Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет пердені, қолғап, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
-
Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
-
Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.
-
Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
-
Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.
-
Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.
-
Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.
-
Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.
-
Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.
-
Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.
-
Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.
-
Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.
-
Анус тесігі айналасын тазартыңыз.
-
Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз.
-
Қолгапты, масканы, салфеткаларды,шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Алжапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралықпен сүртіңіз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою
Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұштық, алмұрт тәрізді баллонша (спринцовка), қолғап , салфеткалар, шпатель, вазелин майы, лоток, тағайындалған ертінді (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, маска, қолғап, клеенкалы алжапқышты киіңіз.Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.
-
Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.
-
Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.
-
Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.
-
Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.
-
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.
-
Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.
-
Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.
-
Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).
-
Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.
-
Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. ҚЖКЖК- ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
-
Жел шығаратын түтікті қою
Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.
Көрсеткіштері: іш кебу, ішек атониясы, майлы клизмасын қойғанда.
Қарсы көрсеткіштері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтік, лоток, шпатель, қолғап, вазелин, клеенка, 2-жаялық, бет перде, алжапқыш, судно суымен, салфеткалар, әжетхана қағазы, керме, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.
-
Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).
-
Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
-
Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз.
-
Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.
-
Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.
-
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке
қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
-
Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.
-
Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.
-
.Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.
-
Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайын бағалаңыз.
-
Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.
-
Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.
-
Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз. Алжапқашты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығымен сүртіңіз.
-
Қолғап, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.101. Майлы клизманы қоюМаксаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.Көрсеткіштері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.Қарсы көрсеткіштері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтік, лоток, Жане шприці немесе алмұрт тәрізді баллонша, шпатель, қолғап, салфеткалар, клеенка, жаялық, вазелин майы, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертінді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
-
Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз.
-
«Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
-
Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.
-
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
-
Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.
-
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
-
Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.
-
Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.
-
Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
-
Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.
-
Науқасқа ынғайлы жағдай жасап және терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертіуін сұраңыз.
-
Қолғап, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Алжапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин арлығымен сүртіңіз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: -
емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;
-
майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;
-
наукас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;
-
майлы клизманы түнде қою қажет.
103.Дәрілік кЛизманы қоюМақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.
Көрсеткіштері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде,ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаған геморройда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітінді, алмұрт тәрізді баллонша немесе Жане шприці, жел шығаратын түтік, вазелин, клеенка, алжапқыш, су термометрі, шпатель, қолғап, бет перде, жаялық, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, бет перде мен қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.
-
Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
-
Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
-
«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
-
Жел шығаратын түтіктін саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.
-
Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
-
Сол колдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
-
Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.
-
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
-
Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.
-
Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шыгарыңыз.
-
Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Анал тесігі айналасын тазартыңыз.
-
Науқасты ескертініз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол тосекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ кырымен жатуы қажет.
-
Қолғап, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Алжапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығында сүртіңіз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.