Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

(А): 0,02таб.; 0,5%, 1% және 1,5% 1мл 1-2рет т/а енгізіледі.

ФОҚ (фосфорорганикалық қосылыстар) - әсері қайтымсыз, өте
белсенді және улы болып келеді. Табун, зарин, заман - химиялық төнгіш
заттарға жатса, ал дихлофос және т.б. инсектицид ретінде қолданылады.
Антихолинэстераздық дәрілермен улану мүмкіндігі бар. Ол негізінен ағзада
ацетилхолиннің жоғары концентрациясынын жиналуымен, сонымен бірге
холинорецепторларды тікелей қоздырумен байланысты, әсіресе ФОҚ уланғанда ағзаға қауіп тудыруы мүмкін. Улану белгілері: тыныс алудың қиындауы, брадикардия, АҚ төмендеуі,сілекейдің ағуы, терлеу, қүсу, іш ету, тырысулар, миозжәне аккомодацияның бүзылуы байқалады. Жәрдем: шұғыл түрде атропинді енгізіп, жасанды дем беру қажет (тыныс алу тоқтағанда), асқазанды шайып, симтоматикалық ем (жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер, тырысуға қарсы дәрілер және т.б.) жүргізіп, холинэстеразды реактиваторлар (дипироксим, изонитрозин) енгізу қажет.
4. М-холиноблокаторлар М-холинорецепторларды тежейтін заттар болып табылады. Оларға: атропин (кәдімгі итжидек, қара мендуана, сасық мендуана алкалоидтары) итжидек препараттары, платифиллин (зиягүл алкалоиды), метацин жатады. Ацетилхолиннің әсерін жояды, сондықтан симпатикалық иннервацияға тән эсер көрсетеді: көз қарашығының кеңеюі (мидриаз), көз ішілік қан қысымының жоғарлауы, жүрек соғуының күшеюі және жиілеуі (тахикардия), АҚ көтерілуі, бронхтың кеңеюі. АІЖ бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуы төмендеуі байқалады. Берілген топтың ең жақсы игерген өкілі атропин, сондықтан М-холиноблокаторларды атропин тәрізді дәрілер деп атайды.

Atropini sulfas – атропин сульфаты (А) 1% ерт. – көз түбін зерттеу үшін қолданылады және көзілдірік тандауда көз тамшысы түрінде шығарылып; иритте, иридоциклитте; 1% жағылма; көз пленкалары (атропин көз қарашығын кеңейтіп, аккомодацияның салдануын тудыруы мүмкін - жакыннан көре алмаушылық көз ішілік қысымын жоғарылатады, әсөрі 7-8 күнге созылады) түрінде; 0,1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 0,25-1 мл т/а, б/е, к/т енгізіледі. Спазмолитик ретінде атропинді бірыңғай салалы бұлшық ет түйілуінде (бауыр, бүйрек пен ішек шаншуларында), бронхспазмада қолданылады. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың жарасында, наркоздан алдын премедикация үшін, брадиаритмияда, бронх демікпесінде, атриовентрикулярлы блокадада, паркинсонизмде, сондай-ақ

М-холиномиметиктермен және антихолинзстеразды дәрілермен уланғанда және көз тәжірибесінің диагностикасында қолданылады. Жанама әсері: тахикардия, ауыз қуысының құрғауы мен көз қарығу байқалады.Platyphyllini hydrotartras – платифиллин гидротартраты (А): 0,2% 1мл ерт.амп.шығарылып, т/а енгізіледі, платифиллин миотропты спазмолитикалық әсер көрсетіп, АҚ төмендетеді.Methacinum - метацин (A): 0,1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, к/т енгізіледі. ОЖЖ-не, аккомодацияға аз әсер етіп, бронхолитикалық әсері айқын байқалады.Скополамин гидробромиді - ОЖЖ-н тежеп, әуе мен теңіз ауруларында («Аэрон», «Скоподерм ТТС»таб.) қолданылады.Итжидек пепараттары: «Бекарбон», «Бесалол», «Белластизен», «Беллалгин» таблеткасы – жара ауруларында, гастритте және шаншуларда қолданылса; «Анузол», «Бетиол» супп. – тік ішектің қабыну ауруларында, АІЖ-ң түйілуінде; ал «Солутан» - бронхолитикалық және жөтелге қарсы және т.б.дәрі –дәрмек ретінде қолданылады.Ипратоприум бормиді (атровент) – 0,01 таб., мөлшерленген аэрозоль түрінде; окситропиум бромиді және тровентол – мөлшерленген аэрозоль түрінде шығарылып, бронхтарға тандамалы әсер етіп бронх демікпесіне қолданылады.Прензепин – асқазан безінің М1 холинорецепторының арнайы тежегіші болып табылып, гиперацидті гастрит пен асқазан жарасында қолданылады.Тропикамид - көз тамшысынын әсері қысқа 2-6 сағ.; гоматропин -көзтамшысы, әсері 15-20 сағ. созылады.М-холикоблокаторларды гаукомада. миокардтың, бауыр мен бүйректің ауыр органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.М-холиноблокагарлармен улану кезінде келесі белгілері байқалады: мидриаз, ауыз қуысының құрғауы, тері қабаттарының қурғауы, тамыр соғуының жиілеуі, психикалық қозу, галлюцинация, ОЖЖ-нің тежелуі, тыныс алу орталығының салдануынан өлімге апып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю (танин ерітіндісімен немесе белсендірілген көмірдің суспензиясымен), ішке тұзды іш айдағыш, антихолинэстеразды дәрілер, үлкен мөлшөрде тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер, форсирленген диурез, гемосорбция және жасанды дем беру қажет.5.Ганглиоблокаторлар симпатикалық және парасимпатикалық ганглиялардағы вегетативті түйіндердің Н- холинорецепторларын бөгеу нәтижиесінде, қан тамырлары кеңейіп, артериялық және веноздық қан қысымын төмендетеді; АІЖ-ң бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуын
тежейді. Ганглиоблокаторлар гипертониялық криз ұстамаларында, өкпеісінуінде, жедел ми ісінуінде, тығындалған эндортеритте, кей кезде асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: ішек атониясы ортастатикалықгипотония (алдын алу мақсатында препаратты кабылдап болғаннан соң науқас 2 сағат төсекте дем алуы кажет), аккомодацияның бұзылуы мен ауыз қуысының курғауы байқалуы мүмкін. Гипотонияда, бауыр мен бүйрек ауруларында, қан кетуде, мидан қан кетуде. Жүрек жұмысының бұзылуында, жедел миокрад инфактында қолдануға болады.Benzohexonum-бензогексоний (Б): 0,1 және 0,25 таб.-1-2 таб. тәул. 3-6 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп. т/а, б/е енгізіледі. Әсері 2-4 сағ.Pentaminum - пентамин (Б): 5% 1 және 2 мл еріт. амп, шығарылып, б/е,к/т енгізіледі. Әсері 1-2 сағатқа созылады.Pirilenum - пирилеи (Б): 0,005 таб, әсері 8 -12 сағ. созылады.Гигроний және арфонад әсері қысқа (10 - 20 мин), қан кетуді төмендету мақсатында хирургияда қолданылады.Пахикарпин ганглиоблокаторлық белсенділігі өте төмен және әсері қысқа. бірақ АІЖ-да жаксы сіңіріліп, миометрияға қуаттандырғыш эсер (туу кызметін куаттандырады) көрсетеді.6. Кураре тәрізді дәрілер (шеткерлік әсерлі миорелаксанттар) -қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларын тежеу нәтижесінде: қол, көз, аяқ, мойын, арқа бұлшык еттерінің, қабырға аралық бұлшық еттерінің және диафрагманың босаңсуы байқалады. Кеңірдек интубациясында, эндоскопиялық ем-шараларда, хирургиялық операциялардың интубациялық наркозында, суйек сынықтарының орнына түсіруді жеңіддету, буын шығуын орнына келтіру мен сіреспені емдеу үшін қолданылады.а) Эсері антидеполяризациялык, миорелаксанттар: тубокурарин хлориді, панкурной бромиді (павулон); пипекуроний бромиді(ардуан), векуроний бромиді (норкурон) - Н-холинорецепторларды тежеп, ацетилхолинның деполяризациялық әсерін төмендетеді. Миорелексациялық әсері 20-60 минут. Антидеполяриэациялық миорелаксанттардың антагонисті синапстық саңылаудағы ацетилхолинның мөлшерін жоғарылататын антихолинэстеразды дәрілер болып табылады.Tubocurarini chloridum - тубокурарин хлориді (А): 1% 1,5 мл еріт. амп., 0,0004 - 0,0005 г/кг, к/т енгізіледі. d-Тубокурарйн-оңтүстік Америка өсімдігінің әртүрлі Strychnos алкалоиды.б) Әсері диполяризациялық миорелаксанттар:: дитилин (миорелаксин, листенон) - химиялық құрылысы жағынан диацеталхолин болып табылады. Н-холинорецепторларды қоздырып, синапстан кейінгі мембрананың деполяризациясын тудырады. Әсері 5-10 минут. Антихолинэстеразды дәрілер дитилиннің әсерін күшейтеді. Дитилиннің әсерін төмендету үшін құрамында холинэстеразасы бар жаңа қан құю қажет.
Dithylinum - дитилин (A): 2% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, 0,0015 - 0,002 г/кг к/т енгізіледі.в) Әсері аралас миорелаксанттар:диоксоний - алғашкыда деполяризация кезенін тудырып, содан соң антидеполяризациялық миорелаксанттар секілді эсер көрсетеді.г) Меликттин (тегурінгүл алкалоиды) – үшіншілік амин болып табылатын алкалоид. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, әсер ету жағынан тубокураринге ұқсас. Бұлшық ет тонусының жоғарлауымен жүретін ауруларда және толқи жиырлу қызметінің бұзылыстарында (постэнцефальды паркинсонизм, арахноэнцефалит және т.б.) қолданылады.2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілерШеткерлік иннервацияда адренергиялық талшықтардан эффекторлы (жұмыс атқаратын) жасушаларға импульстар берілуінде норадреналин медиаторы қатысады. Адренергиялық аксондар эффекторлы жасушаларға келіп, жүйке ұштарының қызметін атқаратын варикозды түйіндері бар жіңішке торға таралады. Варикозды түйіндердің көпіршіктерінде (везикулаларында) норадреналин медиаторы бар. Жүйке импульстарына жауап ретінде норадреналиннің синапстық қуыста бөлінуі және синапстан кейінгі мембраналарының адренорецепторларымен әсерлесуі пайда болады. Адренорецепторлардың сезімталдығына байланысты 2 түрі бар. Олар а - және β - адренорецепторлар. а - адренорецепторлардың а1 және а2. ал β-адренорецепторлардың β1 және В2түрлері бар. а1-адренорецепторлар синапстан кейін, ал а2-адренорецепторлар синапстан алдын және тыс жинақталған. и -адренорецепторлар бүйректің шырышты қабықшасында, терінің қан тамырларында, АІЖ-ң сфинктері мен көк бауырда орналасқан. В1-адренорецепторлары жүректің бұлшық етінде, β2-адренорецепторлары ми, жүрек, бронх және қаңқа бұлшық еттерінде орналасқан.Көптеген ауруларда, әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында вегетативті жүйке жүйесінің айқын бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Бұл бұзылыстар вегетативті жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымында, соның ішінде адренергиялық синапста қозудың берілу механизміндегі өзгерістерімен айқындалады. Сондықтан медициналық тәжірибеде қазіргі кезде кеңінен адренергиялық синапстағы қозудың берілуін таңдамалы қалыпқа келтіретін дәрілер кеңінен қолданылады. Адренорецепторларды қоздыратын дәрілерді адреномиметиктер, ал тежейтін дәрілерді адреноблокаторлар дейді. а1-адренорецепторлардың қозуында қан тамырлар тарылып, АҚ көтеріледі. Β
1-адренорецепторлардың қозуында жүрек соғуы жиілеп, күшейеді, автоматизмі жоғарылап, өткізгіштігі жақсарады, В2-адренорецепторлардың қозуында бронхтар мен қан тамырлар кеңейеді, Адреномиметиктер кеңінен айқын гипотензиясы бар жіті қан тамыр жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, мурын мен көздің шырышты қабықшаларының қабынуында, глаукомада, гипогликемиялық комада және жүрек жумысы тоқтағанда қолданылады. Адреноблокаторлар гипертония ауруларында, аритмияларда, стенокардияда және тамырлардың түйілуінде қрлданылады.1. а-адреномиметиктер (а - адрексрецепторларды қоздырады).Меsatonum - мезатон (фенилэфрин гидрохлориді) (Б): (a1- адренорецепторларды (тамырлардың, тамыр қозғалтқыш орталықтардың) қоздырып, қан тамырларды тарылтып, АҚ-ы жоғарылатады, рефлекторлы брадикардия тудырады. Тамырлардың және тамыр қозғалтқыш орталықтың адренорецепторларын қоздырады. ОЖЖ шамалы қоздырып ішке («Колдрекс» қиыстырылған препаратының құрамына кіреді) қолданылады. Әсері күре тамырға енгізгенде 20 минут, тері астына енгізгенде 40-50 мин. бойы сақталады. Көз қарашығын кеңейтетін әсері бар, сондықтан көз түбін зерттеу үшін диагностикалық мақсатта, глаукомада көз тамшысы түрінде 1-2% еріт. қолданылады. Мұрынның шырышты қабықшаларының қан тамырларын тарылтып, жергілікті енгізгенде қабынуды төмендететін қасиеті бар, сондықтан ринитте мүрын тамшысы түрінде 0,5% еріт. қолданылады. Қан тамырын тарылтып, АҚ-ы жоғарылату үшін шокта, коллапста 1% - 1 мл еріт. амп. түрінде 0,3% 1 мл 40% 40 мл глюкозамен к/т баяу немесе тамшылатып; 0,3-1 мл т/а және б/е тәулігіне 2-3 рет енгізіледі,Нафтизин (санорин), називин (назол) және галазолин (ксимелин, тизин, олинт) - а2-адренорецепторларды қоздырып, қан тамырларды өте үзақ уақыт тарылтатын қаеиеті бар, сондықтан созылмалы ринитте қолданылады.Марһіһугіпит - нафтизин (Б): 0,05% және 0,1% 10 мл еріт. флаконда шығарылып, ринитте мүрын қуысына тамшы түрінде тағайындалады, а -адреномиметиктерді гипертонияда, атеросклерозда, миокардтың созылмалы ауруларында және гипертиреозда қолдануға болмайды.Клофелин - гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтеді, тамыр қозғалтқыш орталығының а2-адренорецепторларын қоздырып, жүйке үштарынан норадреналиннің бөлінуін төмендетеді, соның әсерінен орталыққа гипотензивті әсер етіп, АҚ-ы төмендетеді. Клофелин жүрек- қан айналымын төмендетіп, анальгетикалық (ауырған жерді басатын) және седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді. Гипертониялық ауруларда және глаукомада (кез тамшысы)
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134