Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

сондай-ақ әсер ету механизмі басқа да препараттар жатады:

Арбидол – тұмау вирусының А және В түріне тежегіш әсер етіп, интерферонның, жасушалық және гуморальды иммунитеттің өндірілуін күшейтіп, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.

Рибамидил (рибавирин) – РНҚ және ДНҚ вирусының синтезін тежейді. Тұмау вирусының А және Б түріне, ұшық, қызылша, жел шешек, гепатит А және В вирустарына әсер етеді. Жанама әсері: асқазан тұсының ауырсынуы, метеоризм, қандағы тікелей емес билирубиннің жоғарылауы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жіті бауыр және бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, жүктілік.

Ribamidil – рибамидил (Б): 0,2 таб. – 1 таб. күніне 3-4 рет тамақтан соң тағайындалады.

Interferonum leicocyticum – лейкоцитарлы интерферон – 2 мл флаконда құрғақ ұнтак түрінде шығарылып, ампула құрамын 2 мл суытылған қайнаған су қосып, ерітіндіні әр мұрын қуысына 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет немесе ингалятор көмегімен белгіленеді. Тұмауды, ЖРВИ (ОРВИ) және көздің вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Интерферон адамның вирусқа қарсы иммунитетінің табиғи факторы болып табылады.
2. Ұшықты зақымдануларда қолданылатын дәрілер: рибамидил (рибавирин), ацикловир (зовиракс, виролекс), валацикловир (валтрекс), фамцикловир (фамвир), видарабин, идоксуридин (керецид), теброфен, риодоксол. Әсер ету механизмі: барлық препараттар вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады.

Acyclovir – ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда – 50-100 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді. Кәдімгі ұшықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тері бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті – тітіркендіргіш әсер, ал к/т енгізгенде флебиттер байқалады. Жүктілікте қолдануға болмайды.

Валацикловир және фамцикловир – ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады. Видарабин – жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға енгізіледі. Идоксуридин – көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0,1% көз тамшылары) қолданылады. Теброфен – 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті қолданылады. Риодоксол – 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады.

3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: ганцикловир (цимевен), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвин, триаптен). Цитомегаловирус (ұшық (герпес) вирусының тұқымдасына жатады) иммунитет тапшылық жағдайда пневмонияның ауыр түріне, гепатит, менингоэнцефалит, көз торының зақымдалуы, көзге қауіп тудыруы, АІЖ-ы мен бүйректің зақымдалуына алып келеді. Бұл препараттар ДНҚ вирусының синтезін бұзады. Кәдімгі ұшықта, белдеулі теміреткіде және АИТВ (ВИЧ) (адамдағы иммуннотапшылық вирусы) инфекциясында қолданылады. Екі препаратта күре тамырға, ганцикловир ішке, ал фосфоноформат 2% крем түрінде ұшықты зақымдалуда жергілікті белгіленеді. Препараттар улы болып келеді, тырысулар, бас ауыру, лейкопоэздің тежелуі байқалады, ганцикловирде гепатотоксикалық, нейротоксикалық және тератогенді әсер, жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы, ал фосфоноформатта нефротоксикалық және гипокальциемия байқалуы мүмкін. Жүктілікте, лактацияда, жоғары сезімталдықта қолдануға болмайды. Gancyclovir – ганцикловир – 0,5 құрғақ заты флаконда – нұсқауы бойынша к/т; 1,0 капс. – күніне 3 рет. 4. Адамдағы иммунотапшылық вирусына (АИТВ) әсер ететін дәрілер: азидотимидин (зидовудин, ретровир), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвир, триаптен), ганцикловир (цимевен). Адамдағы иммунотапшылық вирусы ретровирс тұқымдасына жатады. Препараттар ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді. Әсер ету механизмі: АИТВ- протеиназа ферментін және қайтымды транскриптазаны тежейді. Zidovudin – зидовудин -0,1 капс. -1.2 капс күніне 4-6 рет. Ретровирус реплекциясын (өзіне сәйкес құрылым өндіру) тежеп, ауру дамуы баяулап, 6-8 айдан кейін оған вирустың тұрақтылығы пайда болады. Жанама әсері: қан жүйесінің бұзылуы (анемия, лейкопения және т.б.), бас ауыру, ұйқысыздық, миалгия, қызба, бүйрек қызметінің тежелуі және т.б. Жүктілікте, емізулі әйелдерде қолдануға болмайды. Ставудин (зерит) – зидовудин аналогі, зидовудинмен ұзақ уақыт емделгеннен кейін ішке қолданылады. Диданозин (видекс) және зальцитабин (хивид) ЖИТС кешенді емдеуде және зидовудиннің тиімсіздігінде қолданылады. АИТВ (ВИЧ) инфекциясын емдеу үшін терапия құрамына вирусты протеиназа ингибиторы болып табылатын препараттар қолданылады, олар вирус ақуыздарының түзілу процесін бұзады, вирустың белсенділігі төмендеп, ауру дамуын баяулайды. Протеиназа ингибиторлары: саквинавир (инвираза), нельфинавир (вирасепт), индинавир. 5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон (марборан).

