Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
балалардың мүддесі үшін өзара ынтымақтастық орнатуы тиіс. Осы мақсатта «Ата-аналардың қонақ бөлмесі», «Директорлық сенбі», «Педагогикалық консилимум»жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.

Білім беру ұйымының басшысы кіреберісте сабақ басталар алдында тәрбиеленушілер мен білім алушыларды қарсы алады.

Прагматизмді, үнемділікті және әртүрлі ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, мектептерде бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады. Бұл тұрғыда «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау»,

«Бітірушілер кеші», «Жаңа жыл», «Наурыз», «Тұңғыш Президент күні» сияқты мектептік бұқаралық мәдени іс-шараларды білім алушылар мен педагогтердің белсенді (қаржылық емес) қатысуымен қарапайым, бірақ салтанатты түрде ұйымдастыру ұсынылады.

Мектеп әкімшілігі, Қамқоршылық кеңес кабинеттерге мектептің дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерінің, меценаттың есімін беру туралы шешім қабылдай алады. Мысалы, меценат мектеп кабинетін жабдықтап, компьютер, жиһаз сатып алып, жөндеу жұмыстарына қаржы бөліп, мектепті оқу-әдістемелік ресурстармен қамтамасыз етті дейік. Мұндай жағдайларда педагогикалық кеңестің шешімімен меценаттың есімі жазылған тақта кабинетке орнатылуы мүмкін.

Зияткерлік конкурстар мен олимпиадалар, білім алушылардың шығармашылық конкурстары мен спорттық жарыстары, педагогтердің кәсіби конкурстары ҚР БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес (2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 өзгерістермен) және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен білім беру басқармаларының
бұйрықтары негізінде тегін өткізіледі. Білім беру ұйымдарының, педагогтердің, білім алушылардың оқу, кәсіби жетістіктерін бағалау кезінде осы ресми конкурстардың, жарыстардың нәтижелерін ескеру ұсынылады.

Карантиндікжәнешектеуіс-шараларыжағдайындабалалардыңқатысуыменөткізілетінмәдени-бұқаралықжәнеспорттық-бұқаралықіс-шаралар тоқтатылады.




Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық әдістемелік материалдар мына сайттарда орналастырылған: https://www.nao.kz («Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар»), https://iite.unesco.org/ru/ («Жарияланымдар» бөлімі).



  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




    1. Мектепалды даярлық сыныптары



5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң)

  1. бап).

1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы). Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:

  • мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталылық);

  • ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;

  • баланың мектепке эмоционалды оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.

Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

«Білім туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343_

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015893

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172

«Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_

«Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584

«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239

«Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020618

Мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттері мынадай бағыттарды қамтиды:

  • әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды;

  • балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;

  • баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;

  • ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды;

  • мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы).

Әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеміз.

Педагогтердің назарын тәрбиелеу-білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаларына аударамыз:

  1. ойын арқылы оқыту;

  2. білім беру салаларын кіріктіру арқылы дамыту.

Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылады:

  1. білім беру ұйымдары деңгейінде:

  • мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;

  • оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;

  • баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;

  • ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;

  • отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;

  1. балаларға:

  • физикалық аман-саулықты;

  • әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;

  • когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;

  • таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;

  • бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;

  • өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;

  • өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;

  • командада жұмыс істей білуді;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;

  • креативтілікті қолдауды;

  • психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498