Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

0,06таб.және 0,05капс. түрінде шығарылып, жүрек тұсының ауырсынуын төмендету үшін тіл астына енгізіледі.

Solutio Ammonii caustici – аммиак ерітіндісі: 10% 1мл. еріт. амп., 10% 40мл. еріт. флаконда шығарылады, мақта немесе дәкемен иіскету үшін.

Қыша қағазы- жылы суда қыша эфир майы бөлінуі нәтижесінен тітіркену қасиеті байқалады.

Терпентин майы (скипидар) – 20% жағылма, 40% линименті; камфора майы, жағылмасы және спирті (10%); бұрыш жапсырмасы; <<Никофлекс>>,<<Финалгон>>, <<Эспол>>,<<Бом-бенге>> және т.б. жағылмалары бар.


Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер


Тежейтін

Қоздыратын





Жергілікті анестетиктер

Бырыстырғыш дәрілер


Бүркеуші дәрілер

Сіңіргіш дәрілер

Тітіркендіргіш дәрілер




Ф а р м а к о д и н а м и а к а с ы





Қозудың генерациясы мен өткізгіштігін бөлуіне байланысты,жүйке талшық ұштарының сезімталдығын төмендетеді

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден сақтау үшін,тері мен шырышты қабықша бетіндегі ақуызды коагуляцияға ұшыратады

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден сақтау үшін,шырышты қабықша беттерін бүркейді


Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден сақтау үшін,беткі қабаттағы химиялық қосылыстарды өз бойына сіңіреді
Сезімтал жүйке ұштарын қоздырадыД ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы
Новокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаи, артикаин, прилокаин



Танин, висмуттын негізгі нитраты, ксероформ, ашу тас, емен қабығының қайнатпасы
Крахмал шырышты <<Алмагель >> Белсендірілген көмір, смекта, тальк
Ментол,аммиак, ерітіндісі,қыша қағазы