Метисазон вирус ақуызының синтезін тежеп, вирустардың репродукциясын (қайта жаңғыру) жояды. Шешекті алдын алу үшін және шешекке қарсы егуден кейінгі асқынуды емдеу үшін қолданылады. Жанама әсері жағынан диспепсия, бас айналуы байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, АІЖ-ң ауруларында қолдануға болмайды.
6. Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон альфа (альфаферон, велферон) – гепатит В және С. Интерферон альфа – 2А (реаферон, роферон-А) – гепатит В. Интерферон альфа-2А (интрон-А, реальдирон) – созылмалы гепатитте А, В және С. Интерферон – вирустардың енгізілуіне жауап ретінде жасушада өндірілетін вирусқа қарсы иммунитеттің бейспецификалық факторы. Вирус талғамалы ақуыз синтезін тежейді. Интерферонның вирусқа қарсы белсенділігінің спектрі кең (тұмау, ұшық, гепатит, ЖИТС (СПИД) және т.б.), сонымен қатар иммуностимуляторлық және ісікке қарсы әсері бар. Интерферон вируспен зақымдалатын жасушаның тұрақтылығын күшейтіп, вирустардың репродукциясын жояды. Интерферондар жергілікті (көз тәжірибесінде, ұшықтық зақымдалуда, тұмауда-мұрынға арналған тамшы және ингаляция түрінде) және парентеральды (гепатит, ЖИТС; ісіктер) қолданылады. Парентеральды енгізгенде тұмау сияқты жағдай, ал ұзақ қолданғанда қан жасалуының, бауыр қызметінің бұзылуы және аллергиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.

Interferon аlpha (Wellferon) – интерферон альфа (велферон): 10 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда – арнайы ерітіндіде ерітіп, 10 000 000 ӘБ күн ара б/е (т/а) енгізіледі.

Reaveronum – реаферон (Б): құрғақ зат 1мл амп. – инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 2 рет (реальдиронға ұқсас) енгізіледі.

Интерфероногендер – интерферонның түзілуін тудыратын заттар. Бұндай қасиет вирустар, бактериялр, саңырауқұлақтардан басқа медицина тәжірибесінде вирусты инфекциялардың кешенді емдеуінде қолданылатын кейбір химиялық қосылыстарда бар:

- Тұмау мен ЖРВИ ауыр түрінде: неовир (б/е), арбидол (таб.);

- Ұшықты зақымдануында: мегасин, ларифан (жергілікті), циклоферон (б/е, к/т);

- Көздің вирусты инфекциясында: полудан (көз тамшысы);

- Вирусты гепатиттің А, Б, С, Д түрінде, АИТВ-инфекциясында, екіншілік иммуннотапшылықта, хламидиозда: циклоферон (б/е және қ/т). Әсер ету механизмі: адам ағзасында эндогенді интерферонның синтезін қуаттандырады.

