Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
133. Бактериологиялық зерттеугетікелей тік ішектен нәжісті алуМақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған аузы мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтік, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампоны материалды алуға арналған, қолғап, бет перде, форма бойынша жазылган жолдама, клеенка, стеклограф, штативті тасымалдауға арналған контейнер немесе бикс, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғап пен бет пердені киіңіз.

  3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

  5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

  7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

  8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

  9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

  10. Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

  11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

  12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

  13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  14. Қолғапты, дем пердесін шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.
Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.134. Науқасты бронхоскопияға даярлауМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бронхоскоп, сүрткілер, транквилизаторлар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, сүлгі, ауру тарихы, жолдама.
Бронхоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарадыІс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеудің мақсатын мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп
ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  1. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.

  2. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

  3. Зерттеудің алдында наукас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

  4. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.

  5. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.

  6. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.

  7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.

  8. Наукасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.
135. Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлауМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асказан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскоп, сүлгі, зерттеуге жолдама.ФГДС-ті дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарадыІс-әрікет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

  3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

  4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

  5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

  6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады)

  7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.
Ескерту:

  • т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

  • биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.
136. Науқасты колоноскопияға даярлауМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.Құрал-жабдықтар: колоноскоп, Эсмарх крушкас, шылапшын, қайнатылған су, фортранс, клеенка, жайма, судно, салфеткалар, қолғаптар, вазелин, шпатель, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, жолдама.Колоноскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекшіқызметін атқарадыІс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

  3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

  4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

  5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

  6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

  7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

  8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

  9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

  10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.
Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту – дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.137. науқасты РекторомАноскопияға даярлауМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ректоскоп, салфеткалар, вазелин, шпатель, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, шылапшын, алжапқыш, қолғап, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.Ректороманоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарадыІс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.

  2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

  3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

  4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

  5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

  6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту:

  • ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;

  • ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

  • егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

  • науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
138. Науқасты цистоскопияға даярлауМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: цистоскоп, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтар.Цистоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші кызметін атқарадыІс-әрікет алгоритмі:

  1. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.

  3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

  4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

  5. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.

  6. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.

  7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.
139. Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындауіш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрекМақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.Көрсеткіштері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілер, сүлгі, ақ жайма.Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Дайындау ережесін бұзыуының.

  3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

  4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

  5. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

  6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

  7. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

  8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

  9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

  10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

  11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):

  • науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

  • 2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз;

  • зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сұраңыз.
140. науқасты Бронхографияға дайындауБронхография – тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.Көрсеткіштері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.Қарсы көрсеткіштері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.Бронхографияны дәрігер жүргізеді.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009