ІІІ. Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидті препараттары. Ко-тримоксазол (бактрим, бисептол, септрин, кандибене, ориприм, берлоцид). Құрамында сульфаметоксазол мен триметоприм бар. Әсер ету механизмі: Сульфаниламидтер ПАБҚ-ң дегидрофолий қышқылына өтуін, ал триметоприм дегидрофолий қышқылының тетрагидрофолий қышқылына өтуін бөгеп, пуриндер синтезін, одан ДНҚ және РНҚ синтезін бұзады. Потесептил (потесетта) – құрамы: сульфадимезин + триметоприм. Лидаприм – құрамы: сульфаметрол + триметоприм. Сульфатон – құрамы: сульфамонометоксин + триметоприм. Гросептол - құрамы: сульфамеразин + триметоприм.Жоғарыда айтылғандай бактерицидті әсер ететін, микробқа қарсы спектрі кең препараттар. Тыныс жолдарының инфекцияларында, несеп шығару жолдарының инфекцияда, урологияда, ішек инфекциясында, отитте, менингитте, сепсисте, паразитарлы инфекцияларда (лейшманиоз, токсоплазмоз, малярия) қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, қан жасалуының тежелуі, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, суперинфекция (кандидамикоз), тератогенді әсер көрсетуі мүмкін. Бауыр, бүйрек қызметі бұзылуының ауыр түрінде, қан жасалуы бұзылуларында, аллергияда және жүктілікте қолдануға болмайды. Biseptol – бисептол (Б): - (0,12 және 0,48) офиц. таб. шығарылып, 2 таб. тәулігіне 2 рет тамақтан соң; 5 мл амп. шығарылып, 10 мл 250 мл 0,9% NaCl еріт. тәулігіне 2 рет к/т тамшылатып енгізіледі. Ескерту: сульфаниламидтерді новокаинмен, анестезинмен, фолий қышқылымен, новокаинамидпен бірге қолдануға болмайды, себебі олар ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі, яғни сульфаниламидтер синтетикалық диабетке қарсы дәрілердің әсерін күшейтіп (сульфанилмочевина туындылары – бутамид, глибенкламид және т.б.) гипогликемияға алып келуі мүмкін; К витамині антагонистерінің әсерін күшейтуінен қан кетуге алып келуі мүмкін, метотрексаттың әсерін (агранулоцитоз қауіпі бар) күшейтеді. б) Нитрофуран туындылары. Фурациллин («Антисептиктер» тақырыбына қараңыз), фуразолидон (нифурозид), нифуроксазид (эрцефурил), фурадонин (нитрофурантоин), фурагин (солафур), фуразолин, нифуратель (макмирор). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзады, цитоплазмалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің қызметін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық және бактерицидті әсер көрсетеді. Бактериялардың ферменттік жүйелерін бұзу жолымен бактерицидті әсер етуі мүмкін, препараттың микробтарға қарсы әсер төзімді микроорганизмдер дамуын алдын алады.
Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға және бактерияларға, қарапайымдыларға (трихомонада, лямблий), хламидияға, клостридияға, спирохетке әсері төмен. Көкіріңді таяқшаларға, протейге, клебсиеллаға, энтеробактерияларға, саңырауқұлақтарға, вирустарға әсер етпейді. Нитрофурандарға микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу пайда болады. Қолданылуы: Жергілікті, антисептик ретінде жара, күйікті емдеу үшін, қуыстарды жуу үшін 0,02% фурациллиннің еріт. және 0,5-1% фурагин еріт. (калий тұзы, солафур) қолданылады. Ішек инфекцияларын емдеу үшін (дизентерия, іш сүзегі, тамақпен улануда, лямблиоз, энтероколит, өт жолдарының инфекциясында) фуразолидон және нифуроксазид ішке қолданылады. Урологиялық инфекцияны емдеу үшін фурадонин, фурагин, фуразолин – ішке; нифуратель таблетка, вагинальды