Үлгілік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын
«Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және арнайы мектеп түріне сәйкес білім беру бағдарламасы бар педагогтер, қажет болған жағдайда психологтер өткізеді. Түзету компонентінің пәндері бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды. Сабақтар мектеп кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында да топтарда, кіші топтарда және жеке өткізіледі. Түзету компоненті пәндерін оқу жоспарының инварианттық компонентінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын азайтуға жол берілмейді.
Арнайы мектептердің/ сыныптардың бастауыш білім беру деңгейіндегі жұмысы ұзартылған күн режимінде ұйымдастырылады, бұл бұзылған функцияларды еңсеру және өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті. Оқу күнінің тәртібі білім алушылардың қатты шаршауын ескере отырып белгіленеді: бірінші ауысымда оқу және үзілістерде демалу үшін уақыт жеткілікті болу керек.
Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту білім алушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып жүзеге асырылады, оқыту мазмұнын, әдістерін бейімдеу және жетістіктерін бағалау көзделеді. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беру циклінің пәндері, түзету пәндері, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды
алмастыратын адамдармен бірлесіп оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды, білім алушыларды сыныптар, пәндер бойынша жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке оқытуға Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағаттар шегінде бөледі.
Негізгі орта білім беру деңгейіАрнайы мектептерде / сыныптарда оқыту білім алушылардың дамуындағы
бұзылулардың
түрлері
бойынша
ұйымдастырылады:
есту
қабілеті
бұзылған
балалар
үшін;
көру
қабілеті
бұзылған
балалар
үшін;
сөйлеу
қабілеті
бұзылған
балалар
үшін;
тірек-қимыл
аппараты
бұзылған
балалар
үшін;
психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі
– ПДТ); ақыл-ой кемістігі
бар
балалар үшін
(жеңіл
және
орташа
ақыл-ой
кемістігі).
Негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы мектептер жалпы білім беретін
мектептермен оқыту, тәрбиелеу, білім алушыларды дамыту міндеттерін, сондай-ақ
бұзылған функциялардың орнын толықтыру, өмірлік дағдыларын қалыптастыру,
кәсіптік
бағдарлау міндеттерін
шешеді,
оларға
мыналар жатады:
-
оқудың ұзартылған мерзімдері;
-
оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері және құралдары;
-
техникалық және компенсаторлық құралдар;
-
тіршілік ету ортасы;
-
арнайы дайындалған педагогтер;
-
психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер: сурдопедагогтер, тифлопедагогтер, олигофренопедагогтер, психологтер, әлеуметтік педагогтер, ЕДШ нұсқаушылары);
-
дамудың кемшіліктерін өтеуді, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;
-
медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер.
Арнайы
жағдай
жасау
үшін
мектеп
педагогтері
мен
мамандары
оқушылардың
ерекше
білім алу қажеттіліктерін
бағалауды
жүзеге
асырады.
Арнайы
мектептерде/
сыныптарда
білім
берудің
негізгі
деңгейіндегі
оқу-
тәрбие
процесі
келесі
нормативтік-құқықтық
құжаттармен
реттеледі:
-
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы»;
-
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы»;
-
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ 20.09.2018 ж. № 469 бұйрығы).
Арнайы
мектептерде
/сыныптарда
негізгі
орта
деңгейде
оқыту
ұзақтығы
білім
алушылардың
танымдық
іс-әрекетінің
ерекшеліктерін,
оқытудың
баяу
қарқынын,
оқу
бағдарламаларының
мазмұнын
толық
меңгеруге
ықпал
ететін
пропедевтикалық
және
компенсаторлық-дамытушы
бөлімдерді
жалпы
білім
беретін пәндерге енгізу қажеттілігін ескере отырып, 10-сынып есебінен 1 жылға
ұлғайтылды.
5-10-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 34 оқу аптасы. Оқу күнінің
тәртібі білім алушылардың қатты шаршауын ескере отырып белгіленеді: бірінші
ауысымда оқу және үзілістерде демалу үшін жеткілікті уақыт бөлінуі керек. Есту,
көру,
тірек-қимыл
аппараты
бұзылған,
сөйлеу
қабілеті
бұзылған,
психикалық
дамуы
тежелген
білім
алушыларға
арналған
Үлгілік
оқу
жоспарларының
инварианттық бөлімінің жалпы білім беретін пәндер тізбесі және олардың негізгі
мазмұны
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандартының
(бұдан
әрі
–
МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы).
Оқыту
арнайы
оқу
бағдарламалары
ретінде
жүзеге
асырылады
(бағдарламалар
Академияның
сайтында
орналастырылған
–
www.nao.kz)
білім
алушылардың
психофизикалық
ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріле отырып, Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары, сондай-ақ Жалпы білім берудің оқу бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары болып табылады. Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту білім алушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып жүзеге асырылады, оқыту мазмұнын, әдістерін бейімдеу және жетістіктерін бағалау көзделеді. Оқу процесінде арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК пайдаланылады. Көзі көрмейтін балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептерге арналған Брайль қарпімен, ал нашар көретіндер үшін – ірі баспа қарпімен басылған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Ақыл-ойы бұзылған білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының бөлімдері мен оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған. Оқу процесі арнайы оқулықтар мен оқыту
әдістемелерін пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жекелеген сыныптарда немесе педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен бірлесіп ұйымдастырылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалған Үлгілік