Жедел уйқы кезеңінде адам түс көреді, ол қайталанып отырып, ұйқының 25% құрайды. Ұйқы процесіне холинергиялық және ГАМК-қ жүйе әсер етеді.Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған - ол гипногенді, ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер. Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер іздестіруге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өмір қарқынының тездетуімен, стресс жиілігінің жоғарылауымен байланысты ұйқы бұзылыстары жиілеп кетті. Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды, невроздарды шақыруы мүмкін. Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқыныңтәртібін бұзбау үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеу, т.б. тыныш ұйықтауға жағдай жасау қажет. Егер де бұл тәсіл тиімді болмаған жағдайда, ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ұйқының қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етеді. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.
Ұйықтатын дәрілердің жіктелуі Барбитур
қышқылының
туындылары
| Бензодпазепин
туындылары
| Басқа да химиялық қосылысты дәрілер
|
Фенобарбитал (люминал), этаминал- натрий (нембутал) Эстимал (амитал) Циклобарбитал (фенодорм) Циклобарбитал+ +диазепам і («Реладорм»)
| Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм). Флунитразепам (рогипнол, сомнубене). Триазолам (хальцион) Мидазолам (дормикум, флормидал).
Флуразепам (далмадорм) Лоразепам (толид) Темазепам (ленал)
| Зопиклон (имован)
Золпидем (ивадал)
Доксиламин
(донормил)
Бромизовал
Метаквалон
Г еминейрин
(хлометиазол)
Хлоралпадрат
Натрий оксибутираты
Фенибут
|
Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар: тиімді, жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы және ұйқы сатысының үзақтығына әсер етуі, ағзада жиналмауы, мүшелер мен жүйелерге кері әсер етпеуі, үйренгіштік және тератогенді әсер шақырмауы қажет. Осы күнге дейін осы талапқа сай препараттар шығарылмаған. Классикалық үйықтататын дәрілер (барбитураттар, кейбір алифатты қосылыстар) ОЖЖ-нің таңдамалы әсерінің жоқтығына байланысты наркотикалық типті заттарға жатады.
Орташа мөлшерде - үйықтататын, ал
үлкен мөлшерде - наркотикапық әсер көрсетеді. Наркотикалық кеңдігінің аз болуына байланысты оларды наркоз үшін қолданбайды. Қазіргі кезде үйықтататын әсері бар препараттардың ішінде негізінен психотропты дәрілерге жататын бензодиазепин қатарындағы анксиолитиктерді белгілейді. Ұйықтататын дәрілер ОЖЖ-ң әртүрлі түзілулердегі нейронарапық түзілулерге тежегіш әсер көрсетеді. Ұйықтататын дәрілердің әрбір тобы үшін белгілі әсерлерінің жинақталуы тән. Барлық үйықтататын дәрілік заттарға емдеу мекемесінің «Рецептке арналған» және дәрігердің мөрі қойылған рецепт бланкасы бойынша босатылады.Ұйықтататын дәрілік заттардың
әсер ету механизмі ОЖЖ-ң табиғи тежеуші ГАМҚ (гамма-амино май қышқылы) медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысына өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді. Ұйқы келу процесі бүзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді. Ұйқы келу процессі бүзылуынан басқа, үйқы шала және ол жиі оянып, қорқынышты түс көруде әсері үзақ үйықтататын дәрілер
