(Б): 1% 1 мл еріт. амп. т/а және б/е тәулігіне 2 рет тағайындалады.
Ішектен тыс амебиазада әсіресе бауырдың амебты зақымдалуында безгекке қарсы препарат хингамин қолданылады.
г) Безгекке (малярия) қарсы дәрілер. Безгек қоздырғышы малярия плазмодиі, тасымалдаушы Аnopheles масаның ұрғашысы болып табылады. Үш күндік, төрт күндік және тропикалық деген малярияның 3 түрі бар. Маса денесінде малярия плазмодиі жыныстық циклда дамиды. Дені сау адамды зақымдалған маса шақса оған спорозоиттар енеді. Адам денесінде малярия плазмодиясының жыныссыз циклі дамиды. Одан спорозоиттар қан арқылы бауырға, одан ұлпаларға (преэритроцитарлы) өтеді. Бауыр жасушасында өсіп, көбейеді, ұлпалық мерозоиттар түзеді, одан қандағы эритроциттерге еніп, ол жерде тез өсіп, эритроцитті мерозоиттарға бөлінеді, 48 сағаттан кейін үшкүндік, 72 сағаттан кейін төрткүндік, ал 24-48 сағаттан соң тропикалық маляриялар қанға өтіп, эритроциттерді зақымдайды. Бұл процесс қызба ұстамасына алып келеді. Эритроцитарлы мерозоиттардың бір бөлігі қайта эритроциттерге еніп, ал бір бөлігі жыныс түріне (гаметалар) айналады. Үш және төрт күндік малярияда ұлпалық мерохоиттардың бір бөлігі қайтадан бауырға еніп, параэритроцитарлы форма түзеді. Қызба ұстамасы қалтырау, дене қызуының 39-410С жоғарылауымен, қатты бас ауыруы, ентігу, тахикардия, гипотензия, сандырақтау, бұлшық еттердің ауыруымен жүреді. Одан бауыр, көк бауыр ұлғайып, анемия, лейкопения, ал ауыр жағдайында маляриялық комаға ұласуы мүмкін.
Малярияға қарсы препараттар малярия плазмодиясының дамуының түріне байланысты әртүрлі кезеңдеріне әсер етеді.
1. Гематошизотропты дәрілер – эритроцитарлы түріне әсер етіп, малярия ұстамасын емдеу және алдын алу үшін және жеке химиопрофилактикасында қолданылады. Оларға: хингамин (делагил, хлорофин), хинин, мефлохин (лариам); кейде бигумаль (прокванил), хлоридин (пириметамин, тиндурин), гидроксихлорохин (плаквенил) жатады.
2. Гистошизотропты дәрілер – ұлпалық түріне әсер етеді: а) преэритроцитарлы түрінде – хлоридин, бигумаль (ерте қайталануын алдын алу үшін); б) параэритроцитарлы түрінде – примахин, хиноцид (кеш қайталануын алдын алу үшін);
3. Гаметотропты дәрілер – жыныстық түріне әсер етіп, малярия химиопрофилактикасында қолданылады: примахин (примаквин), хиноцид (квиноцид), хлоридин, бигумаль.
Қиыстырылған препараттары: «Фансимер» таб. (хлоридин+мефлохин+сульфадоксин), «Метакельфин» таб. (хлоридин+сульфален), «Фанзидар» таб. (хлоридин+сульфадоксин).
Ескерту: хингамин және гидроксихлорохин коллагенозды емдеу үшін қолданылады. Сhinqaminum – хингамин (Б): 0,25 таб. 1-2 таб. 2-3 тәулігіне тамақтан соң; безгекте сызба бойынша 3 күннен 5 күнге дейін; 5% 5мл еріт.амп. – 10 мл б/е; 10 мл 10-20 мл 0,9% NaCl еріт. бірге маляриялық комада к/т енгізіледі. Жанама әсері: ұзақ қолданғанда (коллагенезді емдеуде) – дерматиттер, диспепсия, бас ауыруы, ретинопатия, лейокпения, бауыр зақымданулары, миокардтың дистрофиялық өзгерулері байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, қан, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды. Гидроксихлорохин – химиялық құрылысы, фармакологиялық әсері жағынан хингаминге ұқсас. Сhloridinum – хлоридин (Б): 0,05 және 0,1 таб. – 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң (3 күн), безгекті алдын алу үшін 0,025 күніне 1 рет (маляриялық кезеңнен өткенше). Жанама әсері: диспепсия, бас ауыру, жүрек тұсының ауырсынуы, анемия, тератогенді әсер. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесі мен бүйрек ауруларында, жүктіліктің алғашқы 3 айында. Рrimachinum – примахин (Б): 0,009 таб. – 1 таб. тәулігіне 3 рет (2 апта). Жанама әсері: диспепсия, жүрек тұсының ауырсынуы, цианоз (метгемоглобинемия), глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығында – эритроциттердің гемолизі мен гемолитикалық анемия. Қан және қан түзілу мүшелерінің ауруларында, бүйрек аурулары, стенокардияда, жіті жұқпалы ауруларда, ревматизмнің өршу кезеңінде қолдануға болмайды. д) Токсоплазмозды емдеуге арналған дәрілер. Токсоплазмоздар — жасуша ішілік паразиттер. Тасымалдаушы мысық кейде басқа жануарлар болуы мүмкін. Алиментарлы, су арқылы және тұрмыстық жағдайлармен жұғады. Токсоплазмоздар лимфа түйіндерін, ішекті, өкпе, бауыр, жүрек, ОЖЖ-н, көзді зақымдап, түсік және іштегі ұрық дамуының кемарлығына алып келуі мүмкін. Емдеу үшін: хлоридин (жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды), хингамин, аминохинол, сульфаниламидтер, макролидтер, тетрациклиндер, «Фанзидар», «Фансимер» тағайындалады.е) Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер. Қоздырғышы – Ваlantidum соli тоқ ішекті зақымдайды. Тасымалдаушысы жануарлар, әсіресе шошқалар. Емдеу – мономицин, тетрациклиндер, метранидазол, тинидазол.ж) Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер. Тері лейшманиозында дененің ашық жерлерінде некроз тәрізді жара түзіледі. Висцеральды лейшманиозда бауыр, көк бауыр, сүйек миын зақымдайды. Науқас адамдар, ит, кеміргіштер зақымдау көзі болып табылады. Тері лейшманиозын емдеу үшін: мономицин, сурьма препараттары (солюсурьмин, глюкантим), пентамидин, метранидазол, акрихин (жергілікті) қолданылады. Висцеральды лейшманиозда сурьма препараттары мен пентамидин қолданылады.
8.Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.Гельминтоз – құрттардың ағзаға еніп зақымдауы, көбінесе балалар арасында кең тараған.Құрттар балалар ағзасында токсиндер бөледі.Гельминттердің 3 түрі бар: нематодтар (жұмыр құрттар), цестодтар (таспа құрттар), трематодтар (жалпақ құрттар).Гельминттер ішекті зақымдап, ішек гельминтозын шақырады және ішектен тыс (бауыр, өт,өкпе,бас миын, тері, қан және лимфатикалық тамырлар) зақымдап,ішектен тыс гельминтоз шақыруы мүмкін.Ішек гельмитозының клиникалық белгілері біріңғай:АІЖ қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар, анемия.Препаратты таңдау копроовоскопиялық зерттеу нәтижесіне қарай белгіленеді.Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде көптеген дәрілер енгізілген, олардың спектрі кең және тиімді болып келеді.1.Нематодоздарда қолданылатын дәрілер.Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида(жылан құрт)), энтеробиоз (қоздырғышы бәсір), трихоцефалез (қоздырғышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздырғышы), стронгилоидоз (қоздырғышы ішек кенелер).Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис) мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантирин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезил қолданылады.Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың әш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады.Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда қолданылады.Piperazini adipinas-пиперазин адипинаты: 0,5 таб;-3-4 таб.тәуілгіне 2рет (тамақтан 1сағ.алдын немесе тамақтан 1сағ кейн); аскаридозда 2 тәулік; энтеробиозда 5 тәулік бойына қолданады. 1 апта үзіліспен 2-3 курс өткізеді. Жүрек айу, іш тұсының ауруы, бас ауыру, бұлшық ет әлсіздігі және діріл байқалуы мүмкін. ОЖЖ –ң органикалық зақымдалуында қолдануға болады.Нафтамон- (5,0 ұнтақты қант сиропында немесе 0,5 ішекте еритін 10 таб. Таңғы астан 2 сағ. алдын) аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалезда және анкилостомидозда (стационарда)қолданылады. Левамизол- 0,15-1 таб. Ұйықтар алдында ( 1 аптадан кейін қайталау) аскаридозда, анкилостомидозда және стронгилоидозда қолданылады. Левамизолдың иммуностимуляторлық әсері бар.Mebendazolum- мебендазол
(Б) 0,1 таб.- гельминтке қарсы спектрі кең, тиімділігі жоғары, энтеробиозда, трихоцефалезда, аскаридозда, анкилостомидозда, стронгилоидозда, ішек цестодозда, трематоздозда, аралас инвазияда қолданылады. Энтеробиозда тек қана 1таб.ал қалған жағдайда 1аб. күніне 2 рет 3 күн бойына қолданылады.Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Медамин- мебендозолға ұқсас, ішек нематодозында қолданылады.
Purantelum- пирантел (Б) 0,25 таб.. 5% 15 мл (3 ас қасық) 3 таб. таңертең 1 рет. Аскаридозда, энтеробиозда, аниклостомидозда, трихоцефалез (сирек) тиімді.Диспепсия, бас ауруы бас айналуы байқалуы мүмкін. Пирвиний памоаты – энтеробиозда тиімді. Дитиазанин – трихоцефалез бен артонгилоидозда тиімді. Дифезил – тек трихоцефалезде қолданылады.
