жылғы
28
қаңтардағы
№
39 бұйрығы). Зерде бұзылыстары бар білім алушылар екінші жылға (қайта оқуға)
жіберілмейді.
Білім
беру
ұйымы
білім
алушылардың
ата-аналарымен
немесе
оларды
алмастыратын адамдармен бірлесіп оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды,
білім алушыларды сыныптар, пәндер бойынша жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде
жеке
оқытуға
Үлгілік оқу жоспарында
бөлінген
сағаттар
шегінде
бөледі.
Жалпы орта білім деңгейіАрнайы мектептер жағдайында 11-12-сыныптарда көру, есту, тірек-қимыл
аппараты
бұзылған
оқушылар
жалпы
орта
білім
алады.
Екі
бағыт
бойынша
бейіндік оқыту жүзеге асырылуда: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық.
Бір
немесе
екі
бағытты
таңдауды
мектеп
оқушылардың
қажеттіліктері мен ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырады.
Оқу
процесінің
компенсаторлық-дамытушылық
бағыты
жалпы
білім
беретін
пәндер
бойынша
сабақтарда,
психологиялық-педагогикалық
қолдау
мамандарымен арнайы сабақтарда қамтамасыз етіледі. Сабақтар топтық және жеке
нысандарда
өткізіледі:
-
көру қабілеті бұзылған:
-
әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды қалыптастыру (ӘТБ),
-
кеңістікте бағдарлауға;
-
мимика мен пантомимиканың дамуы;
-
тірек-қимыл аппараты бұзылған:
-
емдік дене шынықтыру;
-
әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;
-
есту қабілеті бұзылған білім алушылармен:
-
айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту;
-
ауызекі тілді дамыту;
-
ымдау тілін үйрену.
Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесіАрнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың
мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау
және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды.
оқушыларға
сараланған
және
жеке
тәсілді
қолдану
арқылы жүзеге
асырылады.
Сараланған тәсіл психикалық дамуы тежелген білім алушылардың педагогикалық
(В.В. Воронкова бойынша) классификациясына негізделген. Жетістіктерді бағалау
кезінде
әртүрлі
типологиялық
топтағы
оқушылардың
мүмкіндіктерін
ескере
отырып,
деңгейлік
мақсат
қою
негізінде
критериалды
бағалау
жүйесі
қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес
балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және 1-сыныптарда балдық бағалар
қойылмайды.
Оқытудағы
ілгерілеу
нәтижесі
оқушылардың
өнімді
іс-әрекетін,
сөйлеу, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер және сабақтардағы іс-әрекеттерді
бақылау
деңгейін
талдау
негізінде
анықталады
және
сипаттамалық
сипатта
болады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау
кезінде
жеке
оқу
бағдарламаларында
ұсынылған
оқыту
мақсаттары
негізінде
жүзеге асырылатын критериалды сипаттамалық бағалау
пайдаланылады. (Ақыл-
есі кем адамдар диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша
әдістемелік
ұсыныстарды
Ы.Алтынсарин
атындағы
ҰБА
www.nao.kz
сайтынан
табуға
болады.).
Білім беру ұйымынан тыс оқытудың ерекшеліктері -
Оқыту және түзету сабақтары денсаулық сақтау мекемелерінде ем алып/оңалтылып жатқан және білім беру мекемелерінен тыс жерде оқып жатқан балалар мен жасөспірімдерге, қазақ және орыс тілдерінде, мектепке дейінгі мекемелер және мектептерге арналған жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламалары көлемінде қамтамасыз етіледі.
-
Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен артық емделуден немесе оңалтудан өтуі тиіс 1-11(12) сынып оқушыларымен өткізіледі.
-
Білім алушыларды тиісті сыныпқа оқуға қабылдау олар оқитын мектептен анықтама негізінде жүзеге асырылады.
-
Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен басталады және баланың денсаулық жағдайына байланысты өткізіледі.
