Жанама әсері жағынан депрессия, ұйқы келуі, жаппы әлсіздік, бас айналу, ентігу, асқазан безініңсекрециясыныңкүшеюі, АІЖ-ң түйілуі, іш ету, жүрек айну, брадикардия, миоз, мурын бітуі және ұзақ қолданғанда паркинсонизм байқалуы мүмкін. Құрамында резерпині бар таблеткапар: «Адельфан- эзидрекс», «Трирезид», «Кристепин», «Бринердин», «Неокристепин». Раунатин (раувазан) препаратының құрамында да раувольфия алкалоиды бар, қолданылуы резерпинге ұқсас, бірақ ОЖЖ-не әлсіз әсер етеді.Осtadinum - октадин (Б): 0,025 таб. түрінде шығарылады. Жанама әсері: ортостатикалық коллапс (препаратты қабылдап болған соң науқастөсекте 2 сағат дем алуы керек), адинамия, брадикардия, жүрек айну, іш өту, мұрын бітелуі және сұйықтықтардың ұлпаларда ұсталуы мүмкін.Препараттарды жедел ми қан айналысының бұзылуында, органикалық жүрек-қан тамыр ауруларының ауыр түрінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, атеросклерозда, ал резерпинді - асқазан мен ұлтабардың жарасында, октадинді - феохромоцитомада қолдануға болмайды.Дофаминергиялық дәрілерДофамин - а-тирозиннен түзетін биогенді амин болып табылады. Ол норадреналиннің серігі. Нейромедиатор ретінде ол ОЖЖ-нің қызметінде маңызды қызмет атқарады. Дофаминергиялық процеске әсер етуі, бірқатар нейротропты, соның ішінде психотропты препараттардың әсер ету механизмімен байланысты. Дофаминергиялық рецепторлардың әртүрлі подтиптері бар: Д1 және Д2, Д1-рецепторларының қызметі дофаминнің аденилатциклазаның белсенділігі мен циклді АМФ-тың түзілуіне қуаттандырғыш әсерімен байланысты. Д2-рецепторлар бул әсермен байланысты емес. Дофамин шок жағдайында (кардиогенді, травмалық, эндотоксикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық т.б. шокта) қолданылады. Тек күре тамырға тамшылатып енгізеді. Әсері тез басталып 5-10 мин. кейін (енгізіп болғаннан соң) аяқталады.Dophaminum - дофамин (Б); 0,5%; 4% 5 мл еріт. амп.; 125 мл немесе 400 мл 0,9% NaСІ, глюкоза ерітіндісімен араластырып, күре тамырға 2-3 сағат тамшылатып, 1-4 күн бойы енгізіледі.Орталыққа әсер ететін тікелей дофаминомиметиктер - ОЖЖ-ң Д2 рецепторын қуаттандыратын.Бромокриптин (парлодел) - гипоталамустың дофаминді рецепторларын қуаттандырып, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонының әсіресе пролактин мен соматотропиннің синтезін тежейді. Лактацияны төмендету үшін, эндокринді ауруларында (акромегалия, Иценко-Кушинга), паркинсонизмде
қолданылады.Апоморфин гидрохлориді - сопақша мидың триггерлі аумағының дофаминді рецепторын қуаттандырып, қозуында күшті қустыратын әсері байқапады («Асқорытужүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).Тікелей емес дофаминомиметиктер: мидантан (амантадин), глудантан - орталыққа әсер ететін дофаминомиметикалық препарат, деподан дофаминнің бөлінуін күшейтіп, дофаминге дофаминді рецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Паркинсонизм ауруында қолданылады. Депренил (селегилин, юмекс) леводопамен бірге паркинсонизмде қолданылады.Дофаминді рецепторларды тежегіш дәрілер - (лимбиялық жүйедегі Д2-рецепторын тежейді) - психотропты әсер көрсетеді.Серотонин әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда кездеседі, жүйке жүйесінің синаптикалық көпіршіктерінде жиналып, жүйке импульстарының әсерінен бөлініп, серотонинді рецепторлармен байланысатын биологиялықаминдер. Серотонин ОЖЖ-ң медиаторы қызметін атқарады. Серотонинің шеткерлік әсері қан тамырларды тарылтады, қабыну медиаторының бірі, жергілікті енгізгенде (т/і, т/а) ісінуі мүмкін. Серотонин тромбоциттердің агрегациясын жоғарылатады, сондықтан әртүрлі қан кетулерде қан тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсерлері: күре тамырға жылдам енгізгенде ауырсыну, тромбофлебит, іш қуысы мен жүрек түсының ауырсынуы, АҚ-ң көтерілуі, бас ауыру, тыныс алудың қиындауы, жүректің айнуы, диарея байқалады. Бүйрек ауруында, гипертония ауруында (11-111 дәрежесінде) бронх демікпесінде, жедел тромбозда, Квинке ісінуінде қолдануға болмайды.Serotonini adipinas - серотонин адипинаты (Б): 1% 1 мл еріт. амп, - 150 мл 0,9% NaСІ еріт. к/т тамшылатып; 0,5% 5 мл новокаин еріт. б/е енгізіледі.ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛЕРЖіктелуі:1.