-
Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған таблеткалар (түймедақтарды) капсулалар, драже, пилюла (дәрінің домалақ түрін), қайнатылған суы бар стакан немесе мензурка.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.
-
Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
-
Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.
-
Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.
-
Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.
-
Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.
Ескерту: -
қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;
-
науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;
-
дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.
-
Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны
(қоспалы сұйық дәріні) қолдануМақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар: дәрі- дәрмектер, бөлшек белгісін салған мензурка немесе шай, десертті, асханалық қасықтар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
-
1 шай қасықта – 5 мл
-
1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл
-
1 ас қасықта – 15 мл
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Құрал-жабдықтар: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілер, тамызғыш, мензурка, қайнатылған су, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
-
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.
-
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
-
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
-
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
68. Науқасқа ұнтақты қолдануМақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақ, қайнатылған суы бар стакан немесе мензурка.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
-
Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).
-
Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.
-
Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.
-
Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.
-
Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.
-
Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.
Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.
-
МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ
Мақсаты: емдік
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, мұрын тамызғышы, мақта шариктері, мақта турундалары, дәрі-дәрмектер (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, вазелин майы, қайнатуға арналған ыдыс,су термометрі, су моншасы,ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік
ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37
0С дейін жылытыңыз.
-
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Мұрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.
-
Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мұрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.
-
Оң қолға мақта шаригін алып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз.
-
Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.
-
Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ертіндіні сорып алыңыз.
-
Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.
-
Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.
-
Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ертіндіні тамызыңыз.
-
Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.
-
Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.
-
1-2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.
-
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты ҚЖКЖК -ға салыңыз.
Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).
-
Көзге тамшы тамызу
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған:пинцет, лоток, тамызғыш, дәке салфеткалары, дәрілік ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғап, қайнатуға арналған ыдыс, су термометрі, су моншасы, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
-
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.
-
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.
-
Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.
-
Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз.
-
Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.
-
Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.
-
Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.
-
Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.
-
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын ҚЖКЖК –ға салыңыз .
-
Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -
екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;
-
бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;
-
егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
-
КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ
Мақсаты: емдік
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: көз майы (дәрігердің тағайындауы бойынша), шыны көз қалақшалар,пинцет, дәке салфеткалар,қолғап, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).
-
Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.
-
Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.
-
Шыны таяқшаны самай бетінен көздің тесігіне қарай жақындатыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен).
-
Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.
-
Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.
-
Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.
-
Сығылыстарылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.
-
Екінші көзіне де майды осы реттілікпен салыңыз.
-
Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.
-
Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.
-
Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.
-
Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын ҚЖКЖК -ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.