-
Сабақтың басталуын және науқас балаларды оқытуды ұйымдастыру түрін баланың денсаулық жағдайына байланысты емдеуші дәрігермен бірлесіп, стационарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазбамен медициналық ұйым бөлімшесінің меңгерушісі айқындайды.
-
Сабақтың ұзақтығы 35 минутты құрайды, сонымен қатар 1-сынып оқушылары үшін бірінші жартыжылдықтағы сабақ ұзақтығы – 25 минут. Аурудың ауырлығына байланысты науқас балалар орналасқан медициналық режимдердің әрқайсысы балалармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі бір педагогикалық бағытқа сәйкес келеді.
-
Оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептің және арнайы түзету ұйымының бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға
педагог-логопед, педагог-дефектолог, педагог-психолог көрсететін арнайы түзету
көмегі
көрсетіледі.
-
Сабақтар оқушылармен топтық немесе жеке оқыту нысанында өткізіледі.
-
Топтық сабақтар бір сыныптың 3-тен 15-ке дейінгі оқушылары болған кезде ұйымдастырылады. Сыныптардың жинақталуы бір сыныптағы 3 және одан да көп баланың санынан басталады. Бір сыныпта балалардың саны 3- тен аз болса, сыныптар біріктірілуі мүмкін: 1-2-сыныптар, 3-4-сыныптар, 5-6-7- сыныптар, 8-9-сыныптар және 10-11 (12) сыныптар.
-
Педагогикалық ұжым балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді ескере отырып және медициналық ұйым басшысының келісімімен кесте бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Бір оқушыға күнделікті оқу жүктемесі 3-4, 5 оқу сағатынан аспауы тиіс.
-
Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептердің жалпы білім берудің базалық компонентінің 80%-ын сақтау, сондай-ақ медициналық ұйымның ерекшелігін ескере отырып, оқу жоспарының сағаттарын 20%-ға дейін қайта бөлу көзделеді.
-
Медициналық ұйымдарда емделіп жатқан оқушылардың оқу сабақтарына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді. Бұл ретте, сағат саны сараланған тәсілді ескере отырып айқындалады және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келеді. Сағаттарды пәндер арасында қайта бөлуге және мектептегі жеке сабақтарға қатысуға жол беріледі.
-
Медициналық ұйымның бөлімшелерінде емдік дене шынықтыру (ЕДШ) және музыкалық терапия сабақтары жүргізілген жағдайларда мектепте музыка және дене шынықтыру сабақтары жүргізілмеуі мүмкін.
-
Еңбек және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына қарай айқындалады және мынадай бейіндер: ағаш ұстасы, тігін бағыты, шаштараз өнері, сәндік-қолданбалы өнер негізінде жүзеге асырылады.
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту стационарларында (бөлімшелерінде) «Информатика», «Бейнелеу өнері» және «Технология» бойынша сағаттар саны артып келеді. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеру қажеттілігіне байланысты. Бұл пәндер пластикалық массалармен, қолдың ұсақ моторикасын дамыта отырып, көркемдік жұмыстардың басқа түрлерімен кеңейтілген түрде жүргізіледі.
-
Қажет болған жағдайда түзету көмегі медициналық ұйымның психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
-
Сөйлеу тілінің дамуы мен түзетілуін логопедия сабағының орнын толтыратын медициналық ұйымдардың бөлімшелерінде қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бөлінген сағаттар 1 сағатқа қысқартылып, басқа пәннің сағаттарын жүргізу үшін қайта бөлінуі мүмкін.
-
Туберкулезге қарсы диспансерлік мектептерде балалар оқу жылының басынан бастап және диспансерге түсуіне қарай қабылданады. Бұл мектептерде ауысу емтихандары өткізілмейді. Сынып пен топтағы оқушылар саны 20 баладан аспайды, оқыту толық сауыққанға дейін (туберкулезге қарсы диспансерді есептен шығарғанға дейін) оқу жартыжылдығынан кем емес мерзімде жүргізіледі.