Интерфероногендер улы емес, науқастарда жеңіл етіп, басқа препараттармен сыйымды.
7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер

а) Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер. Трихомонадоз –

трихомонада қоздырғышы тудыратын несеп-жыныс жүйесінің ауруы, әйелдерде кольпит пен вульвовагинит, ал ерлерде уретрит ауруын тудырады. Трихомонадозды емдеудің негізгі препараттары нитроимидазол туындылары болып табылады. Оларға: метронидазол (трихопол, флагил, метрогил, клион), тинидазол (фасижин), орнидазол (тиберал). Облигатты анаэробты микроорганизмдерге, бактериялар мен қарапайымдыларға қатысты белсенді болып табылады. 5-нитротоптың түрленуі ДНҚ синтезінің басылуын, шиыршықты құрылымның жоғалуы мен ДНҚ жіптерінің үзілуіне әкелетін белсенді аралық қосылыс түзілуін қамтамасыз етіп, ал бұл жасушаның жойылуына соқтырады. Әсер ету механизмі: нуклеин қышқылдарын жойып, бактерицидті әсер етеді. Әсер ету спектрі: қарапайымдылар (трихомонада, амеба, лямблий) спора түзбейтін анаэробты бактериялар, Неlicobacter руlori. Нитроимидазол туындылары АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына, қабыну және некроз, абсцесс ошақтарына өте жақсы енеді. Қарапайымды инфекцияларда (трихомонадоз, амебиаз, лямблиоз, тері лейшманиозы, балантидиаз); әртүрлі анаэробты инфекцияларда, асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: диспепсиялық бұзылыстар (тәбет төмендеуі, ауыздың ащы металл татуы, жүрек айнуы, құсу, диарея), бас ауыру, есек жем, қышыну, діріл, кандидоз, полиурия, зәрдің қызыл қоңыр түске боялуы, тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіші: жүктіліктің алғашқы үш айында (тератогенді әсер етеді, сүтке ащы дәм береді), лактацияда, ОЖЖ-ң үдемелі ауруларында. Емделу кезінде спиртті ішімдіктер (дисульфирамға ұқсас реакциялар, іштегі толғақ тәрізді ауырсынулар, лоқсу, құсу, бас ауыру, терінің қызаруы) қабылдауға болмайды.

Меtronidazolum – метронидазол (Б): 0,25 және 0,5 таб. – трихомонадозда сызба бойынша 0,25 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін 10 тәулік бойына; амебиазда 0,25 тәулігіне 3 рет 10 тәулікке дейін; лямблиозда 0,25 тәулігіне 2 рет 5 тәулікке дейін; қынапты супп. (таб.) 0,5 түнде; 0,5% 10мл еріт.амп. және 0,5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т тамшылатып енгізіледі. Трихомонадозда сондай-ақ трихомонацид, нитазол, фуразолидон қолданылады. б) Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер. Лямблийлер ішекті, өт қапшығы мен өт жолдарын, бауырды зақымдап, энтерит, энтероколит, холангит, холецистит, дуоденит шақырады. Лямблиозда метронидазол, тинидазол, фуразолидон («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер», «Нитрофуран туындылары» тақырыптарына қараңыз) қолданылады. Лямблийге қарсы аминохинол, акрихин, хлорхинальдон белсенділік көрсетеді. в) Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер. Амебалар тоқ ішектің бойы мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы жара колиттерін тудырады. Амебалар тоқ ішектің шырышты қабықшасынан қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрекке өтіп амебалы процестер шақыруы мүмкін. Сол себептен дәрілерді 2 топқа бөлеміз: 1. Ішектегі амебиазда қолданылатын дәрілер (амебты дизентерия). 2. Ішектен тыс амебиазда қолданылатын дәрілер. Амебиаздың кез келген түрін емдеуге нитроимидазолдар: метронидазол, тинидазол («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер» тақырыбына қараңыз) жатады. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бацилло тасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондардың 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан («Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер» тақырыбына қараңыз) ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады. Ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаға қарсы эметин (ипекакуана тамырының алкалоиды) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлекторлы түрде құсық шақырады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эметин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді. Жанама әсерлері: құсу, лоқсу, тітіркендіргіш әсер, қышыма, есек жем, жүрек қызметінің бұзылуы, гипотензия, полиневрит, бұлшық ет әлсіздігі. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жүрек және бүйректің органикалық ауруларында. Еmetini hydrochloridum – эметин гидрохлориді
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134