белгіленеді.2.β- адреномиметиктерІsadrinum - изадрин (новодрин, эуспиран) (Б); 0,005 таб.; β1 және В2 адренорецепторларды қоздырады. Жүректің 6,-адренорецепторларын қоздырып, жүрек жиырылуы күші мен жиілігін жоғарылатады, сондықтан брадиаритмияда және атриовентрикулярлы бөгетте 0,005 таб. түрінде тіл астына белгіленеді. Бронхтың В2 адренорецепторларын қоздырып және кеңейтіп, бронхолитикалық әсер көрсетеді. 0,5% - 25 мл және 1% 100 мл флаконда шығарылып, бронх демікпесінде ингаляциялау үшін тағайындалады. 0,5% - 1 мл амп. шығарылып, к/т енгізіледі. Изадриннің бронхолитикалық әсері тез және қысқа (1 сағ. дейін). Жанама әсеріжағынан тахикардия, экстрасистолия (жүректің β1 -адренорецепторларын қоздаруымен байланысты) және діріл байқалады.Бронхтарға таңдамалы әсер ететін β2 адреномиметиктерге: орципреналин сульфаты (алупент, астмопент), фенотерол (беротек, партусистен), сальбутамол (вентолин), тербуталин (бриканил) жатады. Бұл препараттардың әсері ұзақ (6 сағ. дөйін), бронх демікпесінде ішке, парентеральды және ингаляция түрінде тағайындалады.Salbutamolum - сальбутамол (Б): 0,002 және 0,004 таб. түрінде шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 1-4 рет; 0,1% 5 мл еріт. амп,- к/т тамшылатып; 10 мл және 20 мл аэрозоль 1-2 ингаляциядан тәулігіне 4-6 рет. Фенотеролға қарағанда әсері төмен.Орципреналин сульфаты - бронхтағы β2-адренорецепторларды қоздырып, бронхиальды демікпені алдын алу және ұстамасын басу үшін, кей кезде брадиаритмия мен атриовентрикулярльі бөгетте қолданылады. Изадринге қарағанда АҚ төмендеуі мен тахикардия тудырады. Тербуталин бронх демікпесі ұстамасын басу үшін аэрозоль түрінде қолданылады, мөлшері күніне 8 реттен аспауы қажет.Кленбутерол (контраспазмин), формотерол (форадил), сальметерол (сальметер, серевент) - әсері ұзағырақ (12 сағ.) препараттар. β2-адреномиметиктер бронхтың, сонымен қатар миометрияның β2 адренорецепторларын қоздырып, жатыр мойынының бұлшық еттерін босаңсытып, түсік тастау қаупінде қолданылады.
Добутамин (добутрекс, инотрекс) - 6,-адренорецепторларды таңдамалы тежеп, миокардтың жиырылуы мен жүректің қан айдауын күшейтеді, сондықтан жүрек жеткіліксіздігінде кардиотоникалық дәрілік зат ретінде, хирургиялық операцияларда к/т тамшылатып енгізіледі.β - адреномиметиктерді стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуында және жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды.3. а -және 6 - адреномиметиктер: адреналин (эпинефрин) гидрохлориді (гидротартраты) - фенилалкиламиндер тобына жатады, Адреналин синтетикалық жолмен немесе жануарлардың бүйрек үсті безінен алынады. Тікелей а- және β-адренорецепторларды қуаттандырады. Адреналин β2-адренорецепторларын қоздыруымен байланысты қан тамырларды кеңейтіп (а-адренорецепторларды қоздыруымен байланысты) АҚ-ң жоғарылауынан кейін оның төмендеуі байқалады, сондыктан шокта, коллапста, АҚ көтеру үшін а-адренорецепторлардың таңдамалы қоздырғышы болып табылатын мезатон мен норадреналинді бірге қолданған дұрыс. Жарақат алғанда, операцияларда, қан кетуде, интоксикацияда, уланғанда - АҚ-ң бірден төмендеуінде адреномиметиктерді қолданбас бұрын, қан айналым жүйесіндегі қан көлемін толтыруды міндетті түрде ескерген жөн. Адреналин аллергиялық реакцияларда (анафилактикалық шокта, көмейдің аллөргиялық ісігінде және т.б.); жүрек тоқтағанда - сол жақ жүрек қарыншасының қуысьіна енгізіледі; басқа да β-адреномиметиктер әсер етпей жатқанда, бронх демікпесі ұстамасын басуда; инсулинннің мөлшерін асырғанда туатын гипогликемиялық комада қолданылып, сонымен қатар адреналин ерітіндісін жергілікті анестетиктердің улылығын төмендету және әсерін ұзарту үшін қолданылады. Адреналин жүрек бұлшық ет жиырылу күші мен жиілігін жоғарылатады, ал атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылуында β-адреномиметиктерді (изадрин, орципреналин) қолданған дұрыс. Адреналинді б/е, т/а, шырышты қабатқа жергілікті енгізіледі, ал к/т тамшылатып сирек қолданылады. АІЖ-да бұзылуы себебінен ішке қолданбайды. Адреналиннің әсері қысқа: к/т енгізгенде - 5 мин., т/а енгізгенде - 30 мин. Жанама әсері: тахикардия, жүрек аритмиясы, жүрек түсының ауырсынуы, АҚ көтерілуі, гипергликемия, тынышсыздық, діріл, бас ауыру және миға қан қүйылуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, атересклерозда, тиреотоксикозда, қант диабеті мен жүктілікте қолдануға болмайды.Норадреналин (норэпинефрин) - АҚ жедел төмендегенде к/т тамшылатып, жүрек тоқтағанда сол жақ жүрек қарыншасының қуысына енгізіледі.