белгіленеді. Егер үйқы тез оянумен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе үйықтар алдында әсері үзақ дәрілер белгіленеді. фармакологиялық әсері - аз мөлшерде тыныштандыратын, ал орташа мөлшерде үйықтататын, тырысуға қарсы, анксиолитикалықжәне бүлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.Рһenobarbitalum - фенобарбитал (Б): 0,05 және 0,1 таб. шығарылып, 1 -2 таб. тағайындалады. Әсері 6-8 сағ. созылады. Фенобарбитап тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.Этаминал - натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб. 30 мин. алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10 мл еріт. к/т енгізіледі.Аеsthimalum - эстимал (Б) - 0,1 -0,2 таб. ұйықтардан 15-30 мин. алдын қабылдайды. Әсері 6-8 сағ. созылады.Циклобарбитал - 0,1-0,2 таб. («Реладорм» таб.) - этаминал-натрийге үқсас.Nitrazepamum - нитразепам (Б): 0,005 және 0,01 таб. шығарылып, ұйықтардан 30 мин. бұрын қабылдайды. Әсері 6-8 сағатқа созылады.Флунитразепам (рогипнол) - әсері нитразепамға ұқсас. 0,002 таб; 0,002 құрғақ зат + 1 мл еріткіші бар амп. шығарылады.Триазолам (0,00025 және 0,0005 таб.) және мидазолам (0,015 таб.; 0,5% 3 мл ерітінді ампулада) - әсері қысқа 10-20 минугтан кейін басталып 2-3 сағатқа созылады.Zopiklon - зопиклон - 0,0075 таб. шығарылып, ұйықтар апдында 1 таб. ұсынылады. Әсері 20-30 мин. басталып, 6 сағ. созылады.Золпидем - әсері қысқа (2-3 сағ.).Метаквалон - әсері 6-8 сағ.Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция (барбитураттарға тән қасиет, әсіресе фенобарбиталда) байқапуы мүмкін. Ұйықтататын дәрі-дәрмектерді үйренгіштік және дәріге тәуелділік тудыруы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқапады. Сондықтан үйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет, Басқа да жанама әсерлері: диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына метапл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйрек қызметінің бүзылуында, (әсіресе жүктіліктің апғашқы 3 айында), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетиктерді, наркотикалық дәрі-дәрмектерді, нейролептиктерді, транквилизаторларды бірге қолданғанда синергизм байқалады. Ұйықтататын дәрілермен жедел улану.
Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді. Белгілері: уйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, гиперсаливация; көз қарашығының кеңеюі; бүйрек қызметінің бұзылуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонистері бемегрид (0,5% -10 мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневмонияны алдын алу үшін - антибиотиктер; инфузиялық терапия -полиглюкин, витаминдер В1, В6, В12 (бірден енгізуге болмайды), Витамин С, АТФ; АҚ-ы төмен жағдайда - норадреналин енгізіледі.
3. Эпилепсияға қарсы дәрілер
Этиологиясы әр түрлі тырысуды басу үшін тырысуға қарсы дәрілер қолданады. Оларды көбіне балалар тәжірибесінде гипертермия кезінде тырысуларды басу үшін, сонымен бірге эпилепсияға қарсы дәрі ретінде қолданады. Эпилепсияның негізгі белгілері - естің тануымен жүретін тырысудың ұстамалары. Қалтырауға устамадан басқа науқаста біртіндеп терең психикалық бузылыс пайда болады. Емдеу дәрілерді үздіксіз қолданудан турады, соның салдарынан ұстамалардың жиілігін азайтуға болады.
Эпилепсияның түрлері:
- үлкен ұстамаларда - ес түсінен айырылатын, клоникалық және тоникалық тырысуға, бірнеше минуттан соң уйқыға алып келеді;
- кіші устамаларда - беттің бұлшық еттерінің тырысуы байқалып, ұстама бірнеше секундқа созылады;
-психомоторлы автоматизмде - ес-түсін біледі, бірақ қимылын бақылай алмайды (қиратуы мүмкін, бөгде адамдарға шабуыл жасауы мүмкін, ұзақ уақыт қала көшелерін аралауы мүмкін т.б.).
Эпилепсия түрлі ми улпасындағы эпилептогенді аймақтың орналасқан жеріне байланысты. Зерттеулерге қарағанда эпилепсияға қарсы дәрілер эпилептогенді аймақтың қозуын төмендетеді. Бул препараттар бас миындағы ГАМҚ-ң қурамын көбейтеді және мида Na+ иондарының құрамын азайтады. Эпилепсияға қарсы препараттармен емдеу принциптері: тырысу түріне байланысты, үздіксіз емдеу, эпилепсия ұстамалары жойылғанша, емді 3-5 жыл бойы үздіксіз жүргізу, балаларда үйренгіштікті болдырмау үшін препараттарды алмастырып отыру, емдеу амбулаториялық және үй жағдайларында жүргізіледі.
