Д ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы 2. Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.Шеткерлік жүйке жүйесі жүйкелерден және ганглийлерден тұрады.Ол афферентті және эфферентті болып бөлінеді.Мүшелер мен ұлпалардан ОЖЖ-не қозуды өткізетін жүйке талшықтарын афференті Ё ал, ОЖЖ-нен мүшелер ұлпаларға қозуды өткізетін жүйке талшықтарын эфферентті деп атайды.А.Афферентті иннервациға әсер ететін дәрілер.Ежелгі дәуірдің өзінде-ақ анестезиялық препараттар қажет болып, ізденістер басталған болатын.Біраз уақыт өткеннен соң, ХХ ғасырдың басында химия мен экперементтік медицинаның дамуының арқасында әртүрлі хирургиялық және басқада ем-шараларды ауыртпай жасау мүмкіндігі пайда болады.Анестезияның барлық түрлерінің ішінде 60% жергілікті анестезиялық заттарға жатады.Берілген препараттар тобы әртүрлі медициналық тәжірибеде, соның ішінде гастроэнтерологияда, пульмонологияда және т.б. медицина салаларында кеңінен қолданылады.Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілерге: жергілікті анестетиктер, бырыстырғыш, бүркеуші, сіңіргіш және тітіркендіргіш дәрілер жатады.
1.Жергілікті анестетиктер афферентті жүйке ұштарының қозғыштығы мен жүйке талшықтарына импульстардың өтуін таңдамалы және қайтымды түрде тежеп, сезімталдықтың барлық түрінің жойылуына (ауырсыну сезімінің) байланысты жергілікті жансыздандырады.Анестезияның әсер ету механизмі жасуша мембраналарының ішкі жағынан натрий өзекшелерінің тежелуімен байланысты.Ол әсер потенциалының пайда болуын азайтып, импульстың өтуін нашарлатады.Барлық жергілікті анестетиктер (суда ерімейтін анестезиннен басқа) өндірістер тұз қыщқылының судағы ерітіндісі түрінде шығарылады.Жергілікті анестиктерді анестезиялардың барлық түрінде шығарылады.Жергілікті анестетиктерді анестезиялардың барлық түрінде қолданады.Анестезия түрлері: беткейлі, өткізгіштік, жұлын, инфильтрациялық (егу) анестезиялары.А)беткейлі (терминальды) анестезияда кокаин (Оңтүстік Америка өсімдігі Erithroxylon coca алкалоидының ең алғашқы анестетигі, улылығы мен дәріге тәуелділік – кокаинизм тудыруына байланысты қолданылуы шектеулі.), дикаин (тетракин), анестезин (бензокаин), пиромекаин (бумекаин) қолданылады. Беткейлі анестезия оториноларингологияда, офтальмологияда, урологияда, стоматологияда, қышыма, жара, күйік және т.б тері қабатының анестезиясы үшін кеңінен қолданылады.Анестетиктерде беткейлі қабатқа ерітінді және жағылма түрінде тағайындайды.Ішек түйілуінде және тік ішектің ауруларында (жарылуда, қышыну, геморрой) суппозиторий түрінде (анестезин,новокаин) белгіленеді. Асқазан ауруларында (құсу және жүрек айнуымен жүретін гастритте, жара ауруларында) ішке (анестезин) белгіленеді. Осы препараттардың ішінде анестезин суда ерімейді тек майда, спиртте, ериді, сондықтан ұнтақ, жағылма таблетка түрінде ғана шығарылады. Б) өткізгіштік, жұлынды және инфильтрациялық анестезияларда: новокаин (прокаин), лидокаин (ксикаин, ксилокаин), тримекаин, бупивкаин (маркаин, карбостезин,) артикаин (ультракаин,) прилокаин (цитанест), бензофурокаин қолданылады. Бұл анестезия үшін ертінділер міндетті түрде залалсыдандырылған (стерильденген) болуы тиіс.Бұл препараттар улы және әсері өте қысқа болып келеді.Сондықтан улылығы төмендетіп, әсерін ұзарту үшін – 5-10 мл препарат ерітіндісіне 1-2 тамшы
