Мазмұнын тану. ҰМЖ-дағы мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр
деген
сияқты
мазмұнды
түсінуге
бағытталған
жаттығулар
құрастырудан
тұрады
(бағдарламада
нақты
көрсетілген).
Стилі
мен
жанрын
тануда
әр
стильге,
әр
жанрға
тән
тілдік
қолданыстарды
ажырату үшін
мәтін
ішіндегі
тіл
құралдарын
түстеп
таныту
арқылы
орта
мектепке
сай
лингвистикалық
білім
беру
(тілдік
талдаулар).
-
Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде: айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу техникасын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің қырларын меңгерту (5-11).
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып,
қарапайым
диктант,
мазмұндама
жазудан
бастап
түрлі
стильдегі
және
жанрдағы
мәтіндерді
(эссе)
жазу
дағдыларын
жетік
меңгеру.
Мәтіндерді
типтей
білу
(5-11-сыныптар)
берілген.
Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен
әдебиетін
тереңдете
оқытатын
гуманитарлық
бағыттағы
мамандандырылған
желілік
«Абай
мектептерінің»
10-11-сыныптарына
арналған
«Қазақ
тілі»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып
бойынша
әр
тарауда
қамтылуы
тиіс
оқу
мақсаттарының
көлемі
белгіленген.
Тоқсандағы
бөлімдер
және
бөлімшелер
ішіндегі
тақырыптар
бойынша
сағат
сандарын
бөлу
мұғалімнің
еркіне
қалдырылады.
«Абай мектептері» желісіне арналған
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген
Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
гуманитарлық
бағыттағы
мамандандырылған
желілік
«Абай
мектептерінің»
10-11-сыныптарына
арналған
«Қазақ
әдебиеті»
пәнінен
жаңартылған
мазмұндағы
үлгілік
оқу
бағдарламасымен
(оқыту
қазақ
тілінде)
жүзеге
асырылады.
«Қазақ
әдебиеті»
оқу
бағдарламасының
мақсаты
–
сөз
өнерін
мәдени
мұра,
ұлттық
құндылық
ретінде
түсініп,
бағалай
алатын,
интеллектуалды
эстетикалық
деңгейі,
адамгершілік
ұстанымы
жоғары
шығармашыл
тұлға
қалыптастыру.
«Қазақ
әдебиеті»
оқу
пәнінің
10-11-сыныптардағы
білім
мазмұнына
әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби
ағымдар
мен
бағыттар,
әдебиеттiң
теориялық
мәселелерi,
әдеби
көркем
шығармаларды
тұтас
талдау
жүйесi,
әдеби
шығарма
және
болмыс,
ұлттық
мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық
бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи
мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму,
көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман
танымы
қарастырылып,сөз
өнерінен
бiртұтас
ұғым
қалыптастыру
көзделді.
Қазақ
әдебиеті»
пәні
бойынша
оқу
жүктемесінің
жоғары
шекті
көлемі:
-
10-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;
-
11-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды. 10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.
-
сыныптың 1-тоқсанында «ХІХ ғасыр әдебиеті», 2-тоқсанында
«ХХ
ғасыр
басындағы
әдебиет»,
3-тоқсанында
«1920-1940
жылдардағы
әдебиет»,
4-тоқсанында «1950-1960
жылдар
әдебиеті»;
-
сыныптың 1-тоқсанында «1960-1980 жылдар әдебиеті», 2-тоқсанында
«1990 жылдар әдебиеті», 3-тоқсанында «Тәуелсіздік жылдар әдебиеті», 4- тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады.
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын шығармалар тізімінде: ХІХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде сал- серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің, тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өкілдері мен олардың туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
«Оқужәнетүсіну» бөлімінде: көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашады, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажыратады; көркем шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретациялайды.
«Талдаужәнежинақтау» бөлімінде: көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін талдайды; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды.
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық өнім» бөлімінде: көркем
шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және
көркемдік құндылығын табады; әдеби шығармашылықпен айналысады; әдеби
эссе
мен әдеби сын жазады.
Әдістемелік
бірлестік
отырыстарында
қазақ
тілі
мен
әдебиеті
пәні
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін
(әдістемелік бірлестік, жасмамандармектебі,педагогикалықшеберлігінжетілдірумектебі,шығармашылықтопжәнет.б.)пәнді
оқыту
әдістемесі
мен
теориясының
келесі
мәселелерін қарау
ұсынылады:
-
Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері;
-
Онлайн сабақтарды жоспарлау және бақылау.
-
Оқушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары;
-
Оқу мақсаттарымен жұмыс жасау тәсілдері;
-
Формативті бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
-
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;
-
Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі;
-
Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері;
-
Қазақ әдебиеті сабағы арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау;
-
Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
-
Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;
-
Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
-
Эссе жазу дағдысын жетілдіру;
-
Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. Негізі және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған «Қазақ тілі»,
«Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған
жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға,
өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы
өмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын
тұлғаны
қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
«Абай
мектептері»
желісіне
жаңа
оқу
пәні
–
«Абайтану» пәні енгізілді.
«Абайтану»
пәні
бойынша
оқу
процесі
ҚР
БҒМ
2020
жылғы
«27»
қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің
қазақ
тілі
мен
әдебиетін
тереңдете
оқытатын
гуманитарлық
бағыттағы
мамандандырылған желілік
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына
арналған
«Абайтану»
пәнінен
жаңартылған
мазмұндағы
үлгілік
оқу
бағдарламасы
негізінде
(оқыту
қазақ
тілінде)
жүзеге асырылады.
«Абайтану»
пәні
3
бағытта
оқытылады:
-
тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау;
-
тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми еңбектерді оқыту;
-
дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.
«Абайтану»
пәнінің
жаңартылған
мазмұндағы
үлгілік
оқу
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы
қазақ
әдеби
тілінің
құнарын,
көркем
сөздің
қуатын,
эстетикалық
күшін,
идеялық
мазмұнын
меңгертіп,
ұлттық
мінез-құлық,
сапалық
ерекшеліктерді,
ұлттық
кодты
таныту,
гуманистік-көркемдік,
мәдени-тарихи,
ұлттық
құндылықтарды
бағалай
алу
құзыретін
дамыту;
Абайдың
«Толық
адам»,
ар
ілімі, адамшылық мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық
қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын
қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе
алатын,
өзіндік