Барлық нематодқа қарсы дәрілерді жатырдың біріңғай салалы бұлшық ет тонусын жоғарылатуына байланысты жүктілікте қолдануға болмайды, ал қанға сіңірілгеннен кейін тератогенді әсер көрсетеді.
2.Цестодоздардағы қолданылатын дәрілер.Цестодоздарға тениоз (қоздрғышы қарулы (шошқа) таспа құрт), тениаринхоз (қоздырғышы қарусыз (өгіз) таспа құрт), дифиллоботриоз (қоздырғышы жалпақ құрт) және гименолепидоз (қоздырғышы ергежейлі таспа құрт) Цестодоздоарды емдеу үшін: фенасал (йомесан, никлозамид), аминоакрихин, празиквантель (азинокс,билтрицид) қолданылады. Әсер ету механизмі: құрттардың жүйке – бұлщық ет жүйесін уақытша әлсіреуіне алып келеді.
Phenasalum-фенасал (Б) 0,25 таб.- таңертең аш қарынға бірден 8-12 таб. қабылдайды. Науқасқа көмірсу диетасын белгілеп, кешке тек шай мен жеміс шырындарын қабылдап, ал түнде клизма қойылады. Жүрек айну, аллергиялық реакциялар, нейродерматиттің асқынуы байқалуы мүмкін.Фенасал тениаринхозда, дифиллобтриозда, гименолепидозда қолданылады.Тениозда аз қолданылады, себебі цистицеркоз пайда болу қауіпі бар (фенасал шошқа таспа құртының жұмыртқасына әсер етпейді,мүшесінің бұзылуынан ішекте жұмыртқасы жарылып, одан шыққан ұрық аш ішектің қабырғасы арқылы күре тамырда қан ағысымен миға, көзге, жүрекке, көлденең жолақ бұлшық еттеріне, тері асты клетчаткасына түсіп, цистицеркоз дамиды.)Тениозды фенасал препаратымен емдеуде міндетті түрде қоса іш жүргізетін дәрілер белгіленеді.Аминоакрихин- улы гименолепидозда қолданылады.Цестодоздарға қарсы дәрілермен емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.
Praziquantel-празиквантель (Б) 0,6 таб.-2 таб. (1 күн) тәулігіне 3 рет. Са2+ иондары үшін гельминттердің жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, құрттардың бұлшық ет жүйесінің спастикалық салдануына алып келеді.Цестодозда, трематодозда және аралас инвазияда
қолданылады. Жүрек айну, іш тұсының ауруы, бас ауруы мүмкін.Цестодозды емдеу үшін мебендазол мен асқабақ дәндері қолданылады.3.Ішектен тыс гельминтоздарда қолданылатын дәрілер. Ішектен тыс гельминтоздарға трематодтар жатады: фасциолез (қоздырғышы бауыр двуусткасы, бауыр өтті зақымдайды), описторхоз (қоздырғышы мысық немесе сібір двуусткасы , бауыр ұйқы безін зақымдайды), клонорхоз (қоздырғышы қытай двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), шистосомоз ( қоздырғышы шистосомдар, қан тамыр, қуық, ішекті зақымдайды.)Филярий нематодтары филяриатоз тудырып, қан және лимфатикалық жүйені тері асты клетчаткасын, көз ұлпаларын зақымдайды, бұл ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралған. Цестодоз таралуы:цистицеркоз (қоздырғышы цистицерк, бұлшық ет, ми, көзді зақымдайды.) және эхинококкоз (қоздырғышы эхинококк, бауыр, өкпе, миді зақымдайды), Трематодоздарды емдеу үшін хлоксил және празиквантель қолданылады.Әсер ету механизмі:гельминттердің энергетикалық процестеріне әсер етіп шистосоматозда (празиквантель), филяриатодозда (дитразин) тениоз, трематодозда (празикванталь)Chloxylum-хлоксил (Б) 2,0 ұнтақ; ½ стакан сүтпен әр 10 минут сайын (3-5 рет) таңғы астан 1 сағ, соң (2 күн) басқа да емдеу сызбалары бар, 4-6 айдан соң емдеу курсын қайталау қажет.Бауырдың гельминтоздарында: описторхозда, фасциолезда, клонорхозда, қолданылады.Жанама әсері: бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр тұсының ауыруы, протеинурия, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек тұсының ауыруы, эозинофилия, аллергиялық реакциялар байқалады.Жүрек, бауыр ауруларында, жүктілікте қолдануға болмайды.Празиквантель- улылығы төмен, трематодозда және цестодозда тиімді. Филяриатозда дитразин (0,05 және 0,1 таб, тәулігіне 3 рет 10 күн бойына) қолданылады.Тері бөрітпелері, қышыма, бас ауыру, жөтел, жүрек айну, бауыр мен көк бауырдың көлемі ұлғаюы мүмкін
Микробқа вирусқа және қарапайымдыларға қарсы дәрілер
Х и м и о т е р а п е в т и к а л ы қ д ә р і л е р Синтетикалық микробқа қарсы Қарапайымдыларға қарсы Антигельминтті (құрттарға қарсы)