандыру ерітіндісі, судно.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: -
Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).
-
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
-
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.
-
Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
-
Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.
-
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: -
Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.
-
Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.
-
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
142. Науқасты ирригоскопияға дайындау Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.
Көрсеткіштері: жуан ішектің барлық аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Құрал-жабдықтар: Эсмарх крушкасы, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы су, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, қолғап, судно, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, барий сульфаты жүзгіні (1,5 л, t36-37
0С), шылапшын, лоток, сүрткілер, су термометрі, алжапқыш, фортранс, адсорбенттер, ферментті дәрілер, жолдама бланкасы (зерттеу әдісінің атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).
Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз.
-
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
-
Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.
-
Дәрігердін тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.
-
Күндіз 12 сағатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.
-
18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.
-
Кеште зерттеу қарсанында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.
-
Тәнертен зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.
-
Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.
-
Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.
Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.
-
Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.
-
Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.
-
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Ескерту: -
ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды;
-
тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.
143. науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындауБүйректі және зәр бөліну жолдарын реңтгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.
Көрсеткіштері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.
Құрал-жабдықтар: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды зат, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкасы (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).
Пиелографияны дәрігер жүргізеді.Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: -
Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.
-
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
-
Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.
-
Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.
-
Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.
-
Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігі туралы наукасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты,
-
сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.
-
Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.
-
Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.
-
Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.
-
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.
-
Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.
-
Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.
-
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар144. АСҚАЗАНДЫ ЖУУМақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазанның ішіндегісін шығару.
Көрсеткіштері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 2 жуан асқазан сүңгісі (ұзындығы 70 см), жалғастыратын шыны түтік, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғы, лотоктар, шылапшын, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза су (t-20-22
0С),бет қолғап, 2 клеенкалы алжапқыш, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыра немесе крушка, дәке салфеткалары, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, құрғақ хлорлы әк, сүлгі немесе ақ жайма, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасы, қақпағы бар таза құрғақ банка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
-
Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.
-
Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
-
Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).
-
Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.
-
Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.
-
Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.
-
Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.
-
Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз.
-
Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.
-
Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.
-
Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.
-
Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз.
-
Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.
-
Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.
-
Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.
-
Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.
-
Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.
-
Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз.
-
Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.
-
Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
-
Қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
-
Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.
-
Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.
-
Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.
-
Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.
Ескерту: -
сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;
-
егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;
-
шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;
-
егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;
-
сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
145. АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ЖУУМақсаты:емдік: улану- организмнен улы токсиндерді шығару және олардын әсер етуін тоқтату.
Көрсеткіштері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, химиялық уланғанда.
Құрал-жабдықтар: 2-3 л мөлшеріндегі су,шпател, стакан, орамал немесе салфеткалар, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, шылапшын, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасы, қақпағы бар таза құрғақ банка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:1.Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.2. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).3. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды қойыңыз.4. Науқастың кеудесін орамал немесе салфеткамен жабыңыз.5. Науқасқа 4-6 стакан су ішуін сұраймыз.6. Науқастың құсу рефлексін болдыру үшін сол қолымызбен шпател арқылы немесе оң қолдың 2-3 саусағымен тілдін түбірін тітіркендіріңіз.7. «Таза жуынды су» шыққанша процедураны бірнеше рет қайталаңыз.8. Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
Ескерту:Белгісіз «У»мен уланған жағдайда:
-
қақпағы бар таза құрғақ банкаға құсықты жинаңыз;
-
қақпағын тығыз жауып,жолдамамен зертханаға жіберініз.
146. Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізуМақсаты: диагностикалық: асқазанның ішіндегісін алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.