Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Педагог білім алушылармен бірге бағалау өлшемдерін талқылап, қажет болған жағдайда оларды толықтыра алады.

Егер педагог кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдыларды дамыту үшін көп уақыт қажет екенін байқаса, оқытудың осы мақсатын басқаша бағалауға шешім қабылдау және білім алушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізу қажет.

Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтер өз бетінше құрастырады.

Формативті бағалау кезінде педагог бағаланатын білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.

КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ




  1. Формативті бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады. Бағаланатын бала санын педагог өзі анықтайды.

  2. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.

  3. Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді:

  1. балл - 10%-ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;

  2. балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;

  3. балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;

  4. балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмек қажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

  5. балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

  6. балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;

  7. балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

  8. балл - оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;

  9. балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;

  10. балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.

  1. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.

  2. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

  3. Қашықтан оқу режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электронды журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата- аналар мен мұғалімдерге электронды журналды пайдалану туралы жадынама беріледі.

  4. Электронды журнал формативті бағалау үшін орташа балды автоматты түрде шығарады және ТЖБ бағанына орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл формативті бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді).

  5. БЖБ мен ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.

  6. Қорытынды баға формативті бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.

Критериалдыбағалаусұрақтарыбойыншакелесідереккөздердіпайдалануға болады:

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (9 ақпан 2018ж

№47 бұйрығы өзгерістермен);

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;

  2. Негізгі және жалпы орта мектеп педагогтеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ,2016;

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешені http://smk.edu.kz;

Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтынан «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады https://www.nao.kz ;

«Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» онлайн курсы https://academia.kz/ru/course/1.

Арнайымектепоқушыларынбағалаужүйесі

Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау барысында мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлануы қажет. Мұғалім дифференциалды және / немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолдана алады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізе алады. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің
пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін оқушыларға сараланған және жеке бақылау тәсілі қолданылады. Сараланған тәсіл негізінде ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В.В.Воронкова бойынша).

Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады.

Дайындық топтары мен 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі оқушылардың өнімді қызметін талдау,

сөйлеу, жазу жұмыстары, суреттер, қолөнер және сабақтардағы қызметті бақылау негізінде анықталады және сипаттама түрінде болады. Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-есі кеміс диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды білім беру ұйымдарының сайтында табуға болады. Ы.Алтынсарин (www.nao.kz). Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп/сынып оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.

9 (10) және 11 (12) сыныптарды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттау ҚРБҒМ 2018жылғы18наурыздағы№125«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі
қағидалары» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадайнысандардаөткізіледі:

  1. қазақ/орыс тілі және өзбек,ұйғыр,тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;

гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

  1. математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

  2. орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

  3. таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика бойынша жазбаша емтихан.

9 (10)-сыныптың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, Түркістан облысының адам әлеуетін дамыту басқармасы (бұдан әрі – білім басқармасы), республикалық мектептердің

9 (10) - сыныбының білім алушылары үшін және мектептердің 11 (12) - сыныбының білім алушылары үшін – ҚР БҒМ дайындайды.

Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар мен күтілетін нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісіндегі ерекшелікпен реттеледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді.

Қорытынды аттестаттауды қайта тапсырған 9 (10) сыныптың білім алушыларына №
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498