Эпилепсияның түріне қарай дәрілердің жіктелуі:1.Үлкен және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілер: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазепин (финлепсин, тегретол), хлоракон;2.Кіші үстамаларда қолданылатын дәрілер: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион);3.Әр түрлі ұстамаларда қолданылатын дәрілер (көбінесе эпилепсияның аралас түрлерінде): натрий вальпроаты (конвулекс, депакин, ацедипрол), кальций вальпроаты (конвульсофин), клоназепам (антелепсин).Әсер ету механизмі: ОЖЖ-гі ГАМҚ-ң эндогенді тежегіш медиаторының қурамын жоғарылатуымен байланысты, қыртыс және қыртыс асты қабаттарының қозғалтқыш аймақтарының белсенділігін төмендетеді. Аминқышқылдарының (глутамат, аспартат) ОЖЖ-не қоздырғыш әсерін азайтады. Фармакологиялық әсері - тырысуға қарсы, тыныштандыратын (фенобарбитал), ұйықтататын, транквилизаторлық әсерлері бар. Қолданылуы: эпилепсиялық үлкен ұстамаларда, эпилепсиялық кіші ұстамаларда, үш тармақты жүйкенің невралгиясында (карбамазепин, этоксуксимид), сіреспе (столбняк), тырысу жағдайларында. Жанама әсері: әлсіздік, уйқы келуі, бас ауыру, психиканың тежелуі, тератогенді әсер (дифенин, триметин), қан жүйесінің бұзылуы, нефро- және гепатотоксикалық әсер, аллергиялық реакциялар және диспепсия байқалуы мүмкін. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында, қан жүйесінің бұзылуында, жүрек жеткіліксіздігінде, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды. Барлығы таблетка түрінде шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақпен бірге немесе тамақтан кейін тағайындалады.Hexamidinum - гексамидин (Б): 0,125 және 0,25 таб. – ½ -2 таб. тәулігіне 1-2 рет.Dipheninum-дифенин (Б): 0,117 таб.-1-З таб. тәулігіне 3 рет.Саrbamazepinum - карбамазепин (Б): 0,1; 0,2; 0,4 таб.-1-2 таб. тәулігіне 1-3 реттамақпен бірге немесе тамақтан кейін.Еthosuximidum-этосуксимид 0,3-0,5 капс. түрінде шығарылады.Natrii valphroas-натрий вальпроаты 0,3 және 0,5 таб. 1-2 таб. тәулігіне 1-3 рет.4.Паркинсонизмге қарсы дәрілерПаркинсон ауруы немесе дірілдеуіш салдану - бұлшық ет тонусының жоғарылауымен жүретін бас миының созылмалы ауруы немесе экстрапирамидалық жүйке ядроларының зақымдануынан болатын созылмалы нейродегенерациялық ауру. Паркинсонизм - бас миының қара субстанциясындағы қозғалғыш, қыртыс асты түзулердің зақымдануы кезінде пайда болатын қозғалғыш және вегетативті симптомтардың жиынтығы. Паркинсон ауруы кезінде гипокинезия, тонустың жоғарылауы, дірілдеу (саусақ, қол сүйектері, төменгі жақ, тіл, бастың ретсіз дірілдеуі), аурудың жүріс- түрысының өзгеруі, тершеңдік пен терінің майлануы және қозғыштық байқалады. Паркинсонизм ауруы - экстрапирамидті жүйе қызметінің өзгеруі нәтижесінен пайда болғандықтан, дофаминнің мөлшері азайып, холинергиялық нейрондардың әсерінің күшеюінен жоғарғы айтылған белгілер байқалады.