жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілері негізінде тауарларды жылжыту маркетингін зерделеуді қарастырады. Оқушылардың біріккен топтары нақты өндірушіні және оның ұсынатын өнімдері ішінен біреуін таңдайды. Алынған білім мен дағдыларды қолдана отырып, оқушылар жаңа тауарларды игеру немесе көлемін арттыру мақсатында өнімді баламалы жылжыту бойынша креативті идеяларды қалыптастырады.
«Ойлау дизайны» атты 4-бөлім бизнес-шешімдерді іздеуге клиентке бағытталған дизайн-ойлау сияқты тәсілдің ерекшеліктерін қарастырады. Тоқсанның басында мұғалім ұсынған тізімнен бизнес-мәселені таңдап, оқушы дизайн-ойлау әдіснамасын: эмпатияны, талдау мен синтезді, идеяларды ойлап табуды, прототип жасау мен тестілеуді қолдана отырып бүкіл тоқсан бойы жұмыс жасайды. Оқушылар өндірушілермен өзара іс-әрекет жасауда және жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Өндіруші үшін бұл тиімді, себебі көктемнің үш айында компаниясы туралы ақпараттың жариялануы және өнімдерінің бүкіл Қазақстан бойынша тегін жарнамалануына мүмкіндік алады. Ал мемлекет экономикасы үшін – бұл отандық өндірушіні қолдау.
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні басқа бағыттарға басымдықтар бере отырып, оқыту процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Академиялық білімнің орнына практикалық дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл оқушылармен өзара іс-әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді. Оқыту процесінің өзі Life-long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс
болып табылады.
Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны 4 бөлімді құрайды:
«Стартап акселератор-1» және «Стартап акселератор-2» атты алғашқы екі бөлімі бизнес-моделдеумен таныстырады, сондай-ақ стартап жобаның құрылуы кезінде қажетті болатын әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Білім алушы белгілі бір білімдерге ие бола отырып, өз бизнес-идеясын қалыптастырады
және оны бизнес-акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін қажетті құралдарды меңгереді.
«Кәсіпкердің өзін-өзі жетілдіруі» атты 3-бөлімі оқушыларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыратын әлеуметтік дағдыларды дамытуды жалғастырып, отбасының жеке қаржылық жоспарын тиімді үйлестіре білу жолдарын үйретеді, банк жүйесімен және халықаралық нарықпен таныстырады. Бөлімнің негізгі ерекшелігі — оқушылар демо-шотты пайдалана отырып, Қазақстанның қор биржасының (KASE) нақты мәліметтері негізінде ойын платформасы арқылы инвестициялау дағдыларын меңгереді. Сол арқылы талдай білу қабілеті артып, оқиғалардың мәнін, олардың экономикалық көрсеткіштерге ықпалын түсінеді.
«Даму стратегиясы» атты 4-бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың даму болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, бизнестің ауқымымен, халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді. Қазақстан өнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын қалыптастырады. Бұл бөлім тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет және қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенімен таныстырады.
10-11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді
мұғалімнің
қалауына қарай
өзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік
және
бизнес
негіздері»
пәні
бойынша
жиынтық
бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың
оқу
жетістіктеріне
мониторинг
жүргізу
және
оқу
үдерісінде
оларға
қолдау
көрсету
мақсатында
жүргізіледі.
Тоқсан
мен
оқу
жылының
соңында
«есептелді»
(«есептелген
жоқ»)
қойылады.
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша
сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Өзін-
өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу
пәндері
бойынша
сынақ
қою
талаптары
әдістемелік
ұсынымдарында
келтірілген.
Әдістемелік
ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әртүрлі мамандық дипломы бар мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қатысты сертификаты бар болуы тиіс.
«Графика және жобалау» оқу пәні«Графика
және
жобалау»
пәні
үлгілік
оқу
жоспары
бойынша
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
стандартты
деңгейдің
таңдау
пәні
болып
табылады.
«Графика
және
жобалау»
оқу пәні
бойынша
оқу жүктемесінің
көлемі:
10-11-сыныпта
–
аптасына 2
сағаттан,
оқу
жылында
68 сағатты
құрайды.
«Графика
және
жобалау»
оқу
пәнін
оқытудың
мақсаты
–
білім
алушылардың
бейнелеу
теориясының
негіздерін,
проекциялау
және
графикалық үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын білу, жобалау, шығармашылық
қызметтің дамуына, графикалық мәдениет пен дәстүрлі және қазіргі заманғы
графика
құралдарымен
жұмыс
істеу
дағдыларын
қалыптастыруға
ықпал
ету.
Жаңартылған
білім
мазмұнын
енгізу
аясында
мектептегі
оқу
процесін
жүргізу
жоспарлардың келесі түрлері
арқылы
жүзеге асырылады:
-
ұзақ мерзімді жоспар;
-
орта мерзімді жоспар;
-
қысқа мерзімді жоспар.
Ұзақ
мерзімді
жоспар
Үлгілік
оқу
бағдарламасына
қосымша
ретінде
беріліп,
оқу
бағдарламасымен
бірге
бекітілген
құжат.
Ұзақ
мерзімді
жоспарда
әр
сынып
бойынша
анықталған
оқыту
мақсаттарының
жүйесін
тоқсандарға
бөлінген.
Әр
тоқсанда
көрсетілген
оқыту мақсаты
сол тоқсанда
өтіледі
және
ол
келесі тоқсанға көшірілмейді. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік
қағидаларын
бекіту
туралы»
ҚР
БҒМ
2008
жылғы
18
наурыздағы
№125
(өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылдың 28 тамызында №373 бұйрықпен
енгізілген)
бұйрығына сәйкес «Графика және жобалау» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
Осыған орай, Ұзақ мерзімді жоспар өзгеріссіз алынады.
Орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне мен аудиоматериалдары және т.б.). Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үшін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдары, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудиоматериалдары т.б.).
Орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу үшін «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 7-қосымшасында берілген орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны алынады.
Сабақты әзірлегенде оқушылар мақсаттарға бір сабақта емес, сабақтар