Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың «Орта білімберу ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты 3-бөлімінде беріледі.


Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).



2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды.


Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін

20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.




Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп атап айтқан. Педагог – кәсіби, толерантты және жоғары мәдениетті, парасатты болуы тиіс. Ол білім алушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен сыпайы қарым-қатынас стилін, сөйлеу мәдениеті мен кәсіби- іскерлік, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды.

Білім беру ұйымы педагогтердің және білім беру процесінің басқа да қатысушыларының корпоративтік мәдениетін, стилін, қызметтік этикасын сақтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлейді.

Білім беру ұйымдары педагогтің оң
имиджін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп, мамандықтың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.

Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға конкурстық комиссия құрылады.

Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бослауазымынаөткізіледі.

Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын және «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары педагогтерінің бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді.

Бір пән бойынша бос лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді. Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға
(16 сағат) қосымша педагог қабылданады.

Бос лауазымның сағаттары 15 сағаттан кем болған жағдайда бөліп беруге рұқсат етіледі.

Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудыңнегізгі параметріболыптабылады.

Тарифтеу–мектеппедагогтерініңбілімдеңгейіне,біліктілігіне,орындалатынжұмыскөлеміне,сондай-ақжұмыстыңнәтижелілігіменсапасынақарайоқужүктемесінбелгілеугебағытталғаніс-шараларкешені.

Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады:

    • МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және директордың орынбасары жүзеге асырады);

    • Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалады;

    • Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім алушылардың санына қарай жүргізіледі;

    • Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында белгіленген оқу қызметінің түрлері (инварианттық және вариативтік компоненттер) бойынша белгіленеді;

    • Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен бақылау табелі анықталады;

    • Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;

    • Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды: мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық жалпы сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты жеке үстемеақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).

Жаңа оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған бағалаудың жаңа моделі – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингімен (бұдан әрі – ББЖМ) ауыстырылады. ББЖМ өткізу тәртібі ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалар орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарының меншік нысанына, ведомстволық

бағыныстылығына, түріне қарамастан қолданылады.

ББЖМ мемлекеттік бақылау түрі болып саналмайды, білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды.

ББЖМ мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру.

4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін өткізіледі.

ББЖМ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында компьютер арқылы электронды форматта өткізілетін болады.

ББЖМ өткізілетін білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган анықтайтын болады. Іріктеу параметрлеріне: аумақтық тиесілігі, ұйымның түрі, оқыту тілі, білім алушылар контингенті жатады.

Алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары келесі
жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.

ББЖМ өтетін білім беру ұйымдарын таңдау бағдарламаға тізімді енгізу нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады.

Белгіленген аумақта шектеу шаралары мен төтенше жағдай енгізілген жағдайларда уәкілетті орган ББЖМ өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.

Тест тапсырмаларының саны, мазмұны мен түрі, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағаттардың саны МЖМБС-ға сәйкес тест спецификациясымен анықталады. Тест спецификациясын Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) әзірлейді.

Білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды ҚР БҒМ уәкілетті өкілдері (білім беруді басқарудың облыстық, аудандық органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің) жүзеге асырады.

Тестілеу рәсімдерін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді, ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді Ұлттық тестілеу орталығы уәкілетті орган белгілеген мерзімде жүзеге асырады.

ББЖМ нәтижелері, оны аяқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарына хабарланады. Сондай-ақ білім алушылардың нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында бірден көрсетіледі.

ББЖМ нәтижелері бойынша әрбір білім беру ұйымы кері байланыс алады

  • білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар түрінде әдістемелік көмек алады, бұл:

  1. білім беру сапасына әсер ететін факторларды (білім алушылардың оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар, педагогтердің кәсіби дамуына қажеттілік) анықтауға;

  2. әдістемелік қолдау көрсетуді қажет ететін білім беру ұйымдарын анықтауға;

  3. білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуетін күшейтуге ықпал
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498