Аdrenalini hydrochloridum - адреналин гидрохлориді (Б); 0,1% 1 мл еріт. амп. 0,3-0,75 мл т/а және б/е; 0,1 % 10 мл еріт. флаконда шығарылып, жергілікті (шырышты қабатқа) енгізіледі.Аdrenalini hydrotartras -адреналин гидротартраты (Б): 0,18% 1 мл еріт. ампулада; 0,18 % 10 мл еріт. флаконын жергілікті енгізіледі,Noradrenalini hydrotartras -норадреналин гидротартраты (Б): 0,2% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 5% глюкоза еріт. бірге к/ттамшылатып енгізеді.4.Симпатомиметиктер: эфедрин - Ерһеdrа өсімдігінің алкалоиды, а және β-адренорецепторларға тікелей емес (медиатор арқылы) әсер етеді. Варикозды түйіндерге әсер етіп, медиатордың (норадреналиннің) бөлінуін тудырып, медиатордың нейрональды кері ұсталуын төмендетеді. Жүрек жұмысын қуаттандырады, АҚ-ы жоғарылатады, бронхолитикапық әсер көрсетеді, ішектің толқи жиырылуын төмендетіп, көз қарашығын кеңейтеді (аккомодацияға жәнө көз қысымына әсері жоқ), қаңқа бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, гипергликемия шақырады. Эфедрин ОЖЖ-не психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді. Бронх демікпесі үстамасыналдын алу және басуда, жедел АҚ төмендету үшін және гипотониялық жағдайда, аллергиялық реакцияларда, ОЖЖ-ң тежелуінде, ринитте, көз тәжірибесінде көз қарашығын кеңейту мақсатында және атриовен- трикулярлы бөгетте қолданылады. Гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, стенокардияда, гипертиреозда және ұйқысыздықта қолдануға болмайды.Ерһеdrini hydrochloridum- эфедрин гидрохлориді (Б): 0,025 таблетка, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет; 5% 1 мл еріт. амп. - 0,5-1 мл т/а және б/е; 100-500 мл глюкозаның немесе NаСІ изотонды еріт. к/т тамшылатып; ринитте 2-3 % еріт. мұрын тамшысы; 1-5 % көз тамшысы түрінде қолданылады.5. α-адреноблокаторлара) Таңдамалы емес а- адреноблокаторлар: фентоламин және тропафен а, және а2 адренорецепторларды тежейді. Шеткерлік қан тамырларды кеңейтіп, шеткерлік ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады АҚ төмендетіп, тахикардия тудырады. Қолданылуы: шеткерлік қан айналымының бұзылуы: эндартериит, Рейе ауруы, аяқтың ойық жаралары, феохромоцитома.Рһеntolamini hydrochloridum - фентоламин гидрохлориді (Б): 0,025 таб. шығарылып, 2-4 таб. тәулігіне 3-5 рет қабылдау қажет.Тгораphenum - тропафен (Б): 0,02 қүрғақ зат амп. 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп т/а, б/е тәулігіне 1-3 рет.б) Таңдамалы а-адреноблокаторлар: празозин (адверзутен, минипресс) – а1 - адренорецепторларды таңдамалы тежейді. Артерия мен венаны кеңейтіп, жүрекке венозды қан ағысын төмендетеді, жүрекке алдын және кейінгі түсетін күшті төмендетіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді.
