Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Жіктелуі:1.Антихолинергиялық препараттар циклодол (паркопан), трипериден (норакин), тропацин, бипериден (акинетон), дексетимид (тремблекс) - әсері үзақ препараттар. Бүлар орталыққа холино тежегіш әсер көрсетеді.Сусlodolum - циклодол (А): 0,001, 0,002, 0,005 таб. ½ -1 таб. 3 рет тәулігіне тамақтан кейін белгіленеді.2. Дофаминергиялықпрепараттар: леводопа («Наком », «Синемет», «Мадопар») - ОЖЖ-де дофаминнің синтезін күшейтеді; депренил (селегилин), бромокриптин (парлодел), мидантан (амантадин), глудантан - орталыққа дофаминомиметикалық әсер көрсетеді, яғни экстрапирамидті жүйенің нейрондарында дофаминнің мөлшерін жоғарылатады, дофаминді рецепторлардың дофаминге сезгіштігін жоғарылатып, деподан оның бөлінуіне жағдай жасайды.Қолданылуы: паркинсон ауруында, парезде (жартылай салдану), салдануда, экстрапирамидті бүзылыстарда (леводопа), акромегалия, Иценко-Кушинга ауруында, лактацияны (бромокриптин) басу үшін, сонымен қатар вирустық ауруларды емдеу және алдын алу үшін. Жанама әсері: тәбеттің темендеуі, жүрек айну, қүсу, ортостатикалық гипотензия, үйқысыздық, психиканың бүзылуы, дискинезия (қозғалыс) т.б. Қиыстырылған препараттарының жанама әсері аз байқалады.Levodopum - леводопа (Б): 0,25 және 0,5 таб (капс.); 1 -4 таб. (капс.) тамақ үстінде немесе тамақтан кейін.Мidantanum - мидантан (Б): 0,1 таб. 1 таб.- 2-4 рет тәулігіне тамақтан кейін.Deprenyl - депренил (Б): 0,005 таб. 1-2 таб.-1-2 рет тәулігіне тағайындалады.6.АнальгетиктерАуыру синдромымен кептеген аурулар жүреді. Ол табиғаты химиялық, механикалық, биологиялық күшті тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. Сондықтан ауырсынудың этиологиясы мен патогенезіне байланысты анальгетиктер тобына жататын дәрілердің кемегімен ауырсынуды темендетуге немесе толық басуға мүмкіндік береді. Анальгетиктердің әсерінен ОЖЖ-нің координацияланған қозғалғыш қызметі мен естің, сезімтал мүшелерінің қызметінің сақталуымен реакциялар таңдамалы тежеледі. Анальгетиктер ноцицепциялық нейрондардың түйіспелері арқылы қозу үрдісінің өтуін бегеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің (ауру туындату жүйесіне қарсы) белсенділігін арттырады. Фармакологиялық белсенділігіне, химиялық тобына, әсер ету механизміне байланысты 2 топқа жіктеледі:-Наркотикалық- Бейнаркотикалық (наркотикалық емес)Наркотикалық анальгетиктер - кез-келген ауырсынуды басатын морфин және морфин тәріздес (синтетикалық) препараттар тобы. Наркотикалық анальгетиктер эйфория (езін жақсы сезіну), үйренгіштік және дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық), қүмартушылық және нашақорлық тудырады. Препаратты доғарғанда абстиненциялық синдром байқалады (теріс эмоция, қорқыныш, үйқысыздық, елестеулер), вегетативті жүйенің бүзылуы (тахикардия, артериялық қан қысымының өзгеруі, қүсу, диарея, гипертермия) соңында елімге алып келуі де мүмкін.