суппозиторий және вагинальды жағылма түрінде қолданылады. Фуразолин мен фурагин кейде пневмонияда, сепсисте, остеомиелитте, тілме қабынуында қолданылады, себебі олар басқа препараттарға қарағанда ұлпаларға жеңіл өтеді. Жанама әсері: диспепсия, аллергия, нейропатия (бас айналу, бас ауыру, полиневрит, есту қабілетінің бұзылуы, көз жүйкесінің зақымдалуы), тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек қызметі бұзылуында, жеке көтере алмаушылық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (эритроциттердің гемолизі пайда болуы мүмкін). Furazolidonum-фуразалидон (Б):0,05таб,:2таб,төулігіне 3-4 рет тамақтан соң.Furadoninum-фурадонин(Б): 0,05таб,:0,1 ішекте еритін таблетка тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.в)Хинолондар.Хинолондардың I буыны (8- оксихинолин туындылары).Әсер ету механизмі:ақуыздардың денатурациясын тудыратын,құрамында галогені бар(йод-энтеросептол және хиниофон, хлор-энтеросептол және хлорхинальдон, бром-интестопан),бактерицидті әсер көрсетеді.Микроорганизмдердің металлға тәуелді ферменттік жүйесін жояды.Хинозол ертінді,сеппе,жағылма түрінде жергілікті антисептик ретінде лданылады. энтеросептол,хиниофон, хлорохинальдон, <<Интестопан>>таблетка,<<Интетрикс>> капсула ішек ішек инфекциясын емдеу үшін қолданылып ,гармм(-) энтеробактерияларға, амебаларға, лямблияларға әсер етеді,өте улы болғандықтан(аллергия,йодизм немесе бромизм, шеткерлік невриттер,кору жүйесінің зақымдалуын тудырады) қолданылуы шектеулі,микроорганизмдерге екіншілік резистенттік жылдам пайда болады.Мексаформ(құрамында энтересептол М-холинеомиметик және т.б бар)түйілумен жүретін энтероклитте қолданылады:мексаза( құрамында энтересептол,ферменттер өт қышқылдары бар)метеоризмде,ішекте ашу процестері күшейгенде колданылады.
Нитроксолин(5-НОК)-несеп шығару жолдарының инфекцияларында(пиелонефрит,цистит,уретрит,простатит және т.б)қолданылады,АІЖ-да жақсы сіңіріліп,бүйректен өзгеріссіз шығарылады.Әсер ету спектрі кең:грамм (+)және грамм (-) бактерияларға ,Candida саңырауқұлактарына басқа микробқа қарсы дәрілерге қоздырғыштардың тұрақтылығында әсері күшті.Жанама әсері:диспепсия,аллергия,зәрдің қызыл сары түске боялуы.Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек.Nitroxolinum-нитроксолин (Б):00,5таб. (драже) шығарылып,2 таб. (драже)тәулігіне 4 рет тамак үстінде.Хинолонрадын ІІ буыны.Налидикс қышқылы(неграм,невиграмон),оксолиенді қышқылы(грамурин),пипемидин қышқылы(палин).Әсер ету механизмі:микроорганизмдердің металлға тәуелді ферментті жүйесін жояды.Препарттың молшеріне байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді.Әсер ету спектрі:грамм(-) энтеробактерияларға-эшерехия,шигелла,сальмонелла,протей,клебсиеллаларға қарсы әсер көрсетеді,ал пепимедин қышқылы көркіді таяқшаларға әсер етеді.Екіншілік резистентілік жылдам пайда боладф.Қолданылуы:жіті және созылмалы несеп шығару жолдарының инфекцияларында,ал налидикс қышқылы сондай ақ энтероколитте холециститте,отитте қолданылады.Жанама әсері:диспепсия,аллергия,фотодерматоз,бас ауру,бас айну,оксолиен қышқылы тахикардия,ұйқысыздық шақыруы мүмкін.ҚОлдануға қарсы көрсеткіштербауыр және бүйрек қызыметі бұзылғанда ,тыныс алу тежелуінде жүктіліктің алғашқы 3 айында,2 жасқа дейінгі балаларга қолдануға болмайды.Acidum nalidixum-налидикс қышқылы (Б):0,5таб.және капсула шығарылып,1-2 таблетка тәлігіне 3-4рет белгіленеді.