-
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, тамызғыш, мақта шариктері және турундалары, дәрілік ерітінділер (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, қайнатуға арналған ыдыс, су моншасы, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
-
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
-
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.
-
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.
-
Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.
-
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.
-
Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.
-
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
-
Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енгізбеңіз.
-
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.
-
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.
-
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз.
-
Пайдаланған турундаларды,ҚЖКЖК -ға, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.
-
Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
-
Жеке ингаляторды қолдану
Мақсаты: емдік,білімділік науқасқа өз-өзіне жеке ингаляторды қолдануын үйрету.
Көрсеткіштері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Құрал-жабдықтар_:__2'>Құрал-жабдықтар
: 2-аэрозольді ингалятор бос,дәрігердін тағайындау бойынша дәрілік ерітіндісі. Оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
-
Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.
-
Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
-
Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
-
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
-
Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
-
Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
-
Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
-
Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Ескерту: -
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
-
аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.
-
Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Құрал-жабдықтар: сеппе, сүлгі немесе сүрткі, су, қолғап, ҚЖКЖК
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.
-
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
жабысқақ дәрілік Пластырьді салу
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.
Қарсыкөрсеткіштері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Құрал-жабдықтар: дәрілік пластырь, қайшы, мақта немесе дәке шариктері, лоток, шымшуыр (пинцет), антисептикалық ерітінді, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.
-
Пластырьды қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабықты ашыңыз.
-
Науқастың терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.
-
Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Ескерту: -
пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;
-
пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.
-
Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: тік ішектік суппозиторий , қайшы, мақта шариктері, дәке салфеткалар қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз, анал тесігіне аймағына дәке салфеткаларды қойныздар.
-
Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.
-
Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).
-
Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.
-
Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -
суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;
-
суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.
-
Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: тері аурулары.
Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, залалсыздандырылған дәке тампондары, пинцет, лоток, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз.
-
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.
-
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.
-
Пайдаланған тампондарды, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз
Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.
-
Майлы таңғышты орындау
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: тері аурулары.
Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: шпатель, салфетка, мақта, бинт, қайшы, дәрігер тағайындаған май, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
-
Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.
-
Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз.
-
Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз.
-
Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
-
Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.
-
Теріге майды жағу
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: тері аурулары.
Құрал-жабдықтар: дәрігер тағайындаған дәрілік май, залалсыздандырылған қалақ немесе шпатель, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
-
Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.
-
Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).
-
Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.
-
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
-
Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
-
Теріге майды сылап жағу
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері : дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсеткіштері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Құрал-жабдықтар: май, сабын, су, сүлгі, дәке шариктері немесе мақта тампондары, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.
-
Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.
-
Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.
-
Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
-
Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).
-
Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз