мл флаконда - өзіне тән иісі бар сарғыш немесе сарғыш-жасыл түсті, ұсақ кеуекті құрғақ масса. Ерітіндіні иньекцияға арналған залалсыздандырылған (стерильденген) суда қолданар алдында (ех іетроге) дайындайды. 2,0-2,5% еріт. к/т (коллапс тудырмау үшін) өте баяу енгізеді. Препаратты енгізу уақытында наркоз басталып, қозу кезеңінсіз, 20-25 минутқа созылады, ал наркоздан кейінгі ұйқы ұзақ болады. Тиопентал-натрий алғашқы наркозда, терең анальгезияны қажет етпейтін қысқа уақытты операцияларда, сондай-ақ психомоторлы қозуды басу үшін және тырысу ұстамаларында қолданылады. Тиопентал-натрий мен оның аналогтары ауырсынуды өте нашар басады; наркотикалық әсерінің кеңдігі аз; кезбе жүйкесінің тонусын жоғарылату, нәтижесінде бпонхо - және ларингоспазмға, сапивацияның күшеюіне (басу үшін операциядан апдын атропин енгізіледі), тыныс алу мен жүрек қызметінің тежелуі немесе тоқталуына және гипотонияға алып келеді. Тиопентал-натрий және басқа да барбитураттарды бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылысында қолдануға болмайды.
Гексенал - тиопенталға үқсас, бірақ наркотикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсері әлсіз.
Метагекситал - тиопенталға қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ әсері (7-10 мин.) қысқа.
Propanididum - пропанидид (Б): 5% 10 мл еріт. амп. шығарылып, к/т баяу енгізіледі. Препараттың әсері өте қысқа, наркоз 20-40 секундтан соң қозу кезеңінсіз басталып, хирургиялық кезеңі 3-5 мин. созылады, есі 2-3 мин. соң қалпына келіп, әсері 20-30 мин. соңтолық жойылады. Алғашқы және қысқа уақытты наркоз үшін (биопсияға үлпа апу үшін, буын шыққанда орнына салу үшін, тігілген жіпті алу үшін, тісті жүлу үшін және т.б.) қолданылады. Тыныс апудың тежелуі, тахикардия, ықылықтау, бүлшық еттің тартылуы, терлеу, көк тамыр жолында гиперемия және анафилактикалық шок байқалуы мүмкін.
Natrii oxybutiratum - натрий оксибутираты (Б): 20% 10 мл еріт. амп. - к/т, б/е; 5% сиропы - ішке белгіленеді. Наркотикалық белсенділігі өте төмен, анальгетикалық әсері әлсіз, күре тамырға енгізгенде наркоз 30-40 мин. соң басталып, 2-4 сағ. созылады. Улылығы төмен. Аз мөлшерде ұйықтататын және тыныштандыратын, ал көп мөлшерде наркотикалық және тырысуға қарсы, қаңқа бұлшық еттерін босаңсытатын әсер көрсетеді. Ми ісігінде және басқа да гипоксиялық жағдайларда қолданылып, оттегі жеткіл іксіздігіне үлпалардың тұрақтылығын жоғарылататын антигипоксиялық әсері бар. Анестезиологияда негізінен алғашқы немесе базисті наркоз үшін қолданылады.
Ketamini hydrochloridum - кетамин гидрохлориді
(А): 5% 10 мл еріт. амп. шығарлып, к/т, б/е енгізіледі. Кетамин «диссоциативті» жалпы анестезияны шақырады, ол ассоциативті аймақ пен қыртыс астында таламустың түзілуін тежейді, яғни мидың афферентті сезімталдығын таңдамалы бүзады. Кетаминнің анальгезиялық және біртіндеп естің жойылуына алып келетін жеңіл үйықтататын әсері бар. Күре тамырға енгізгенде әсері 1-2 мин. басталып, 10-15 мин. созылады, ал бүлшық етке енгізгенде әсері 3-6 мин. басталып, 10-15 мин. созылады. Қаңқа бүлшық еттері босаңсымайды, жүтқыншақ пен көмекей рефлекстері сақталған. Кетамин тахикардия, АҚ-ң жоғарылауын тудырады, саливацияны (сілекей ағуы) төмендету үшін атропин енгізіледі. Наркоздан кейінгі кезеңде галлюцинация, психомоторлы қозу, дезориентация (транквилизаторлармен басады) байқалады. Кетамин өкпенің өзінше дем алуының (желденуін) сақталуын талап ететін, қысқа уақытты хирургиялық операциялар мен ем шараларда алғашқы наркоз үшін қолданылады.