Ескерту:Хинолондарды нитрофурандармен(антагонист)антидциттермен ,темір препаратымен (хинолондардың сіңірілуін төмендетеді)бірге қолдануға болмайды.Хинолондардың ІІІ буыны (фторохинолдардан). Пефлоксацин (абактал,пефлацин) офлаксацин(таривид), норфлоксацин (нолицин,нарбактин), ципрофлоксцин (сифлокс, цифран, ципролет, ципробай), ломефлоксацин (максаквин), спарфлоксацин (загам), флероксацин (хинодис). Әсер ету механизмі: бактериялардың ДНК гидразасын тежеп,одан ДНК қызыметі мен қызыметінің құрылысы бұзылып, ақуыз синтезін тежейді. Бактерицидті әсер көрсетеді.Постантибиотикалық әсері(5-11сағ)бар,Әсер ету спектрі өте кең:аэробты грамм (-) микроорганизмдерге белсенділік танытып,грамм (+) және жасуша ішілік қоздырғыштарға әсері әлсіз ,анаэробты бактерияларға белсенділігі төмен .Спарфлоксоцин туберкулкз микробактериясы мен лепраға, грамм(+) кокктага әсер етеді.Спарфлоксацин мен флеросацининнің хламидий мен микоплпзмаға әсері жоғары.Фторохинолдарға: сұр тропонема, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдылар метициллинрезистентті стафилаккоктар тұрақты болып келеді.Фторхинолдарға екіншілік резистенттік баяу дамиды .Қолданылуы:Фторхинолдар-резервті микробқа қарсы дәрілер,олардың белсенділігі жоғары кең спектрі антибиотиктердің парентеральді қолданылуында әсері болмаған жағдайда тағайындайды.Жеңіл инфекциялада қолданылмайды.Фторхинолдардың тыныс алу жолдарының инфекциялаында;құлақ , тамкқ, мұрын , өт пен несеп шығару жолдарының;іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің;тері ,жұмсақ ұлпалар мен сүйектің ; гинекологиялық жұқпалы
ауруларында минигитте;сепсис пен ауыр іріңді инфекцияладың асқынында қолдануға болмайды.Барлық фторохинолдар АІЖ жақсы сіңіріліп , ағза ұлпаларына және сұйықтықтарға жақсы таралады.Қандағы терепевті концентрациясы 12 сағ ал әсері ұзартылған препараттарында.спарфлоксацин, флероксоцин және руфлоксоцинде әсері 24 сағат. Жанама әсері:улылығы томен;диспепсияға, аллергияға , фотосенсибилизация,
Кейде бас ару , бас айналу,ұйқысыздық немесе ұйқының келмеуі, қан құрамының өзгеруі,бүйрек пен бауыр қызыметінің бұзылуы байқалуы мүмкін.Жүктілікте,емізулі әәйелдерге ,15жасқа дейінгі балаларға ,жоғары сезімталдықта және эпелепсияда (тырысу болуы мүкін) қолдануға болмайды.
Ciprofloxacinum-ципрофлоксацин(Б):0,25және0,5 таб. (шайнамай) тәулігіне 2 рет;0,2%50 және 100мл ерітіеді түрінде флаконда шығарылып ,тамшылатып тәулігіне 2 рет баяу;1%10мл ерітінді амп.-50мл 0,9%NaCl ерітінді немесе глюкозамен бірге-0,3%5мл еріт.флаконда –көз тамшысы түрінде шығарылады.
Ескерту:фторхинолдарды антадциттермен,сукральфаттармен ,темір препараттарымен (хинолдардың сіңірілуі төмендейді)бірге колданға болмайды.
г)Хиноксалин туындылары.Хиноксидин,диоксидин-бактерицидті әсері бар,әсер ету спектрі кең,сонымен катар көкіріңді таяқшаларға,протейге анаэробтарга т.б әсер етеді.Ауыр іріңді- қабыну процестерінде,өкпе фбсцесінде,іріңді плевритте сепсисте,терең қуысты жараларда т.б қолданылады.
Бұл препараттар өте улы және жанама әсері өте көп болғандықтан,стационар жағдайында ,дәрігердің қатаң қадағалауында тек ересектерге тағайындалады.
Жанама әсері:бас ауру,дене қызуының көтерілуі,диспепсия,аллергиялық реакциялар,бұлшық ет тырысулары т.б.Терогенді және эмбриотоксикалық әсеріне байланысты жүктілікте қолдануға болмайды.
3. Туберкулезге қарсы дәрілер.
