Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
жағдайда қағаз журналға қойылады.

Педагог 2-11-сыныптарда пән бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ-ды «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен ) сәйкес өткізеді

Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың рубрикаторларын пайдаланады.

Әрбір оқушының оқу жетістіктерін балл қою арқылы әр сабақта формативті бағалау міндетті емес.

Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын дербес айқындайды.

Қорытынды бағаны электрондық журнал форматында шығару кезінде баллдар саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.

Педагог:

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық
және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа алады: 13, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 14-9, 15-18, 21-26, 29- тармақтар мен тармақшалар;

  1. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру»,

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді;

  1. жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді.

Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, бөлім, тоқсан, жартыжылда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді.

Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11-сынып білім алушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын көшіріп алудың алдын алу мақсатында мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе және т.б. беру ұсынылады.

Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар әзірлейді.

Жиынтық жұмыс тапсырмаларының құрылымы

Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау сұрақтары бар тапсырмалар:

  1. көп жауапты таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдайды;

  2. қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады;

  3. толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс түрінде жазады.

Жауап нұсқалары бар тест тапсырмалары.

Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты критерийлері бар зерттеу тапсырмалары.

Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:

  • 2-4-сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы;

  • 5-11-сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмадан артық болмауы қажет.

БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті

БЖБ өткізу кезінде мұғалім:

  1. БЖБ өткізілетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды.

  2. таңдалған оқу материалын бөлімнің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді.

  3. Педагог білім алушылардың белгілі бір уақыт ішінде орындауына есептелген БЖБ тапсырмаларын құрастырады.

  4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді.

  5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында тапсырмалардың мазмұнын тексереді.

  6. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды қамтиды.

  7. Қашықтан оқыту жағдайында БЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасында, электрондық пошта, чат және т.б. орналастыру)

  8. Академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады.

  9. ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін критерийлерді баллмен есептеуді сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес).

  10. Білім алушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді. 11)Электронды журналға/ қағаз түріндегі журналға балл қояды.

  1. Білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта коментарий ұсынады.


ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті

ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім:

  1. ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минуттан артық емес уақыт бөлінеді;

  2. ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады;

  3. ТЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасы мен т.б. байланыс құралдарында орналастыру);

  4. академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады;

  5. техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады;

  6. тоқсан бойынша білімалушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді;

  7. электрондық журналға/ қағаз журналына балл қояды;

  8. білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта көментарий ұсынады.


Білім алушылардың жиынтық жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар

Білім алушы БЖБ және ТЖБ орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау принциптерін сақтайды:

  1. білім алушы өз бетінше жұмыс істеуі, бөгде адамның көмегінсіз тапсырмаларды орындауы тиіс;

  2. жиынтық жұмысты орындау кезінде білім алушы қосымша оқу ресурстарын пайдаланбауы тиіс (ерекшелік бойынша бұл ресурсқа рұқсат етілген жағдайлардан басқа);

  3. жиынтық жұмысты орындауға жауапты болады;

  4. қашықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмысты орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін білім алушы өз жұмысын қолжетімді байланыс құралдары арқылы мұғалімге жібереді.

Қашықтан оқыту форматында білім алушыларға жиынтық бағалау тапсырмаларын ұсыну тәсілдері:

  1. Мұғалім жауап берудің нақты күнін көрсетеді және білім алушыларға жиынтық жұмыс үшін тапсырмаларды электрондық журнал жүйесі, интернет- платформа, электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары арқылы жібереді.

  2. Интернет болмаған жағдайда балалардың оқу тапсырмалары мен өзіндік жұмыстары санитарлық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып, үйге жеткізіледі.

  3. Қажет болған жағдайда мұғалім білім алушыларға қолжетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді.

ҚР
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498