Все отмеченные медикаменты и лечебные мероприятия могут повлиять на состояние вегативной нервной системы, изменить кровоснабжение кишечника, что отразится на внешнем виде, форме и составе каловых масс. По данным анализа кала судят о наличии или отсутствии паразитов, микроорганизмов, о переваривающей функции (ферментативной) кишечника, о наличии или отсутствии видимой и скрытой крови, возбудителей инфекционных заболеваний и т.д. 128. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Көрсеткіштері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Құрал-жабдықтар: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондары) шыны ыдыс, судно, шыны қалақша, жолдаманы жазып ыдысқа жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.
-
3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.
-
Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
-
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.
-
Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:
-
нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;
-
ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.
-
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.
-
Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: -
тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;
-
клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
129. ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алуМақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.
Көрсеткіштері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.
Құрал-жабдықтар: 20-50 мл кең мойынды, құргақ, таза шыны ыдыс (пенициллин флаконы), судно, горшок, қалақша (ағаш, шыны), жолдаманы жазып, флаконның сыртына желімдеп жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
-
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.
-
Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:
-
науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;
-
үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.
-
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.
-
Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.
Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
130. Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алуМақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.
Көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.
Құрал-жабдықтар: 20-30 мл кең мойынды, құрғақ, таза шыны ыдыс (пенциллин флаконы), қалақша (ағаш, шыны), қолғап, жолдаманы жазып флаконның сыртына желімдеп жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, анар, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).
-
Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күңі таңертең алынады.
-
Науқастан немесе жанүя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.
-
Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:
-
3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;
-
егер науқастың мүұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.
-
Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.
-
Нәжіс жинау алдында гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.
-
Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен).
-
Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКК-ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
131. Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті КӨректі ортасы бар Петри табақшасына алуМақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.
Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.
Құрал-жабдықтар: көректік ортасы бар Петри табақшасы, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгек, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысы (судно) немесе горшок, қолғап, маска, форма бойынша жазылған жолдама, стеклограф (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандаш), бикс, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.
-
Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
-
Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.
-
Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
-
Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.
-
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
-
Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.
-
Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.
-
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.
-
Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.
-
Биксті «кілтке» жабыңыз.
-
Қолғапты, масканы шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.
Ескерту: -
нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;
-
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;
-
материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды;
-
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
132. Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен»нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алуМақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.
Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: аузы мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтік, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампоны материалды алуға арналған, дәрет ыдысы (судно) немесе горшок, қолғап, бет перде, форма бойынша жазылган жолдама, стеклограф (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандаш), штатив, тасмалдауға арналған контейнер немесе бикс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғап пен бет пердені киіңіз.
-
Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
-
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.
-
Шыны түтікті штативке орнатыңыз.
-
Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
-
Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).
-
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
-
Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.
-
Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.
-
Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.
-
Биксті «кілтке» жабыңыз.
-
Қолғапты, масканы шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.
Ескерту: -
нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;
-
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;
-
материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;
-
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.