Наркозға арналған дәрілер2. Этил спирті3. Ұйықтататын дәрілер4. Эпилепсияға қарсы дәрілер5. Паркинсонизмге қарсы дәрілер6. Анальгетиктер7. Психотропты дәрілер8. Аналептиктер1. Наркозға арналған дәрілер (жалпы анестетиктер)Наркоз (грек. narcosis - мелшею, есеңгіреу) - ағзаның өмірлік маңызды қызметтері (тыныс алу мен қан айналым жүйесі) сақтала отырып, естің жойылуы, қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуімен, рефлекторлы реакциялар мен барлық сезімталдықтың төмендеуімен, ОЖЖ-де нейронаралық қозудың берілуі әлсіреуімен жүретін жағдай. Афферентті импульстердің берілуінің бұзылуы, қыртысты-қыртыс асты аралықтардың, аралық мидың, жұлынның қызметтерінің өзгеруі және т.б. Наркоз хирургиялық операцияларда қолданылады. Науқастарды наркоз жағдайына енгізу, хирургиялық операциялардан кейін наркоздан шығуы ағзаны қалпына келтіру ауруханалар мен клиникаларда арнайы анестезиология және реабилитация бөлімдерінде жүргізіледі.
Наркозға арналған дәрілердің химиялық қүрылысы әртүрлі және наркоздың пайда болу механизмін түсіндіретін бірыңғай теориясы жоқ. Сондай-ақ, барлық наркозға арналған дәрілер ОЖЖ-гі қозудың нейрондарға және нейрон аралық берілуін тежейді. Наркоздың келесі сатылары бар:І. Анальгезия сатысы: біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің жойылуымен сипатталады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы) дамиды.ІІ. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сөйлеудің қозуы, тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі, рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.ІІІ.Хирургиялық наркоз сатысы: 1-і дәрежесі - беткейлі наркоз.физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң қабық пен жұтқыншақ-көмекей рефлекстері сақталған, көз қарашығының жарықты сезінуі мен бұлшық ет тонусы сақталған. 2-і дәрежесі – айқын наркоз: тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ - бір қалыпты, кез қарашығының жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бұлшық ет тонусы төмен. 3-і дәрежесі - терең наркоз: тыныс алуы - жеңіл, жиі, диафрагмапьды; кез қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық ет атониясы дамиды. 4-і дәрежесі - өте терең наркоз: барлық физиологиялық процестер шегіне жетіп, қабырғааралық бұлшық еттердің салдануына алып келіп, диафрагманың жиырылуы және АҚ төмендейді.IV. Агональды (салдану) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі уйқы басталады.
Наркоз түрлері:Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай қурал жабдықтарды талап етеді.Ингаляциялық емес наркоз: анестетик ерітінділері күре тамырға енгізіледі (бір реттік, бөліп немесе тамшылатып), ал бұлшық етке немесе тік ішекке сирек енгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың қозу кезеңі жоқ, қарапайым, бірақ нашар басқарылады.Мононаркоз - бір препаратпен жүргізілетін наркоз.Аралас наркоз: наркозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көп қоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азоттотығының қоспасы.Қиыстырылған наркоз: ингаляциялық емес наркоз бен (базис-наркоз немесе алғашкы наркоз - қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Аралас және қиыстырылған наркоз өте аз концентрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді анестезияны қамтамасыз етеді.Үдемелі (потенцирленген) наркоз -бір-бірінің әсерін күшейтіп және ұзартатын наркотикалық, анальгетикалық және тыныштандыратын препараттармен қолданылатын қиыстырылған наркоз.Нейролептоанальгезия - нейролептиктермен (дроперидол және т.б.) наркотикалық анальгетиктерді (фентанил және т.б.) қиыстырып беретін, есі сақтала отырып, жасанды жансыздандыратын жалпы анестезияның ерекше әдісі. Бұл әдіс өз еркімен, қиыстырылған анестезия және премедикация үшін қолданылады.Науқасты наркозға дайындар алдында, психологиялық-эмоциональды кернеуін төмендету үшін, наркозға енуін жеңілдету үшін премедикация жүргізіледі: наркотикалық анальгетиктердің, антигистаминді дәрілердің, М-холиноблокаторлардың, сондай-ақ нейролептиктердің және транквилизаторлардың ішінен біреуін белгілеу қажет.Наркозға арналған дәрілер келесі талаптарға сай болуы қажет:1.Наркотикалық белсенділігі жоғары және терапевтикалық (наркотикалық) әсері кең болуы.2.Наркоз тез және бірқалыпты басталып, қозу кезеңінсіз шығуын қамтамасыз ету.3.Наркоздың едәуір тереңдігі мен жақсы басқарылуын қамтамасызету.4. Препарат шырышты қабатты тітіркендірмей, жүрек-қан тамыр жүйесін, паренхиматозды мүшелерді, зат алмасуды, сондай-ақ анестезиологиялық аппараттарда қолданылатын материалдарға зиянды әсерін тигізбеу.5. Препаратты сақтағанда турақты және қолданғанда қауіпсіз болуы.
