Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын астыҚұрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприц, ұзындығы 20 мм ине, 70% этил спирт, мақта тұйершыктері, егеуіш,зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, бет перде, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырамыз (стандартты қараңыз).

  4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алымыз (стандартты қараңыз).

  5. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  6. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

  7. Спирттелген екі мақта шаригімен егу жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді(10*10), егу жасайтын жерге пальпация жасаймыз(түйіндер мен терінің қатаюы болмауы керек), тура егу жасайтын жерді (5*5) өңдеңіз. (мақта шариктерді ҚЖКЖК-ға салыңыз).

  8. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, I, ІІІ, ІV, V саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.

  10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

  11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

  12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

  14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл ұқалаңыз.

  15. Шприцті, мақта шариктерін және қолқапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  17. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

  1. Инсулинді енгізу
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.
Көрсеткіштері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.Қарсы көрсеткіштері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.Асқынулар: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісіктер.Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті.Құрал-жабдықтар: флакондағы инсулин ерітіндісі, 70% спирт, залалсыздандырылған: лоток, пинцет, мақта шариктері, бір рет қолданылатын инсулин шприці,бет перде, қолғап, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

  4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ИБ(инсулин бірлігі) санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл
қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

  1. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

  2. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-370С дейін жылытыңыз.

  3. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

  4. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

  5. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.

  6. Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

  7. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

  8. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

  9. Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.

  10. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.

  11. Шприцті оң қолыңызға алыңыз.

  12. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.

  13. Тері асты майлы қабатын ортасына 30-450 бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

  14. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

  15. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.

  16. Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  17. Науқасты тамақтандырыңыз.

  18. Қолғапты шешіңіз.

  19. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Инсулин шкаласы «бөлігінің бағасын»- анықтаныз1бөлік – инсулин 2 ИБХ – 10 ИБХ

  1. Бұлшық етке егуді орындау
Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.Қарсы көрсеткіштері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, егу жасаған жерде терінің және тері асты майлы клеткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.Енгізілетін жерлері: бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприц, ұзындығы 40-60 мм ине,70 этил спирт, мақта шариктері, бет перде, қолғап, лоток, егеуіш, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік ерітіндіні қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

  • бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

  • санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

  • иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолынызды тері антисептигімен өндеп, қолғап пен бет пердені киіңіз.

  2. Шприцтің сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз, шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).

  3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

  4. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  5. Қолымызға спирттелген 3 мақта шаригін дайындаймыз.

  6. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатуын сұраймыз.

  7. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

  8. Инъекция жасайтын жерді ең алғаш үлкен көлемді(10*10) өңдейміз, инъекция жасайтын жерге пальпация жасаймыз(түйіндер мен терінің қатаюы болмауы керек), сосын тура инъекция жасайтын жерді(5*5) өңдеңіз (мақта шариктерді ҚЖКЖК-ға салыңыз). Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II, I, III, IV саусақтармен цилиндрді ұстаңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

  10. Соң қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

  11. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.

  12. Оң қолдың II саусағымен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойып, оң қолмен инені жылдам қозғалыспен шығарып алыңыз.

  14. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерді жеңіл ұқалаңыз.

  15. Шприцті, мақта шариктерін, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз, науқастың жағдаыйн сұраңыз.
Ескерту:

  • санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді.

  • майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз.

  • Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

  • инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

  • майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.

  1. КӨК ТАМЫРҒА иньекцияны орындау
Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.Қарсы көрсеткіштері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, егу жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік тамырлары.Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц (иненің ұзындығы 40 мм),лоток, салфеткалар, мақта шариктері, 70% этил спирті, ампуладағы дәрілік ерітінді, қолғап, бет перде, клеенкалы валик, резеңке бұрау, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, шокқа қарсы арналған жиынтық, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеп, бет перде мен қолғапты киіңіз.

  3. Шприцтің саңылаусыздығын тексеріңіз, орауды ашып, шприцті құрастырыңыз . (стандартты қараңыз)

  4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).

  5. Ампуланы ашып, дәрілік ерітіндіні сорып, иненің қақпағын жауып ауасын шығарыңыз (стандартты қараңыз).

  6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.

  8. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  9. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

  10. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

  11. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.

  12. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға, ал ілгегі төмен қарап, кәріжілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

  13. Науқастың жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, сосын оның қысуын сұраймыз (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

  14. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз (көк тамырдың қанға толуын күшейту үшін).

  15. Көк тамырды зерттеңіз. II-III саусақтармен пальпация жүргізіп қанға толған көк тамырды анықтаймыз.

  16. Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен бірінші үлкен аймағын (10*10), екінші мақта шаригімен (5*5) көлемін өңдеңіз (мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

  17. Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап І,III,IV,V– саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

  18. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітіп қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды
тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

  1. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  2. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

  3. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

  4. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.Дәрілік ерітіндіні толық енгізбейміз.

  5. Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін егу жасаған жерге қойып, инені жылдам қозғалыспен шығарыңыз, 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.

  6. Мақта шаригін, шприцті инесімен, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  7. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  1. Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін
бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009