Негізгі әсері - АҚ төмендету. Тахикардия тудырмайды. Қандағы холестериннің мөлшерін темендетіп, бүйрек пен ми қан айналымын қалыпты жағдайға келтіреді. Әртүрлі артериялық гипертензияда қолданылады. Әсері 6-8 сағатқа созылып, бірінші рет ұйықтар алдында тағайындайды, себебі науқас 6-8 сағат тееекте дем алуы (ортостатикалық коллапс қаупін алдын алу үшін) тиіс.Рrazosini hydrochoridum - празозин гидрохлориді (Б): 0,001; 0,002; 0,005 таб., 1/2-5 таб. тәулігіне 2-3 рет қабылдайды.Доксазозин (кардура) және теразозин (гитрекс) празозиннен айырмашылығы әсері ұзақ, сондықтан тәулігіне 1 рет қабылдайды және «алғашқы мелшердің еренін (феноменін)» туғызбайды, Таңдамалы а- адреноблокаторлар қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында қолданылады, өйткені қуықтың бірыңғай салалы булшық еттері мен несеп шығару жолдарының сфинктерін босаңсытып, несептің айдалуын жақсартады, антидизуриялық әсер тамсулозинде (омник) байқалады.а-адреноблокаторларды жүрек пен қан тамырлардың органикалық зақымдалуы мен жүктілікте қолдануға болмайды.6. β-адреноблокаторлар (В - адренорецепторларды тежейді).а) Таңдамалы емес β - адреноблокаторлар β1 - және β2- адренорецепторларды тежейді. Әсері орташа (6-8 сағ.): анаприлин (пропранолол, обзидан, индерал), окспренолол (тразикор), альпренолол, пиндолол (вискен); әсері ұзақ (24 сағ. дейін.): надолол (коргард), бопиндолол (сандонорм).Аnaprillinum - анаприлин (Б): 0,01 және 0,04 таб., 1-4 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,1% 1 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, күре тамырға енгізіледі. Β1 - адренорецепторларды тежеу нәтижесінде, жүректің жиырылу күші мен жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшық етінің қозуын, автоматизмі мен өткізгіштігін және жүрекке оттегінің қажеттілігін төмендетеді. Қолданылуы: стенокардия, тахиаритмия, инфаркттан кейінгі жағдай. Бүйректегі ренин синтезініңтежелуі мен жүректің минуттық көлемі төмендеуімен байланысты гипотензивті әсері байқалады. Жанама әсері: брадикардия, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің қиындауы, жүрек жетіспеушілігі, гипотензия, β2-адренорецепторларды тежеу нәтижесімен байланысты бронх тонусының жоғарылауы (бронхспазм), ұйқы келуі, депрессия, аяқ-қол тамырларының түйілуі мен диспепсиялық жағдайлар байқалуы мүмкін. Брадикардияда, жүрек жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, бронхспазмға бейімділікте, атриовентрикулярлы түйіннің еткізгіштігінің бұзылуында, қант диабетінде
(анаприлин дәрілік гипогликемияны күшейтеді) және жүктілікте қолдануға болмайды.Охprenololum - окспренолол (Б): 0,02 таб., 1-2 таб. тәулігіне 3 рет,б) Кардиоселективті β-адреноблокаторлар β1-адренорецепторларды тежейді, бірақ бронх тонусына әлсіз әсер етеді. Әсері орташа (6-8сағ): талинолол (корданум), метопролол (беталок, спесикор); әсері узақ (24 сағ. дейін): атенолол (тенормин), бисопролол (конкор), ацебутолол (сектраль).Таlinololum - талинолол (Б): 0,05 драже-1-2 дражеден тәулігіне 3 рет; 0,2% 5 мл еріт. амп. шығарылып, к/т (өте баяу) енгізіледі.Atenololum - атенолол (Б): 0,025; 0,05; 0,1 таб.;1 таб. тәулігіне 1 рет тағайындалады.Віsoprololum - бисопролол (Б): 0,005 таб.; 1 таб. тәулігіне 1 рет.в) Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар β- адреноблокаторлар жүрек соғуының жиілігіне айқын әсер етпей, жүректің қызметін жақсартады: окспреналол, альпренолол, пиндолол, бопиндолол, талинолол, ацебутолол.г) (β + а) - адреноблокаторлар: лабеталол а1 - адренорецепторларды тежейді, басқа 6-адреноблокаторлардан айырмашылығы айрықша гипотензивті әсері байқалады. Гипертониялық ауруларда және гипертензивті кризде қолданылады.LabetаІоІ - лабеталол (Б): 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде; 1% 5 мл еріт. амп. шығарылып, стационар жағдайында к/т (тез және күшті әсерімен байланысты ортостатикалық гипотензия байқалуы мүмкін) енгізіледі.β-адреноблокаторларды науқастың жағдайын асқындырып алмау үшін, қабылдауды бірте-бірте төмендеткен дұрыс («доғару белгісі»), Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар И-адреноблокаторларда доғару белгісі сирек кездеседі. β-адреноблокаторлар (тимолол) глаукоманы емдеу үшін көз тәжірибесінде қолданылады.7.Симпатолитикалық дәрілер: резерпин (рауседил, серпазил), октадин (гуанетидин, изобарин, исмелин), орнид (бретилий).Норадреналиннің қайта ұстау және депонирлену (октадин, резерпин), немесе синапстан алдыңғы жүйке үштарынан норадреналиннің белінуін бұзу (орнид) жолымен, жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады. Негізгі әсері: қан тамырларды кеңейтіп, АҚ төмендету. Гипертониялық ауруларда (резерпин), артериялық гипертензияның ауыр түрінде (октадин) және антиаритмиялық дәрі (орнид) ретінде қолданылады.Reserpinum - резерпин (Б); 0,0001 және 0,00025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2 - 4 рет тамақтан соң; 0,25% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 1 мл б/е және к/т енгізіледі. Резерпин раувольфия әсімдігінің алкалоиды, гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтіп, тыныштандыратын әсері бар.