Предион - қүрылысы стероидты, наркоздың үзақтығы 30-40 минут, қан тамыр қабырғасын тітіркендіріп, тромбофлебит тудыруы мүмкін, қолданылуы шектеулі.
Альфаксолон - әсері қысқа, көбінесе аллергиялық реакциялар тудырады.
Этомидат - наркоз 4-8 мин. созылып, қүсу, тырысу, АҚ-ң өзгеруін тудырады.
Пропофол - наркоз 8-10 мин. созылып, АҚ-ы төмендетеді, тыныс алуды тежеп, бүлшық еттердің тартылуын шақырады.
2. Этил спирті
Этил спирті резорбтивті әсерінде наркозға арналған дәрілер тәрізді, ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді. Спирт наркоз үшін қолданылмайды, себебі наркотикалық әсерінің кеңдігі өте тар және наркоздың агональды кезеңіне тез өтеді, ал қозу кезеңі керісінше ұзақ болады. Сонда да спирттің анальгетикалық қасиетін медициналық тәжірибеде пайдаланады: этил спирті шокқа қарсы сүйықтықтардың құрамына кіреді. Спиртті жергілікті қолданғандатітіркендіргіш, бырыстырғыш және антисептикапық әсері бар, сондықтан медицинада тек антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі ретінде қолданылады («Антисептиктер» тақырыбына қараңыз). Спирттің ағзаға резорбтивті әсері келесі белгілермен байқалады:
-этил спирті бас миының қыртысында тежеу процесін күшейтеді, ол эмоциональды қозуға, мидың аналитикалық қызметінің төмендеуіне және эйфорияға алып келеді; үзақ қолданғанда үйренгіштік, дәріге тәуелділік пайда болады;
-спирттің төмен концентрациясында (20% дейін) тәбет ашады, асқазан бездерінің секрециясын күшейтеді, бірақ жоғары концентрациясында ас қорытатын ферменттерді астың қорытылуын бүзады;
панкреатит пен колит, бауыр циррозы, миокард дистрофиясы, бүйрек аурулары, эндокринді бездер мен репродуктивті (ұрықтың алкогольды синдромы) мүшелер қызметінің бұзылуы, қан ұюының төмендеуі және т.б. Маскүнемдік адамның моральды және физикалық азғындауына алып келіп, үлкен әлеуметтік мәселе болып табылады. Маскүнемдікті емдеу: арнайы мекемелерде жүргізіледі (наркодиспансерде), ол жерде детоксикациялық терапиядан басқа психо- және фармакотерапия жүргізіледі. Дәрілердің әсері әуестікті төмендету мен ішімдікке жиіркенушілік тудыруына бағытталған.
Теиігатит - тетурам (антабус, дисульфирам) (Б): 0,15 және 0,25 таб. шығарылады. Тетурамның әсері ацетапьдегидцегидрогеназаны бөгеуге негізделген, ол этил спиртінің метаболизміне қатысады. Бұл этил спиртінің метаболитінің - жағымсыз сезімдер (бетке қан құйылуын, жүректің айнуын, құсуды, тахикардияны, АК, төмендеуін және т.б.) тудыратын ацетальдегидтің концентрациясының жоғарлауына алып келеді, олар ішкілік алкогольді тетурам қабылдағаннан кейін өте жағымсыз етеді. Бұл спирт ішімдіктерінің дәміне және иісіне шартты - рефлекторлы жиіркенушілікке алып келеді. Тетураммен емдеу мұқият тексерілгеннен кейін және қолдануға қарсы көрсеткіштері (жүрек-қан тамыр жүйесінің, бауыр мен бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, қант диабеті, туберкулез, психикалық аурулар және т.б.) болмаған жағдайда, дәрігердің қадағалауымен жүргізіледі. Тетурамды қабылдап жатқан науқасқа аздап ішімдік (20-30 мл арақ; мөлшері жеке белгіленеді) беріледі. Дисульфирамның қасиеттерінен болатын жағымсыз әсерлер: ауыз қуысына металл дәмінің татуы; есте сақтау (жады) қабілеттің нашарлауы, сананың шатасуы, астения; бастыңауыруы; тері аллергиясының білінуі байқалады. Жоғарғы белгілерді байқай отырып емделуші тетурамнан кейін ішімдік қабылдаудан бас тартады. Ағзада әсері 1 жылға дейін сақталатын имплантациялық эспераль таблеткасы бар.
Апоморфин гидрохлориді - құсық шақыратын, ішімдікпен бірге қабылдағанда теріс шартты рефлекс өндіруіне мүмкіндік жасайтын дәрі- дәрмек.
3. Ұйыктататын дәрілер
Ұйқының 2 кезеңі болады: жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы. Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу, бездің секрециясы, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Бұл саты ұйқының 75% құрайды.