олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас
дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы
білім
алушылардың
әр түрлі (топтық,
жеке)
жұмыс
түрлерін біріктіреді.
Қосымша
сабақтарға
дайындықты
педагогтер
де,
білім
алушылар
да
бірлесе жүзеге асырады. Педагог оқылатын материалдың мазмұнын логикалық-
дидактикалық
талдаумен
бірге
қиындықтарды,
кемшіліктерді,
білім
алушылардың
ауызша
жауаптарындағы
қателіктерін
және
оқылатын
тілдегі
жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта
оқытылуы
мүмкін
тақырыптардың
тізімін
нақтылайды.
Білім
алушылар
өз
кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуды үйренеді, оның шарттары алдын-
ала
өзара келісіледі.
«Математика
және
информатика»
білім
саласының
мазмұны
«Математика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндері арқылы
жүзеге асырылады.
«Математика» оқу пәніМатематика
бойынша
бастапқы
білім
сыни
тұрғыдан
ойлау
қабілетін
дамытады,
зерттеу
және
қарым-қатынастың,
математикалық
білімді
өмірде
қолданудың
алғашқы
дағдыларын
қалыптастыруға
ықпал
етеді.
Бастауыш
сынып
білім
алушылары
математика
курсын
игере
отырып,
талдау,
синтездеу,
жіктеу,
салыстыру,
себеп-салдарлық
қатынастар
мен
заңдылықтарды
анықтауды
үйренеді,
түрлі
заттар
мен
қоршаған
орта
құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім
мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге
негіз
болады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға,
математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді
шешуге,
айтылған
пікірді
дәйектеу,
дәлелдеу,
негіздеу
біліктерін
дамытуға,
басқалардың
пікірлерін
бағалау
және
қабылдауға бағытталған.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат;
2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
3-сынып
– аптасына
5 сағат,
оқу
жылында
–
170
сағат;
4-сынып
– аптасына
5 сағат,
оқу
жылында –
170 сағатты
құрайды.
4-сыныпта
сабақтастық
және
тереңдету
принципін
сақтай
отырып,
математиканы
оқытудың
бүкіл
курсы
бойынша
білімдер
мен
дағдыларды
жүйелі
дамыту
және
тереңдете түсу
қамтамасыз етіледі.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде
жалғасын
табатын
бес бөлімнен
тұрады:
-
Сандар және шамалар.
-
Алгебра элементтері.
-
Геометрия элементтері.
-
Жиындар. Логика элементтері.
-
Математикалық модельдеу.
Білім
алушылардың
математика
курсы
бойынша
білімдерінің
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы
бастауыш
білім
беру
деңгейінің
оқу
бағдарламасында
қарастырылмайтын
«Комбинаторика»,
«Тізбектер»,
«Жиындар
және
олармен
орындалатын
амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында
негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты
болып
табылатын
«Геометриялық
фигуралар»
бөлімшесі
кеңінен
қарастырылған.
Бұл
бөлімшелерді
оқып-үйрену
4-сыныптың
білім
алушыларында
логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық
байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын
ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS
халықаралық
зерттеулерінде кездеседі.
«Математика»
пәні
бойынша
мұғалім
алдын
ала
дайындалған
критерийлер
мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп,
Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны
көрсетілген
(22-кесте).
-
кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
| Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
| 2-тоқсан
| 3-тоқсан
| 4-тоқсан
|
2-сынып
| 3
| 3
| 3
| 3
|
3-сынып
| 3
| 3
| 3
| 3
|
4-сынып
| 3
| 2
| 2
| 3
|
Осы
оқу жылының тағы бір ерекшелігі – 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптан бастап енгізілуі
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні«ҚР
БҒМ
2018
жылғы
31 қазандағы
№ 604
бұйрығына
өзгерістер
мен
толықтырулар енгізу туралы»
2020
жылғы
5
мамырдағы
№ 182
бұйрығының
14-тармағында
бастауыш
сыныптағы
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән
мазмұны
мен
оқу
жүктемесі
өзгертілген жоқ.
«Цифрлық
сауаттылық»
пәнін
оқыту
2020
жылғы
27
қарашада
бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығына
(188-2к
қосымша),
2019 жылғы
26 шілдедегі
№
334 бұйрығына
(4-қосымша)
өзгерістер
енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім
алушылардың
алгоритмдік
ойлау
қабілетін
ойын
программалау
ортасында
қалыптастыруға,
робототехника
жиынтығының
негізгі
компоненттерімен
таныстыруға,
қарапайым
роботтар
жинауға
және
оларды
басқаруға
бағытталған.
1-сыныпқа
арналған
«Цифрлық
сауаттылық»
оқу
пәнінің
базалық
мазмұны:
-
«Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;
-
«Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
-
«Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
-
«Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ
бұрылыстарының
белгіленген
саны
бойынша
қозғалысы,
роботтың
берілген
бұрышта
қозғалысы
(90,
180
градус).