0,1 % адреналин гидрохлоридін (қан тамырлады тарылтатын қасиеті бар) қосуы қажет.Өткізгіштік анестезия стомотологияда, хирургияда, терапевтикалық тәжірибедегі невралгияларда қолданылады.Анестетиктерді жүйке жолына (жүйке талшықтарының барлық сезімталдықтары жойылады) енгізеді. Көбінесе 1-2% ерітінділері қолданылады.Жұлынды нестезяда анестетикті жұлынның бел аймағына субарахнодальды жолмен енгізеді. Ол кезде жұлынның бел-сегізкөз аймағының барлық сезімталдықтарын жоятындықтан, аяқ-қол, кіші жамбас, мүшелеріне операция жасау үшін қолданылады.Инфильтрациялық анестезияда анестетиктер терң қабаттарының терең ұлпаларына енгізіледі.Әртүрлі хирургиялық операцияларда анестетиктің 0,25-0,5 % ерітінділері (200-500 мл) қолданылады.Синтетикалық анестетиктердің кокаинге қарағанда улылығы төмен.Нашақорлық тудырмайды, бірақ кейбір жанама әсерлері: бас айналу, жалпы әлсіздік, артериялық қан қысымының төмендеуі, коллапс және жүрек қызметінің тежелуі (жүрек қызметінің тоқтауы) байқалады.Жергілікті анестетиктер әртүрлі анестезия түрлерінен басқа микроцируляцияны жақсарту мақсатында тамырлардың түйілуінде қарынша экстрасистологясында, қарынша жыпылықтауын алдын алу үшін жіті иокард инфарктында (2-10%)лидокаин ерітіндісін күре тамырға ) қолданылады.Novocainum-новокаин (Б) 0,25 % және 0,5 % 200 және 400мл ерітінді флаконда 0,25 және 0,5 1; 2; 5; 10 және 20мл ерітінді ампулада (инфильтрациялық анестезияда- ұлпа қабаттарына); 1 және 2 1; 2; 5; және 10 мл ерітінді ампулада (өткізгіштік анестезияда-жүйке жолдарына); 0,1 супп, 0,25% 100-150 мл немесе 0,5% 50-80 мл бүйрек маңы клечкасына Ф.В.Вишневский блокадасы;0,25-0,% 30-0-50мл еріт,ішек 5-15 мл б/е және қ/т 5-10 жағылма түрінде шығарылады.Әсері 30-60мин созылады.Аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.Егер науқастың новокаинге (анестезинге дикаинге) аллегриясы болған жағдайда лидокаинмен, тримекаинмен емесе пиромекаинмен (бұларға жоғарғы сезімталдық аз байқалады) алмастыруға болады.Anaesthesinum- aнестезин (Б) 5-10% жағылма сеппе 0,3 таб және «Павестезин» таб 0,1 супп және «Анестзол» супп; «Анестезин-Ментол» дражесі (1-2 дражеден ауыз қуысында толық сіңірілгенше) «Ампровизоль» аэрозолы 50,80,170мл баллоншада (зақымдалған жерге бір немесе бірнеше рет енгізіледі) шығарылады.Dicainum-дикаин (А) 0,25-3% еріт.- терминальды анестезияда ; қабаққа қою үшін көз пленкасы түрінде шығарылады.Кокаин (А) -025-3% еріт –терминальды анестезия үшін белгіленеді.Lidocainum -лидокаин
(Б) 1% 10мл және 20мл еріт, амп.2% 2 және 10мл еріт. 10 2 мл еріт; инфильтрациялық анестезияда 0,125 – 0,25-0,5% еріт, өткізгіштік анестезия үшін 1-2% еріт теримнальды анестезия үшін 1-5% еріт түрінде шығарылады.Әсері 1-2% сағ созылады.
Trimecainum-тримекаин (Б)2% 1;2;5 ;және 10мл еріт амп.шығарылады.Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияларда,қолданылуы лидокаинге ұқсас.Перидуральд анестезияда 1-2% еріт,. жұлынды анестезияда: 5% еріт.,беткейлі анестезияда: 2-5% еріт, белгіленеді.Әсер 1-2 сағатқа созылады.
Pyromecainum-пиромекаин (Б) 0,5% 1% және 2% 10мл. Амп.(терминальды анестезия үшін ) және 5%-30,0 жағылма түрінде.(гингивостоматитте ауыз қуысына жағу үшін ) шығарылады.
Articain- артикаин: 2%10 мл., еріт,амп-инфильтрациялық, өткізгіштік, эпи-және перидуральды анестезияда; жұлынды анестезияда 5% 2 мл,еріт белгіленеді.