<<Финалгон>> <<Бом- бенге>>
Б. Эфферентті иннервацияға әсер еретін дәрілер Эфферентті иннервация вегетативті жүйкелерден (ішкі мүшелерді, қан тамырларды, бездерді қамтамасыз етеді) және қанқа бұлшық еттерінің қозғалтқыш жүйелерінен тұрады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден тұрады. Симпатикалық ганглийлер мүшеден тыс, ал парасимпатикалық ганглийларда мүшелерде орналасқан.Преганглионарлы және постганглионарлы талшықтар деп ажыратылады. Жүйке талшықтарының мүшелердің жасушаларымен түйскен жерін синапс (түйіспе) деп атаймыз. Синапс пен ганглийларда қозу арнайы химиялық зат- медиатор (дәнекер) арқылы өтеді. Холинергиялық синапстың, сондай-ақ симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің медиаторы ацетилхолин болып табылады. Холинергиялық синапста қозудың берілуі ацетилхолин медиаторы арқылы жүзеге асырылады. Ацетилхолин холинергиялық нейрондар ұштарының цитоплазмасында синтезделінеді. Ол холинацетилазаның цитоплазмалық энзимінің қатынасында холин және ацетилкоэнзим-А-дан пайда болады. Ацетилкоэнзим синапстық көпіршіктерде жинақталады. Ал адренергиялық синапстың медиаторы-
норадреналин болып табылады.Ацетилхолинге сезімтал рецепторды холинорецептор, ал норадреналинге сезімтал рецепторларды адренорецептор деп атаймыз. Осы рецепторларды қуаттандыратын препараттарды миметиктер, ал тежейтін препараттарды блокаторлар деп атаймыз. Холинорецепторлардың екі түрі бар: М-холинорецепторлар (мускаринге сезімтал) олар парасимпатикалық жүйке талшықтарының ганглий кейінгі жүйке ұштарында және ОЖЖ-де орналасқан; Н-холинорецепторлар (никотинге сезімтал), олар симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде, синокаротид аймақта, бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларында, қанқа бұлшық еттерінің жасушаларында және ОЖЖ-де орналасқан. Холинергиялық синапста қозу келесі жолмен өтеді: жүйке импульсы ОЖЖ-нен холинергиялық жүйке талшықтардың ұштарына жетіп,синапстық саңылауға ацетилхолин бөлініп,постсинапстық мембрананың рецепторларымен байланысып,ол ағза қызметінің өзгеруіне алып келеді,ацетилхолинэстераза ферментінің әсерінен бұзылып,жүйке ұштарына біртіндеп жиналады.1.Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер 1. М – холиномиметиктер: пилокарпин, ацеклидин. М – холинорецепторларды қуаттандырып, келесі әсерлер шақыруы мүмкін: көз қарашығынның тарылуы (миоз), жүрек соғуының баяулауы (брадикардия), қан тамырларды кеңейіп, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, бронхиолалардың тарылуы және АIЖ-ның бездері секрециясы мен толқи жиырылу қызметінің күшеюі. Pilocarpini hydrochloridum – пилокарпин гидрохлориді (А): 1-2% 5 және 10мл.еріт.-көз тамшылларды; 2% 3,0 көз жағылмасы; көз пленкалары түрінде шығарылып, глаукомада қолданылады; пилокарпин көз қарашығын тарылтып, көз ішілік сұйықтығының ағуын күшейтіп,көз ішілік қан қысымын төмендетін әсері бар. Жанама әсері: аккомодацияның түйілуі және көз жасының ағуы байқалады.Aceclidinum – ацеклидин (А): 2-5% еріт.көз тамшысы; 3-5% көз жағылмасы түрінде шағарылып,глаукомада қолданылады; 0,2%1мл және 2мл еріт.шығарылып, АIЖ-ы мен қуық атониясында (операциядан кейінгі) тері астына енгізіледі. Жанама әсері: бронхспазм, тұншығу, брадикардия, жүрек өткізгіштігі мен автоматизмінің төмендеуі және артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі байқалуы мүмкін. Бронх демікпесінің,жүрек ауруларының ауыр түрінде, жүрек талмасында (стенокардияда),АIЖ-нан қан кетуде,эпилепсияда, гиперкинезде, жүктілікте және операцияға дейінгі іш қуысының қабыну ауруларында қолдануға болмайды.
2. Н- холиномиметиктер: цититон, лобелин гидрохлориді. Олар каротиді шумақтың Н- холинорецепторларын қоздырып, тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандырады. Тыныс алу рефлекторы түрде тоқтағанда, газбен уланғанда және жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) қолданылады. Бірақ ондай жағдайда көбінесе жасанды өкпеге дем беру жүргізіледі. Н- холиномиметиктер тыныс алу орталығының тежелуінде (мысалы, морфинмен, барбитураттармен және т.б. уланғанда) әсері жоқ.
Cytitonum- цититон (Б): 1мл. амп. Шығарылып, 0,5 мл күре тамырға енгізіледі. Н-холиномимектер никотинге тәуелділік төмендету мақсатында, темекіден арылуды жеңілдету мақсатында кеңінен қолданылады. (<<Табекс>> таб.,1 таб. Тәулігне 1-5 рет 20-25 күн бойы; <<Лобесил>> таб., 1 таб. Тәулігіне 4-5 рет тамақтан бұрын 7-10 күн бойы; <<Никоретте>> сағыз түрінде, 1 сағыздан тәулігіне 3-4 рет). Атеросклерозда, гипертониялық ауруларда, ірі қан тамырлардан қан кетуде, өкпе ісінуінде және тырысуға бейімділікте қолдануға болмайды. Никотиннің улы әсері: темекі шегу, гипертониялық аурулар мен жүректің ишемиялық ауруларына; жүрек аритмияларына; эндартеритке, созылмалы бронхит пен пневмонияға, жел өкпеге, өкпенің қатерлі ісігі мен көрудің нашарлауына алып келеді.3. Антихолинэстеразды дәрілер эндогенді ацетилхолинның жиналуына алып келетін, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін тежейді, нәтижесінде ағза мен ұлпаға оның әсері күшейіп, ұзарады. Антихолинэстеразалык, дәрілерді таңдау олардың белсенділігімен, ұлпаны тосқауылдау арқылы өту қабілетімен, әсерінің ұзақтығымен, тітіркендіргіш әсері және улылығымен анықталады. Антихолинэстеразды дәрілерді миастенияда және бұлшық ет дистрофиясында (жүйке-бұлшық ет өткізгіштігін жақсартады); салдануда, невритте; менингиттен, полиомиелиттен, энцефалиттен кейін; ішек пен қуык, атониясында; толғақтың әлсіздігінде; глаукомада қолданады. Эпилепсияда, гиперкинезде, бронх демікпесінде, стенокардияда, атеросклероз және жүктілікте қолдануға болмайды.а) әсері қайтымды препараттары: физостигмин, галантамин (нивалин), прозерин (неостигмин), придостигмин(калимин,местинон),оксазил – орташа әсерлі;дистигмин (убретид)-әсері ұзақ.б) әсері қайтымсыз препараттары:армин,ФОҚ. Әсері өте ұзақ.Үшіншілік аминдер:физостигмин,галантамин-гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтетін болғандықтан,полиомиелиттен кейінгі жағдайды емдеу үшін қолданылады. Глаукома кезінде прозерин, физостигмин, фосфакол тағайындалады. Жергілікті әсер үшін (миастенияда, ішек пен қуық атониясында, полиомилеттен кейін, антидеполяризациялық кураре тәрізді дәрігерлердің антагонитері ретінде) әдетте салыстырмалы улылығы аз дәрілерді – прозерин,галантамин,сирек жағдайда физостигминді таңдайды.Proserinum-прозерин (А):0,015 таб.-30 минут тамақтан алдын;0,05% 1 мл еріт.амп.,1мл тәулігіне 1-2 рет т/а енгізіледі.Galanthamini hydrobromidum – галантамин гидробромиді
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134