Қазақстанда туберкулез әлеуметтік тұрмыстық жағдайға байланысты негізгі орын алады. Сондықтан туберкулезге қарсы препараттар өзінің мәнін жоғалтпады және олардың номенклатурасы әр жылы жаңа препараттармен толықтырылда.Қазіргі таңда ғалымдардың негізгі мақсаты белсенділігі жоғары ,улылыгы мен жанама әсері төмен препараттарды іздестіру болып табылады.Маңыздысы болып микробактерияға тұрақтылық баяу пайда болуы болып саналады.Мұндай препараттар медициналық тәжірибиеде бағасы төмен болуы қажет,себебі олармен емдеу мерзімі ұзақ болып келеді.Туберкулезді дәрілерді кешенді емдеуде негізгі орынды химиотерапевтикалық дәрілер алады. Туберкулезге қарсы дәрілер антимикробты спектрі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді,Туберкулез химотерапиясының ұзақтығы (12-16 ай одан да көп) ескере отырып ,қоздырғышқа тұрақтылық мәселесіне үлкен мән беріледі.Негізінен кейбіреулеріне (рифампицин,стрептомецин) ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу (натрий парааминносамицилаты)пайда болады.
Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктелуі:Негізгі препараттары (І -топ):изониазид , рифампицин , пиразинамид ,этамбутол ,стрептомицин- әсері жоғары, жеңіл қабылданады, бірақ туберкулез микобактериясына тұрақтылық тез пайда болады. Қосымша препараттары (ІІтоп): этионамид, протионамид, канамицин, циклосерин, натрий пара -аминасалицилаты(ПАСҚ,аминацин),тиоацеазон- белсенділігі төмен ,улылығы жоғары ,микробактериялардың негігі препараттарға тұрақты болғанда немесе оларды қабылдай алмаған жағдайда қолданылады.Тұрақтылық даму жылдамдығы төмендету үшін 2-3 препараттарды қиыстырады.Емдеу барысында бірден бірқатар туберкулезге қарсы дәрілерді қолданудың мағынасында берілген нақастың белгілі препараттарға сезімталдығын белгісіз болуы және бірнеше аптадан кейін анықталу мүмкіндігі жатыр.Сонымен ем неғұлым ерте басталса соғұрлым жақсы ем жүреді, сондықтан химиотерапияны бактериологиялық зерттеулердің нәтежиелерін күтпей бастайды.Изониазид(изоникотин қышқылының гидразиді(ГИНҚ),тубазид)-тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалық препараттар ,туберкулезге қарсы дәрілердің ішінде әсері жоғары болып табылады.Әсер ету механизмі:ауыр металл иондармен хеалтты кешен түзіп , микробактерияның тынысын тежейді.Жасуша жаныда және жасуша ішінде орналасқан микробактерияларға бактериостатикалқ немесе бактерицидті әсер көрсетеді.ФІЖ-да жақсы сіңіріліп , ағзаның барлық ұлпаларына өтеді ,сонымен қатар гематоэнцефальді кедергіден өтіп ,қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады,Изониазид туберкулезді барлық түрінде сонымен бірге алдын алу үшін де қолданылады.Жанама әсері:нейтротоксикалқ(шеткерлік нервиттер –алдын алу үшін В6 тағайындалады),бас ауру , бас айналу, журек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, ұйқысыздық,дәрілік гепетит ,ерлерде гинекомастия,ал әйелдерде меноррагия бақалады.Қолдануга қарсы көрсеткіштері:эпилепсия және тырысу ұстамасына бейімділік ,брын полиомиелитпен ауырған жағдай,бауырмен бүйрек қызыметінің бұзылуы,айқын атеросклероз ,ал флебитте к/т енгізуге болмайды.Isoniazidum – изнониазид (Б): 0,1; 0,2 және 0,3 таб. – тамақтан кейін; 10% 5 мл. еріт. амп. Шығарылып, б/е, к/т, ингаляциялық, каверноз ішіне енгізіледі. Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, атионамид, протионамид – белсенділігі мен улылығы төмен. Рифампицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) – белсенділігі жағынан изониазидке ұқсас, қандағы терапевті концентрациясы 8-12 сағат, жасуша жанындағы, жасуша ішіндегі жасушадағы және казеозды ошақтағы (каверн ішіндегі) орналасқан микобактерияларға басқа препараттар әсері болмағанда тиімді.