-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Көрсеткіштері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, 10-20 мл шприцтер, Кассирский пункциялық инесі, таңғыш материал, 8-10 дана заттық әйнектер, мақта және дәке шариктері, корнцанг, қолғап, 70 спирт, 5 спирттелген йод ерітіндісі, лейкопластырь, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.
-
Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.
-
Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.
-
Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.
-
Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.
-
Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.
-
Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.
-
Кассирскийдің пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.
-
Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.
-
Заттық әйнекті кептіріңіз.
-
Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз.
-
Қолданған қолғапты, шприцтерді және мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.
-
Науқасты палатаға апарыңыз.
-
Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.
-
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Көрсеткіштері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсеткіштері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұзындығы 7-10 см пункциялық ине, 10, 20 мл шприцтер, пинцет, дәке тампондары, асептикалық таңғыш, салфеткалар, қолғап, 5 спирттелген йод ерітіндісі, 70 спирт ерітіндісі, 0,5 новокаин ерітіндісі, шыны түтіктер, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.
-
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.
-
Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
-
Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.
-
Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.
-
Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.
-
Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.
-
Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.
-
Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік -
Тазарту клизмасын қою
Максаты: емдік: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.
Көрсеткіштері: іш қату, улану,босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұштық, Эсмарх крушкасы, штатив, вазелин, шпатель, қолғап, мақта дәке тамнондары, пинцет, дәрет ыдысы судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22
0С 1,5-2 литр су, салфеткалар, әжетханалық қағаз, су термометрі, клеенка, жаялық, клеенкалы алжапқыш, қолғап, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Науқасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).
-
Халатты, бет перде, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.
-
Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.
-
Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.
-
Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.
-
Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
-
Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.
-
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.
-
Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын
өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.
-
Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.
-
Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.
-
Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.
-
Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.
-
Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.
-
Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, бетпердені шешіңіз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты, масканы ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Ескерту: -
тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;
-
атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;
-
егерде науқас нәжісі аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
-
Сифон клизмасын қою
Мақсаты: емдік: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.
Көрсеткіштері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда наукасты дайындау.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйе (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғыш,20-22
0С температурасындағы 10-12 литр су, сыйымдылығы 1 литр крушка, суды ағызуға арналған шылапшын, шпатель, қолғап, салфеткалар, клеенкалы алжапқыш, бет перде, клеенка, жаялық, вазелин, су термометрі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.