Прилокаин (3% 1 мл еріт,амп.) және бензофурокаин (1% 2 мл, еріт амп.)-стоматологияда инфильтрациялық анестезияда белгіленеді.
2.Бырыстырғыш дәрілер – тері және шырышты қабықшаның бетіндегі ақуыздың коагуляцияға ұшырауына байланысты, жергілікті қабынуға қарсы әсері бар.Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш заттардан қорғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді.Бырыстырғыш дәрілер тері және шырышты қабықшаның қабынуында (дермтитте, жараларда,эрозияда,экземада) сеппе, жағылма түрінде,жағу, шаю үшін белгіленеді.АІЖ-ң қабыну ауруларында (энтерит,колит және т.б) ішке қолданылады.
а) Бейорганикалық бырыстырғыш дәрілерге: висмуттың негіздік нитраты, қорғасын ацетаты, ашутас, мырыш сульфаты, күміс нитраты жатады.
Bismuthi subnitras-висмуттың негізгі нитраты. «Викалин», «Викаир» таб 5-10% жағылма; сеппе «Нео-анузол» супп түрінде шығарылады.
Қорғасын ацетаты (Plumbi acetas) 0,25-0,5% дымқылдау үшін қолданылады.
Ашутас (Alumen) : 0,5-1 %еріт.
б) Ооганикалық бырыстырғыш дәрілерге: танин, дерматол, ксероформ, тұнба және қайнатпалар (1:10-1:20) емен қабығы, шайқурай шөбі, жылантаран тамыр сабағы, шатыраш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады.
Tanninum-танин: сеппе түрінде, ауыз қуысын шаю үшін 1-2% еріт, түрінде; жараларға, жарылуда, күйгенде, тесілуде,3-5-10% қолдану үшін сулы және глициринді ерітінділер мен жағылма түрінде тағайындалады.
Дерматол және ксероформ- сеппе түрінде (сыртқа) 10% жағылма.
3.Бүркеуші заттар
– шырышты қабықалардан бүркеп, сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды.АІЖ-ның қабыну ауруларында қолданып, құрамында тітіркендіргіш заттар бар микстуралардың құрамына кіреді.
Mucilago Amyli-крахмал шырышты (2%)
Mucilago seminum Lini-зығыр тұқымының шырышы (1:30)
« Алмагель» - Алмагель: асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады.170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А»- құрамында 0,1 анестезин бар.
4.Сіңіргіш дәрілер (сорбенттер)- шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтаұ тәрізді инертті заттар болып табылады.Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды.
Белсендірілген көмір («карболен») диспепсияда, іш кебуде (метеоризмде), тамақпенғ алкалоидтармен және ауыр металл тұздарымен және т.с.с улануларда қолданылады. АІЖ-ның жарсында және асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.
Carbo ativatus-белсендірілген көмір (активтелген көмір) ұнтақ түрінде; таб түрінде; уланғанда асқазанды шаю үшін -20,0-30,0.(10-15л су мен араластырып) суспензиясын,ал метеоризмде 1таб.күніне 2-3 рет белгіленеді.
Smecta – смекта: 3,0 пакетте; әртүрлі диареяларда (іш өтуі) қолданылады. Адсорбциялық (сіңіргіш) қасиетінен басқа ауырған жерді сездірмейтін және АIЖ-ның шырышты қабықшаларына қорғаныш қызмет көрсететін қасиеттері бар.
Полифепан- гранула және паста түрінде шығарылып, жұқпалы және жұқпалы емес диареяларда, метеоризмде (іш кебуі) және жалпы улануларда қолданылады.
Ақ балшық (каолин) пен тальк- сыртқа сеппе турінде тағайындалады.
5.Тітіркендіргіш дәрілер - жергілікті қолданғанда, тері және шырышты қабықшалардың афферентті жүйке ұштарын қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тітіркендіргіш дәрілер невралгияда, құяңда (радикулитте), артралгияда, құздамада (ревматизмде), миалгияда, жарықтарда, сіңір таралуда, спорттық жарақаттарда, қышыма дерматозда, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданылады. Оларды іріңді ауруларда, нейродерматитте, сулы экземада, псориазда зақымдалған теріге жағуға болмайды.
Mentholum - ментол: 2% спиртті ерітінді және 10% майлы қоспа түрінде; 1 және 2% ментол майы: <<Меновазин>> препараты; <<Бороментол>>,<<Эфкамон>>, <<Гевкамен>> жағылма түрінде,Валидол (Validolum)