Әсер ету механизмі: наркотикалық анальгетиктер энкефалиндер мен эндофинді эндогендердің нейропептидтерінің белсенділігін (нейрогуморальды антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін арттырады) күшейтеді. Содан анальгетикалық әсер байқапады. Наркотикалық анальгетиктер ағзадағы пептидтердің (эндофиндер және энкефалиндер) қүрылысына үқсас болғандықтан, апиынды рецепторлармен байланысады. ОЖЖ-сі мен шеткерлік үлпалардағы ОЖЖ-ң барлық деңгейіндегі нейрон аралық ауырсынудың өту импульстарын шеткерлік афференпі жүйе арқылы жоғарғы орталықтарға торлы қүрылым (ретикулярлы фармация), гипоталамус, таламус, ганглияларға, лимбиялық жүйелерге, үлкен ми қабықтарының ауырсыну импульстарына тежегіш әсер керсетеді.Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:1. Апиын алкалоидтары: морфин, морфилонг, омнопон.2.Морфиннің синтетикалық алкалоидтары: промедол, фентанил, суфентанил, пентазоцин (фортрал, лексир), буторфанол (бефорал, морадол, стадол), бупренорфин (норфин, темгезик), нальбуфин (нубаин), трамадол (трамал), пиритрамид (дипидолор), эстоцин, тилидин,росидол.3. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.Морфин апиын алколоиды болып табылады. Апиын - көкнәрінің кептірілген түрі. Медициналық мақсатта қолданылатын опийдің қүрамында морфин 10%-дан кем болмауы қажет. Апиынның қүрамында 20-дан астам алкалоид бар.Морфиннің фармакологиялық әсеріМорфиннің орталыққа әсері:а) ауырсыну орталығын, тыныс алу және жөтел орталығын тежейді.Тыныштандыратын және ұйықтататын (жеңіл үйқы келуі) әсері бар жәнеэйфория (өзін жақсы сезіну немесе уайымдау, өзін бақылай алмауы, айналадағы ортаға жауапкершіліксіздігі, көңіл-күйінің кетеріңкі болуы, есту, көру. сезу сезімінің бұзылуы) тудырып, орталықтарды тежеп, дене қызуын (улы мөлшерде гипертермия) төмендетеді.б) морфин кез қозғаптқыш жүйке орталығын қоздырып, миозға (кез қаршығының тарылуы) алып келеді, қүсу орталығын (науқастың 20-40%-де морфинді енгізгенде құсу байқалады) қоздырады.Морфиннің шеткерлікке әсері спазмогенді әсерімен байқалады:а) морфин - АІЖ-ң сфинктерінің тонусын жоғарылатады, ішектің толқи жиырылуын (іш қату) және ас қорыту бездерінің секрециясын (астың нашар қорытылуы) төмендетеді;б) морфин өт түзілуін темендетеді.в) несеп шығару тонусын, қуықтың және уретро сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Соның әсерінен несептің түзілуі қиындайды;
г) морфин бронх бүлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, бронхоспазм (кеңірдекшелер түйілуі) тудырады.Колданылуы: наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды басуда, басқа топ препараттары әсер етпей жатқанда, жәрақатта, күйгенде, шоктарды алдын алу үшін, науқасты операцияға дайындар апдында және операциядан кейінгі кезеңдерінде, қатерлі ісіктерде, миокард инфарктында (морфин), бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында, холинолитиктермен және миотропты спазмолитиктермен бірге нейролептоанальгезияда (фентанил, промедол кебінесе диазепаммен (транкливизатор) бірге). Жанама әсері: тыныс алу тежеледі (налоксонмен басамыз), брадикардия (атропинмен басамыз), қүсу, жүрек айну, іштің қатуы байқалады. Наркотикалық анальгетиктерді 3 жасқа дейінгі балаларға және егде жастағы қарт адамдарға қолдануға болмайды.Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктеріОмнопон - қүрамында апиын алкалоидтары бар (морфин 50%) анальгетикалық әсері әлсіздеу, бірақ қүрамында папаверин тәрізді алкалоидтары бар (қаңқа бүлшық еттерінің түйілуін темендетеді) жаңа галенді препарат. Сондықтан омнопон бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында кеңінен қолданылады.Промедол - морфинге қарағанда әлсіз тыныс алуды тежейді, қуықтың, АІЖ-н, жатыр мойны және қанқабүлшық еттерін босаңсытады. Сондықтан босануды тездету жене ауырсынуды сездірмеу мақсатында (жатырдың жиырылуын күшейтеді және тонусын жоғарылатады) қолданылады,