Наркозға арналған дәрілердің жіктелуі Ингаляциялык наркоиа
арналған дәрілер
| Ингаляциялык емес наркозға арналған дәрілер
|
1.Ұшқыш сұйықтықтар:
Наркозға арналған эфир
Фторотан (галотан)
Метоксифлуран (пентран)
Наркозға арналған
трихлорэтилен (трилен)
Энфлуран
Изофлуран
Десфлуран
Флороксен
2.Газ тәрізді заттар:
Азот тотығы
Циклопропан
| Барбитур қышқылының туындылары (барбитураттар):
Тиопентал-натрий
Гексенал
Метагекситал (бриетал)
2. Барбитурат емес препараттар: Пропанидид (сомбревин, эпонтол) Натрий оксибутираты (ГОМК)
Кетамин (кеталар, калипсол)
Предион (виадрил)
Альфаксолон (альтдресин)
Этомидат (раденаркон, гипномидат) Пропофол (диприван)
|
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер Аеther pro narcosi - наркозға арналған эфир (Б): 100-150 млфлаконда. Эфир - түссіз, мөлдір, өзіне тән иіеі бар түссіз суйықтық. Қайнау температурасы +34-35 °С. Оттегі, ауа және азот тотығымен қауіпті жарылғыш қоспа түзіп, жеңіл тутанады. Эфирдің наркотикалық кеңдігі үлкен және наркотикалық белсенділігі жоғары. Эфирлі наркоз қауілсіз, жеңіл басқарылады, едәуір терең, қаңқа бұлшық еттерін жақсы босаңсуына алып келеді және күшті анальгетикалық әсері бар. Алайда эфирде қозу кезеңі мен оянуы ұзақ және наркоздан кейінгі депрессия баяу өтеді, ал шырышты қабықшаларға тітіркендіргіш әсеріне байланысты жөтел, құсу, рефлекторлы брадикардия және тыныс алудың тоқталуына алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), улкен мөлшерінде гипергликемияға және жүрек аритмиясына, наркоздан кейінгі кезеңде пневмония мен бронхитке алып келуі мүмкін.
Рһthorothanum - фторотан (Б): 50 мл флаконда - жағымды иісі бар жанбайтын ұшқыш сұйықтық, жарылмайды, эфирден белсенділігі 3 есе жоғары, наркотикалық әсерінің кеңдігі үлкен, наркоз жеңіл басқарылып, жедел наркотикалық әсер көрсетеді (3-5 мин. соң), эфирге қарағанда қозу кезеңі мүлдем жоқ, оянуы мен наркоздан кейінгі ұйқы қысқа. Фторотан шырышты қабықшаны тітіркендірмейді, бездердің секрециясын тежейді және едәуір миорелаксациялық әсері бар. Бірақ фторотанның анальгетикалық белсенділігі әлсіз, кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауына байланысты тыныс алудың тежелуіне, гипотонияға, брадикардияға алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), жүректің катехоламинге сезімталдығын жоғарылатады, сол себептен АҚ-ы жоғарлату үшін адреналин мен норадреналинді енгізуге болмайды (аритмия, тіпті қарынша жыпылықтауын (фибриляциясын) тудыруы мүмкін), АҚ-н жоғарылату үшін мезатон қолданылады. Фторотанды бауырдың органикалық зақымдалуында