Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
мен педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).2

Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Себебі балаларға үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау мен игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиын. Сондықтан, бірнеше жұмыс түрлерімен сабақ жүргізіңіз, мысалы, бейнені көруге 5-10 минут, тапсырмаларды орындауға 10 минут және қолмен жазуға 10 минут және т.б.

Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде оқу іс- шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып, белглі бір уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта:бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.

Оқуматериалдарыныңсапасынасынитұрғыданқарауұсынылады:

    • Көлемді мәтіндерден аулақ болыңыз. Егер тақырып білім алушыны қызықтырса, қосымша материал берілетінін ескерте отырып, мәтіндегі ең маңыздысын қалдырыңыз.

    • Мәтін бөлімдерге бөліну керек.

    • Инфографикасы бар мәтіндерді қолданыңыз, себебі визуализация материалды жақсы түсінуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді.





2 Fetherston, T. “Pedagogical Challenges for the World Wide Web.” Educational Technology Review, 2001, 9(1). http://dl.aace.org/11556. Accessed Aug. 12, 2004

    • Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс.

Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары білікті педагогикалық ұжым қамтамасыз етуі тиіс,
оның әрбір мүшесі өзінің кәсібилігін үнемі арттыруға мүдделі. Бұл жағдайлар қашықтан оқытуды сәтті жүзеге асыру үшін негізгі және қажеттісі болып табылады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке орындау жақсы нәтижеге кепілдік бермейді, дегенмен кешенді түрде олар мектепте өнімді оқу процесін жүргізу үшін берік негіз болады.

    1. Жазғымектеп

Пандемияныңсалдарыжәнешұғылшараларқабылдаунеліктенмаңызды

ЭЫДҰ срапшыларының пікірінше, мәжбүрлі әлеуметтік қашықтық кезеңіндегі елдердің білім беру стратегиясы білімді жоғалтудың алдын алуы тиіс, ол академиялық оқудың кем дегенде үш айына не одан да көп айға барабар болуы ықтимал.3

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша мектептер қысқа мерзімге жабылғаннан кейін ғана табысы неғұрлым жоғары отбасылардан шыққан балалар мен кедей отбасылардан шыққан балалар арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығы 18%-ға, PISA-ның 45-тен 53 балына дейін артады.

«Балаларды сақтау» қорының мәліметі бойынша әр төртінші оқушыға депрессия немесе әлеуметтік оқшаулануға байланысты күйзеліс әсер етті.4 Мектептерде маңызды іс-шаралар, соның ішінде бітіру рәсімдері, спорттық және басқа да сыныптан тыс жұмыстар тоқтатылды. Мұның бәрі академиялық уәждемеге және үлгерімге, сондай-ақ балалардың оқу процесіне қызығушылығының жалпы деңгейіне әсер етеді.

Әлемдік тәжірибе Ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралардың болмауы басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің
өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі.

ЮНЕСКО-ның деректері бойынша білім алушыларды академиялық және оқу талаптарына жұмылдыруға және олардың жүктемесін шамадан тыс арттырмауға қажетті базалық дағдылар мен білімді анықтау білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы олқылықтарын қалпына келтіруге кепілдік береді.5

Білім беру ұйымдары білім алушыларға келесі сыныпқа көшер алдында олардың жазғы мектептерге қатысуын ұйымдастырады. Нью-Йорк қаласында қашықтағы жазғы мектептер тәжірибесі пандемияға дейін болған.

2020 жылы 177,7 мың білім алушы үшін қашықтағы жазғы мектеп ұйымдастырылды, бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге жоғары көрсеткіш.6

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері шағын топтарда білім алушылардың білімін толықтыру үшін мектептерге үлкен қолдау көрсете алады. Мысалы, АҚШ-тағы Теннесси Штаты COVID-196 кезінде білімі жағынан артта қалған балаларды оқыту үшін 1000 студент жинаған.





3 European data portal (2020, june 22). Education during covid-19; moving towards e -learning. https://www.europeandataportal.eu/en/impact-studies/covid-19/education-during-covid-19-moving-towards-e-learning

4 Euronews (2020). Білім пандемияның жаңа құрбаны болды

5 UNESCO et al. (2020) Framework for Reopening Schools

ЖазғымектептіңҚазақстандаұйымдастырылуы

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарында ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде білім алушылар үшін шектеу шаралары кезінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс жасады. Мұндай жұмыс жыл сайын өткізілетін болады.

Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ сыныптар бойынша оқу пәндерінен күрделі деген тақырыптардың үлгі ретіндегі тізбесі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

Жазғымектептіңұйымдастырылутәртібі

Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.

Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады.

Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, тақырыптық жоспарлар әзірлейді.

Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын
толықтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау ұсынылады. Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.

Жазғы мектепте білім алушыларға еркін киім киюге рұқсат етіледі. Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.

  • Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.

  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

  • Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.



Әр күннің жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы сабақтардың кестесін жазғы лагерьдің сауықтыру іс-шараларымен біріктіре отырып құрастыру ұсынылады.

Санитарлық-эпидемиологиялықжағдайлардықамтамасызету

Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию және басқалар).

Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.

Білімберупроцесінеқатысушылардыңфункциялары

Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498