Фентанил - морфинге қарағанда 100-150 есе күшті, бірақ әсері қысқа 30 минут, нейралептоанальгезияда және шоктарды алдын алу үшін қолданылады. Тыныс алуды морфиннен де күшті тежейді. Пентазоцин, буторфанол, трамадол - физикалық тәуелділігі аз байқалады, тыныс алуды тежемейді. Пентазоцин - артериялық қан қысымын жоғарылатып, тахикардия тудырады. Просидол - морфиннен әлсіздеу, сфинктерге әсер етпейді. Ішек пен қуық қаңқа бүлшық еттерін босаңсытады. Трамадол - арапас әсерлі антибиотик болып табылады (апиынды + апиынды емес), апиынды рецепторлармен байланысып, жүйке синапсындағы серотонин мен норадреналинді тежейді. Тыныс алу және ас қорыту жүйелеріне әлсіз әсер етеді, дәріге тәуелділік аздап тудырады. Әсері 3-5 сағ. созылады. Орташа, күшті, созылмалы және жедел ауырсынуларда тиімді.Улану. Наркотикапық анальгетиктермен жедел уланғанда есінен тану, тыныс алудың тежелуі, дене қызуының темендеуі, миоз, ал балаларда тырысулар (тыныс алу мүшелерінің салдануынан өлімге алып келуі мүмкін) байқапады. Жедел жәрдем; асқазанды шаю (морфинмен уланғанда - 0,05% калий перманганатымен немесе белсендірілген кемірдің суспензиясымен бірнеше қайтара шаю), ішке белсендірілген көмір, түзды іш айдағыш дәрілер, күре тамырға наркотикалық анальгетиктердің антогонисті налоксон енгізу қажет (налтрексон ішке әсері 1-2 сағ. кейін байқалып, 24-48 сағ. созылады. Олар апиынды нашақорлықты емдеу үшін қолданылады); оттегімен емдеу, екпеге жасанды дем беру; анапептиктер; атропин; форсирленген диурез; науқастың денесін жылытып; тілдің кетуін алдын алу қажет.Могрһini hydrochloridum - морфин гидрохлориді (А) 0,01 таб.- 1 таб. тәулігіне 2-3 рет; 1% - 1 мл еріт. амп. (шприц-тюбикте) - т/а енгізіледі. Морфиннің анальгетикалық әсерінің үзақтығы 3-5 сағ. созылады.Оmnoponum - омнопон (А): 1% және 2% еріт. амп. шығарылып, 1 мл т/а енгізіледі.Ргоmedolum- промедол (А): 0,025 таб.; 1% және 2% еріт. амп. шығарылып, 1 мл-ден т/а, б/е, к/т.Рһеntanylum-фентанил (А): 0,005% 2 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.Реntazocinum- пентазоцин (А): 0,05 таб; 3% - 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, к/т енгізіледі.Butorfanolum-буторфанол (А): 0,2% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.Вuprenorphinum -бупренорфин (А): 0,0002 таб. шығарылып, ішке және тіл астына; 0,03% -1 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т.
Тramadolum- трамадол (А): 0,05 капс. тәулігіне 3-4 рет (8 ретке дейін); 0,1 супп.; 5%-1 мл және 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/ежәне к/т енгізіледі.Наркотикалық анальгетиктердің антогонистеріNaloxoni hydrochloridum - налоксон гидрохлориді (А): 1 мл амп. шығарылып (0,4 мг/мл), т/а, к/т, б/е.2. Бейнаркотикалық анальгетиктерБейнаркотикалық анальгетиктердің ауырсынуды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсерлері бар. Қабыну ауруларында, ревматоидты ауруларда, тромбозды алдын алу үшін, невралгияда, радикулитте; тіс, бас, буын, бұлшық ет ауруларында; еттеккір бүзылыстарында және ревматизмде қолданылады. Ап жарақаттарда және этиологиясы басқа ауруларда әсер етпейді. Бейнаркотикалық анапьгетиктер ыстықты басатын дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда тыныштандыратын және үйықтататын әсері жоқ, тыныс апу, жөтел орталықтарын тежемейді, эйфория, үйренгіштікжәнедәріге тәуелділік тудырмайды. Әсер ету механизмі; бейнаркотикалық анальгетиктер ұлпалардағы арахидон қышқылынан простагландин түзетін циклооксигеназа (циклооксигеназаның 2 түрі бар (ЦОГ1, ЦОГ 2)) ферментінің бәсеңсіткіші (ингибиторы) болып табылады (простгландин - ауырсыну, қызба және қабынуды шақырады). Простагландиндердің әсерінен қан тамырлар кеңейеді және қабыну аймағында ісінулер байқалады. Простагландиндер гипоталамустағы жылуды реттеу орталығының сезімтапдығын күшейтіп, оның нәтижесінде қызба байқалады. Бейнаркотикалық анальгетиктер простагландиндердің синтезін тежеп қана қоймай, сонымен қатар афферентті иннервация арқылы таламусқа импульстің өтуін бүзады. Ыстықты түсіретін әсері жылуды реттеу орталығының қозуы төмендеуі нәтижесінен болады. Қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының (простагландиндер)өнімдерінің төмендеуімен байланысты.Бейнаркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:а) аналыетик - антипиретиктер (ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті бар):1.Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышкьілы (аспирин), натрий салицилаты, салициламид.Асidum acetylsalicylicum - ацетилсалицил қышқылы: 0,25 және 0,5 таб. тамақтан кейін уатып сумен қабылдау қажет. Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін (әсері басымырақ) және ауырсынуды басатын қасиеттері бар. Жанама әсері: диспепсия, құсу, лоқсу, асқазан тұсының ауырсынуы, ульцерогенді әсері (АІЖ-ң жарасының зақымдануы), асқазан мен ішектен қан кету, аллергиялық реакциялар, бронхспазм, бас айналуы, құлақ шуылдау және есту қабілетінің бұзылуы, қан ұюының төмендеуі мен тератогенді әсерлер байқалуы мүмкін.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134